134
мерзімі өткен өнімді немесе тауарды сатқан барлық жағдайларында ол кінәлі
деп саналып, деликттік жауапкершілікке тартылуға тиіс. Әрине, мұндай өтеу
мөлшерін анықтау кезінде жәбірленушінің әрекеті де ескерілуі тиіс [73, 265-276
б.].
Қаралып отырған деликт түрімен келтірілген дене және жан азаптарын
өтеу жалпы негіздерде жүзеге асырылады және мүліктік шығындардың
өтелуіне байланысты емес [73, 277-295 б.].
Дара кәсіпкердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басым жағдайларда
мүліктік сипатқа ие екенін атап өту қажет. Осымен қатар, жәбірленушінің
іскерлік абыройын қорғау тәртібімен оның жауапкершілігінің өзге де мүліктік
емес нысаны болуы мүмкін [108, 87 б.].
Салық салудың жеңілдетілген нысаны кезінде [109, 205-208 б.]. шағын
кәсіпкерлік субъектісі ретінде дара кәсіпкерлердің жауапкершілігінің, сондай-
ақ дара кәсіпкерлердің жауапкершілігін шектеу мәселелерінің белгілі бір
ерекшеліктері бар [110, 155-170 б.], алайда олар біздің зерттеудің көлем
жағынан шеңберінен тыс болып кетеді.
Осы заманда дара кәсіпкерлер тарапынан құқық бузушылықтың кең
тараған нысаны – ол еңбек қатынастары саласында құқық бұзушылықтар. Осы
салада ең көп орын алатын жағымсыз жағдайлар – ол дара кәсіпкерлер
қызметкерлерін/жұмыскерлерін жұмысқа ешбір еңбек келісім шарт жасаусыз
қабылдау болып табылады. Соның нәтижесінде жұмыскерлер/қызметкерлердің
басым пайызы құқықтары бұзылып, шектеледі. Мысалы, олар үшін жұмыс
беруші зейнеткерлік қорға міндетті төлемдерді төлемейді, ауырып қалған
жағдайда жұмысқа жарамсыздық парағы бойынша жалақы төлемейді, жыл
сайынға ақылы еңбек демалысын бермейді, олардың жұмыс істеген мерзімі
еңбек өтіліміне есептелмейді және т.б. Сонымен қатар мемлекетке де зиян
келтіріледі, себебі осындай жұмыскерлер үшін мемлекеттік бюджетке салықтар
да төленбейді.
Сотта қаралатын азаматтық даулардың арасында осындай жағдайлар
бойынша көптеген істер қарастырылады.
Мысалы, азамат Ш. дара кәсіпкерден еңбекақысын және моральдық
зиянды өтеп беру туралы талабында келесі мәліметтерді көрсеткен. Талапкер
дара кәсіпкерде жиһаз құрастырушы ретінде қызмет етіп, еңбек
қатынастарында болған. Еңбек келісім шарты жазбаша нысанда жасалмапты.
Жұмыс беруші тиесілі еңбекақысын жүйелі түрде толық көлемде төлемей,
төлеу мерзімдерін үнемі кешіктіріп бергеніне байланысты талапкер
қатынастарын өз еркімен тоқтатуға мәжбүр болған
Сотта дара кәсіпкер сол азамат Ш-мен еңбек қатынастары орын
алғандығынан бас тартып, оны тиісті келісім шарттың жоқтығымен негіздеді.
Ал сот болса еңбек құқығындағы қалыптасқан жалпы ережені қолданып, еңбек
қатынастары болған-болмағанын жұмыс беруші дәлелдеуге міндетті деген
ұстанымды басқа алды. Алайда жұмыс берушінің дәйектері талапкердің сотта
келтірген дәлелдемерімен жоққа шығарылды. Атап айтқанда, талапкер Ш.
сотқа дара кәсіпкердің өзімен әртүрлі уақытта жазбаша нысанда берілген Ш-
ның жиһаз құрастырушы болып қызмет жасайтыны туралы анықтамаларымен,
135
және орындаған жұмыс көлемі бойынша 250 мың теңге борыш төленбей
қалғаны туралы құжаттарын сотқа тапсырды.
Жоғарыдағы дәлелдерге негізделе отырып, сот тараптардың арасында
еңбек қатынастары болғандығы, ол қатынастар жазбаша келісім шартпен
бекітілуі қажет екендігін мәлім етті. Дара кәсіпкер жұмыс беруші ретінде еңбек
заңнамаларының талаптарын өрескел бұзған деп тауып, сот талапкер азамат Ш-
ның талабын қанағаттандыру туралы шешім шығарды [111].
Қазіргі заманда жеке кәсіпкер тауарын алушыларға немесе ол жұмысын
орындайтын не қызмет көрсететін тұлғаларға қарағанда өз ісінің маманы, білікті
және тәжірибелі болуы тиіс деп түсініледі. Алайда Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлер мұндай әлеуметтік жауапкершілік презумциясын тұжырымдамалық
негізі ретінде ұстанбайды, әзірше бұл мәселе тәжірибеде жүзеге асырылған жоқ.
Керісінше, құқықтық санаға және құқықтық идеологияға, сондай-ақ жалпы
құқықтық тәртіпке кері әсер ететін жеке меншіктік иемдену мен шектен шыққан
жекелілік күй және әрекет орын алуда - деген С. Идрышеваның пікірмен келісеміз
[112, 11 б.].
Сонымен, осы бөлімді қорытындылай келе, дара кәсіпкер, тұтынушы және
мемлекет мүдделерінің жарасымды үйлесуін экономикалық жағынан тиімді
құқықтық реттеу негізінде «мүдде, игілік, субъективтік құқықтар», дара
кәсіпкерлікті құқықтық реттеудің императивтік және диспозитивтік әдістерінің
жарасымды үйлесуі секілді құқықтық санаттар жатыр деп санаймыз.
Көрсетілген субъектілердің мүдделері бір-бірімен байланысты және бір-біріне
шарттасқан, сондықтан аталған субъектілердің кез келгенінің мүдделеріне
негізсіз қысым жасау басқа субъектілердің мүдделеріне теріс әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде қоғамда осыны түсінушілік байқалмайды, сондықтан азаматтық
және кәсіпкерлік құқық салаларының міндеттерінің бірі белгіленген
субъектілер мүдделерінің жарасымды үйлесімін қамтамасыз етудің заңды
тетіктерін жасау болып табылады.
Дара кәсіпкердің шығаратын өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз
ету – бұл, бір жағынан, оның қызметінің нәтижесінің кепілі, басқа жағынан, –
Заңда белгіленген оның міндеті және оны орындамау құқықтық
жауапкершілікке әкеледі.
Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету белгілі бір
жүйе түрінде белгілі бір тәсілдер арқылы жүзеге асырылады, ол жүйені:
- азаматтық-құқықтық шарттың талаптары;
- тауарлар, жұмыстар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінің
техникалық регламенттері және стандарттары;
- тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің кемшіліктерімен келтірілген
зиян мен тиіссіз сапа үшін кәсіпкерлік қатынастарға қатысушылардың заңды
жауапкершілігі құрайды.
Сонымен, дара кәсіпкердің шығаратын өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін
қамтамасыз ету – бұл, бір жағынан, оның қызметінің нәтижесінің кепілі, екінші
жағынан, – Заңда белгіленген оның міндеті және оны орындамау құқықтық
жауапкершілікке әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |