[қайда],
[кейде]
т.б.
Алайда [қ]-ның әлсіз позицияда жіңішке түрі (варианты) бар екені
байқалады: [қ
1
үр
1
м
1
ет], [тӓқ
1
сір
1
ет
1
]
.
Кемел
сөзіндегі [к] жіңішке тембрмен
айтылып,
Камал
сөзінің [Камал] түрінде жуан тембрмен айтылуы да бар.
Тілдік факт ретінде бұл жайтты елемеуге болмайды. Бірақ орфографиялық
шарттылық немесе бөтен тілдің тәртібі деп те көрінуі мүмкін. Алайда
төлтума сөздерімізде
көгорай, көгал
дегендегі [к]-нің тембрін жіңішке деуге
болмайды. Салыстырсақ [когорай],
көгаршын, көкпар
. Бұлар ауыс-түйіс сөз
емес, қазақтың өзінің төлтумасы.
[қ]-ның жіңішке тембрінің пайда болуына әсер ететін факторға назар
аударайық. Сөздің соңғы буындарындағы жіңішке дауыстылар бірінші
буындағы дауыстының палатализациялануына, ал ол өз кезегінде [қ]-ның
жіңішке тембрлі реңк алуына әсер етеді. Сөйтіп, [қ] дауыссызының
вариациясы пайда болады: [қ
1
ӱд
1
ір
1
ет]
құдірет
, [р
1
ӓқ
1
імет]
рақымет
,
[қ
1
ӓсій
1
ет
1
]
қасиет
, [қ
1
ӓзір]
қазір
т.б.
Ал осы аталған сөздердің кейбірінің,
кәсиет
(сөйл. тілі),
кәзір
(сөйл.
тілі),
үрмет
(диал.) тәрізді варианттары бар. Бұл – сөздің «қолайсыз
жағдайға» вариация арқылы бейімделуі болса, екінші жолы басындағы
дауыссыздың жіңішке тембрлі вариант, я болмаса, дауыссызды айту
тәсілімен де «қиындықтан» жол табады, бірақ бұл аталған соңғы тәсіл бірер
сөзбен ғана шектеледі.
Сонымен [к]-нің әдеттегі жіңішке тембрінен басқа жуан тембрге, [қ]-
ның әдеттегі жуан тембрінен басқа жіңішке тембрлі болып келуі вариация
деңгейіндегі сингармонизм, я болмаса сингармовариация деуге болады. [қ]-
нің жіңішке тембрлі болуына әсер ететін іргелес дауыстыны да вариация деп
танимыз. Мысалы [қ
1
ӓ
1
уесет
1
]
қауесет
дегендегі [ӓ] соңғы буындағы
сигнификативті-перцевтивті
позициядағы
[е]-нің
әсерінен
палатализацияланған дауысты, яғни әлсіз жағдайдағы <а>-ның вариациясы.
Ол парадигмадағы <ә>, я болмаса күшті позициядағы [ә] бірдей емес,
аталмыш вариацияның перцепциясы кәдімгі [а]-дан жіңішке, ал [ә]-ден әлтек
жуанырақ деп көрсетуге болады.
Осы тәрізді ерекшелік, біздің байқауымызша, [ғ] мен [г]
дауыссыздарында да бар екені байқалады. Атап айтқанда [ғ]-ның жіңішке
тембрлі вариациясы мына тәрізді әлсіз позицияда кездеседі: [ағ
1
ешкі]
ақ
ешкі,
[ғ
1
ӓз
1
ійз
1
]
ғазиз
.
Өзге тілден импортталған мұндай сөздер қазақ тілінің негізгі дыбыс
заңдылығы бойынша игерілетіні мәлім. Мұндайда едәуір сөздің басына [қ],
[ғ] дыбыстарын түсіріп айту позициялық игерудің бір жолы болса керек.
Қали – Әли, Ғалым – Әлім, Қалибек – Әлібек, ғылым – ілім, ғылыми – іліми
т.б.
Әуелде
Қали, Ғалым, Қалижан, Ғалымжан
т.б. тәрізді сөздердің
құрамындағы дауыстылар біршама палатализацияланған дауыстылар болуы,
ал [қ], [ғ] дауыссыздары соған сәйкес жіңішке тембрлі болуы ықтимал:
[қ
1
ал
1
їй
1
], [ғ
1
ал
1
їм
1
], [қ
1
ӓлїйж
1
ӓн], [ғ
1
ӓлїмжӓн]. Өйткені
Қалидың
[алый],
Ғалымның
[алым],
Достарыңызбен бөлісу: |