Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет40/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   152
Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
118
лайтын мисуагын жұмсартып, дайындап қойғанды 
ұнататын
183
және мұқият тазалап сақтап қоятын
184
.
Қонақтарды да өзі күтетін, қолындағы барын 
солардың алдына жайып, жарын ұятқа қалдырмайтын. 
Бір күні алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сахабалардың біразына: 
– Қане, жүріңдер, айшаның үйіне барайық, – деп 
оларды үйіне ертіп келді. анамызға:
– Уа, айша! Жейтін не бар, әкел! – деді.
Үйде азғантай қалған хашиша деген өсімдікті 
қонақтарға ұсынды. алайда, азғантай тамақ бәріне 
жетпейтіні анық еді. алла елшісі тағы да:
– айша, не бар, бізге тағы әкел! – деді.
Қонақтарын риза ету алла елшісінің де көңілінен 
шығу деген сөз еді. раббысының разылығы 
пайғамбарымыздың ризалығында еді. Ендеше, жары 
қалап тұрғанда, оны жасамау мүмкін бе? Жоқтан бар 
жасардай іске кіріскен айша анамыз тапқанынша 
құрт, құрма және май араластырып бір тамақ дайын-
дап, соны әкеліп алдыға тартты. 
Қонақтар анамыздың бұл тамағын жеп болған соң 
отағасы: 
– айша, бізге ішетін нәрсе әкел! – деді. 
анамыз дайындаған сүтін үлкен ыдыспен алып 
келді. Бұл сүт те аз болғандықтан, бәріне жетпеді. 
мына жақта ері тағы әкелуін сұрады. аз сүтті 
үлкен ыдыспен беру де оғаштау көрінген. Бірақ, 
183
мүслим, салатул мүсафирин 139 (746); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\53 
(24314); Ибн мажә, Иқаматус салат 123 (1191); нәсәи, салат 67 (1315) 
Ибн Хузайма, сахих 2\141 (1078); Ибн Хиббан, сахих 6\195 (2441); 
Байһақи, сүнән 3\29 (4588); нәсәи, әс-сунәнул кубра 1\173 (448)
184
Әбу Дәуіт, Тахара 28 (52); Байһақи, сүнән 1\39 (168)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
119
расулалланың қалауын орындамасқа бола ма? Ол енді 
үлкен ыдысын кішірек ыдысқа ауыстырып, үйіндегі 
азғантай сүтті қонақтарына солай алып келді
185
.
анамыз жоқты бардай ете білетін. Әрі, өзі 
де сондай отбасында тәрбиеленіп, үйіне келген 
қонақтарға да осылай жасайтын.
сахабалар арасында рабуатул Әсләми деп 
танылған Ибн Кағб бір күні келіп, жағдайы 
жоқтығынан үйлене алмай жүргенін айтты. алла 
елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзі іске араласып, 
оны қызын берсін деп тұрмысы жақсы сахабаларға 
жіберді. сахабалар бұны естігенде, қызын кім алаты-
нын да анықтап жатпастан дереу айтылғанды істеді. 
Бұл хазірет рабиға үшін күтпеген жаңалық еді. 
Енді үйлене алатынына қуанды. алайда, не жұртты 
күтетін, не қызға мәһір беретін дымы жоқтығына 
қынжылды. Өйткені, бұл алатын жары үшін 
сенімділік ұялатумен бірге, некені жариялаудың 
салты еді. сөйтіп, қайта алла елшісіне барады. 
Уайымға салынғаны түрінен-ақ көрініп тұр. Оны 
түсінген пайғамбарымыз:
– рабиға, сен неге қайғырып жүрсің? – деді. 
– Уа, алланың елшісі! айтуыңызбен, жаны 
жайсаң жандарға бардым, олар еш сұрастырмастан 
қызын беріп, мені құрметтеді. Бірақ ары қарайғы 
рәсімге менің түк жағдайым келер емес. 
Хазірет рабиғаны тыңдаған пайғамбарымыз әуелі 
туыстарынан Бүрәйдәтул Әсләмиді шақырып, хазірет 
рабиғаға көмектесуін сұрады. Хазірет Бүрәйдә тап-
185
Әбу Дәуіт, Әдәб 103 (5040); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 5\426 
(3666); Табарани, әл-мұғжамул кәбир 8\328 (8227); Ибн Хиббан, 
сахих 12\358 (5550); нәсәи, әс-сунәнул кубра 4\161 (6695)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
120
сырмамен дереу сахабалар арасында рабиға ибн Қағб 
үшін алтын жинап, той үшін бір бордақы қошқар 
тапты. Барлық мәселелері біртіндеп шешіле бастады.
Осы арада алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) өзін ғылымға арнаған хазірет рабиғаны 
шақырып, оған:
– айшаға бар, тамақ салған кәрзеңкені берсін, – 
деді.
Хазірет рабиға тура айша анамыздың бөлмесіне 
барып, пайғамбарымыздың тапсырмасын жеткізді.
анамызда да бере қоятын онша еш нәрсе жоқ еді. 
Дегенмен сүйікті жарының талабын кері қайтармады. 
Іздеп жүріп қолына түскен нәрсесін кәрзеңкеге салып, 
хазірет рабиғаға беріп тұрып былай деді:
– мына қалтада арпа бар, басқа жейтін ештеңе 
болмай тұр
186
.
Барлық нәрсеге осындай жанқиярлықпен 
қарайтын айша анамызға алла елшісі (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) мүмкіндігінше үй істерінде көмек 
беретін. Өйткені, жары: 
– 
Сендердің ең қайырлыларың отбасына жақсы 
қарағандарың, ал мен араларыңда отбасына жақсы 
қарайтындардың ішіндегі ең қайырлысымын
187
, – 
деген. сахабаларға осы мәселеде үлгі көрсеткен кезде:
– 
Иман жағынан мүминдердің ең кемелі мінезі 
жағынан да ең жақсысы, сонымен қатар, отбасына 
жақсылық ойлайтыны,
– дегені бар
188

186
Хаким, мүстадрак 2\188 (2718); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 4\58 
(23666); Хәйсәми, мәжмауз зәуәид 4\256
187
Тирмизи, мәнәқиб 64 (3895); Ибн мажә, никах 50 (1977); Дарими, 
никах 55 (2260)
188
Тирмизи, рада 11 (1162); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 2\472 (10110); 
Ибн Әби шәйба, мұсаннаф 5\210 (25318)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
121
сүйікті отағасы басқа істерін де кем орындамай-
тын. Өйткені, ол өмірге біртұтас қарайтын. Осыны 
айту үшін анамыз былай дейді: 
– 
Үй ішіндегі істерге көмектесетін, бірақ азан 
естігенде дереу мешітке асығатын
189
.
анамыздың сөзінен байқалғандай, бұл үнемі, 
үздіксіз жасалған нәрсе емес. Өйткені, пайғамбарлық 
міндетін атқару жауапкершілігі өте ауыр міндет бо-
латын. Барлық ауырлығына қарамастан осы жүкті 
арқалап жүргеннің өзінде отбасын ұмыт қалдырмай, 
олардың да көңілін аулағысы келетін. Өйткені, тепе-
теңдікті жақсы сақтап, сахабаларына үлгі болды. 
анамыз жарының осы қасиеті туралы айтқанда былай 
дейтін: 
– 
Расулалла бәріміз шүйіркелесіп сөйлесетінбіз. 
Намаз уақыты кіргенде, дереу намазға тұратын. 
Бұндайда ол кісі бізді, біз ол кісіні танымай 
қалатынбыз
190
.
Өзіне пайғамбарлық секілді дүниенің ең маңызды 
міндеті жүктелгеніне қарамастан отбасына көңіл 
бөлуді ұмытпай, оларға да уақыт бөлетін. реті кел-
генде бәрімен әзілдесіп, ойын-сауық құрғандарға да 
көңіл аударатын. Тіпті, ондай жерлерге отбасын да 
ертіп апарып, қоғамда болып жатқан жағдайларды 
оларға да көрсететін. Отбасы мүшелерімен әзілдесіп, 
сәті келгенде араларында жарыс та өткізетін. Қысқаша 
189
Бұхари, Жәмаа 15 (644); Әдәб 40 (5692); Тирмизи, Қияма 45 (2489); 
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\49 (24272). 
190
Бұхари, Әдәб, нафақат азан, Ғазали, Ихия Улумуд дин. Әр түрлі 
риуаяттардағы мәліметтер біріктіріліп берілді.


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
122
айтқанда, жан-жақтылығымен нағыз отағасы екенін 
көрсеткен. 

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау