46
Ажырамалы қосылыс
4
0,6
0,6
Қуат қоры
3
3
Қорытындысы
24,97
24,94
Көріп отырғанымыздай, 1310/1490 нм толқын ұзындықтарындағы
жіберілімнің қорытынды жалпы жоғалтулары шамалап бірмәндес және МСЭ-
Т талаптарын қанағаттандырады.
Берілген рұқсат желісі оптикалық жолдағы
жоғалтулар аумағы бойынша 15 пен 30 дБ арасын қамтитын С тобына кіреді.
4.18 суретте бірінші жағдайда қарастырылған абонентке сәйкес келетін
қуаттар деңгейінің диаграммасы көрсетілген.
3.2 сурет – Қуаттар деңгейінің диаграммасы
47
4 Жобаланушы желінің технико-экономикалық негіздемесі
4.1 Бизнес жоспар түйіндемесі
Құрылған
бизнес-жоспары
қазақстандық
инфокоммуникация
нарығындағы алдыңғы қатарлы біріккен оператор Қазақтелеком АҚ-ның
жетекшілік бастамасымен “Шымкент қаласында GPON технологиясы
негізінде көпқызметті желі құру” атты жобасын іске асыруға бағытталған.
Берілген құжатнама маркетингтік қызметті атқару жолында өте
пайдалы және жоғары тиімділікті бола отырып, таңдалған байланыс
операторының барлық үстемділіктері мен инвестициялық жобаның
артықшылықтарын айқындайды, дәлірек айтсақ, жобаның қабылданған
экономикалық және құқықтық нормаларға сәйкестілігін, түсімділігін,
тиімділігін, экономикалық тұрақсыздыққа төтеп бере алу қабілеті және басқа
құрылып қойған жобалардан басты сапалық ерекшеліктерін көрсетуге
негізделген. Сондай-ақ, құжатта капиталдық салымдардың келешектегі ұзақ
мерзімдік дамуы, яғни кеңейтілу мүмкіндігі мен өндірістің әрі қарай
өркендеу жолдары айқын түрде көрсетілген. Жобаның іске асуы шағындағы
жасалған экономикалық анализ тиімділік пен пайдалылықты қамтамасыз ету
мен инвестиция қайтарылымының мүмкіндіктері тұсында бизнесті
басқарудың үрдісін көруге жағдай жасайды.
Жалпы кәсіпорынның зор потенциалы мен қызметтерге оның
клиенттерінен (әсіресе қосылған элиталық аудандағы) түсетін сұраныстың
жоғарылығын ескерсек, компания қаржыландырушылардың үмітін ақтай
алады деген сенім туады. Сонымен қатар, компанияның инвестициялық,
жеделдік және қаржылық саясаты берілген құжатнамада сәйкес бөлімшеде
анықталған страгетиялық мақсаттар мен бағыттарға толығымен сай келеді.
Жобаның жүзеге асуы клиентке қызметтерді жеткізу үшін GPON
технологиясын енгізу және деректер жіберілімінің магистарльді желісін
дамыту арқылы кеңжолақты рұқсат желісі қызметтерінің көрсетілу сапасы
тұрғысындағы сұрақтардың шешімін табуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік
өз кезегінде көзделген мынадай экономикалық-әлеуметтік олжаларға
жеткізеді: бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономикалық өсуді
күшейту, әлеуметтік қызметтердің көрсетілімінің тиімділігне қол жеткізу.
GPON негізіндегі қызметтер функционалдық мүмкіндіктер мен тұтынушлық
сипаттамалары тұрғысында жеткілікті түрде кең ауқымды қолданысқа ие, әрі
тұрақты, перспективті және тұтынушы үшін ыңғайлы технология болып
табылады [12].
Жабдықтардың орналасу ортасының болуы мен кабельдің құбыр жол
арқылы төселуіне байланысты жоба төмен шығындылықпен, жоғары
табыстылықпен, соған орай, өндірістің жоғары рентабельділігімен
сипатталады. Мұны сәйкес экономикалық көрсеткіштер растайды:
48
Капиталдық шығындар:
теңге,
Таза пайда:
теңге,
Өтелу мерзімі:
жыл.
4.2 Компания бизнесінің тұжырымдамасы
Бұл бөлім саланың жалпы қазіргі таңдағы күйі мен компанияның
нарықтағы жағдайына арналады да, негізгі жағымды аспекттері, сондай-ақ,
бүткіл шешімдері айқындалған кемшіліктері көрсетілген тауарлар немесе
қызметтер түрлері сипатталады. Негізгі мәні нарыққа енгізіліп қойған
тауарлар мен қызметтер түрлерінің компанияның жаңадан шығыруға ниетті
түрлерінен айырмашылығына көңілді аценттеу болып табылады. Берілген
жобаны іске асырумен Қазақстанның жетекші байланыс операторы
“Қазақтелеком” ұлттық акционерлік компаниясының Оңтүстік Қазақстандағы
филиалы айналысады. “Қазақтелеком” АҚ-елдің барлық аймағында
инфокоммуникациялық қызметтердің кең спектрің ұсынатын Қазақстан
Республикасының ең ірі байланыс операторы және құрамында 23 филиалға,
сондай-ақ, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасында өз
өкілдіктеріне ие заңды тұлға болып есептеледі.
Компания қызметінің негізгі түрлері [6]:
- жоғары технологиялық байланыс қызметтерін ұсыну
- сымсыз байланыс қызмет түрлерін ұсыну
- спутниктік байланыс қызмет түрлерін ұсыну
- телекоммуникация саласында технологиялық іс-қызметтерін жасау
- меншікті орталықтан басқару жөніндегі басқа да қызметтер.
“Қазақтелеком”
АҚ-ның
қуатты
заманауи
желісі
бар
әрі
инфокоммуникациялық қызметтерді пайдаланушылардың барлық негізгі
мақсаттық нарығын қамтиды. Жоғары өнімді “Қазақтелеком” АҚ желісі -
Қоғамның табысты болуы мен Қазақстан нарығындағы жоғары технологиялық
провайдер рөлін нығайту, сонымен қатар халықаралық телекоммуникациялық
нарыққа шығуына мүкіндік беретін бірден бір іргетасы. Телекоммуникация
секторы қазақстандық экономиканы дамушы әрі байланыстырушы сегменті
болып
саналады.
Инфокоммуникациялық
технологияларды
кеңінен
масштабты түрде енгізу отандық кәсіпорындардың прогрессивті дамуы мен
олардың әлемдік экономикаға интеграциясы үшін қолайлы жағдай туғызу,
сондай-ақ, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында міндетті шарт болып
табылады. “Қазақтелеком” АҚ-ның қызметі базалық қызметтердің
қолжетімділігін
қамтамасыз
ететін
және
инфокоммуникациялық
әртараптандыру мен ұлттық экономиканы жаңғыртуға жәрдемін беретін
тиімді әрі сапалы телекоммуникациялық жүйені құруға бағытталған.
Телекоммуникаця
саласы
экономиканың
барлық
мемлекеттік
жүйелердің функционалдануы мен үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететін ең
маңызды секторына жатады. Қазақстандағы телекоммуникацияға байланысты
мәселелерінің бірі қаржыландырудың жеткіліксіздігі, инвестициялау