26
болып есептеледі. Ол барлық пассивті оптикалық желінің негізгі
элементтерінің бірі болып табылады әрі оның басты тапсырмасы-ОТ-тың
қажетті санын шоғырланған абоненттер тобына кабельдік құбыр жолының
сыйымдылығы мен топологияны алға қоя отырып, ең тиімді жолмен
максималды түрде жақын тарту. PON-ның магистральді желісін құрудың
көптеген тәсілдері бар, мен үйдің кірберісінде орналастырылатын үлестірмелі
шкафтарды (ОҮШ) пайдалана отырып, оларға көпталшықты кабельді енгізу
жолымен құру тәсілін қолданамын. Көпқабатты құрылысы бар аудандарда
PON-ның
магистарльді бөлімінде көпмодульді құрылымды, үлкен
сыйымдылықты ТОК тартылуы абзал. Қажетті ОТ-тың санын анықтаудың
жалпы қағидасы: әрбір N пәтерлерге бір ОТ-тан (резервті санамағанда),
ондағы N әр абонентке арналған өткізу жолағына қойылатын талаптарға сай,
OLT-дағы PON интерфейстерінің максималды тармақталу коэффициентіне
сәйкес алынады.
Бұл тәсілдің артықшылықтары:
- сырттай қызметке арналған ОҮШ кабельдік құбыр жолдарда, әдетте,
сымдық инфрақұрылымның ҮШ-на жақын орналастырылады;
- абоненттердің біршама үлкен санына ОҮШ-тың аз ғана саны қажет;
- кіші ОҮШ-дан үлкеніне қарай біртіндеп модульді түрде жинақталады;
- магистаральді кабельдердің транзиттік қосылуларын жүзеге асыра
алады;
- кез келген уақытта қызмет көрсетуге ыңғайлы рұқсат желісі құрылады;
- шкафтық аудандарды тиімді жолмен анықтап, құруға
жол ашады;
- кабельдік құбыр жолдағы түтіктердің арналармен толтырылуын
азайтады.
Кемшіліктері:
- оптикалық компоненттерге арналған температураның тұрақсыздығы;
- шкафты орналастыру жайында сәйкес келісімдер мен жерлік
жұмыстарды жасау қажет.
Міне осылай, АТС-тен GPON платформасына қарай (5 км) құрылған
кабельдік құбыр жолы арқылы өзінен әрбір үйге “транзиттік” муфта
көмегімен 1 модуль (2 талшық) белгіленетін магистральді 5 модульді 10
талшықты кабель тартылады. Сонымен қатар, 1 талшық резервтеуге арналып
жасалған. Платформа GPON платформасы магистральді желінің бір жағымен
түйісіп, абоненттің ақырымен дуплекстік трафикті беру үшін арналған активті
жабдық рөлін ойнайды. Сырттай тартылатын кабель ғимарат ішіне кіргізіліп,
тіреуше арқылы техникалық қабатқа (шатыр) көтеріледі де, бітіктің көмегімен
оптикалық кросстық шкафта (ОКТШ) орналасқан 1:96 – лық бөлу
коэффициенті бар пассивті оптикалық тармақтағышпен пісіріледі. Берілген
көпқабатты құрылыс ауданында магистраль бөлімдері кепілді температуралық
және ылғалдық аумағын қамтамасыз ету үшін бірінші қабатта ораналасқан
ОКТШ-қа қойылып, бекітіледі. Жобаланушы ауданның магистралінің сұлбасы
Ә қосымшасында көрсетілген.
27
Мұндай кабельді құбыр жолмен тарту әдісі құрылыстың эстетикалық
сыртқы пішіні жағынан да қолайлы және ондағы желі сенімділігі сыртқы
әсерлерден қорғанышы болғандықтан, кабельді ауамен ілу әдісімен
салыстырғанда әлдеқайда артық. Кабельді кабель-арналарында тартудың
құырылмдық сұлбасы, яғни желінің магистральді бөлімі Ә қосымшасында
көрсетліген. Ал кабельді төсеу көрінісі 2.4-суретте көрсетілген.
2.4 сурет – Оптикалық кабельді төсеу
ОҮШ-тан ғимарат ішіндегі ОҮҚ-ға дейін тік тіреушелермен тартылатын
ТОК бөлігі-үлестірмелі бөлім болып есептеледі. Яғни, PON-ның үлестірмелі
желісіне желінің оптикалық шкафтан тұрғын үйге дейінгі кабельдік енгізілім
бөлігі, үлестірмелі кабельдің үй ішілік таралымы және тұрғын үйдегі
үлестірмелі құрылғылардың ораналасу бөлігі кіреді.
Сонымен қатар, кабельдік құбыр жолдармен төселетін үлестірмелі ТОК
ОҮШ-тан тұрғын үйге дейінгі желі бөлімдері, бір кіреберістен келесіге өту
(кейбір жағдайларда) және бір үйден келесі үйке транзиттік таралым үшін
қолданылады. Үй ішілік орналастырым кезіндегі үлестірмелі желінің ТОК
тұрғын үйді қабылданған кабельдендіру технологияларына орай таңдалады.
Үйдегі үлестірмелі құрылғылар мен кабельді монтаждау техноологиясы үй
типіне және кіреберістердегі жергілікті жағдайға тәуелді. Яғни, үлестірмелі
желіні орындау технологиялары, әдетте, кабельді тік таратумен және үй
кіреберістерінде үлестірмелі құрылғыларды орнатумен байланысты. Сондай-
ақ, мынадай қағидаларды ескеру жөн [10]:
- үлестірмелі кабельді таратудың және оның ОҮҚ-ға қосылуының
қарапайымдылығы;
- абоненттерді қосудың максималды шапшаңдығы;
- монтаждау сапасын сақтай отырып, жұмыстың жасалу уақыты мен
кабельдік өнімдердің, материалдардың бағасын минимизациялау.
28
Үйдің үлестірмелі бөлігін жобалауда тік тартылатын ТОК-дің
сыйымдылығы
абоненттердің
100%
қосылуын
ескеретіндей
етіп
қарастырылған. Яғни, бір кіреберістегі пәтерлер санына ең жақын әрі ОТ-тың
мүмкін болатын сақтау қорын жасай алатын ТОК-дің сыйымдылығы
қолданылады. Қабатаралық тік ТОК-ді қабат бойымен көлденең тармақтау әр
қабатта орналасқан ОҮҚ сұлбасымен іске асады әрі қабаттағы барлық
пәтерлерді қосуға қажет тармақтау саны алдын ала қарастырылған.
Оптикалық қуатты бөлу 1:96-лық тармақтағыштар орналасқан бірыңғай
тұрғын үйлік ОҚТШ ішінде жүреді. Әрі қарай ОҚТШ-тан қабатаралық
оптикалық
кабельдер
шығарылады,
олардың
рөлін
көпталшықты
модульдерден құралған бос, кедергісіз өзекті ОТ-тар ойнайды. Қабатаралық
ОК-дегі модульдер саны ғимараттың қабатталуына, ал модульдегі талшықтар
саны қабаттағы абоненттер санына орай таңдалатындықтан, ОКТШ-тан (тағы
да бітік көмегімен) әр модулі алты талшықтан тұратын екі 8 модульді кабель
бөлінеді. Бұл кабельдер әр қабатта орналастырылған шкафтардағы
қабатаралық тіреушелерге енгізіледі де, өзектегі оптикалық талшықты
модульді бөліп алып, абоненттік талшықты қабаттық үлестірмелі
қорапшадағы (ОҮҚ) абоненттік пигтейлмен монтаждауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, кабель кесілмейді де, модульдерге дейін бөлшектеледі, ол өз
кезегінде қабаттық шкафтарға ажыраусыз түрде салынады. Осындай жолмен
бір кабель 1-8- қабатқа дейін, ал екіншісі 8-16 – қабатқа дейін шығарылады.
ОҮШ ішіндегі кабельден шығарыған талшықтар адаптерлерге қосылатын
пигтейлдармен пісіріледі. Адаптерлік порттары бар ОҮШ-тарды қолдану
қабатаралық кабельге монтаждау біткен соң толығымен тексеріс жасауға
мүмкіндік туғызады және абоненттердің пісіру қателіктері мен талшықтарды
коммутациялауға байланысты қосылу мәселелері санын минимумға дейін
түсіреді.
2.5-суретте жобаланушы желінің құрылымдық сұлбасы көрсетілген.
2.5 сурет – Жобаланушы желінің құрылымдық сұлбасы