19
1.11 сурет - GPON архитектурасының негізгі элементтері және әрекеттік
қағидасы
Төмендемелі ағынның кадрлары оңай сихрондалады. Кадр құрамына
мыналар кіреді: физикалық деңгейдің басындағы мәліметтерден тұратын PON
желісін бақылау және басқару мақсатында қолданылатын әрі СВ физикалық
бақылау блогынан, ұяшықтарды ONT-ға жеткізу және ұяшықтардың
виртуалды желінің ONT анықтаушы көрсеткішіне тиістілігін анықтау үшін
қолданатын АТМ бөлігінен, GFM үзінділерін ONT-ға тасымалдау және Port-
ID сәйкестендіргішінің көмегімен үзінділердің ONT-ға тиістілігін анықтау
үшін қолданылатын инкапсуляцияның гигабиттік тәртіптемесі бөлігінен
тұрады. Өршімелі ағынның барлық жылдамдықтары үшін кадр құрылымы
біркелкі: үлестірілімі өткізу жолағы кестесі арқылы іске асатын және ONT-дан
жіберілетін көпсанды дестелер-деректер жинағы болып саналады [7]. OLT
жіберілімді ONT-дан шыққан абонент деректерін үлестірудің басында кесте
анықтаушысы өрісінің және PON-басқы мәліметінің үш түрінің көмегімен
бақылайды: өршімелі ағынның физикалық деңгейінің көмекші ақпаратының
мәліметі PLOu; әкімшілік және басқарушылық ақпараттарға жауап беретін
және физикалық деңгейде PLOAM хатынан тұратын PLOAMu өршімелі
ағынының OAM түрлі операцияларын (динамикалық аумақты реттеуші)
жасайтын басқы мәлімет. OLT-дағы қуат өзгерісін қадағалау мақсатындағы
басқы PLSu мәліметі; өткізу жолағының өзгерісі жайлы есептемесі бар DBRu
басқы мәліметі.
Кадр құрылымының соңғы өрісі АТМ және GEM ұяшықтарын сондай-
ақ, олардың алып тұрған өткізу жолағы жайлы ONT-дан келетін ақпаратқа ие
DBA есептемелерін жіберу үшін қолданылатын пайдалы жүктеме сегменті.
OLT өршімелі ағынның кадрларын өткізу жолағының кестесін (Allocation-ID,
ONT-ның нақты бір анықтауыштарына қатысты бастапқы және соңғы
мезеттер кестесі) пайдалана отырып, динамикалық түрде басқарады. ONT ол
кестемен сәйкестендірілген соң OLT-ға тек бір терезеде деректер жіберілімін
бастайды. Екі терезеде жіберілім жүргенде өткізу жолағын үнемдеу үшін ONT
өршімелі ағынының физикалық деңгейінің басқы мәліметі тек қана бір рет
жіберіледі. GPON хаттамасы арқылы жіберілетін деректер-АТМ трафигі және
20
GEM-ақпараты. Төмендемелі ағынның кадрының құрамы: PCBd блоктары,
АТМ және GPON-ның уақыттық арақатынасынан тұратын өршімелі ағын
үшін қолданылатын сигналдық ақпаратты тасымалдайтын GEM-нен тұрады.
GPON-ның артықшылықтары [8]:
- кез келген типті қызметтің синхронды транспортты хаттамаға
инкапсуляциялануынан шығатын әмбебаптылығы.
- желінің желілік тораптарға, кабельдік жер асты құбырларының
жоларнасына ұтымды жалғануы; кабельдің өтетін сәйкес жоларнасын таңдау.
- төмендемелі және өршімелі ағындар бойымен деректер жіберілімі
жүретін әрі симметриялық пен ассиметриялық арақатынаста да болатын
биттік жылдамдықтардың кең аумағында жұмыс істеуі.
- 32/64/128 ONT-ларында жұмыс істеуі (ONT саны желі жұмысының
тиімділігіне әсер етеді: ONT неғұрлым көп болса, желінің пайдаланысқа кетуі,
орнының толуы соғұрлым тез болады).
- толқынның ұзындығында 256 логикалық ONT болады;
- ONT-ны автоматты және периодикалық түрде анықтау;
- ONT-дағы қорғалған биттер санын қайта кескіндеу мүмкіндігі;
- ONT терезесінің ауытқып кетуінің білінген уағында автоматты түрде
ауқымдалу әдісі;
- трафиктің шифрлануы, компьютерлік бұзақылардың басқа біреуге
адрестелген трафикті санауына жол бермейтін AES құпиялылық бағдаржолы
көмегі арқылы ONT-байланыстарын қорғау;
- күйдің, ONT-дан OLT-ға өтетін есептемелердің көптігі;
- ОАМ белгіленген арналарын пайдалану;
- аудио және видео трафиктерінің жіберілімі үрдісінде QoS-ты
қамтамасыз ететін алдын ала орнатылған тетіктердің болуы;
- қызметтер деңгейі жайлы келісімдер реттеліп отырады;
- әр түрлі мультисервмстік мүмкіндіктердің жіберілімі тиімділігінің
жоғарылығы (басқа PON-дармен салыстырғанда ең оңтайлы әрі сапалы
сипаттамаларды қамтамасыз етеді)
-
үнемділік:
эксплуатациялық
шығындардың
соммасы
басқа
стандарттарға қарағанда азырақ.
GPON кемшіліктері [8]:
- бастапқы қадамдағы жұмсалатын қаржының көптігі
- күрделілігі
- салыстырмалы қымбаттылығы
GPON кемшіліктерін оның артық қасиеттері оңай өтей алады.
1.4 Шымкент қаласының қалалық телефондық желі құрылысына
қысқаша шолу
Оңтүстік Қазақстан облысының телекоммуникациялық басқару орны
“Қалалық телекоммуникациялық желілердің” өндірістік бірлестігі (ӨБ
«ҚТЖ») Шымкент қаласындағы басты мекеме ОҚ ТБО-ның құрылымдық
бөлімшесі болып табылады, ОҚ ТБО бойынша 01.01.2014-де жалпы
21
монтаждалған сыйымдылық 314841 №№; жалпы күшке енген сыйымдылық
291917 №№, сыйымдылықты пайдалану мөлшері 92,7 %. Шымкент қаласы
Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық және республика экономикасының,
әсіресе оның оңтүстік аймағының кілттік орталығы болып есептеледі. ОҚО
тұрғын саны 01.01.2014 жылға ресми мәліметтер бойынша 2 млн, 913 мың
адамды құрайды. Телефондандыру тығыздығынан 100 адамға 14,8
телефоннан келеді. қаладағы тұрғын саны ресми мәліметтерде 1 млн, 521 мың
(ресми емес мәліметтерде жуықтап 1 млн, 688 мың) адам делінген.
Телефондандыру тығыздығы бойынша 100 адамға 18,6 телефоннан келеді.
01.03.14 жылға қалада 529 әмбебап таксофондары орнатылған. Интернет
желісін пайдаланушылардың саны ай сайын өсуде, ақпан айында
қолданушылар саны 17781 бірлікті құрады. Құрылған телефондық байланыс
желісі арналарды коммутациялау технологияларына негізделген. Дәл қазіргі
уақытта Шымкент қаласының телефондық желісінде алты таңбалы нөмірлеу
қабылданған. Желі толығымен цифрлық желіге көшкен әрі ALCATEL S–12,
М–200, М–240 және DRX-4 фирмаларының бекеттерінде құрылған [9].
Шымкент қаласының желісінде телекоммуникация қызметтерін
көрсететін 17 шеткі операторлар жұмыс жасайды, оның ішінде төртеуі (ЗАО
«Нұрсат», ОАО «Транстелеком», РГП «Казаэронавигация», ОАО "ASTEL")
телекоммуникацияның жергілікті желісінің, ал жетеуі мәліметтерді жіберу
және Интернет рұқсат желісінің қызметтерін көрсетеді.
Қаланың транспорттық желісі заман талаптарына жауап бере алады, ол
(SDH) синхрондық фицрлық иереархия сынды цифрлық жіберілім жүйесімен
нығыздалатын оптикалық кабельдер негізінде құрылған. Транспорттық желі
құрылымы деңгейдің STM–16, XSDM–100 атты екі сақинасынан тұратын
сақиналық топологияны пайдаланады.
Қаланың барлық АТС – тері цифрлық ағындарға қосылу мүмкіндігін
алды, 5 бекет бірыңғай транспорттық сақинаға бірікті.
1.12 суретінде құрылған желінің сұлбасы көрсетілген. 1.13 суретінде
Шымкент қаласындағы GPON желісінің ұйымдастырылуының сұлбасы
көрсетілген.
Берілген жобаның іске асуының қажеттілігі компания табыстылығын
жоғарылату және ОҚО телекоммуникациялық нарығындағы алдыңғы қатарды
ұстап тұруға жол ашатын клиенттерді тұрақтау (абоненттердің жоғары
жылдамдықты рұқсат желісіне қажеттіліктерін арттыру) мен жоғары
жылдамдықты интернет, IP TV, ID Phone қызметтері қатарын кеңейту
үрдістеріне байланысты. Берілген жоба АО “Қазахтелеком” филиалы ОҚ
ТБО-да жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |