Годовой план воспитательно образовательной работы


-2016 оқу жылына шағын-орталықтың таным саласындағы балалар білім деңгейінің салыстырмалы нәтижелері



жүктеу 1,46 Mb.
бет3/8
Дата23.05.2018
өлшемі1,46 Mb.
#16571
1   2   3   4   5   6   7   8

2015-2016 оқу жылына шағын-орталықтың таным саласындағы балалар білім деңгейінің салыстырмалы нәтижелері.

Білім беру салалары

Жыл басына мониторинг

Аралық мониторинг

Жыл аяғына мониторинг

3.Таным

Шығарады- 55%

Түсінеді- 35%

Қолданады- 10%


Шығарады- 20%

Түсінеді- 60%

Қолданады- 20%


Шығарады- 0%

Түсінеді-55%



Қолданады-45%

Диагностика нәтижелерінің талдауы ҚДҰҚ бойынша бағдарламалық материалды меңгеруде жақсы динамика көрсетті. Балалар санай біледі, көп көлемнің ішінен заттарды берілген сан бойынша есептей алады; санау және бөлшектерді салыстыра отырып көптің түрлі бөліктерін салыстыра алады, көптің көп (аз) бөлігін анықтай алады. Балалар екі затты шартты өлшем көмегімен үлкендігіне қарай (ұзындығына, еніне, биіктігіне) жақсы салыстыра алады, заттарды үлгімен салыстыра алады және одан биігірек, ұзынырақ, кеңірек үлгіні және тең үлгіні таба алады. Заттардың формаларын ажырата алады, берілген формадағы (дөңгелек, үшбұрышты, төртбұрышты) заттарды таба алады. Бірақ қағаз бетінде таба алмайды (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, ортасында); барлық балалар толық жауап бере алмайды, жиы сұрақтарға қиналып жауап береді.

Шағын-орталықтың педагогикалық ұжымының жұмысы «Шығармашылық» білім беру саласының міндеттерін шешуде бірнеше бағыттардан құрылды: 1. Балалардың өнім шығару ісін (сурет салу, аппликация, көркем еңбек) дамыту. Балалар техникалық тәсілдерді меңгере отырып қағаз бетімен өз бетінше жұмыс істеуді үйренді; аналогия бойынша жұмыс; жұмыс орнын ұйымдастыру және өз ісінің нәтижесін бағалау; жіберілген қателіктердің себебін анықтау, оларды шешудің жолын белгілеу және нәтижеге қол жеткізу. 2.Балалар шығармашылығын дамыту. Жұмысты бастамас бұрын балалар оны ойластырды; түрлі тәсілдерді және әдеттен тыс техниканы қолданды; өз жұмыстарын және басқа балалардыкын қарап, эстетикалық жағынан бағалады. Ұжымдық жұмыстар ерекше қызықты болды. Онда балалардың тек сурет салу өнеріндегі біліктері ғана көрінген жоқ, сонымен бірге бірігіп жұмыс жасау дағдылары көрінді: ойластырылған істі талқылау, жұмысты орындау кезіндегі міндеттерді бөлу, оң нәтижеге қол жеткізу. Бұл үдерісте істің ұйымдастырушысы ретінде басты рөлді тәрбиеші ойнайды. Тәрбиешілер жүйелі түрде балаларды халық өнер туындыларына жақындатты, халық шеберлерінің еңбегіне деген құрмет сезімін оятты. Сурет салу ісі бойынша ұйымдастырылған оқу ісі сауықтыру міндеттерін шешумен, сенсорлық эталондардың қалыптасуымен және қол саусақтарының ұсақ моторикасының дамуымен қатар жүрді. Сабақтардың сауықтыруға бағытталуы балаларға заттарды қабылдауға, мінез белгілерінің айқындануына көмектесті. Балаларда ынталары артты, көру арқылы есте сақтаулары, қол қозғалғыштығы артты. Түрлі материалдарды, оқытудың ойын тәсілдерін, жұмыстың ұжымдық түрлерін, көркем шығарма бойынша әңгімелесулерді, бақылаулар, халық шығармашылығымен таныстыруды қолдану қойылған талаптарды орындауға септігін тигізді. Сондай-ақ бұл іске ата-аналар да жұмылдырылды. Күзде балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылық жұмыстарының көрмесі «Күз сыйлықтары» өтті, қыста «Ертегі қыс». 3.Музыкалық-көркемдік ісін дамыту. Балалар музыкалық өнердің әрқилы түрлеріне қызығушылық танытты, тыныс алуды дұрыстап қолдана отырып, жақсылап ән айтуға тырысты. Мектепке дейінгілер тыңдау мәдениеті дағдыларын жақсы меңгерген. Балалар музыкалық тәсілдер туралы, жанрлар, әдебиетпен, сурет салумен, театрмен байланысы туралы ұғымдарды білді. Біздің балалар ұжымы көптеген қимылды талап ететін ойындарды біледі, әрқайсысы зор қуанышпен ойнайды және басқаларды да бірге ойнауға шақырады. Балаларда аса бір қуанышты естеліктер қалдырған музыкалық іс-шаралар, көңіл көтерулер және мерекелер, балалар онда да үлкен белсенділік танытты. Сондай-ақ ата-аналар да шетте қалмады. Өзінің шығармашылық қабілеттерін шағын-орталықтың тәрбиешілері де көрсетті. Ертегі кейіпкерлеріне айнала отырып олар ертеңгіліктерді әдемі әрі әсерлі ете түсті. Қазақ тілі мен ағылшын тілінің мұғалімдері де шетте қалмады. Өз жұмыс жоспарлары бойынша өткізілетін тақырыптық іс-шаралардан бөлек олар шағын-орталықтың көңіл көтерулері мен іс-шараларына қатысты. Музыкалық көңіл көтерулер тек музыкалық залда ғана болмай, ойын алаңында да болды. Бұл мынадай іс-шаралар: «Егінді жина» спорттық жарысы, «Масленица», «Жаздың әдемі бояулары». Нәтижесінде балаларда музыкаға деген берік қызығушылық, адамгершілік-эстетикалық сезімдер қалыптасты, музыкадағы кереметті меңгеру және қабылдау қабілеттері дамыды.

2015-2016 оқу жылына шағын-орталықтың шығармашылық саласындағы балалар білім деңгейінің салыстырмалы нәтижелері.

Білім беру салалары

Жыл басына мониторинг

Аралық мониторинг

Жыл аяғына мониторинг

4.Шығармашылық

Шығарады- 40%

Түсінеді- 60%

Қолданады- 0%


Шығарады- 10%

Түсінеді- 75%

Қолданады- 15%


Шығарады- 10%

Түсінеді-30%

Қолданады-60%


Мектепке дейінгі шағын-орталықтағы білім беру ортасы рухани-адамгершілік және әлеуметтік-тұлғалық істі міндетті түрде қосады. «Әлеумет» білім беру саласы адамгершілік-эткалық тәртіп дағдыларының, отансүйгіштік сезімдерін – Отан тарихына қатысты екендігінің сезімдері, өзі, жақын жердегі әлеуметтік орта туралы алғашқы көз-қарас, жанұялар бірігуіндегі өзінің ерекше екені туралы ұғымның қалыптасуын қарастырады; жақын адамның сезімдерін түсіну қабілеттері және оларға жақсылық істеуге ниет білдіру; мейірімділік, қайырымдылық сезімдері және адамның өсімідіктерге, жануарларға және қоршаған әлемге тәуелді екенін сезінуі. Маңызды мәселенің бірі – өз сезімдерін басқара алуды үйрету, құрдастар мен үлкендер қауымында, адам ретіндегі – өзіндік «Менін» ұғынуы. Мұғалімдер баланың сезімталдық-адамгершілік, әлеуметтік-тұлғалық дамуын ұйымдасқан оқу ісінде көркем әдебиет туындыларымен таныстыру, қоршаған әлем мен табиғатпен таныстыру арқылы қамтамасыз етуге талпынды. Қаланың ішінде экскурсия жасау сапалы өтті.

Осы бағытта шағын-орталықта оқитын балалардың ата-аналары баға жетпес көмек көрсетті. Жыл бойында педагогикалық ұжымның ата-аналармен байланысы ата-аналар жиналысын, әңгімелесулер, кеңес берулер, сабақтарға қатысуды ұйымдастыру арқылы, МБМ жайлы ету бойынша біріккен еңбекте, жұмыстар мен үй тапсырмаларын орындау арқылы жүзеге асты, табиғи материалдан бұйымдар жасау байқауында «Алтын күз», «Сиқыршы қыстың тосын сыйлары», «Көрікті көктем» белсенді түрде қатысты. «Біздің үздік аналар», «Жеңіс Күні» фотокөрмелеріне. Ата-аналар топтардағы пәндік-дамыту ортасын жетілдіруге көмек көрсетті, мекемені жаңа оқу жылына дайындауға көмектесті. Ата-аналарға арналған ақпараттық қабырға газеттері, ата-аналар жиналысы, кеңес берулер рәсімделді. Бірлескен іс-шаралар, мерекелер, ашық байқаулар, ертеңгіліктер: «Білім күні», «Ана күні», күз мейрамдары, жаңа жылдық мейрамдар, «8-ші Наурыз» өткізілді, ашық есіктер күні ұйымдастырылды. Барлық топтарда ата-аналар ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысты.

Жыл бойында тәрбиешілер балаларды дайындап, «Здравствуй, Зимушка-зима!», «Дорога в сказку», «Мой друг-светофор», «Знакомые нотки» атты халықаралық олимпиадаларға қатысты, онда 17 бала жүлделі орындарға ие болды.

Әңгімелесулер, ойын жаттығулар, тренингтер, ойындар арқылы балаларға өз сезімдерін басқару, қоршаған ортадағыларға өз сезімдерін білдіру, негізгі эмоциялар мен сезімдерді ажыратып, атау, оларды мимика, қимыл, пантомимика арқылы білдіру, басқа адамдардың мимикасы мен қимылдарын олардың эмоционалдық жай-күйімен байланыстыру; қандай да бір әрекеттер қандай сезімдер тудыратыны, көңіл-күй адамның әрекетіне қалай әсер ететіні және осы жай-күйді сөзбен анықтау үйретілді. Өз құрдастарымен және ересектермен еркін сөйлесуге дайындады. Бұл мектеп ұжымына енумен байланысты көптеген қиындықтардан аулақ болуға көмектесті.

Топта, шағын-орталықта, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетінің ережелерін сіндіруді жалғастырды. Меңгерілген тәртіп пен ережелер негізінде өз әрекетін дұрыстау дағдысын, үлкендердің еңбегіне деген қызығушылықты және оның қоғамдық маңыздылығын бағалауға ұмтылуды, еңбек нәтижесін қадірлеуге тәрбиеледі. Марапаттар алған кезде барлық топ мүшелерінің теңдігінен көрініс табатын балалардың өздерімен бекітілген ережелерді баланың меңгеруіне көмектесті; ойында басшы болатын әріптесті таңдау құқын меңгеруге көмектесті. Басқа балалардың ұсыныстары мен кеңестеріне құлақ салуды және жеңіле білуді үйреттік.

2015-2016 оқу жылына шағын-орталықтың әлеумет саласындағы балалардың білім деңгейінің салыстырмалы нәтижелері.


Білім беру салалары

Жыл басына мониторинг

Аралық мониторинг

Жыл аяғына мониторинг

5.Әлеумет

Шығарады- 40%

Түсінеді- 40%

Қолданады- 20%


Шығарады- 20%

Түсінеді- 45%

Қолданады- 35%


Шығарады- 0%

Түсінеді-35%

Қолданады-65%


«Қоршаған ортамен танысу» бөлімі бойынша диагностика талдауы, балалар қазақстандық ту, елтаңба туралы, рәміздердегі белгілердің мәнісі мен маңызы туралы аз білім көрсетті. Түрлі тапсырмаларды орындаған кезде біздің қала туралы, туған өлке туралы білімдерін көрсетті; біздің қаланың көрікті жерлері туралы, қаланың негізі қалануының тарихы туралы жақсы білетіндерін көрсетті, осы тақырыпқа үлкен қызығушылықтары бар екенін, өз Отандарын мақтан тұтатындарын көрсетті.

Қорытынды: күнтізбелік жоспарлау кезінде жүйесі көрінетіндей адамгершілікке тәрбиелеу бойынша жоспар құру қажет, сонымен қатар осы бағыттағы дұрыс даму көрсеткіштерінің картасын жасау керек.

2012-2015 оқу жылындағы атқарылған жұмыстан көрініп тұрғандай, келесі қорытынды жасауға болады, тек үнемі болатын сабақтар ғана баланың тұлғалық, әлеуметтік және интеллектуалды қасиеттерін жоғарлата алады. Бұл балалардың МШО жиы келуіне байланысты, сондай-ақ өз балаларының дамуына ата-аналарының көңіл бөлуі мен көмегіне байланысты. Сондықтан, ата-аналармен балалардың жас ерекшеліктері туралы, балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы туралы, олардың қатысуынсыз балаларының тұлғасындағы және интеллектісінде даму оң нәтиже бермейтіні туралы жиы әңгімелесулер және кеңес берулер жүргізу керек.

Шағын-орталықтың білім беру ісі жүйесіндегі жеткен жетістіктер аясында біз келесі мәселелер мен келеңсіздіктерді анықтадық:

- Балалардың шығармашылық қиялы даму деңгейінің төмен болуы.

- Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс толық күшіне енбеген.

- ҚР БМБС сәйкес жаңа талаптарға байланысты шағын-орталықтың мұғалімдері білім беру ісінің мазмұнын жоспарлауда қиындықтарға тап болады.

Сонымен бірге жоспарлау жүйесі толық аяқталмаған, тәрбиеленушілердің бағдарлама материалын меңгеру деңгейін анықтау диагностикалық құралдары толық жинақталмаған.


ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ОТБАСЫЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫС.

Педагогикалық ұжым жұмысының нәтижелілік көрсеткіші болып бірлескен тәрбиелеу ұжымына ата-аналардың қосылуына септігін тигізетін отбасымен байланысу жүйесінің іске асуы табылады. Жыл сайын «Отбасы құрамын әлеуметтік зерттеу және ондағы баланың орны» тақырыбы бойынша ата-аналарға анкета жүргізу жолымен, «Менің балам және оның жеке ерекшеліктері» тақырыбындағы ата-аналармен сауалнама және әңгімелесулер жүргізу жолымен отбасы мәртебесін қарастыру жүргізіледі. Бұл зерттеулер ата-аналар мен тәрбиешілерге келесі бағыттар бойынша балалармен жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі:

- шағын-орталыққа балалардың дұрыс бейімделуін қамтамасыз ету;

- ата-аналардың ниеттерінің артуы, балалардың тәрбиесі мен дамуына байланысты сұрақтарда бірлесіп жұмыс істеуге ниетінің қалыптасуы;

- балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын дұрыстаған кезде педагогикалық көмек көрсету. Алынған нәтижелер көрсеткендей, ата-аналардың барлығы бірдей емес, мақсаттары мен бағалайтын дүниелері әр түрлі

Жалпы ата-аналардың негізгі бөлігіне келесі белгілер тән:

-     өмір сүру мен табыстың орташа деңгейі,

-      білім беруге деген жоғары талаптар,

-      бала жақсы білім беруге деген үлкен ниет,  

- ата-аналардың МШО жұмысына қанағаттануы,

- жалпы МШО туралы ақпараттану деңгейімен қанағаттану, бала туралы және т.б.,

-мектепке дейінгі мекеме мұғалімдері мен жетекшілерімен қарым-қатынас сипатымен ата-аналардың қанағаттануы.

Ата-аналарға кеңес беру жұмысын мұғалім-психолог Гульнара Даулетхановна Алжанова жүргізеді. 2015-2016 оқу жылында 15 ата-ана келесі тақырыптар бойынша кеңес алуға ниеттенді:

- «Баланың үндеместігі»

- «Шағын-орталыққа барғысы келмеуі»

- «Өз денесіне деген қызығушылықтың болуы»

- «Тіл алмау»

-«Еркеліктер»

- «Кіру диагностикасының қорытындылары».

Ата-аналармен мұғалім-психологтың мақсатты түрде жұмыс істеуі топтағы балалардың бейімделу кезеңін ұйымдастыруда оң нәтиже берді.

МШО ата-аналардың білімдегі қажеттіліктерін қарастыруға және мектепке дейінгі мекеменің қызметіне ата-аналардың қанағат болуына көп көңіл бөлінеді. Анкета жүргізу келесі белгілерді көрсетті:

- ата-аналардың 75 % тәрбиешілер баланың қабілеттерін жан-жақты дамытуды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз етеді деп есептейді

-  ата-аналардың 85  % (15 % - жартылай) тәрбиешінің мәртебесін мойындайды, баланы тәрбиелеуде оның кеңесіне құлақ салып, оларды жүзеге асырады

-  ата-аналардың 98 % тәрбиеші балаға сыйлы көз-қараспен қарайды деп есептейді

- балалардың 100 % өз тәрбиешілерін құрметтеп, жақсы көреді

- ата-аналардың 60 % шағын-орталықтың сабақтарына және басқа да іс-шараларына қатысуға, білім беру үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар беруге мүмкіндіктері бар

- ата-аналардың 95 % өздерінің тәрбиешілермен қарым-қатынастарына қанағат етеді. Қорытынды.  Ата-аналардың МШО қызметіне қанағат ету деңгейі туралы жыл сайынғы анкета ақпаратын талдай келе, біздің шағын-орталық ұсынатын білім беру қызметі ата-аналардың сұранысына жауап береді, балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын түзету мәселесі шешілген деп сенімді түрде айта аламыз.

Балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселесі бойынша байланыс жасау ниеті ата-аналарда біршама жоғарылағаны байқалды.


ҚОРЫТЫНДЫ.

Білім беру мекемесінің оқу-тәрбиелеу жүйесін құрғанда, «Бүлдіршін» МШО педагогикалық ұжымы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі жұмысты қоюдың заманауи талаптарын ескереді.

Педагогикалық ұжымның қалыптасу кезеңі әлі аяқталған жоқ. Мұғалімдердің сапалық құрамы біршама өзгерген және оң динамика көрсетеді.

Мұғалімдер ұжымының талдау нәтижесінде алынған кәсіби сипаты тәрбиешілердің кәсіби дамуының динамикасын көрсетеді және педагогикалық шеберліктерін шыңдауға жағдай жасалғанын көрсетеді. Психологтық-әдістемелік сүйемелдеу мұғалімдердің кәсіби және жеке қиындықтарын ескере отырып жүзеге асады.

Қазіргі таңда ұжым берік және мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға, тапсырмаларды орындап, мәселелерді шешуге жеткілікті түрде белсенді. Шағын-орталық ұжымының бірігіп қиындықтарды жеңу тәжірибесі қалыптасуда, жетістіктер бар. Жалпы оқу-тәрбиелеу жүйесі шығармашылық ортаға сай: ұжымда мұғалімдерде де, тәрбиеленушілерде де жақсы көңіл-күй басым, шығармашылыққа талпыну басым. Мұғалімдер индикаторлар негізінде балалар дамуының диагностикасы мен мониторингінің әдістемесін меңгерген. Балалар дамуының мониторингі білім беру бағдарламаларын меңгерудің оң динамикасын көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты шеңберінде (2009, 2012). Оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыру бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыс істегенде және ҚР БМБС – 2009, 2012ж. талаптарын орындай отырып, келесі қорытынды жасауға болады, МШО педагогикалық ұжымы оқу-тәрбиелеу жұмысын жақсы деңгейде атқаруда және мектепке дейінгі жастағы балалардың сапасын арттыруға үнемі талпынады, ұжымның кәсібилігін арттыруға және балалардың тұлғалық даму мәселелеріне ата-аналар қоғамдастығының қызығушылық танытуына. Мәселелер анықталып, оларды жою шаралары қолға алынуда.

Бірақ, бұған қарамастан, келесі мәселелер бар:



- мектепке дейінгі білімі жоқ тәрбиешілердің болуы;

- балалардың аса қатты сырқаттануы.

2015-2016 жылғы педагогикалық ұжымның жұмыс нәтижесі бойынша келесі қорытындылар жасауға болады:

Бағдарламаның бүтін бөлігі толық көлемде жүзеге асырылған;

МШО-ғы білім беру қызметі жеткілікті деңгейде жүзеге асырылуда.

2015-2016 оқу жылында жүзеге асырылған оқыту-тәрбиелеу жұмысының жай-күйін талдай отырып, негізгі мәселелерді анықтай отырып, мұғалімдер ұжымы алдарына 2016-2017 оқу жылына келесі негізгі міндеттерді қояды:

1.Білім беру субъектілері ретінде тәрбиешілер мен мектепке дейінгілердің қабілеттерін дамытуға арналған заманауи білім беру технологияларын ұйымдастырылған оқыту ісіне енгізу.

2.Мектепке дейінгі білім берудің БМБС жүзеге асыру жағдайында білім беру салаларын интеграциялау бағытындағы мұғалімдердің жұмысын жетілдіру.

Педагогикалық кеңестер

Мақсаты: тәрбиелеу-оқыту үдерісінің деңгейін арттыруға, педагогикалық ғылым мен алдыңғы қатардағы тәжірибенің жетістіктерін іс-тәжірибеде қолдануға арналған МШО ұжымының күшін біріктіру.




Тақырып

Мерзімі

Жауапты

1

Жаңа оқу жылына шағын-орталықтың тәрбиелеу-оқыту қызметінің бағытын анықтау.

Тамыз,

2016жыл


Әдіскер

Шершнёва Н.Ю.

Тәрбиешілер


2

Заманауи оқыту технологиялары және оларды МШО ұйымдастырылған оқыту қызметіне енгізу.

Қазан,

2016жыл


Тәрбиешілер

Толстова Е.В.

Мусабекова О.Н.


3

 Мектепке дейінгі білім беру БМБС жүзеге асыру жағдайындағы білім беру салаларын интеграциялау.

Ақпан,

2017 жыл


Тәрбиешілер

Кудеринова А.К.

Мухтарханова А.М.


4

2016-2017 оқу жылында шағын-орталықтың негізгі міндеттерін жүзеге асыру бойынша жұмыстың нәтижесі.

Мамыр,

2017 жыл


Әдіскер

Шершнёва Н.Ю.

Тәрбиешілер


Семинарлар.

Мақсаты: оқыту үдерісін ұйымдастыруда МШО мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру. Балалармен жұмыс жасауда жаңа формалар, әдістер және технологияларды меңгеру.



Тақырып

Мерзімі

Жауапты

1

Ата-аналармен және балалармен жақсы қарым-қатынас орнату

Қаңтар

2017 жыл


Макадиева А.С.

2

МШО-ғы шынықтыратын іс-шаралар жүйесі

Ақпан

2017 жыл


Шершнёва Н.Ю.

3

Сурет салудың дәстүрлі емес техникасымен танысу және оның мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуындағы орны

Наурыз

2017 жыл


Кудеринова А.К

4

Мектепке дейінгілердің қатысымдық-тілдік және шығармашылық біліктерін қалыптастыру амалы ретіндегі театр ісі

Сәуір

2017 жыл


Мусабекова О.Н.

Әдістемелік кеңестер

Мақсаты: МШО мұғалімдерінің педагогикалық және әдістемелік шеберліктерін дамытуға арналған жағдай жасау



Тақырып

Мерзімі

Жауапты

1

МШО-ғы білім беру үдерісіне жаңаша көз-қарас.

Қараша,

2016 жыл


Әдіскер

Шершнёва Н.Ю.

Тәрбиешілер

Кудеринова А.К.

Мухтарханова А.М.


2

Мектепке дейінгі жастағы балалармен қорытынды іс-шараларды ұйымдастыру түрлері

Наурыз,

2017 жыл


Әдіскер

Шершнёва Н.Ю.

Тәрбиешілер

Толстова Е.В.

Мусабекова О.Н.


Жедел отырыстар

Мақсаты: жылдық жоспарды, МШО даму бағдарламасын орындау бойынша МШО барлық қызметкерлерінің жұмысын жөндеу




Тақырып

Мерзімі

Жауапты

1

Балалар және педагогикалық ұжымдағы психологиялық жай-күй

Желтоқсан,

2016 жыл


Әдіскер

Шершнёва Н.Ю.

Психолог

Алжанова Г.Д.



2

Білім беру үдерісін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуді талдау және талқылау

Мамыр,

2017 жыл


Әдіскер

Шершнёва Н.Ю.

Тәрбиешілер


жүктеу 1,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау