2.Белок алмасу. Балалардағы азоттың оң балансы.
Организмде белоктар клетканың басты құрылыс материалы болып табылады. Ферменттер мен гормондарды құрай отырып олар организмде өтіп жататын процестерді реттейді, қорғаныш қызметін атқарады, организмнің түрі мен өзіндік айырмашылығын анықтайды.
Организмде белоктар энергетикалық роль атқарады. Олардың полипептид және амин қышқылдарына бөлшектенуі, сондай-ақ сіңуі және организмнен шығарылуы үздіксіз жүріп отырады. Сондықтан организм белокпен үздіксіз қамтамасыз етуді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |