Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
249
бір нәрсе айтуға оқталды. Жанына жақындап құлақ
салған анамыз мынаны естіді:
– Әртүрлі құдықтардан су алып, үстіме жеті рет
құйыңдар. мен жұртпен тілдескім келеді.
Пайғамбарымыз науқас кезінде де сахабаларын
ойлап, оларға әлдене айтуды қалады. Тағы бір назар
аударатын тұс, ауруына шипа болатын емді өзінің
айтуы еді.
сүйікті жарының көңіл қалауын айша анамыздың
істемеуі мүмкін бе?! Дереу мәдинаның жеті
құдығынан су алдырып, науқастың денесіне құйды.
Пайғамбарымыз енді өзін жақсы сезінгендей:
– Осы жетеді! – деді.
Әрең дегенде орнынан тұрып, мешітке қарай бет
алды.
алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
араларына келгенін сахабалар қатты қуанды. Бірақ ә
дегенше қуаныштары су сепкендей басылды. себебі
ол қоштасу үшін келгендей. Әуелі:
– Уа, жарандар! Бері жақындаңдар!
менің ма-
зарымды ғибадат ететін пұтханаға айналдырушы
болмаңдар!
396
– деді.
Бір сәтте мешіт іші тынышталып қалды. алла
елшісінің мазар туралы сөз қозғағаны несі? Бір-біріне
үрейлене қарасты.
алла елшісі сөзін жалғады:
– араларыңнан кімді ренжіткен болсам, міне
арқам, сабап өшін алсын! Кімге ауыр сөз айтып
көңілін қалдырсам, келсін, көңіліндегіні жасырмай
айтсын!
396
мәлік, муатта, Касрус салат 414;
Ибн сағд, Табақат 2\241
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
250
Құдды сахабаларымен қоштасып тұрғандай.
расулдың өтінішіне ешкім тырс етпеді. Өйткені,
бұндай кісіде кімнің ақысы болуы мүмкін? Бірақ
айтқанынан қайтар емес. ақыретке кісі ақысын
арқалап кетпеуге жіті
мән беру керектігін анық
түсінген болатын.
Бесін намазын оқытқаннан кейін бағанағы
айтқандарын тағы да қайталады. ақысы кеткені
болса, тартынбауын өтінді.
Бір кісі орнынан тұрып, үш дирхам алашағы бар
екенін есіне салды. расулалла жиеніне қарап:
– фадл, мына кісіге алашағын бер! – деді.
сосын сөзді ансарларға бағыттап:
– сендерге ансарлардың қадірін білуді өсиет
етемін. Өйткені,
олар менің жанарымның нұры,
көзімнің қарашығы. Өз міндеттерін толығымен
атқарған бұл кісілер ақыретте сыяпатсыз қалмайды.
араларыңызда ансарлардың саны күн өткен сайын
азаюда. сендердің біреу олардан пайда немесе зарар
көрсе, жақсы және пайдалы болғанын құп алсын. ал,
ұнамсыз қылығын кешірсін!
−
деді.
мәдинаға келген күнінен бастап қазірге дейін
өзіне қамқор болғандарды қорғап сөйледі. Одан
кейін былай деді:
– алла тағала бұл дүниенің
қызығы мен
ақыреттегі игіліктер арасында құлына таңдау еркін
берді. Құлы алла құзырындағыны таңдады.
сөзін әлі аяқтамай тұрғанда мешіттің бір
бұрышынан:
– Жанымыз саған құрбан болсын, уа, алланың
елшісі! – деген дауыс естілді. Құлағына жеткен бұл
дауыс мешіт ішін өз
бөлмесінен бақылап тұрған