Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет63/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68

130 
 
үшін  мүліктік  жауапкершілікке  беру  қажет.  Дара  кәсіпкердің  осындай 
жауапкершілігі  деликттік  міндеттемелердің  жалпы  және  арнайы  қағидалары 
бойынша  туындайды,  ол  нарықтық  қатынастардың  әрекет  етуінің  қажетті 
шарты  болып  табылатын  тұтынушылардың  игіліктері  мен  құқықтарын  қорғау 
және сақтаудың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.  
Сатып  алушының  немесе  тапсырыс  берушінің  сатушыға,  мердігерге 
немесе  қызмет  көрсетушіге  қатысты  бірқатар  құқықтары  туындайды.  Бұл 
құқықтарды, біздің ойымызша, шартты түрде екі топқа бөлуге болады:  
Бірінші топқа кредитордың сатушыдан (мердігерден) тауардың, жұмыстар 
мен қызмет көрсетулердің тиісті сапасын, шарт талаптарын сақтауын талап ету 
құқықтары  жатады.  Сөзсіз,  сатып  алушының  (тапсырыс  берушінің)  бұл 
құқықтары шартты болып табылады.  
Екінші  топқа  кредитордың  тауар,  жұмыстар  мен  қызметтердің 
кемшіліктері  салдарынан  азаматтың  өміріне,  денсаулығына  немесе  мүлкіне 
келтірілген  зиянды  өтеуге  құқықтары  жатады.  Мысалы,  егер  теледидар 
кинескопының  жарылысы  нәтижесінде  азамат  күйік  алса  және  жиһазы  жанып 
кетсе, ол сатушының шарт талаптарын бұзғаны үшін емес, ешқашан сату-сатып 
алу  шартының  мәні  болмаған  немесе  бола  алмайтын  нағыз  құқықтарына  зиян 
келтірілгені  үшін  залалды  өндіруге  құқығы  бар.  Сондықтан  сатып  алушының 
(тапсырыс берушінің) бұл тобы айрықша шарттан тыс сипатта болады.   
Азаматтардың  өміріне  немесе  денсаулығына  сапасыз  өнімдермен  зиян 
келтірген 
кезде 
кінәлілер 
АК-нің 
47-тарауына 
сәйкес 
деликттік 
жауапкершілікке  жатады.  Бұл  тарау  сондай-ақ  тауарлардың,  жұмыстардың, 
қызмет  көрсетулердiң  жеткiлiксiздiгi  салдарынан  келтiрiлген  зиянды  өтеуді 
көздейтін арнайы нормаларды қамтиды (АК-нің 947-950- баптары). 
Тауарлардың,  жұмыстардың,  қызмет  көрсетулердiң  конструкциялық, 
рецептуралық немесе өзге жеткiлiксiздiгi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу – 
бұл  ерекше  деликттік  міндеттеме.  Оның  ерекшелігі  ол  (деликт)  алуан  түрлі 
(сату-сатып алу, жалға беру, тұрғын үй-жайды жалдау, медігерлік, тасымалдау, 
қаржылық  қызметтер  көрсет  және  басқа)  шарттармен  байланыстылығында 
жатыр.  Сонда  да,  ол  кез  келген  басқа  деликт  сияқты,  зиян  келтіруші  мен 
жәбірленушінің арасында шарттан тыс құқық қатынастарын тудырады.    
Әрбір  жәбірленушіде  қаралып  отырған  деликт  түрімен  келтірілген 
зиянның  орнын  толтырып  алуға  құқығы  бар.  Ол  тауар  сатып  алушысы 
(жұмысқа,  қызмет  көрсетуге  тапсырыс  беруші),  сатып  алушының  (тапсырыс 
берушінің) отбасы мүшелері, көршілер, келушілер және т.б. болуы мүмкін. Бұл 
мәселеде Заң ешқандай шектеулер жасамайды.   
Жалғыз айрықшалық тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) тұтынушылық 
мақсаттарда  емес,  кәсіпкерлік  қызметте  қолданылатындығы  болып  табылады 
(АК-нің  947-бабы).  Мұндай  жағдайларда  келтірілген  зиян  жалпы  негіздерде, 
яғни,  зиян  келтірушінің  кінәсі  болған  кезде  өтеледі,  сол  бір  уақытта  ол 
тұтынушы алдында кінәсіз жауапкершілікте болады.   
АК-нің  948-бабына  сәйкес  тауардың  кемшiлiгi  не  толық  немесе  анық 
ақпарат  бермеудiң  салдарынан  келтiрiлген  зиянды  өтеу  жәбiрленушiнiң 
таңдауы  бойынша  тауарды  сатушыға  немесе  дайындаушыға  жүктеледі.  Заңда 


131 
 
«немесе»  деген  бөлу  шылауы  пайдаланылған,  бұл  жәбірленушінің  аталған 
адамдардың  тек  біреуіне  жүгіну  мүмкіндігін  білдіреді.  Осы  ереже  дұрыс  емес 
сияқты,  екеуін  де  (сатушы  мен  тауар  дайындаушысын)  бір  мезгілде  бірдей 
жауапкершілікке 
тарту 
үшін 
зиянды 
өтеу 
туралы 
талап-арызбен 
жәбірленушінің жүгінуіне мүмкіндік беретін заңның редакциясы қажет.  
Жұмыстың немесе қызмет көрсетулердiң кемшiлiгi салдарынан келтiрiлген 
зиянды  орындаушы  өтейді.  Мысалы,  жүргізуші  автомобиль  шинасының 
жарылуынан  зардап  шексе,  осы  шинаны  машинаға  кигізген  автослесарь  емес, 
оны шығарушы зауыт деликттік жауапкершілікке тартылады.  
Түрлі  деликт  сияқты,  оның  қаралып  отырған  түрімен  келтірілген  зиян  да 
өзіне  тән  ерекшеліктері  бар  белгілі  талаптары  болғанда  өтеуге  жатады. 
Әдебиетте  мұндай  ерекшеліктерді  бір  авторлар  өзіндік  жалтару  деп,  ал  басқа 
авторлар тауар, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің кемшіліктері салдарынан 
келтірілген  зиян  үшін  жауапкершіліктің  арнайы  талаптары  деп  атайды.  Ең 
алдымен,  зиян  тауардың  (жұмыстардың,  қызмет  көрсетулердің)  кемшілігінің 
салдары не олар туралы дәйектемесіз немесе жеткіліксіз ақпарат болуы керек. 
Тауардың  (жұмыстардың,  қызмет  көрсетулердің)  кемшілігімен  келтірілген 
зиянның  құқыққа  қарсылығын  зиянды  нәтиже  әкелген  осы  кемшіліктерімен 
сатып  алушыға  (тапсырыс  берушіге)  берілгендігі  (көрсетілгендігі)  құрайды. 
Тауардың  (жұмыстардың,  қызмет  көрсетулердің)  кемшілігі,  егер  ол  сатып 
алушыға  (тапсырыс  берушіге)  сатылмаса  (берілмесе,  көрсетілмесе),  өздігінен 
жауапкершіліктің туындауы үшін маңызы жоқ.  
Бұл  ретте  тауардың  (жұмыстардың,  қызмет  көрсетулердің)  кемшілігі 
болып  азаматтың  немесе  заңды  тұлғалардың  денсаулығына,  өміріне  немесе 
мүлкіне  зиян  келтіруі  мүмкін,  нормативтік  құжаттармен  оның  сапасына 
қойылатын  талаптарға,  стандартқа  оның  сәйкессіздігі  танылады.  Заңда  бұл 
кемшіліктер  рецептуралық,  конструкциялық  не  өзге  де  сипатта  болуы  мүмкін 
деп  тікелей  көрсетілген.  Басқаша  айтқанда,  кез  келген  тауар  (жұмыс,  қызмет 
көрсету)  сақтаудың,  пайдаланудың,  тасымалдау  мен  қайта  өңдеудің  жай 
жағдайларында  қауіпсіздік  талаптарына  сәйкес  болуы  тиіс.  Көрсетілгендер 
«сапасыз  тауар»  және  «тауардың  (жұмыстардың,  қызмет  көрсетулердің) 
кемшіліктері» біздің тақырыпқа қатысты, ұқсас, бірақ мазмұны бойынша түрлі 
ұғымдар екенін білдіреді.  
Толық  және  дәйекті  ақпарат  ұсынбаудың  құқыққа  қарсылығы  (құқыққа 
қарсы  әрекетсіздік)  берілетін  тауарлардың,  жұмыстардың  нәтижелері, 
көрсетілетін  қызметтер  кемшіліктері  болмаса  да,  олардың  конструкциялық 
немесе 
рецептуралық 
сипаттамаларына 
байланысты 
тұтынушыларға 
(айналадағы  адамдарға)  үлкен  әлеуетті  қауіп  төндіретінін  білдіреді.  Оларды 
сақтау, пайдалану, тасымалдау және қайта өңдеу азаматтардың оларға қатысты 
белгілі  бір  ақпаратқа  немесе  тіпті  арнайы  білімдерге  ие  болуын  талап  етеді. 
Әсіресе  бұл  жаңа  техника  мен  жаңа  технологиялардың  қарқынды  дамудағы 
біздің  ғасырда  өзекті  болып  табылады.  Сондықтан  шығарушы,  сатушы, 
мердігер  нормативтік  тәртіпте  сатып  алушыны  (тұтынушыны)  тауарды, 
жұмыстар  нәтижесін  немесе  қызметті  пайдалану  кезіндегі  қауіпсіздікке 
қатысты барлық қажетті мәліметтер туралы хабардар етуге міндетті.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау