Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет19/26
Дата23.05.2018
өлшемі0,72 Mb.
#16705
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26

жұмысты ӛздігінен не кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын және осы 

Қағидалардың 35-тармағына сәйкес айқындалатын оқу орталықтарын тарту арқылы жүргізеді. 

      21. Білім беру ұйымдарына, оқу орталықтарына кәсіптік даярлауға жіберілген кезде 

оқушылар түсу емтиханын тапсырмастан қабылданады. 

      22. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі 

жастарды ӛндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік даярлау, қайта даярлау немесе 

біліктілігін арттыру жұмыс берушілердің ӛтінімі бойынша оқушының жұмыс орнын сақтау 

шартымен жүзеге асырылады. 

      Кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру кезінде 

Бағдарламаның 59-1-тармағына сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлерге және 

белгіленген зейнеткерлік жасына жеткенге дейін 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы 

жұмыссыздарға, сондай-ақ 18-ден 24 жасқа дейінгі жастар қатарындағы ішінара жұмыспен 

қамтылған жалдамалы жұмыскерлерге басымдық беріледі. 

      Жұмыс берушілер еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде 18-ден 24 

жасқа дейінгі жастарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін 

кәсіптік оқытуға жіберілетін жұмыскерлердің санын, кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесін 

және оқыту нысанын кӛрсете отырып, халықты жұмыспен қамту орталығына ӛтінім береді. 

      Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі 

жастарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары 

мен нысандарын, сондай-ақ оларды ӛткізу кестесін оқыту ұйымдары жұмыс берушілермен 

және халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келіседі. 

      Ӛндірістен қол үзіп кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және (немесе) біліктілікті 

арттырудан ӛту уақытында еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге, оның ішінде 18-ден 

24 жасқа дейінгі жастарға 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек 

кодексіне сәйкес әлеуметтік демалыс беріледі. 

      23. Жұмыстан босатылған жұмыскерлерге және белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге 

дейін 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға 

және біліктілік арттыруға жіберуді үміткерлерді таңдауда жұмыс берушілердің қатысуын 

талап етпей-ақ, халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады. 

       Оқытуды әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың нәтижелерін ескеріп, халықты жұмыспен 

қамту орталығы жүзеге асырады.  

      Оқытуды аяқтағаннан кейін Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер 

ұсынған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем кӛрсетеді. 

      24. Халықты жұмыспен қамту орталығы, оқытуды ӛткізетін ұйым, жұмыс берушілер және 




оқушы арасында «Халықты жұмыспен қамту туарлы» Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес 

әлеуметтік келісімшарт жасалады. 

      25. Жұмыс беруші оқуды аяқтаған адаммен оның ӛтінімі бойынша еңбек шартын 

жасасады. 

      26. Жұмыс берушінің әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына 

мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы және оқытатын ұйым жүзеге асырады. 

      Оқытатын ұйымдардың әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына 

мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушілер жүзеге асырады. 

      Оқушының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті 

халықты жұмыспен қамту орталығы, оқытатын ұйым және жұмыс беруші жүзеге асырады. 

      27. Бағдарламаның 63-тармағына сәйкес оқушы қорытынды аттестаттауды және біліктілік 

емтихан тапсырмаған немесе жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс орнына жұмысқа орналасудан 

бас тартқан жағдайда, тӛленген материалдық кӛмек және стипендия сомаларын қоса алғанда, 

іс жүзіндегі оқыту шығыстарын мемлекеттік бюджетке ерікті түрде, бас тартқан жағдайда – 

сот тәртібімен қайтарады. 

      Ал жұмыс беруші Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан 

жағдайда, заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, 

жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған; жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің 

нашарлауына әкеп соққан ӛндірістердің, орындалатын жұмыстар мен кӛрсетілетін 

қызметтердің кӛлемі азайған жағдайларды қоспағанда, тӛленген материалдық кӛмек және 

стипендия сомаларын қоса алғанда, іс жүзіндегі оқыту шығыстарын мемлекеттік бюджетке 

ерікті түрде қайтарады. 

