Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет67/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68

139 
 
Ресей  Федерациясы  Азаматтық  кодексінің  23-бабының  4-тармағында 
көзделгендей,  заңды  тұлға  құрмастан  кәсіпкерлік  қызметпен  шұғылданатын 
азамат  сол  қызмет  бабында  жасалған  мәмілелеріне  қатысты  кәсіпкер  емесе 
екендігіне сілтеуге құқығы жоқ, сот осындай мәмілелерге қатысты кәсіпкерлік 
қызметпен  байланысты  мәмілелер  туралы  ережелерін  қолдануға  құқылы  – 
деген  нормаларын  қазақстандық  заңнамаларға  да  енгізу  қажет  деп  санаймыз, 
оның ішінде Кәсіпкерлік кодексінің жобасына да. 
Ресей Федерациясында егер кәсіпкер келесі салаларда қызмет ететін болса, 
оған қосымша арнайы талаптар қойылады: кәмелетке толмағандарға білім беру, 
тәрбиелеу,  дамыту,  жасөспірімдердің  демалысын  және  сауықтыруын 
ұйымдастыру,  медициналық  жағынан қамтамасыз  ету,  әлеуметтік  қорғау  және 
әлеуметтік қамтамасыз ету, қызмет көрсету, жасөспірімдерді дене шынықтыру, 
спорт,  мәдениет  және  өнер  салаларына  қатыстыру.  Бұл  салалардың  тізілімі 
Ресей Федерациясының Үкіметімен бекітілген. Аталған салаларда қызмет етуге 
бағытталған азаматтар дара кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркеуден өту үшін 
міндетті  түрде  сотталмағандығы  туралы  немесе  оған  қатысты  қылмыстық  іс 
ақтаушы  негіздермен  қысқартылғандығы  туралы  ресми  анықтама  тапсыру 
талап  етіледі  Осындай  толықтыру  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына 
енгізілуі жөн болатын еді деп санаймыз.  
Бірлескен  кәсіпкерлікті  оның  нысанына  қарамастан,  дара  кәсіпкер 
мәртебесі берілген жеке тұлғалар тобы жүзеге асырадыБұл ретте кәсіпкерлік 
қызметті жүзеге асыру ретінде іс-әрекеттің екі тобын түсіну қажет. 
Бірінші  топ  кәсіпорынның  ішіндегі  қызметті  ұйымдастырумен,  тауарды 
жасаумен, қызметтер көрсетумен, жұмыстар атқарумен байланысты және Жеке 
кәсіпкерлік  туралы  заңның  7-бабы  5-тармағында  көрсетілген  «іскерлік 
айналым»  ұғымымен  қамтылмайтын  барлық  іс-әрекеттерді  қамтиды.  Осындай 
іс-әрекеттерді  бірлескен  кәсіпкерлік  атынан  оның  кез  келген  қатысушысы 
регламентке сәйкес атқарып жатқан функциялары шеңберінде жүзеге асырады. 
Одан  басқа,  осындай  іс-әрекеттерді  жасауға  еңбек  келісімшарты  негізінде 
тартылған жұмыскерлердің де құқықтары бар. 
Екінші  топтың  дербес  азаматтық-құқықтық  немесе  әкімшілік-құқықтық 
сипаты бар және басқа дара кәсіпкер (кәсіпкерлер) осы іс-әрекеттерге өкілеттік 
берген  бір  ғана  дара  кәсіпкердің  оларды  жасауға  құқығы  бар.  Ерлі-
зайыптылардың бірлескен кәсіпкерлігінде бұл олардың біреуі, ал шаруа немесе 
фермер қожалығында осы қожалықтың Басшысы болады. 
Шаруа  немесе  фермер  қожалығы  туралы  заңдағы  олқылықтардың  бірі  - 
осы Заңның 1-бабы 3-тармағында шаруа немесе фермер қожалығы өз қызметін 
ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырады делінген. Алайда жеке және 
заңды  тұлғалар  меншік  құқығындағы  ғана  емес,  сондай-ақ  өзге  негіздеулер 
бойынша  өздеріндегі  мүлікті  пайдалануға  құқылы,  сондықтан  көрсетілген 
қайшылықты жою қажет.  
Неке  (ерлі-зайыптылық)  және  отбасы  туралы  кодексінде  де  бірнеше 
олқылықтар бар екендігін диссертация мазмұнында талдай отырып анықтадық.  
Заңға  сәйкес  18  жасқа  толған,  Қазақстан  Республикасының  iс-әрекетке 
қабiлеттi  азаматы  шаруа  немесе  фермер  қожалығының  басшысы  бола  алады. 


140 
 
Дара  кәсіпкерліктің  басқа  түрлері  мен  нысандарына  қарағанда,  Шаруа  немесе 
фермер қожалығы туралы Заңда эмансипация тәртібімен немесе некеге тұруына 
байланысты  толығымен  әрекетке  қабілетті  деп  танылған,  бірақ  кәмелетке 
толмаған адамға осы қожалықтың басшысы болуына жол берілмейді.  
Қазақстанда  кәсіпкерліктің  дамуын  тежейтін  негізгі  себептердің  бірі 
сыбайлас  жемқорлықтың  жоғары  деңгейі  болып  табылады,  осыны 
«Транспаренси  Интернейшнл»  Халықаралық  үкіметтік  емес  ұйымының 
деректері  растайды.  Сыбайлас  жемқорлықтың  өсуі  қоғамның  демократиялық 
негіздерінің әлсіз дамуымен түсіндіріледі деген бірқатар БАҚ пен ғалымдардың 
тұжырымдарымен  келіскен  жөн.  Осыған  байланысты  қоғамдық  және 
демократиялық  институттардың  дамуы,  сыбайлас  жемқорлықты  төмендету 
және  бизнесті  заңды  айналымға шығару  дара кәсіпкерлікті  қоса алғанда, жеке 
кәсіпкерліктің  даму  негізінде  жатқаны  туралы  тұжырымдауға  болады.  Бұл 
процесс  заңнаманы және  заңнамалық  нормаларды іске  асыру  тетігін  әрі  қарай 
жетілдірумен бір мезгілде ілесе жүруі тиіс. 
Дара  кәсіпкердің  құқықтық  мәртебесінің  құрамына  оның  қызметін  тоқтата 
туру, қайта құру, тоқтату да жатады. Алайда дара кәсіпкердің қызметін қайта құру 
ерекше  көріністер  табады,  ол  өзіндік  кәсіпкерлік  нысанынан  бірлескен 
кәсіпкерлікпен шұғылдануға ауысу, жай серіктестік құру жолымен қайта тіркелу, 
шаруа  қожалығын  құру  арқылы,  патент  алу  немесе  жеңілдетілген  салық  төлеу 
тәртібімен тіркелу.  
Ал дара кәсіпкерлердің қызметін тоқтата тұру бойынша қорытынды ретінде 
оның қызметі жеңілдетілген тәртіппен тоқтатылуға да болатынын айта кету қажет. 
Сонымен қатар дәрменсіз дара кәсіпкерге оңалту рәсімдері қолдануға жатпайды, 
ол  тек  банкрот  болып  танылады.  Бірақ  дара  кәсіпкердің  банкрот  болып 
жарияналуы  бойынша  заңнамаларда  бірталай  олқылықтар  орын  алған,  оның 
ішінде  дара  кәсіпкердің  жеке  мүлкінің  есебінен  қарыздарды  өндіріп  алу  туралы 
нормалар  оның  конституциялық  құқықтарын  толығымен  қорғамайды  деп 
санаймыз.  Осыған  орай,  ҚР  «Оңалту  және  банкроттық  туралы»  Заңына  тиісті 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет деп санаймыз. 
Индустриалды-экономикалық  қызметті  мемлекеттік  қолдау  туралы  заңда 
ұйымдастырушылық 
сипаттағы 
шараларға 
негізгі 
екпін 
жасалған. 
Инновациялық  қызметті  жүзеге  асырған  кезде  пайда  болатын  қатынастар 
әкімшілік  және  қаржы  заңнамасында  ғана  емес,  сонымен  қатар  азаматтық, 
еңбек  және  өзге  заңнамалық  актілерде  реттелуге  тиіс.  Инновациялық  процесс 
кезеңдердің  жүйелі  тізбегі  секілді,  ол  аяқталғанда  жаңалық  идеядан  бастап 
нақты  өнімге  немесе  технологиялық  процеске  дейін  өзгереді,  жеке  алынған 
кезеңдер  шеңберінде  түрлі  азаматтық-құқықтық  шарттарда  реттелуі  мүмкін 
және  тиіс.  Көрсетілген  шарттар  жаңалықтың  қарқынына,  егер  керек  болса, 
жаңалықтың  өмірлік  цикліне,  сондай-ақ  оның  пайдаланылуына  мүліктік 
құқықтар траекториясына қызмет ететінін мамандар дұрыс атап өткен.  
Инновациялық  кәсіпкерліктің  ресурстық  негізінде  адам  капиталына 
негізделетін  өндірістің  күрт  өсетін  материалдық  емес  (зияткерлік)  құрамдас 
бөлігі  жатыр.  Оның  үстіне,  бүгінде  тауардың,  оның  өндірісі  бойынша 
жұмыстардың,  қызметтердің  құны  жұмсалған  материалдар  мен  адам 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау