Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір
мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №
516 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 шілдеде № 13938 болып
тіркелді
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы
Заңының 7-бабының 6), 13) тармақшаларына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жастар практикасын ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары
бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің
Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның кӛшірмесінің
мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін
«Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның кӛшірмесін
мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми
жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен
кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында
кӛзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
___________ Е. Сағадиев
2016 жылғы 15 маусым
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 17 маусым
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 20 маусым
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516
бұйрығына
1-қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі –
Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабы 6)
тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыссыздар, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және
жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты
жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және
қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен
тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін
жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;
2) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту
мәселелері жӛніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті
органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту
орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа
мемлекеттік қызметтер кӛрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық ӛзара іс-қимылға
арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
3) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы
Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Заңда кӛзделген жағдайларда
ӛзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда кӛзделген
жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға
тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін
айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ
мемлекеттік атаулы әлеуметтік кӛмек кӛрсету туралы келісім;
4) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
5) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;
6) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
7) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы
кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
8) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін