132
Егер қызмет (жұмыс) туралы, сондай-ақ орындаушы туралы ақпаратты
ұсынбау немесе тиіссіз (дәйектемесіз немесе жеткілікті толық емес) ақпаратты
ұсыну тұтынушының өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірген
болса, онда тұтынушы келтірілген шығындарды толық көлемде өтеуді талап
етіп қана қоймай, ҚР Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі
мемлекеттік комитетінің «Қазақстан Республикасындағы халыққа тұрмыстық
қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» 1996 жылғы 20 қыркүйектегі
қаулысына сәйкес шартты бұзуға да құқылы болатын. Алайда аталған
қағидалар 2004 жылы 15 желтоқсанда күші жойылды деп танылып, оның
орнына ешбір сондай нормативтік құқықтық акт қабылданбады.
Тауарды сатушыға (шығарушыға) немесе жұмысты (қызметті)
орындаушыға жауапкершілік арту тек азаматтың пайдалануына (иелік етуіне)
берілген тауардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) кемшілігі не оған
толық және дәйекті ақпаратты ұсынбау мен жәбірленушіге келтірілген зиян
арасындағы заңдық мәнді себеп-салдарлы байланысы болған кезде ғана
мүмкін.
Тауардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің кемшілігі салдарынан
немесе тауар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) туралы дәйектемесіз не
жеткіліксіз ақпарат ұсыну нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу зиян
келтірушінің кінәсіне қатыссыз жауапкершілікті көздейтін деликттерге
жатады. Сондықтан сатушы (тауар шығарушы) немесе жұмысты (қызметті)
орындаушы жауапкершілігінің туындауы үшін осы адам тауардың
(жұмыстың, қызмет көрсетудің) кемшіліктері туралы білгенінің немесе білуі
қажет екенінің мәні жоқ.
Көрсетілген тұлғалаар екі жағдайда ғана зиянды өтеуден босатылады:
а) бой бермейтін күш нәтижесінде зиян туындаған кезде;
ә) тұтынушының тауарды (жұмыс, қызмет көрсету нәтижелерін)
пайдалану, оны сақтау, қолдану қағидаларын бұзу салдарынан.
Мұндай жағдайларда дәлелдеу ауыртпалығы әдеттегідей зиян келтірушіге
немесе осы үшін жауапты тұлғаға жүктеледі.
Құқық қолданушылық практика үшін екінші жағдайдың үлкен
маңыздылығы бар. Көптеген тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету нәтижелері)
белгілі бір уақытқа пайдалануға (қолдануға) арналған, одан кейін олар мақсаты
бойынша пайдалануға (қолдануға) жарамсыз болып қалады, олардың иелері
мен айналадағы адамдар үшін қауіпті болады.
Заңға сәйкес тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) кемшiлiгiнен
туындаған зиян, егер ол тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудiң)
жарамдылығының (қызметтiң) белгiленген мерзiмдерi iшiнде келтiрiлсе
өтелуге, ал жарамдылық (қызмет) мерзiмi белгiленбесе – тауарды (жұмыс,
қызмет көрсету) өндiрiлген күннен бастап 10 жыл iшiнде өтелуге тиiс (АК-нің
949-бабы). Сондықтан, егер зиян осы мерзімдер өткеннен кейін келтірілсе,
сатушы (мердігер) үшін жауапкершілік туындамайды.
РФ Азаматтық кодексіне қарағанда, Қазақстанның Азаматтық кодексі
(1097-бабы) «жарамдылық мерзімдері» және «қызмет ету мерзімдері» деген екі
133
терминді қолданады, бұл біздің азаматтық заңнаманың даусыз артықшылығы
болып табылады.
Тамақ өнімдеріне, парфюмериялық-косметикалық тауарларға, дәрі-
дәрмекке, тұрмыстық химия тауарларына және өзге де ұқсас тауарларға
жарамдылық мерзімдері заңда, өзге нормативтік актілерде, мемлекеттік
стандарттардың міндетті талаптары мен басқа да міндетті қағидаларда
белгіленеді. Осылайша, ҚР СТ 1010-99 ҚР мемлекеттік стандартына (тамақ
өнімдері) сәйкес тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімін, қажет болғанда,
сақтау талаптарын көрсете отырып, өндіруші белгілейді және оны бекітілген
нормативтік және техникалық құжаттарға енгізеді. Жарамдылық мерзімі өнімді
пайдалану күнінен бастап есептеледі. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімін
белгілей отырып, өндіруші нормативтік және техникалық құжаттарда
көрсетілген сақтау талаптарын сақтау кезінде осы өнімнің тұтынушылардың
өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін, тұтынушылық
қасиеттерін сақтауға кепілдік беруге міндетті (3.9.9-тармағы) [107].
Тауардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) қызмет ету мерзімдері
ұзақ уақыт пайдалануға арналған тауарларға, жұмыстар немесе қызмет көрсету
нәтижелеріне (тұрмыстық электр құралдары, жиһаз және осы электр
құралдарын жөндау нәтижелері және т.с.с.) қатысты белгіленеді.
Жарамдылық (қызмет ету) мерзімдеріне қарамастан зиян екі жағдайда
өтеледі. Біріншіден, осы мерзімдер заңнамалық актілердің талаптарын бұза
отырып белгіленбеген кезде, екіншіден, егер сатып алушы (тұтынушы)
жарамдылық (қызмет ету) мерзімдері өткенде қажетті іс-әрекеттер туралы және
көрсетілген іс-әрекеттерді орындамаған кезде болуы мүмкін салдар туралы
ескертілмеген болса (АК-нің 949-бабы).
Бір қарағанда, көрсетілген жағдайларда келтірілген зиян үшін жауапты
адамды (жәбірленушіні немесе зиян келтірушіні) анықтау қияндыққа соқпайды.
Алайда бұл олай емес. Атап айтқанда, тауардың, жұмыстардың немесе қызмет
көрсетулердің көрсетілген жарамдылық (қызмет ету) мерзімінің шегінен тыс
зиян келтірудің барлық жағдайларында сатушының (жұмысты, қызметті
орындаушының) жауапкершілігін болдырмайды ма деген сұрақ туындайды.
Жоқ деп ойлаймыз. (мұнда АК-нің 950-бабында көзделген жағдайлар назарға
алынбайды).
Халықтың белгілі бір бөлігі өз қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып,
жарамдылық мерзімі өткендіктен арзандаған тамақ өнімдерін (тұрмыстық
химия және т.с.с. тауарларды) сатып алатыны белгілі. Халықтың аталған
бөлігінің ауыр материалдық жағдайын пайдаланып, жекелеген «пысық»
азаматтар және тіпті сауда кәсіпорындары өз пайдасы мақсатында сатып
алушылардың (тұтынушылардың) қауіпсіздігін елемей, көрсетілген тыйым
салынған өнімдерді (тауарларды) сатады.
Осындай жағдайларда мүліктік шығындарды онсыз да мүсәпір азаматқа
қатысты жәбірленушіге жүктеген әділсіз болары айқын. Сондықтан мұндай
жағдайларда
келтірілген
зиян
үшін
жауапты
адамды
анықтауды
жәбірленушінің әрекетіне ғана емес, сатушының кінәсіне де (болуы немесе
болмауы) тәуелділікке қою дұрыс болып табылады. Сатушының біле тұра
Достарыңызбен бөлісу: |