126
көрсетiлетiн қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке
келтiрудiң оңтайлы деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет.
Сертификаттау – сәйкестiктi растау жөнiндегi орган өнiмнiң, көрсетiлетiн
қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн жазбаша куәландыратын рәсiм.
Техникалық реттеу – санитарлық және фитосанитарлық шараларды
қоспағанда, сәйкестiктi растау, аккредиттеу және белгiленген талаптардың
сақталуын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi қызметтi қоса алғанда, өнiмге,
көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды
анықтауға, белгiлеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды
құқықтық және нормативтiк реттеу.
Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары:
1) мiндеттi регламенттеу саласында:
- өнiмнiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта,
оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету;
- ұлттық қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету;
- өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне және сапасына қатысты
тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу;
- саудадағы техникалық кедергiлердi жою.
2) стандарттау саласында:
- отандық өнiмнiң бәсекеге
қабiлеттiлiгiн арттыру;
- табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.
Егер өнім, көрсетілетін қызмет, процестер техникалық реттеу объектілері
болып табылса, техникалық реттеу субъектілері деп Заңда мемлекеттік
органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін
жүзеге асыратын және техникалық реттеу объектілеріне қатысты ҚР азаматтық
заңнамасына сәйкес пайдалану құқығы бар жеке және заңды тұлғалар аталған.
Тиісінше, дара кәсіпкер техникалық реттеу субъектісі ретінде техникалық
реттеу саласындағы нормалардан туындайтын барлық талаптарды сақтауға
тиіс. Атап айтқанда, Техникалық реттеу туралы заңның 14-бабында сәйкестiгi
мiндеттi расталуға жататын өнiмдi өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар осы
Заңға сәйкес оның техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға
сәйкестiгiн растауды қамтамасыз етедi деп тікелей айтылған.
Техникалық
регламенттердің
мазмұнына,
стандарттауға
және
сертификататуға қойылатын талаптар Техникалық реттеу туралы заңда толық
жазылған. Сонымен бірге, техникалық регламент пен техникалық реттеудің
маңызы үнемі қозғалыста болуда. Бұл жерде аса маңызды ретінде Кеден
Одағының техникалық регламенттерін атап кету қажет.
Мәлім болғандай, 2010 жылғы 18 қарашада үш елдің өкілдері Кеден
Одағының аумағында бірлескен техникалық реттеу туралы келісімге қол
қойды. Іс жүзінде Белоруссия, Қазақстан, Ресей техникалық реттеудің бірыңғай
жүйесін құруға көшті. Бұрын Ресейдегі сияқты Қазақстанда, егер жаңа
техникалық регламент енгізілсе, осы құжаттың әрекеті қолданылатын
шығарылатын өнімге қойылатын міндетті талаптар тұжырымдалып,
белгіленетін еді. Кеден Одағының бірлескен техникалық реттеу туралы