кәккей, кәмпүйтүр, үнійберсійтет, інійстійтүт
деп жазуға тура
келеді. Екінің бірі мұндайда сөздің тұрпатын тану былайғы жұртшылыққа
қиындау тиеді. Екіншісі, транскрипция принципімен жазу. Бұл принциптің
түпнұсқа бойынша жазумен ұқсастығы да, өзгешелігі де бар. Ұқсастығы –
коммуникациялық жақтан қолайлы болу үшін шеттілдік сөздер тілдің ішкі
заңдылығы бойынша «сындырып» жазылмайды. Ал өзгешелігі – әліпбиде
шеттілдік сөздерді жазу мақсатымен әдейі алынған әріптер тобы болмайды.
Әліпби біртұтас болып, шеттілдік сөздер қалайда төлтума сөздерді жазуға
арналған әріптермен жазылады. Мысалы:
көккей, униберситет, институт,
компиутер
т.б.
Шетелдік фирмалар, кісіпорындар, ұйымдар, кісі есімдері, ғылыми-
техникалық терминдер түгелдей дерлік осы күнге дейін орысша нұсқамен
жазылып келгені мәлім. Ендігі жерде ағылшын, неміс, француз, жапон, араб
т.б. елдермен тікелей экономикалық мәдени қарым-қатынасқа шығумен
байланысты бұл топтағы сөздер көбейе түсуі ықтимал. Мұндайда жазу
тәжірибесіндегі
транскрипциялық
принциптің
мүмкіндігін,
коммуникациялық жақтан қолайлығын жоққа шығаруға болмайды.
Аса жүйелі болмағанмен қазіргі жазу тәжірибемізде кездесетін
принциптің бірі – айырмыс принцип. Бұл аталған принциптің мақсаты –
дыбысталуы ұқсас сөздерді (омонимдерді) жазуда парқын айырып хатқа
түсіру. Мысалы,
қан-хан, қат-хат, ру-ұру, қауіп-хауіп, қаттау-хаттау,
байым-пайым, баб-бап.
Жоғарыда біз қазіргі жазуымызда қолданылып жүрген кейбір
принциптерге азды-көпті тоқтала келіп, олардың ішінде қайсын негізгі етіп
алуды, түптеп келгенде, жазудың ішкі жүйесі арқылы айқындауға болатынын
байқадық. Мысалы, қазіргі жазуымыз дыбыс жүйелі жазу екені даусыз. Бірақ
дыбыс жүйелі жазудың бір-бірімен байланысты фонетикалық жағы бар да,
фонологиялық жағы бар. Негізгі емле принципі осы екі түзілімнің бірін
жүйелі ұстануды талап етеді. Ендеше қазіргі жазуымыз осы екі түзілімнің қай
жағында тұр? Бұл сұраудың жауабын фонеманың дыбысталған сөздегі
көріністерін байқататын мынадай нақты мысалдарды талдау арқылы ізденуге
болады:
І.
<а> ––––––––– [а]
[ат] –––––
ат
<т> ––––––––– [т]
Фонеманың сөз, сөз тұлғаларын ажырататын сигнификациялық қызметі
мен дыбысталған сөзді құлаққа шалыну жағынан ажыратып тұратын
перцепциялық қызметі сәйкес түсіп жатады. Фонеманың дыбысталған сөздегі
бұл күшті позициясы басқаларынан гөрі сан жағынан әлдеқайда басым.
Сондықтан болу керек кейбір зерттеулерде қазақ жазуын фонетикалық жазу,
ал негізгі принципті фонетикалық деп атайды. Бұл жерде фонетикалық жазу
мен фонематикалық жазу бір-біріне қарама-қарсы қойылмайды.
ІІ. Фонеманың дыбысталған сөздегі екінші бір көрінісі:
[з] кө[з], көз;
[ш] кө[ш] шырымын алды, көз шырымын алды;
<з>
[с] кө[с] салды, көз салды;
[ж] кө[ж] жіберді, көз жіберді
Міне, бұдан бір морфемадағы <з>-ның перцепциялық жақтан төрт
түрлі дыбысталатынын байқаймыз. Осымен байланысты бұл морфеманың
орфограммасы төрт нұсқада жазылуы мүмкін:
көз, көш, көс, көж.
Бірақ
фонемалық жазу бойынша осылардың ішінде фонеманың негізгі
дыбысталуына (инвариант-фонемаға) сәйкес келетін нұсқасы (
көз
) жазылады.
Сонда фонематикалық принцип дегеніміз «белгілі бір фонеманың дыбыс
түрленімдерінің ішінен фонетикалық ортаға неғұрлым тәуелсіз түрін жазу»
болып табылады. Ал фонетикалық принциптің теориялық негізі «фонема
дыбыс типтері, дыбыс кластары», сондай-ақ олардың күшті және әлсіз
позицияда жұмсалуы дегенге саяды.
ІІІ – Фонеманың дыбысталған сөздегі үшінші көрінісі:
[п] – қа [п] қап
[б] – қа [б] ішінде, қап ішінде
<п>
[б] – қа [б]ы қабы
Бұл жерде <п> фонемасының позициялық екі түрленімі бар, қа[п] және
қа[б] ішінде. Бұл екі түрдің біреуі дыбыстық ортаға неғұрлым тәуелді де [б],
ал екіншісі, неғұрлым тәуелсіз [п]. Осы соңғысы фонеманың негізгісі
дыбысталуы болып есептеледі.
Фонематикалық принцип бойынша фонема өзінің негізгі дыбысталуы
бойынша жазылады.
Ал екінші құбылыстағы, қа[п], қа[б] дыбысы <п> фонемасының
позициялық түрленімі ме, әлде <б>-ға алмасуы ма? Егер позициялық
түрленім болса, фонематикалық принцип бойынша фонема өзінің негізгі
дыбысталуы мен қа[п] ы болып жазылуға тиіс, бірақ жазу тәжірибесінде сөз
қабы
түрінде жазылады. Сонымен, мәселенің қиындығы мынада: фонеманың
позициялық түрленімін алмасудан қалай ажыратуға болады? Дегенмен, біздің
ойымызша, <п> фонемасы <б>-ға алмасқан. Олай дейтініміз бұл
құбылыстағы <б> сөздің грамматикалық мағынасын өзгертуге септігін
тигізіп, сигнификациялық жақтан ажыратып тұр. Олай болса, қа[б]ы
дегендегі [б] дыбысы <б> фонемасының негізгі дыбысталуы болып
табылады. Сондықтан бұл сөз фонематикалық принцип бойынша
қабы
деп
жазылады. Жазу тәжірибесінде, басқаларға қарағанда, осы үшінші топтағы
сөздердің емлесінен қате жиі кездеседі:
мүлік-мүлігі, мүлікі, мүлкі, әріп-әрібі,
әріпі, әрпі.
ІV. Фонеманың дыбысталған сөздегі тағы бір көрінісі:
[п] – жа[п],
жап
[б] – жа[б]ұу,
жабу
<п>
[у] – жа[у]ып алу,
жауып алу
[м] – жа[м]ылу,
жамылу
Мұндай күшті позицияда фонема өзінің негізгі дыбысталуы бойынша
жазылады. Қазақ (түркі) тіліндегі сөздердің құрылымын талдаған
зерттеулерде бірбуынды түбірлердің көп буыны гомогенді сөздердің типтері
мен класын құрайтыны анықталып отыр [30]. Қуалай келгенде түбірі
бірбуынды морфемаға саятын көпбуынды гомогенді сөздердің морфемалық
жігі көп жағдайда бір-бірімен астасып жатады. Бұл типтес сөздерді
морфологиялық принциппен түбірін қуалап,
жап-, жапып-, жапа-, жапылу
-
деп жазу мүмкін емес. Мұндағы п/б/у/м сәйкестігі тарихи дыбыс алмасуына
жатады. Басқаша айтқанда, <п>-ның [б], [у], [м] дыбыстарымен өзара
байланысы тарихи байланыс (бұлар <п> фонемасының позициялық
түрленімі емес). Сондықтан бұл сөздердегі фонемалар өзінің негізгі
дыбысталуы бойынша жазылады.
Сонымен, фонематикалық принцип дегеніміз «белгілі бір фонеманың
дыбыс түрленімдерінің ішінен фонетикалық ортаға неғұрлым тәуелсіз түрін
жазу» болып табылады. Ал фонематикалық принциптің теориялық тірегі
«фонема – дыбыс типтері, дыбыс кластары, сондай-ақ олардың күшті және
әлсіз позициясы» дегенге саяды.
Достарыңызбен бөлісу: |