Фонема абстракті бірлік, ол тілдік қолданыста нақтыланып, инвариант
сәйкес реңк, вариант, вариация түрінде объективтенеді. Инвариант дыбыстық
жағдайға тәуелсіз, ал оның варианты мен вариациясы белгілі бір позицияға
тәуелді бірлік. Белгілі бір фонеманың әлсіз жағдайдағы варианты күшті
жағдайдағы басқа бір инвариант фонемаға ұқсас болады. Ал фонеманың әлсіз
жағдайда пайда болатын вариациясы күшті жағдайдағы инвариант
фонеманың бір де біріне ұқсамайды.
Бұдан байқайтынымыз, фонема үшін қайсыбір позиция қолайлы болса,
қайсыбір позиция онша қолайлы бола бермейді. Соңғы жағдайда фонема
фонетикалық қоршауға икемделеді, бейімделіп, түрленеді. Мысалы, <б>, <д>
фонемалары үшін
сөз аяғы қолайсыз жағдай,
келеді, барады
спонтанды
сөйлеу тілінде соңғы дауысты (бұлар әдетте сигнификатты жүктемесі әлсіз,
қысаң дауыстылар болып келеді) толық редукцияланғанда
келет, барат
делініп, [д] дауыссызы [т] түрінде айтылады. Бұл – <д> фонемасының [т]
варианты түріндегі репрезентанты, бірақ мағынаға келіп-кетер әсері жоқ.
Сондай-ақ [й], [л], [н], [р], [у] үнділері сөздің үнемі басында келе
бермейді, сондықтан ілеспе қысаң дауыстылармен айтылады: [ійод], [ылақ],
[ырақымет] т.б. Фонемалардың аталмыш жағдайы сигнификативтік
жүктемесі әлсіз болғандықтан, жазуда елене бермейді.
Фонемалардың «қолайсыз» жағдайға икемделіп,
қызмет атқару
тәсілдері мен амалдарын белгілі бір сөздердің орфография, орфоэпиялық
нормаларын кодификациялауда ескерудің айрықша мәні бар. Инвариантты
вариант пен вариациядан, вариантты
вариациядан ажырата білу жазу,
дыбыстау нормаларына кодификациялауда белгілі бір жүйені ұстануға
тиянақ болады.
Бұл айтып отырғандарымыз, орфография, орфоэпиялық нормаларды
кодификациялаушыларға да, олардың оппоненттеріне де белгілі жайт.
Белгілі жайт болса да, басын ашып алар мәселелер де аз емес. Қоғамға
қызмет етіп, өзінің
міндетін атқарып жатқан соң, оның құрылымына әсер
ететін әртүрлі жайттар болады. Мысалы, шеттілден сөз енеді
[Құрмет,
рақмет]
, сөз бен сөз бірігеді
(бірақ <бір+ғана-ақ)
, сөз бен сөз тіркесіп бір
ырғақпен айтылып,
бір екпінге бағынады
([ағешкі] ақ ешкі)
. Сөз дыбыстық
жақтан ықшамдалады ([
кеботыр]
келіп отыр
) т.б. Сөйтіп, белгілі бір
фонемалар үшін жаңа позициялар пайда болады. Бұлардың қайсыбірі
фонемалар үшін «қолайлы» болса, қайсыбірі «қолайсыз» болады. Фонема
«қолайсыз» жағдайда тұрса да, тілдің табиғи заңдылығына, нормасына
сәйкес икемделіп түрленуіне сол тілдің әлеуеті (потенциалы) жетіп жатады,
сондықтан оны айқындау, танып білуге тура келеді. Мысалы,
қазақ тілінде
араб тілінен енген
құрмет
деген сөз бар. Сөздің басы жуан, аяғы жіңішке
болып, қазақ тілінің үндесімімен үйлеспей тұрған сияқты. Егер үйлесім
тезіне түссе [күрмет] немесе [құрмат] болар еді. Бірақ бұлай деу,
донор
тілдегі түпнұсқадан мүлде оқшау келеді. Тілдегі ауыс-түйіс тәртібі бойынша
кірме сөз, бір жағынан түпнұсқадан алшақтамау, екіншіден, импорттап алған
тілдің заңына бағынуға тиіс. Осы екі үрдіс бір-біріне қарама-қарсы болмауы
керек, керісінше, бір-бірімен үйлесімді болуға тиіс.
Ал біздің байқауымызша,
құрмет, тақсірет, хазірет
тәрізді сөздер
үндесім заңы бойынша игерілген сөздер. Алдымен, бұл тезисіміз түсінікті
болу үшін [қ], [к] дыбыстарының жайына тоқталайық. Қалыптасқан көзқарас
бойынша <к> фонемасы жуан дауыс тембірі [қ], жіңішке дауыс тембрі [к]
түрінде дыбысталады. Бұл – қазақ тілінің дыбыстық нормасы:
Достарыңызбен бөлісу: