2) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі
балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ жұмыссыздардың біліктілігін
арттыру кезінде үш айдан аспауы тиіс.
10. Ұйымдар табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа
дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды:
- дәлелді себепсіз сабақтан қалған;
- үлгермеген;
- оқу орнының ішкі тәртібін бұзған;
- заңнамада кӛзделген басқа да тәртіп бұзушылық жағдайларында оқудан шығаруға құқылы.
11. Кәсіби даярлауда, біліктілігін арттыруда және қайта даярлауда жүрген табысы аз адамдар
қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен
айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды оқудан шығарған жағдайда, ұйым уәкілетті
органды алдын ала хабардар етеді. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды
және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ
жұмыссызды оқудан шығарған кезде ұйым оқу ақысына қайта есептеу жүргізеді, бұл ретте
кӛрсетілген қызметтердің нақты орындалған кӛлемі ғана ақы тӛлеуге жатады.
12. Кәсiби даярлауды, білiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды дәлелдi себепсiз
тоқтатқан, сондай-ақ ұйымнан шығарған кезде табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен
қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды,
сондай-ақ жұмыссыз уәкiлеттi органда қайта тiркелген (ӛтініш берген) күнiнен бастап бiр жыл
ӛткеннен кейiн ғана оқуға қайтадан жiберіледi.
Ескерту. 12-тармаққа ӛзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.19.
N 189
Қаулысымен.
13. Жұмыс берушi жұмыс орындарын (бос орындарды) білiктi кадрлармен жасақтау және
қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн арттыру мақсатында кәсiби даярлау мен қызметкерлердi жеке
қаражаты есебiнен ӛндiрiс ішiнде оқыту жүйесiн дамыту жӛніндегi шараларды жүзеге асырады.
14. Шетелдiк инвесторлар шетелдік мамандарды табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен
қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды,
сондай-ақ жұмыссыздармен ауыстыру мақсатында оларды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды
және олардың біліктілігін арттыруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасынасәйкес жыл сайын уәкілетті органға ұсынылатын, кадрларды даярлаудың бекітілген
бағдарламасының негізінде жүзеге асырады.
3. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды
қаржыландыру
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
2009.07.03 N 1026 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
15. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі
балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды уәкілетті
органның жолдамасы бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің
қаражаты есебінен жүргізіледі.
Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі
балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға,
қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жергілікті бюджет қаражатынан қаражат
бӛлу аумақтарды дамыту бағдарламаларының және салалық бағдарламалардың негізінде жүзеге
асырылады.
Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі
балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссызды кәсiби даярлау, қайта
даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнына оқытумен тікелей байланысты шығындардан
басқа, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегіндегі оқу орнына баратын
жолға арналған шығындар енгізіледі.
Шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен ауыстыру мақсатында шетелдік инвесторлар
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындаған құзыретті органмен жасалатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-
шарттарда табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі
балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға,
қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға арналған қаражат кӛздейді.
Ескерту. 15-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.11.2013
N 1188
қаулысымен (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі).
16. Уәкілетті органдар білім беру ұйымдарына немесе кәсіпорындарына жіберген табысы аз
адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-
күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен
қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды,
сондай-ақ жұмыссыздарды (мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда) кәсіби
даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау шығыстары табысы аз адамдар
қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен
айналысатын адамдарды, сондай-ақ табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды
және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ
жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жӛнінде қызмет
кӛрсетуге арналған шарттарға сәйкес белгіленген тәртіппен жұмыспен қамтудың жергілікті
бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.
Уәкілетті органдар мемлекеттік білім беру мекемелеріне жіберген табысы аз адамдар
қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен
айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды даярлаумен байланысты шығыстар осы
мемлекеттік мекемелерді ұстауға арналған шығыстар сметасында ескеріледі.
Ескерту. 16-тармаққа ӛзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.19
N 189
; 2009.07.03
N 1026
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Қаулыларымен.
4. Бақылау және есептілік
17. Жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі орталық атқарушы орган және уәкілетті органдар
ұйымдардың оқыту мерзімдері мен конкурстық шарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Жергілікті білім беруді басқару органдары ұйымдардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын
орындауын бақылауды жүзеге асырады, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен
қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды,
сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру жӛніндегі жұмысқа талдау жүргізеді және жұмыспен қамту мәселелері
жӛніндегі уәкілетті органдарға ақпарат береді.
18. Кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде
уәкілетті орган:
1) кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздардың
есебін жүзеге асырады;
2) белгіленген нысан бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық есептілікті
жүргізеді;
3) белгіленген мерзімдерде кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды
ұйымдастыру жӛніндегі есептілікті жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі орталық атқарушы
органға ұсынады.
Ескерту. 18-тармаққа ӛзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17
№ 600
Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 836 қаулысымен
бекiтiлген
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесi
Достарыңызбен бөлісу: |