      28. Шығыстар: 

      1) оқушылар басқа тұрақты жұмысқа орналасқан, әскер қызметіне шақырылған, сот 

шешімі бойынша бас бостандығынан айрылған, қайтыс болған, жүкті болған, баланың 

күтіміне байланысты демалыста болған, сондай-ақ оқу бағдарламасын толық кӛлемде игеруге 

мүмкіндік бермейтін ұзақ емдеуді қажет ететін аурумен ауырған жағдайларда; 

      2) жұмыс берушілер жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке 

тұлғаның қызметі тоқтатылған, сондай-ақ тӛтенше жағдайларда немесе ӛрт, жер сілкіну, су 

тасқыны, апаттық құбылыстар және әскери әрекеттер сияқты күшпен еңсеруге келмейтін 

(форс-мажорлық) ӛзге жағдайларда қайтарылмайды. 

      29. Оқушыларды кәсіптік оқытуды халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік білім 

беру тапсырысы шеңберінде осы Қағидалардың 35-тармағында кӛзделген тәртіппен ӛңірлік 

комиссия бекіткен тізбеден оқушылар жұмыс берушілермен бірлесіп таңдаған оқу 




орталықтарында ұйымдастырады.  

      30. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту ұзақтығы оқу бағдарламасының 

мазмұнына қарай белгіленеді және: 

      1) кәсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан; 

      2) қайта даярлау кезінде – алты айдан; 

      3) біліктілікті арттыру кезінде – үш айдан аспауға тиіс. 

      31. Кәсіптік оқытудан ӛтетін оқушыларға техникалық және орта білімнен кейінгі кәсіптік 

білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер 

үшін «білім беру туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан 

әрі – «Білім беру туралы» Заң) 47-бабы 7-тармағында белгіленген мӛлшерде стипендия 

ұсынылады. 

      32. Оқушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды білім беру саласындағы 

жергілікті атқарушы орган, халықты жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушілер 

ӛкілдерінің қатысуымен оқытатын ұйым жүзеге асырады. 

      Бағдарламаға қатысушыларды қорытынды аттестаттау кәсіптік даярлық деңгейін 

бағалауды (бұдан әрі – КДДБ) қамтиды. Игеретін кәсібіне қарай КДДБ арнайы пәндер 

бойынша біліктілік емтихандарын тапсыруды (жазбаша тестілер) және біліктілік (сынақ) 

жұмысын орындауды (практикалық тест) кӛздейді. 

      КДДБ ӛткізу үшін тәуелсіз біліктілік комиссиясы құрылады. 

      КДДБ бойынша біліктілік емтиханынан ӛткен адамдарға біліктілікті беру туралы куәлік 

(сертификат) беріледі. 

      33. Адамдар ӛздігінен, дәлелсіз себептермен оқуын тоқтатса, халықты жұмыспен қамту 

орталығында қайта тіркелген күннен бастап үш жыл ӛткен соң оқуға қайта жіберіледі. 

      34. Оқушылар, жұмыс берушілер, оқытатын ұйымдар, білім беру курстарын ұйымдастыру 

үшін іріктелген заңды және (немесе) жеке тұлғалар туралы мәліметтер әлеуметтік еңбек 

саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне орналастырылады. 



   2-параграф. Кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру 

ұйымдарының тізбесін айқындау 

      35. Ӛңірлік комиссия білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның және 

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ӛңірлік 

филиалының ұсыныстары негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 

мамандықтар (кәсіптер) бӛлінісінде оқу құнын кӛрсете отырып, сол ӛңірдің аумағындағы 

және Қазақстан Республикасының басқа ӛңірлеріндегі кәсіптік оқуды жүзеге асыратын оқыту 

ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі – тізбе) бекітеді. 



жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау