3) қызмет кӛрсету саласы үшін кадрларды кәсіптік оқыту бойынша қысқа мерзімді курстар
ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізімін және қажетті мамандардың санын ұсынады;
4) тартатын мамандардың және қажет болған кезде аудармашылардың қызметтеріне
еңбекақы тӛлеуді қамтамасыз етеді;
5) ӛндірісте (жұмыс орнында) жұмыс берушілермен бірлесіп, оқыту шеберлік
сыныптарының ӛтуін ұйымдастырады;
6) ай сайын айдың 3-күніне қарай халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыстардың
орындалуы туралы мәліметтерді ұсынады.
Оқыту шеберлік сыныптары заманауи жабдықтармен, технологиялармен
жарақтандырылған қажетті материалдық техникалық базасы бар жұмыс берушілерде
ӛткізіледі.
47. Оқыту шеберлік сыныптарына жіберілген адамдарға жол жүруге, тұруға, стипендияға
шығыстарды тӛлеу жүргізілмейді.
4-параграф. Кәсіптік оқытуға мемлекеттік гранттар беру
48. Жұмыс берушілерге мемлекеттік гранттар ӛнеркәсіп салаларына жататын
кәсіпорындардың ішінара жұмыспен қамтылған білікті жұмыскерлерін толық емес жұмыс
уақыты режиміне ауыстыру шартымен олардың қысқаруына жол бермеу мақсатында
біліктілік арттыруға және қайта даярлауға жіберу үшін ӛтемсіз және қайтарымсыз негізде
беріледі.
Мемлекеттік гранттарды беру жұмыскерлерінің жұмыстан босатылу және жұмыс
орындарының қысқару қаупі бар кәсіпорындарда жүзеге асырылады.
Біліктілік арттыруға және қайта даярлауға жіберген кезде ішінара жұмыспен қамтылған
білікті жұмыскерлердің жұмыс орындары сақталады.
49. Бағдарламаның 64-1-тармағына сәйкес оқушыға гранттар стипендия және
материалдық кӛмек тӛлеуге жұмсалған шығыстарды ескергенде, оқу жоспарлары мен
бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандыққа және біліктілік деңгейіне қарай оқу
процесі шығыстарын есептей келе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар
белгілеген біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарының құнынан жұмыс берушілердің
бір адамға кететін шығынының 80 %-ы, бірақ 100 айлық есептік кӛрсеткіштен аспайтын
мӛлшерде беріледі.
50. Жұмыс берушілерге мемлекеттік гранттар беру туралы шешімді ӛңірлік комиссия
қабылдайды.
51. Бекітілген тізімнен біліктілік арттыру және қайта даярлау бойынша курстарды
ұйымдастыру жӛніндегі білім беру ұйымдарын іріктеуді жұмыс берушілер ӛз бетінше жүзеге
асырады.
52. Жұмыс берушілер білікті жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға
мемлекеттік гранттар алуға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықты
жұмыспен қамту орталығына ӛтінім береді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары берілген ӛтінімдерге сәйкес кәсіптік оқытуды
ұйымдастыру үшін мемлекеттік гранттар беру үшін жұмыс берушілерді іріктеуді жүргізеді.
53. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру нысаналы трансферттерді
аудару арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
54. Мемлекеттік гранттар беру жұмыс берушілер жұмыскердің қысқа мерзімді курстан ӛту
фактісін растайтын құжаттарды ұсынған кезде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы
жүзеге асырылады.
Бағдарламаның 64-1-тармағына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс
берушілер оқытатын ұйымдарда оқу құны қаражатының 20 %-ын аударуды жүзеге асырған
кезде біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарының құнынан 80 % мӛлшерінде
мемлекеттік гранттарды білім беру ұйымдарына не жұмыс берушілер ұйымдарының
жанындағы білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталықтарына аударуды жүзеге асырады.
55. Мемлекеттік гранттар берумен біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген
Бағдарламаға қатысушылармен «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 7-бабы 26-
тармағына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Бағдарламаның 69-тармағы 4) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші мен оқытатын ұйым
әлеуметтік келісімшарт жасалғанын әлеуметтік келісімшартқа халықты жұмыспен қамту
мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қосылу туралы жазбаша ӛтініш
(хабарлама) (еркін нысанда) беру арқылы растайды.
5-параграф. Оқушыларға (оқу орнына дейін және қайтарында жол
жүруіне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйді жалдаумен
(жалға алумен) байланысты шығындарды ӛтеуге) субсидиялар беру
56. Оқытатын ұйым тұрақты тұратын орнынан тыс елді мекендерде орналасқан жағдайда
кәсіптік оқудан ӛтіп жатқан Бағдарламаға қатысушыларға:
1) оқытудың барлық кезеңіне оқу орнына дейін және кері бағытта жол жүруге:
облыс шегінде, бірақ оқушылардың тұрақты тұратын елді мекендерінен тыс жерде
орналасқан оқытатын ұйымдарда оқыған кезде кәсіптік даярлаудан ӛту үшін 4 айлық есептік
кӛрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мӛлшерінде, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан ӛту
үшін 2 АЕК мӛлшерінде;
оқушылар тұрақты тұратын орындар облысының шегінен тыс елді мекендерде орналасқан
оқытатын ұйымдарда оқыған кезде:
1000 км дейінгі ара қашықтыққа – 8 АЕК мӛлшерінде;
1000 км асатын ара қашықтыққа – 12 АЕК мӛлшерінде;
2) облыстарда тұруына ай сайын 10 АЕК мӛлшерінде, Астана, Алматы қалаларында,
Атырау және Маңғыстау облыстарында тұруына 15 АЕК мӛлшерінде материалдық кӛмек
беріледі.
Материалдық кӛмек шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынусыз тӛленеді.
Ӛндірістен қол үзіп қайта даярлаудан немесе біліктілігін арттырудан ӛту кезінде (ішінара
жұмыспен қамтылған) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндердің қатарындағы оқушыға
жоғарыда аталған мӛлшерде материалдық кӛмек ай сайын тӛленеді.
6-параграф. Қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті
жұмыскерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бӛлігін уақытша
субсидиялау
57. Қысқартылған жұмыс уақыты үшін республикалық және ӛңірлік деңгейдегі
кәсіпорындардың білікті жұмыскерлерінің жоғалтқан табысының үштен екі бӛлігін уақытша
субсидиялау (бұдан әрі – уақытша субсидиялау) олардың жұмыс орнын қысқартуды
болдырмау мақсатында жалақының жоғалтылған бӛлігінің орнын толтыру үшін жүзеге
асырылады.
Уақытша субсидиялау республикалық және ӛңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың
жұмыскерлері үшін жүзеге асырылады.
58. Бағдарламаның 65-1-тармағына сәйкес білікті жұмыскерлердің жоғалтқан табысының
үштен екі бӛлігін уақытша субсидиялау үшін республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың
тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бағдарламаны іске асыру жӛніндегі
ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) қарастырады және келіседі.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган ВАК-та мақұлданған
білікті жұмыскерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бӛлігін уақытша субсидиялау үшін
республикалық деңгейдегі кәсіпорындар тізбесін бекітеді.
59. Ӛңірлік комиссия уақытша субсидиялау үшін ӛңірлік деңгейдегі кәсіпорындарды
қарастырады және келіседі.
Бұл ретте ӛңірлік деңгейдегі кәсіпорындарды уақытша субсидиялау үшін шарттар тиісті
жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша белгіленеді.
Жергілікті атқарушы органдар уақытша субсидиялау үшін ӛңірлік деңгейдегі
кәсіпорындардың тізбесін бекітеді.
60. Ӛндіріс кӛлемі немесе бағалардың әлемдік конъюнктурасына байланысты ӛнім бағасы
Достарыңызбен бөлісу: |