Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет4/26
Дата23.05.2018
өлшемі0,72 Mb.
#16705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

қамтамасыз етілмеген адамдар үшiн қоғамдық жұмыстарды Қағидаларға сәйкес 

қаржыландыру. 

      3. Шарттың сомасы _______________________ теңгені құрайды. 

                                (жазбаша)

 

   2. Тараптардың мiндеттерi 

      4. «Тапсырыс берушi»: 

      жұмыссыз, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің 

жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген 

адамды қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастыру үшін жолдама беруге; 

      қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдармен әлеуметтік келісімшарт жасаусуға; 

      Салық кодексіне «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 

2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық 

жұмыстарға қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы 

жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық тӛлеуді және әлеуметтік 

аударымдар аударуды жүргізуге; 

      тараптарға қоғамдық жұмыстарды құру және қаржыландыру мәселелері жӛнінде 

консультация беруге; 

      Орындаушымен қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған 

шарт жасасуға; 

      жұмыссыздың қоғамдық жұмысқа жұмысқа орналастырылғаны және қоғамдық жұмысқа 

қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны 

туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында кӛрсетуге; 

      Тараптардан қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған 

шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы. 

      5. «Орындаушы»: 

      Ӛзіне тікелей жүгінген адамдарды «Тапсырыс берушінің» жолдамасы бар адамдармен тең 

жағдайда жұмысқа қабылдауға; 

       Тапсырыс берушіден еңбек нарығының жағдайы туралы тегін ақпарат алуға құқылы.  

      6. «Тапсырыс берушi»: 

      жұмыссыз, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің 

жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген 

_____________________ адамды 

                                              (жазбаша)

 

олардың келiсiмi бойынша қоғамдық жұмыстарға жiберуге; 




      Орындаушы ұсынған құжаттардың негізінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» 

Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес жасалған әлеуметтік келісімшартқа және Еңбек кодексіне 

сәйкес адамдарға жалақыны уақтылы және толық кӛлемде аударуға міндеттенеді. 

      7. «Орындаушы»: 

      1) адамдарға еңбек шартында айқындалған түрлер, мерзiмдер және шарттар бойынша 

жұмыс беруге ________________________________________ 

_____________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________ 

____________________________________________________________________; 

                              (тiзiп жазу)

 

      2) адамдармен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарттарын жасасуға; 



      3) қажет болған жағдайда қабылданған адамдарға ӛз қаражаты есебінен қосымша 

үстемеақы тӛлеуге; 

      4) әрбір адамға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама ӛткізуге; 

      5) қажет болған жағдайда адамдарды арнайы киіммен, құрал-саймандармен, 

жабдықтармен қамтамасыз етуге; 

      6) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге; 

      7) азаматтардың еңбек міндеттерін атқару кезінде денсаулығына зиян келтірілген 

жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды ӛтеуге; 

      8) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Үлгілік 

шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін адамдар 

туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді. 

   3. Еңбекақы тӛлеу 

      8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға еңбекақы тӛлеу Еңбек кодексіне сәйкес 

еңбек шарты негiзiнде жүргiзіледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және 

күрделілігiне байланысты болады. 

      9. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн адамдарға есептелген еңбекақыға Салық 

кодексіне сәйкес салық салынады. 



   4. Тараптардың жауапкершiлiгi 

      10. Тараптар қоғамдық жұмыстарға ақы тӛлеуге арналған бюджеттiк қаражатты мақсатқа 

сай пайдаланбағаны үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық 

кодексіне сәйкес жауаптылықта болады. 

      11. Шартты орындау барысында туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан 

Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі. 




      12. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл 

туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті. 

      13. Осы шартқа ӛзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі. 

   5. Форс-мажорлық жағдайлар 

      14. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған ӛрт, жер сілкіну, су 

тасқыны және әскери әрекеттер сияқты тӛтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге 

келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны 

үшін жауапкершіліктен босатылады. 

      15. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да 

болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай 

қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс 

күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша ӛз 

міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді. 

      16. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу 

немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған 

жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін 

жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме 

жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы 

хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және кӛпшілік сипатта болған әрі 

дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды 

растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс. 

      17. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық 

жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне 

қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы 

Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі 

кӛрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы. 

   6. Шарттың қолданылу мерзiмi 

      18. Шарттың қолданылу мерзiмi________________________________ 

      19. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. 

      20. Шарт әрқайсысының заңдық күші бар екi данада екi тарап үшiн жасалған. 



Тапсырыс берушi _________ ауданының 

(қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы 

заңды мекенжайы: 

Орындаушы заңды мекенжайы: 

____________________________ 

ЖСК_________________________ 


жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау