оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік демалыс – ана болу, балалардың күтімі үшін, ӛндірістен қол үзбей білім алу
және ӛзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыскерді
белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;
2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту
мәселелері жӛніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті
органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту
орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа
мемлекеттік қызметтер кӛрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық ӛзара іс-қимылға
арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
3) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы
Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Заңда кӛзделген жағдайларда
ӛзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда кӛзделген
жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға
тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін
айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ
мемлекеттік атаулы әлеуметтік кӛмек кӛрсету туралы келісім;
4) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
5) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және
салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы
органы;
6) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар – техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін кӛрсетуді басқару
функцияларын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бӛлімшесі;
7) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері
тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс
орындарын бере отырып және ӛтемақы тӛлемін тӛлей отырып оқыту мен практиканың
міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
8) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;
9) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары
бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің
еңбегіне жұмыс берушінің ақы тӛлеуге жұмсаған шығындарының бір бӛлігін ӛтеу;
10) жалдамалы (ақы тӛленетін) жұмыскерлер – еңбегі үшін ақыны, оның ішінде
лауазымдық жалақы, сыйлықақы, үстеме ақы не заттай түрдегі еңбекақыны (сыйақыны)
кӛздейтін еңбек шарты бойынша (жал шарты) жұмыс істейтін жеке тұлғалар;
11) жаңа жұмыс орны – жаңа мекемені (ұйымды), кәсіпкерлік субъектісін (тоқтату арқылы
құрылғаннан басқа) құруға байланысты құрылған немесе жұмыскерлердің санын арттыру,
сондай-ақ жұмыскердің жаңа білімін, дағдылары мен ептілігін талап ететін ӛндіріс
технологияларын жаңғырту немесе ӛзгерту арқылы құрылған жұмыс орны;
12) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың
және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, ӛз құзыреті
шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және ӛзін-ӛзі басқаруды жүзеге
асыратын алқалы атқарушы орган;
13) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
14) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;
15) жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар – жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз
болып табылмаған адамдар;
16) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге ықпал
етуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
17) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу
тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
мақсаты және олардың орындалуы кӛрсетілетін құжат;
18) жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы жұмыскерлер – толық емес жұмыс уақыты
немесе жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы жағдайында немесе жұмыскерлер
әлеуметтік демалыста немесе ӛндірістің тоқтатылуына байланысты еріксіз бос жүрген
жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер;
19) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек ӛтіліне және бұрынғы мамандығы
бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс
орнына кӛлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;
20) кәсіптік даярлау – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы
кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен оқытатын
білім беру бағдарламаларын іске асыруды кӛздейтін бӛлігі;
21) кәсіптік оқыту – Заңда кӛзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары
шеңберінде жаңа мамандықтар (кәсіптер) алу мақсатында білім беру ұйымдарында не жұмыс
берушілер ұйымдарының жанындағы білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталықтарында
кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын оқыту;
22) материалдық кӛмек – кәсіптік оқудан ӛтіп жатқан жол жүруге және тұруға арналған
шығындарды ішінара ӛтеуге тӛленетін ақшалай қаражат;
23) оқу орталығы – білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталығы не жұмыс беруші
ұйымдарының жанындағы оқу орталығы;
24) ӛңірлік комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергілікті атқарушы органының жанындағы жергілікті ӛкілді органдар, жұмыс берушілер,
кәсіптік одақтар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
кәсіпкерлер палатасы ӛкілдерінің қатысуымен Бағдарламаны іске асыру мәселелері жӛніндегі
ведомствоаралық комиссия;
25) халықты жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі жергілікті орган – ӛңірлік еңбек
нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының
құрылымдық бӛлiмшесi;
26) халықты жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган – Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты
және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
27) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды
және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің ӛзге де шараларын ұйымдастыру
мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;
28) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, ӛзін-
ӛзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және
оралмандарды, сондай-ақ Заңда кӛзделген жағдайларда ӛзге адамдарды халықты жұмыспен
қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге
асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік
қолдау шаралары.
2. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру шарттары
3. Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды
қамтиды.
4. Егер:
1) қажетті кәсіптік біліктіліктің болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмағанда;
2) кәсіптік дағдыларға сай келетін жұмыстардың болмауына байланысты кәсібін
(мамандығын), қызмет түрін ӛзгерту қажет болғанда;
Достарыңызбен бөлісу: |