Жи
ын
ы:
Басшы_____________
Бас бухгалтер_____________
М.О.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 836 қаулысымен
бекітілген
Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы
Ескерту. Қаулы Қағидамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.27 N 972 (алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі); ӛзгеріс енгізілді
- ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1772 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн
ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида жастар практикасын ұйымдастыру, қаржыландыру және оның шеңберінде
техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының
түлектері қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды (бұдан
әрі – Қағида).
2. Жастар практикасынан ӛту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектер
және осы жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәлімет «Еңбек нарығы»
автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
2. Жастар практикасын ұйымдастыру
3. Жастар практикасы жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан
ұйымдастырылады.
4. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және
мынадай ерекшеліктері бар:
1) арнайы түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін
жинақтауына арналған;
2) жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы тӛлеу мемлекеттік бюджет қаражаты
есебінен жүргізіледі;
3) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны
ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
4) жолданатын түлектер уәкілетті органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында
жұмыссыз ретінде тіркелуге және олардың жасы 29-дан аспауға тиіс;
5) жолдама беру сәтінде жолданатын азаматтар үшін уәкілетті органда және/немесе халықты
жұмыспен қамту орталығында лайықты тұрақты жұмыс болмаған болуы керек.
5. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жастар практикасынан ӛту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
мәселелері бойынша жұмыс берушілерге консультация береді;
2) жыл сайын, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде жастар практикасынан ӛту үшін жұмыс орындарын
ұйымдастыратын жұмыс берушілерден осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӛтінім
жинауды жүзеге асырады;
3) барлық ұсынылған ӛтінімдер үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталып, тиісті
ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органына қарауға
және бекітуге ұсынылады.
Ескерту. 5-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.30
N 378
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
6. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органы
жыл сайын тізбені алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде ӛзінің шешімімен ӛңірлік еңбек
нарығындағы қажеттілікке сәйкес жастар практикасынан ӛту үшін жұмыс орындарын
ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекітеді және қажеттігіне қарай оны жаңартып
отырады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.29
№ 1772
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
7. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес
осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушімен жастар практикасын
қаржыландыру туралы шарт жасайды.
3. Жұмыссыз азаматтарды жастар практикасына жіберу
8. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан ӛтуге байланысты мәселелер бойынша
консультация береді;
2) жастар практикасынан ӛту үшін түлектер қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жасалған
шарттарға сәйкес және кәсіптік білімін ескере отырып, жұмыс берушілерге жібереді.
9. Түлектер жастар практикасына он екі ай кезеңінде бір рет қатыса алады және жұмыссыз
ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушылармен жасалған шарттардың және оларды
жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың кӛшірмелерін уәкілетті органға немесе халықты жұмыспен
қамту орталығына ұсынады.
11. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жастар практикасына қабылданған түлек жасалған
еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкін. Бұл ретте
жұмыс беруші уәкілетті органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмысқа
қабылдау туралы бұйрықтың кӛшірмесін жолдайды.
12. Жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жастар практикасына
қатысушының талабы бойынша практикадан ӛту туралы пікір (ұсыным хат) береді.
4. Жастар практикасын қаржыландыру
13. Жастар практикасын қаржыландыру жастар практикасынан ӛту үшін құрылған жұмыс
орындарына жұмысқа орналасқан түлектерге еңбекақы тӛлеуге мемлекеттік бюджеттен қаражат
беруді қамтиды.
14. Жастар практикасын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде,
ай сайын қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың
(облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінде кӛзделген сома
шегінде уәкілетті органдар жүзеге асырады.
15. Уәкілетті орган жастар практикасынан ӛту үшін жұмыс орындарына орналастырылған
түлектерге еңбекақы тӛлеуді ай сайын, жұмыс берушінің осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша ұсынған мәліметтері негізінде, нақты орындалған жұмыс уақыты үшін еңбек шартында
белгіленген мӛлшер негізінде жүргізеді және жастар практикасына қатысушылардың екінші
деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шоттарына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге
асырады.
5. Жастар практикасын ұйымдастыру туралы есептілікті ұсыну
16. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті
айдан кейінгі айдың 2-күніне қарай облыстардың уәкілетті органдарына мемлекеттік статистика
саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті ұсынады және аталған есепте:
1) жастар практикасы шеңберінде құрылған жұмыс орындарына орналастырылған түлектердің
саны туралы;
2) жастар практикасы шеңберінде құрылған жұмыс орындарына орналастырылған адамдар
жалақысының орташа айлық мӛлшері туралы мәліметтер қамтылады.
Ескерту. 16-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2013
№ 434
қаулысымен (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі).
17. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органдары ай
сайын, есепті айдан кейінгі айдың 4-күніне қарай орталық атқарушы органға ӛңір бойынша
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тиісті жиынтық
есепті ұсынады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013
№ 434
қаулысымен (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жастар практикасын ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасына
1-қосымша
_________________ ауданының,
қаласының уәкiлеттi органына
____________________________
Ӛтінім
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 434 қаулысымен (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі).
_____________________________________________________________________
(жұмыс берушiнiң толық атауы, мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын
адамдары мен телефондары)
жастар практикасынан ӛту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс
берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.
Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда азаматтарға тiзбеге сәйкес
мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:
Р/с
№
Кәсібі (мамандығы)
Талап етілетін
білім деңгейі
Жұмыс орындарының
жоспарланған саны
Жастар практикасының
жоспарлы ұзақтығы
(айлар)
Қосымша:
1. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің
кӛшірмесі.
2. Ұйым жарғысының немесе құрылтай шартының кӛшiрмесi.
Басшы Күнi
М.О.
Жастар практикасын
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидасына
2-қосымша
Жұмыссыз азаматтарға арналған жастар практикасын қаржыландыру туралы
№ _____ шарт
____________ с. (қ.) 201__ жылғы «___»_________
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _________________________ ауданының
(қаласының) уәкілетті органының (халықты жұмыспен қамту орталығының) атынан бастығы
(директоры) _________________________________________________________________,
(Т.А.Ә.)
және _______________________________________________________атынан
(жұмыс берушінің атауы)
__________________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә., лауазымы)
(бұдан әрі – Жұмыс беруші) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес және __________________________ ауданы (қаласы) әкімдігінің
201__ жылғы «__» _______ №_____ қаулысының негізінде тӛмендегі туралы осы келісімді
жасады:
1. Келісім мәні
1. Бастауыш, орта, ортадан кейінгі және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің
қатарындағы жұмыссыз азаматтар үшін оларды алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы
жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында жастар практикасын қаржыландыру.
2. Шарт сомасы _______________________________________________
(жазбаша)
мың теңгені құрайды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Тапсырыс беруші:
1) жұмыссыздарды олардың келісімімен Жұмыс берушіге жастар практикасынан
ӛтуге_________________________________адамды жіберуге;
(саны жазбаша)
2) жастар практикасына қатысушыларға жұмыс берушілердің ұсынған мәліметтеріне сәйкес
міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын шегере отырып, толық жұмыс істеген айы
үшін нақты орындаған жұмыс уақытына ____________________ теңге есебімен жалақы тӛлеуге;
(сома жазбаша)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыссыз азаматтардың алған
табыстарынан жеке табыс салығын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті
зейнетақы жарналарын ұстап қалуды, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарға тӛленетін табыстар
түрінде жұмыс берушінің шығыстарынан әлеуметтік салық тӛлеуді және әлеуметтік сақтандыру
қорына әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге міндеттенеді.
Ескерту. 3-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013
№ 1115
қаулысымен (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Жұмыс беруші:
1) жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан ӛту үшін мынадай жұмыс орындарын
ұсынуға:
Р/с №
Кәсібі (мамандығы)
білімі
Жастар
практикасының
ұзақтығы,
айлар
Айлық
еңбекақының
мӛлшері,
теңге
2) жұмыссыз азаматтармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек шартын
жасауға;
3) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қатысушылармен жасалған еңбек шарттарының
кӛшірмелерін ұсынуға;
4) қажет болған жағдайда, қабылданған жұмыссыздарға ӛз қаражаты есебінен қосымша
үстемеақы тӛлеуге;
5) жұмыссыздың әрқайсысына жеке қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама ӛткізуге;
6) қажет болған жағдайда, жұмыссыздарды арнайы киіммен, құралдармен, керек-жарақпен
және т.б. қамтамасыз етуге;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті еңбек жағдайымен
қамтамасыз етуге;
8) жұмыссыздардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулығына зиян келтірілген
жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды ӛтеуге;
9) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы ұсынылатын
ақпараттың нақтылығы үшін жауапты болуға;
10) есепті айдың аяқталуынан бес жұмыс күні бұрын Тапсырыс берушіге белгіленген нысан
бойынша жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы мәліметті ұсынуға
міндеттенеді.
3. Еңбекақы тӛлеу
5. Тапсырыс беруші жастар практикасына қабылданған жұмыссыз азаматтарға еңбекақы
тӛлеуді, еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы мен ақысы тӛленетін жыл
сайынғы пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін ӛтемақыны тӛлеуді жасалған еңбек шарттары
негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
6. Осы шартта кӛзделген міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін
тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
8. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы
басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.
9. Осы шартқа ӛзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.
5. Форс-мажор
10. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара
орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған
еңсерілмейтін күштің, яғни ӛрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери
іс-қимылдар және т.б. сияқты тӛтенше және дүлей жағдайлардың (форс-мажор) пайда болуы
салдарынан болса, жауапты болмайды.
11. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні
ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның
салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Форс-мажор
жағдайының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай
жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
12. Егер жоғарыда аталған жағдайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың
әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл
жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды ӛтеуді талап етуге
құқығы жоқ.
6. Қолданылу мерзімі
13. Осы шарттың қолданылу мерзімі 201__ жылғы «__» ________ бастап 201__ жылғы «__»
___________ дейін.
14. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
15. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары:
Ескерту. 7-бӛлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 434 қаулысымен (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тапсырыс беруші Жұмыс беруші
______________________ ауданының ______________________
(қаласының) уәкілетті органы ______________________
(халықты жұмыспен қамту орталығы) ______________________
________________________________ ______________________
мекенжайы: _____________________ ______________________
________________________________ ______________________
ЖСК ЖСК
БСК БСК
БСН (ЖСН) БСН (ЖСН)
Коды коды
________________________________ ______________________
(Т.А.Ә., қолы) (Т.А.Ә., қолы)
М.О. М.О.
Жастар практикасын ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасына
3-қосымша
_______________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
жастар практикасына қабылданған жұмыссыз азаматтар туралы
201__ жылғы ____________
МӘЛІМЕТТЕР
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 434 қаулысымен (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі).
Р/с
№
Т.А.Ә.
(толық)
Жеке куәлігінің
№, берілген күні
Туған күні
ЖСН
1
2
3
4
5
1
2
Жиыны:
кестенің жалғасы
Айдағы жұмыс
күндерінің саны
Нақты жұмыс
істеген
күндер
Есептелген
жалақының жалпы
мӛлшері, теңге
Қызмет кӛрсетуші
банк
20 мәнді карточкалық
немесе ағымдағы
шотының №
6
7
8
9
10
Басшы ______________________
Бас бухгалтер ______________
М.О.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 19 маусымдағы
N 836 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы N 1242 қаулысы (Қазақстан
Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 45, 409-құжат; N 17, 171-құжат; N 28, 269-құжат).
2. "Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы және Қазақ
ССР-і Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 19 маусымдағы N 383 қаулысының күші жойылды
деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы N 836 қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 28, 271-құжат; N 19, 203-құжат).
3. "Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға аз жұмыс
орындарын (квота) белгілеу мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
25 маусымдағы N 855 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 28, 279-құжат;
N 55, 610-құжат).
4. "Жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 444 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы,
2000 ж., N 17, 172-құжат).
Достарыңызбен бөлісу: |