Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет42/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   152
Айша

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
125
– 
Көрдің бе, әкеңнің ашуынан сені қалай құтқарып 
қалдым?
193
– деді.
сол күні хазірет Әбу Бәкір (р.а.) ол жерден ренжіп 
шыққанмен біраздан соң қызының үйіне қайта соқты. 
Бірақ, бұл жолы көңілді көрінсе тап келді. расулалла 
мен айша анамыз оны күлімдеп қарсы алды. 
Хазірет Әбу Бәкір де сөз түсінетін. Өзінен кейін 
жағдайдың қалай жылы шешілгенін шамалады, 
бірақ мұны өздерінен естігісі келді. сол себептен 
күлімсіреп:
– 
Әуелгі реніштеріңе мені ортақ еткендерің 
секілді қуаныштарыңды да менімен бөліссеңдерші!
194
– деді.
Кейде аналарымыздың арасында да реніштер 
кездесетін. мұндай жағдайда да алла елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) араға кіріп, оларды 
әзілмен жарастыратын. Кейде әйелдер мәселесі сөзден 
асып, өзара шабуылға да ұласатын. 
Бір күні айша анамыз сүт қосып, ұннан тамақ 
пісіріп, сүйікті жарының алдына қойды. сол жерде 
болғандықтан, сәуда анамызды да тамаққа шақырды. 
алайда, ол тартынды. сонда айша анамыз:
– не келіп мына тамақтан жейсің немесе тамақты 
бетіңе аударамын, – деді. Жауап тағы да оң болма-
ды. Бәлкім, бақталастар арасында кездесетін жағдай 
шығар. Демек, көңілсіздігін кетіріп сәуданың көңілін 
193
Әбу Дәуіт, Әдәб 92 (4999); нәсәи, әс-сунәнул кубра 5\139 (8495); 
5\365 (9155) 
194
Әбу Дәуіт, Әдәб 92 (4999); нәсәи, әс-сунәнул кубра 5\139 (8495), 
5\365 (9155)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
126
аулау керек. сол-ақ екен айша қолына алған тамақты 
сәуда анамыздың бетіне шашып жіберді. 
Әйелдерінің арасында кейде болып тұратын 
реніштерді кетіруі үшін расулалла мұны келісімге 
себеп етті. Тамақты қолына алып, сәуда анамызға 
беріп тұрып:
– сен де оған солай жаса, – деді. 
Бұны естіп сәуда да айшаның (р.а.) бетіне тамақ 
шашты. Құдды бір кішкентай балалар секілді күлкілі 
жағдай орын алып, пайғамбарымыздың жүзінен 
күлімсірегені байқалды. 
Осы кезде сырттан хазірет Омардың гүрілдеген 
дауысы естілді:
– абдулла! Әй, абдулла! – деп баласын шақырып 
жүр екен. 
мешітке жақындаған Омар (р.а.) расулға соқпай 
кетпейтін. алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оның ішке кіретінін ойлап, дереу аналарымызға:
– Қане, тұрып, беті-қолдарыңды жуыңдар, – деді.
Әзіл де болса әр оқиға бір ақиқатты көрсететін. 
Демек, отбасы ішінде болған жағдайларды сырттан 
үшінші адамның білгені дұрыс емес. Оның үстіне, 
хазірет Омардың орны айрықша. анамыз бұдан бір 
қорытынды шығарып, былай деді:
– Омар келердегі расулалланың әрекетін 
көрген сол күннен бастап мен Омардың айбатынан 
сескенетінмін
195
.
Бұл үйде алла елшісінің ашуланатын кездері де 
болып тұратын. Тіпті оған айша анамыз себеп болушы 
195
Әбу яғла, мүснәд 7\449; сондай-ақ, қараңыз: Тахмаз, әс-сәидату 
айша 42, 43


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
127
еді. Бір күні пайғамбарымыз үйге бір тұтқынды алып 
келіп, оны айша анамыздың бөлмесіне қалдырып 
кетуге мәжбүр болды. Бұл кезде бөлмеде айша анамыз 
бірнеше әйелмен сөйлесіп отырған еді. сөзден сөз 
туып, біраз уақыт отырған олар тұтқынды ұмытып 
кетті. Осы мүмкіндікті пайдаланған тұтқын қашып 
кетті. 
Біраздан кейін алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) келсе, тұтқын жоқ! Қатты ашуланды. Басқа 
жағдайларда адамдарға азаттықтың жолын көрсету 
пайғамбарымыздың негізгі қасиеті болуы мүмкін. 
алайда, мынадай жау жағадан алып тұрған кезде 
тұтқынға адам алудың маңызы зор еді. аманат етіп 
қалдырған адамы қашып кеткен соң: 
– айша, тұтқын қайда? – деп сұрады. анамыздың 
айтатын ештеңесі жоқ абыржыған түрмен:
– Әйелдермен отырып әңгімеге беріліп кетіппін, 
– деді күмілжіп. Тамаша мүмкіндіктен айрылған 
пайғамбарымыз: 
– Қап, сені ме? Әй, қолың сынғыр!
196
– деді.
Бұл реніш айша анамыздың өкінуіне жеткілікті 
еді. Қандай шартта болса да аманатқа қарай білуі тиіс 
еді. алайда, бір жолға болары болды. 
расулалла дереу сыртқа шығып, тұтқынның қашып 
кеткенін хабарлады. арада біршама уақыт өткенде 
тұтқын табылды. Біраздан кейін пайғамбарымыз 
үйіне қайта келді. Бұл кезде айша анамыз екі қолын 
кері айналдырып, «қолың сыңғыр» дегенге қолына 
196
Бұл жерде айтылған сөз «Қолдарыңның бірі немесе екеуін де алла 
жұлып алсын» деген мағынаға да келеді.


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
128
бір нәрсе бола ма деп қорқып тұр екен. Оны көрген 
пайғамбарымыз: 
– Тыныштық па, не болды? Әлде дәрет алуың 
керек пе? – деді. анамыз назданып:
– мені қарғадыңыз, қолымның қайсысы түсіп 
қалар екен деп қарап тұрмын, – деді. 
Бұл анасынан ескерту алған баланың қайтадан 
анасының құшағына енуіне ұқсайтын жағдай еді. 
Осылайша, ол алла елшісінің теріс бата жасауынан 
қорыққанын білдірді әрі оны батаға айналдырғысы 
келді. расулалла онсыз да сөйтті, қолын жайып: 
– раббым! мен де пендемін, кейде ашулана-
мын. Осы кезге дейін кімге теріс бата айтқан болсам, 
мұны оларды рухани кірлерден арылтатын тазалыққа 
себепші ет!
197
Отбасы болғандықтан анамыздың да ренжитін 
сәттері кездесетін. Бұл жағдайын пайғамбарымыз 
оның әрекеттерінен байқап, мәселені жақсы шешуге 
тырысатын. Бір күні жұбайына былай деді: 
– мен сенің маған риза не ашулы екеніңді бірден 
білемін. анамыз таңданып:
– мұны қайдан шығардыңыз, қалай білесіз? – 
деп сұрады.
– маған риза кездеріңде «мұхаммедтің раббы-
сына ант етемін» деген сөзді айтасың, ашулы кезіңде 
«Ибраһимнің раббына ант етемін» дейсің!
197
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\52 (24251). Кейбір риуаяттарда алла 
расулының аталмыш тұтқынды айша анамыздың орнына Хафса 
анамызға (Хәйсәми, мажмауз зәуәид 8\266) немесе басқа бір адамға 
тапсырғаны да айтылады. Қараңыз: Бәйһақи, сүнән; Ханбали, әл-
Әхадисул мухтара 5\20


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
129
– Иә, оныңыз рас, – деп анамыз мойындады да 
«Уаллаһи, шындықты айтасыз. Алайда, енді уәде 
беремін, бұдан былай сіздің атыңыздан басқаны 
аузыма алмаймын!»
198
деді. 
Бір күні он бір әйел отырып, күйеулері туралы 
ашық сырласты. Ойларын жасырмай айтуға уәде 
берді. Әрқайсысы өз күйеуінің ең іліп алар қасиетін 
айта бастады. Біреуі күйеуін ұнатпайтынын айтып, 
жамандықтарын тізсе, екінші бірі күйеуін жер көкке 
сиғызбай мақтады. анамыз бәрін мұқият тыңдап, бір 
күліп, бір мұңайып отырды. Бір кезде кезек Үммү Зәрр 
деген әйелге келген кезде, ол таудағы бір малшының 
қызы екенін, Әбу Зәрдің өзін әйелдікке алғанын, 
небір жақсылықтар жасағанын, оның жанында жаны 
тыныштыққа бөленетінін айта бастады. айтқандары 
тек күйеуіне ғана қатысты емес болатын, енесінің де 
жақсылықтарын тізіп, күйеуінің бұрынғы әйелінен 
туған баласы мен қызметшісінің де ізгіліктерін 
айтты. алайда, бір күні күйеуімен ажырасыпты, 
қазір басқа біреумен некеде екен. Қазіргі күйеуі де 
өте жақсы, жомарт адам екен, алайда оның барлық 
жақсылықтары мен жомарттығының бәрін қосқанда 
Әбу Зәрдің бір жақсылығына тең келмепті. Қысқасы, 
Үммү Зәрр өзінен ажырап кетсе де, бұрынғы күйеуі 
Әбу Зәррді ұмыта алмайтын көрінеді.
Бәрі күйеулері туралы ойларын айтады, алайда 
Үммү Зәррдің айтқандары анамыздың назарын 
ерекше аударып, оны кейіннен пайғамбарымызбен 
бөліседі. сонда былай дегенін естиді: 
198
Бұхари, никах 107 (4930); мүслим, фадаилус сахаба; мүснәд, 
мүснәд 6\61 (24363)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
130
– Екеуміз де Үммү Зәрр мен Әбу Зәрр секілдіміз, 
айырмашылығы, ол әйелінен ажырасты, ал мен олай 
жасамаймын! 
Бұл сөзге көңілі кәдімгідей марқайып қалды. Іле 
өзі де:
– 
Жолыңызға жаным құрбан! Алайда, сіз мен 
үшін Әбу Зәрдан да артықсыз!
199
– деді. 

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау