"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жӛніндегі шаралар
туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 Қаулысы
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы ӛкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері
бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 239-V
ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 1084
бұйрығын
қараңыз.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1)
алып тасталды -
ҚР Үкіметінің 2012.01.13 N
45
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2) Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесі;
3) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі;
4) Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы;
5) Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа ӛзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.17 N
322
; 2009.02.19
N 189
;
2009.07.03
N 1026
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз), 2011.08.27
N 972
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13
N
45
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі);
08.11.2013
N 1188
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң
қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір ай
мерзімде Жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган туралы үлгі ережені әзірлесін
және бекітсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде:
1) қалалар мен аудандардағы жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті органдарды
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Интернет
желісіндегі WЕВ-сайтына қосуды кӛздей отырып, Қазақстан Республикасы еңбек рыногының
бірыңғай ақпараттық дерекқорын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
2) ұйымдардың тізбелерін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, кӛлемі мен нақты шарттарын,
қатысушылардың еңбегіне тӛленетін ақының мӛлшері мен оларды қаржыландырудың кӛздерін
бекітсін.
4.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19
№ 124
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі)
Қаулысымен.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды
деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 836 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Ереже алып тасталды - 2012.01.13 N 45 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 836 қаулысымен
бекiтiлген
Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесі
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 N 1188 қаулысымен (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды",
"олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау", "олардың біліктілігін арттыруға және қайта
даярлауға", "олардың біліктілігін арттырудан және қайта даярлауды", "оларды біліктілігін
арттырудан және қайта даярлаудан", "біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды" деген сӛздер
тиісінше "қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды", "қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыру", "қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға", "қайта даярлаудан
және олардың біліктілігін арттырудан", 16-тармақтың екінші абзацынан басқа, "жұмыссыздарды",
"жұмыссыздардың", "жұмыссыздар", "жұмыссыз" деген сӛздер тиісінше "табысы аз адамдар
қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен
айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды", "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен
қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың,
сондай-ақ жұмыссыздардың", "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және
жеті жасқа дейінгі балалардың бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ жұмыссыздар",
"табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылған және жеті жасқа дейінгі балалардың
бағып-күтумен айналысатын адам, сондай-ақ жұмыссыз" деген сӛздермен ауыстырылды - ҚР
Үкіметінің 2009.02.19. N 189 Қаулысымен.
Осы Ереже білiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда
табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды
бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта
даярлауды және олардың біліктілігін арттыру тәртiбiн айқындайды.
Ескерту. Кіріспеге ӛзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2009.07.03
N 1026
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі
балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау,
қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау шарасы
болып табылады және олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттілігін арттыруға бағытталған.
2. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі
балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау,
қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру:
1) мамандығы жоқ, мамандық алғысы және сол мамандық бойынша жұмыс iстегiсi келетiн
адамдарды даярлауды;
2) егер табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі
балалардың бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ жұмыссыздарға кәсiптерi
(мамандықтары) бойынша лайықты жұмыс ұсынылмайтын болса, не олар белгілі бір кәсіптер
(мамандықтар) бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқан болса, оларды жаңа кәсіптер
(мамандықтар) алу мақсатында қайта даярлауды қамтиды;
3) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі
балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ жұмыссыздардың кәсiби
шеберлiгiн жетілдiру, неғұрлым жоғары разрядтар (сыныптар, санаттар) алу, ӛндiрiстiк
қажеттілiкті ескере отырып, үдемелі техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында
бiлiктілiгiн арттыруды.