Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер



жүктеу 5,93 Mb.
бет13/20
Дата28.11.2017
өлшемі5,93 Mb.
#2132
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

Мұқтасын Сухамбердиев,

Қазақстанның құрметті журналисі



Уақыт не деген шапшаң едің...
-Ия, шынында да уақыт не деген шапшаң едің...

Мыңдаған жылдар бойы бір қалпынан өзгермей сары дала, шөлейтті өлке атанған кәрі Маңғыстаудың соңғы ширек ғасырда адам танымастай өзгеруі- оның ұлан байтақ жерінен қисапсыз қазба байлықтардың табылуына байланысты. Жетібай мен Өзен 1961 жылы мұнай –газ фонтандары атқылады. Міне, соған биыл -2006 жылы 45 жыл толып отыр. Маңғыстаудан мұнай, басқа да қазба байлықтарды іздеу бұдан жүз жыл бұрын басталған. Түбекте мұнайдың үлкен қоры бар екенін оған әр кезде келген зерттеушілер, геологтар, геофизиктер айтып кеткен және барлау жұмыстарын қайсы маңдардан іздеу туралы ұсыныстарын берген. Алайда жер шалғайлығы, табиғатының қаталдығы, қатынастың қиындығы көпке дейін оған ден қойып тікелей барлау , бұрғылау жұмыстарына кірісуге мүмкіндік бермеді. Соғыстан бұрын басталған іздестіру жұмыстары одан кейін де жалғасты. Қазақстан жеріндегі барлау жұмыстарының көбі (1951-1961ж.ж.) Маңғыстауда жүргізілді. Ленинградтағы ғылыми-зерттеу барлау институты Маңғыстауға геологиялық, геофизикалақ барлау жүргізетін комплексті экспедиция шығарды. Олар Маңғыстаудың Солтүстігінде, Бозашы түбегінде, Маңғыстаудың орталық алаңы мен Оңтүстігін түгелімен бұрғылап, барлауды ұсынды. Осыған орай «Қазақстанмұнай» бірлестігі Маңғыстауға Түбежік, Бекебасқұдық алаңдарына геологиялық іздестіру партиясын жіберіп, олардың берген мәліметтеріне орай, 1957 жылы Фортта «Маңғыстаумұнайгаз» барлау тресін құрды.

...Қазақстанның, оның ішінде Маңғыстаудың мұнай болашағын зерттеп анықтауда 1959 жылы Гурьевте өткен Бүкілодақтық ғылыми –техникалық конференцияның шешуші маңызы болды. Бас баяндаманы облыстың бірінші хатшысы Нұртас Оңдасынов жасады. Конференцияға қатысқан Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі А.Бакиров, М.Чарыгин, Геология министірі М.Золотарев... Каспий ойпаты мен Маңғыстаудың еліміздің отын өнеркәсібін дамытуға қосар қомақы үлесі туралы айтты. Бұл аудандарда геологиялық, геофизикалық барлау, іздестіру жұмыстарын шұғыл қолға алуды ұсынған құжат қабылданды. Осыны ескеріп Одақтық Үкімет күрделі қаржы бөліп, арнаулы қаулы қабылдады.

...Маңғыстау өмірінде ғасырлық жаңалық әкелген Жетібай мен Өзен Атырау мен Алматы ғана емес Одақтық Үкіметтің назарында болды. «қара алтынның» жаңа тұсаукесері болған, бұл жаңалықты көруге тек журналистер ғана емес, сол кездегі басшылар, геолог ғалымдар, министрлер, партия қызметкерлері Жетібайға жетуге асықты. Жетібайда мұнай атып жатыр деген хабарды ести салысымен Москвадан, Алматыдан Б.Ерофеев пен Ш.Есенов, КСРО Мұнай министірлігінен бұрын «Қазақстанмұнай» бірдлестігінде бас инженер болған Николай Калинин, Гурьев облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Нұртас Оңдасынов келді.

Олар бұдан былай бұрғылау, барлау жұмыстарын қай бағытта өрістету керек, мұнайдың өндірістік қорын анықтау үшін терең барлап, бұрғылауды көбейту, материалдық-техникалық жабдықтау,, өндіріс ашу, тағы да көптеген мәселелер төңірегінде әңгіме болды. Осы басқосуға Ақтөбеден Батыс Қазақстан Өлкелік Халық шаруашылығы Кеңесінің төрағасы Сафи Өтебаев келіп қосылды.

Осылайша Маңғыстауға ғасырлық жаңалық әкелген мұнай бұрқағын көзбен көріп, оны халыққа тездетіп жеткізу үшін мен оқиға болған жерден бұрғышылардың, мамандардың сөздерін магнитафон, блокнотқа жазып, республикалық эфирде, облыстық газет беттерінде өзім куә болған оқиғаны баяндап, геолог барлаушылардың ерен еңбегін паш еттім. Репортажда сол тарихи қарамайды өмірге әкелген бұрғышылар: Қалиев, Азанбаев, Қуанышбеков, Қожахметов, Ерғалиев, Жақсымбетов, Өмірбаев, Жүзбаев, Тоқжанов, Сахановтай жігіттердің есімдері мақтанышпен аталды.

Сөйтіп, Маңғыстауда ғана емес, бүткіл қазақ жерінде елді елең еткізген Қазақстан мұнайын жаңа тың белестерге көтеретін үлкен мұнайлы өлкенің дүниеге келуі абырой болды. Бір тамшы су қат болып кезеріп жатқан медиен даланың осыдан бастап бағы жанды. Жылдар бойы табан аудармай, түңілмей, шаршап-шалдықса да бар қиындыққа төзіп, өздері іздеген байлыққа барлаушылардың ақыры қолдары жетті. Маңғыстаудың байлығы тек мұнай мен газ емес, сирек кездесетін рудалар, көмір, темір, алтын, күміс, мыс, санай берсең Менделеев таблицасындағы элементтердің бәрі де осында болып шықты...

Бұл тұста бұрын Одақ, республикалық деңгейде қызмет атақараған, Гурьев облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Нұртас Оңдасынов еңбегін ерекшелей айту бізге парыз. Облысқа басшы болып келе салысымен Нұрекең Атырау мен Маңғыстаудың үлкен бролашағына сеніп, оны көтеру туралы Одақтық Үкімет алдына ресми түрде мәселе қойды. Академик Сәтбаевтың шақыруымен Гурьевте «Батыс Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру» мәселесіне арнап Бүкілодақтық ғылыми-техниккалық конференция өтті. Оңтүстік Ембі, Үстірт, Оңтүстік Маңғыстау және Жайық-Еділ аралығы аудандарында геофизикалық, геологиялық барлау жұмыстарын шұғыл өрістету туралы нақты шешім алынды.Үкімет үлкен қаражат бөліп, аталған аудандарды терең бұрғылап, барлауды КСРО Геология және Кен қоғау министірлігіне жүктеді.Көптеген бұрғылау қондырғылары жеткізілді. Соның артынша 1960 жылы Мартышида, Прорва алаңдарынан мұнай фонтаны атқылады. Бұл Н.Оңдасыновтың Жоғарғы Үкімет алдына қойып, өте көрегендік саясат ұстанғанын көрсетті.

1960 жылы Қазақ КСР –нің 40 жылдығы қарсаңында Қазақ радиосынан гурьевтіктер қандай табыстармен қарсы алғалы отырғыандықтары туралы облыстық партия комитетінің бірінші секретары Н.Оңдасыновтың мақаласын ұйымдастыруды тапсырды. Мен Нұрекеңе жолығып, дайындаған мақаласын магнитафонға жазып алдым. Ол геологиялық барлаудың нәтижесінде шалғай аудандарда қала типтес елді мекендер пайда болғанын, Атырау мен Маңғыстауда мұнай және газ кенорындарының ашылуы бұл аймақты таяу болашақта үлкен өндірісті аймаққа айналдыратынына сенімді екенін мәлімдеді.

Бұл өскен өлкеге таяу болашақта жоғары білімді маман кадрлар даярлау жөнінде Үкімет алдына мәселе қойды.

Маңғыстауда, Жетібай алаңынан мұнай фонтаны атқылағанда келіп көріп, түбек төрінде Қорғаныс министірлігінің құзырымен салынып жатқан «Меловой» деген қалаға тоқтап, мұнай, химия өндірістеріннің орталығы болғалы тұрған өндірістің, Атырау емес, Қазақстан экономикасына қосар үлесін бағамдады.Гурьевке келгенде өткізген кездесуде Нұрекеңнің: «Гурьев облысына коммунизм Маңғыстаудан келеді» деген қанатты сөзі сонда болғандардың әлі есінде.Нұрекеңнің шапағатын Гурьев пен Маңғыстаудың барша халқы көрді деп айтуға блады.Оның Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасы кезінде Гурьев облысына келіп, Атырау мен Маңғыстау шаруашылықтары жайылымдық жерін кеңейтіп, алыс отарларға су жеткізу үшін 150- дей автомашиналар бергенін ел ешқашан ұмытпайды.

1962 жылы көктемде облыстық партия комитетінде кезектен тыс пленум болатын болды. Бұл облыс партия ұйымына жаңа басшы сайлануға байланысты екен. Н.Оңдасынов денсаулығына байланысты кетіп жатыр деп естідік. Бірақ, Нұрекең жиналғандарға арнап: «Мен Сіздермен сегіз жылдай қызметтес болдым. Қайда жүргенде де сіздерді естен шығармаймын, адал да, айнымас көңілмен, жасампаз еңбекпен мені қолдап отырдыңыздар. Мұндай құрметті мен басқа жерден көргенім жоқ.Менің зейнеткерлікке шығуыме екі жыл қалған еді. Қайтерсің, пәрмен солай болып жатыр, басшылыққа жастарды көтеру керек деп жатыр, жоғарғы жақ» деп төс қалтасынан өзі сақтап жүрген қол сағатты көрсетті. «Мына сағатты 1943 жылы мен Совнарком төрағасы болып тұрған кезімде, соғыс жылдарында жан қиярлық еңбектерімен жеңісті жақындатуға ерекше үлес қосқан Новобогат ауданы еңбекшілері КСРО Қорғаныс Комитетінің Ауыспалы Қызыл Туын қатарынан үш мәрте алып, оны мәңгілік сақтауға қалдырғанда облыс делегациясы: «мынау байрақта Нұреке Сіздің де еңбегіңіз бар, мына сағат соның белгісі болсын» деп, маған сыйға тартқан еді. Сол сағатты мен әлі күнге дейін сақтап жүрмін. Бұл да менің сіздердің орталарыңда өткізген жылдарымның белгісі болсын деп, өзіммен бірге алып барамын» деді. Бәрі де қол шапалақтады.

Келесі жылы «елді сағындым» деп, Нұрекең тағы келді. Бірақ ол Москвада тұрып қалды.Қарап отырмай шығармашылдықпен айналысыпты.Сонда ол кісінің немен айналысқанын кейін Алматы Жоғарғы партия мектебінде оқып жүргенде ақын Меңдекеш Сатыбалдиев інімнен естідім.Ол «Қазақстан» баспасында істейтін. Бір күні баспаның директорымен бірге кабинетке Нұрекең кіріп келді. Мен қарсы жүріп ағаның қолын алдым. Директор мынау Сатыбалдиев деген өзіңіздің Гурьевіңіздің жігіті, жазушы, ақын» деп таныстырып жатыр.

Нұрекең: «Меңдекеш, мынау менің көптен ойлап жүрген еңбегім еді, қол босаған соң осымен айналыстым. Тәшкентте жүргенде діни семинарияға да қатысып, араб оқуын меңгерген едім, оның қазір керегі болғалы тұр. Мынау «Арабша-қазақша түсіндірме сөздік», алғашқы кітабын баспаға әзірлеуді өзіңе тапсырғалы тұрмын. Үстінен әдеби жағынан түзетуді қарарсың» деген. Мен оны дайындап болып, бастыруға келісімін алып ,шығып бара жатқанда Нұрекең: «Меңдекеш, сен мұнда қашан келдің, жағдайың қалай? деп сұрап алды. Келініңіз бен екі балам бар. Жеке үй жалдап тұрамыз, пәтер жағы қиын соғып тұр» дегенмін. «Жарайды, шырағым, жігіттерге айтармын» деді. Соның артынша, жылға жетпей, мені қалалық кеңес төрағасы шақырып алып, «Горный Гиганттан» үш бөлмелі жеке үй алып берді дегенді. Міне, «жақсыдан шарапат» деген осы. Бүкіл елге жасаған жақсылығы жалғыз адамға да жетіп жатты.(Меңдекештің үй алған кезде Нұртас ағасына жазған алғыс хатын біз қолжазба-құжаттарының арасынан таптық. Авт.Г.О.)

Н.Оңдасынов мезгілінде Хрущевтің жаппай тың игеруді желеу етіп, қазақстанның Солтүстік облыстарын Россияға қосу, Оңтүстік Қазақстанның үш ауданын Өзбекстанға, Маңғыстауды Түркіменстанға беріп, Қазақстанды бөлшектеу саясатына қарсы шықты. Халқының, оның болашағын ойлап жасаған әрекеттері жоғарғы жаққа жақпады, мұны білетін ел Нұрекеңнің қызметтен ерте кетуін соның салдары деп түсінді, сонысымен ол халықтың шексіз құрметіне бөленді.

Ел үшін, Қазақстан үшін қалтқысыз еткен еңбегі еленді. Ол үш мәрте Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.КСРО Жоғарғы Кеңесіне әлденешерет депутат болып сайланды».


Айдын Айбаров,

Гурьев қалалық Кеңес

төрағасының орынбасары
ДАНАЛЫҒЫ КӨП АДАМ

- Расы керек, Нұрекеңмен бірге біздің облысқа жаңару, өзгеше өмір келді. Жайбарақат жүріп жатқан тіршілігімізге жаңаша түр әкелді. Жастардың өнерге, оқу білімге деген құштарлығы артты. Не керек, ол қоғамның қозғаушы күші болды.

Жері тұзды, ештеңе өспейді деп жүрген жалқау қазақтарға бау-бақша өсіртпеді ме?!

Бұрын қалалықтар айран-сүт дегеннің не екенін білмейтін, ал, Нұрекең дүкендерді онымен толтыртты.

Қолайсыз жерде отырған балықшы ауылдарын көшіріп, тұрмыстарын түзеді.

Ал, Нұрекеңнің менің өмірімде алатын орны зор. Оны айтпасам азаматтығыма сын.

Бір күні мені ол өзіне шақырды. Ол кісі атыңды атамай «балам» деп сөйлейтіні болатын, сол әдетімен маған: «Балам, сені мен Петровскі зауытына партком хатшысы етіп жібергелі отырмын, жұмысшы ортасы мықты болады, көп нәрсені үйренесің, қысқасы, жұмысшы қазанында қайнайсың. Бірақ байқа, жұмысшы деген ешкімнен сескенбейді, турасын айтады», - деді. Келістім.

Бұл зауыт соғыс жылдарында Ресейден көшіп келген болатын. Мұнай өндірісіне қажетті құрал-саймандар мен маторларды жөндейді.

Содан жарты жыл өткен соң мені қайыра шақырды. Тағы да: «Балам, жоспар не болып жатыр? Қаладағы жалғыз зауыт, облыстағы бар мұнай кәсіпшілігі сендерге қарап отыр, сондықтан жоспарға тиянақты болмасаңдар болмайды», - деді. Ол кісінің ауызша айтқаны қаулы-қарарлардан, бұйрықтардан да мықты болатын. Сол кезде біраз қиындықтар туып тұрған-ды, соны айттым. Қолдау, көмек көрсетті, қиындықты жеңдік. Жоспарды ай сайын орындайтын болдық, оған қуанып, рахметін айтты.

Бір күні өзіне тағы да шақырып: «Сені қалалық Кеңеске орынбасар еткелі отырмын, қалай қарайсың?», - деді. Мен: «Жалақысы аз, отбасым үлкен», – деп едім, «Кемін толтырып береміз, бар», – деді. Ол жерде біраз жылдар қызмет істедім.

Нұрекеңмен талай іс сапарға бірге шықтым, көп әңгімесін тыңдадым. Ісінде де, сөзінде де даналығы көп адам еді. Өз өмірімде біраз бастықпен қызметтес болдым ғой, бірақ олардың бәрі бір төбе де, Нұрекең бір төбе. Басқалар қолдарындағы билігімен басқарса, Оңдасынов бойындағы парасатымен басқарған адам. Ел билеген адам солай болуы керек деп ойлаймын.

Ол әуелі өзіне, сосын халқына барынша адал болған адам. Бүгінгі бастықтардың үлгі алатын жері осы ...».



(Атырау, шілде, 2006 ж.)
Рахмет Өтесінов,

Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы,

жазушы.
ҰЛЫ ҰСТАЗ
-... Менің өз басымда шын ұстаз санап, табынып өткен адамдарым көп емес. Солардың бірі, дәлірек айтсам бірегейі—Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов.

Ол жалғыз мен емес бүкіл Қазақстан халқына ұстаздық еткен адам. Нұрекеңнің нақты іскерлікке құрылған жұмыс стилінен көп нәрсені үйренуге болады. Біз ол кісіні өзімізге ұстаз санадық, ел басқарудағы іс-тәсілінен, әрекетінен көп нәрсені үйрендік. Соның бірін әігімелеп берейін.

Обкомның пленумы, активтерінде өндіріс басшылары жұмыстағы кемшіліктерін техникалық жабдықтардың жетіспейтіндігімен дәлелдеп, жабдықтау мекемелерінің атына сын айтып, олардың басшыларына айыптап жататын. Сондай бір жиыннан кейін Нұрекең Совнархоз Төрағасы Сафи Өтебаевқа жабдықтау тресінің бастығы С.Г.Финкельштейннің есебін тыңдауға тапсырды және сол отырысқа өзі қатысатын болды.

Залда отырған тыңдаушылар үнемі Финкельштейннің үстінен сын айтып жүретін мұнай кәсіпшілігі директорлары.

Финкельштейн тәжірибелі адам ғой, есебін тек нақты цифрларға құрды.


  • Ең үлкен Қаратон кәсіпшілігінің директоры К.Х.Огай жаңа насос-компрессор трубасы жетпейді деп сын айтты. Мынау соның осы жылғы берген сұранысы, - деп, бір жапырақ қағазды Оңдасыновтың алдына қойды да, әрі қарай – біз оның үстіне 20 пайыз қосып артығымен алдырдық. Мынау біздің Қаратонға жіберген трубамыз. Ал қалғаны базада жатыр. Өздері алмайды.., - деді.

Бұдан кейін Финкельштейн дәл осы сияқты дәлелдерді өзін сынаған кәсіпорын директорларының бәріне айтып, дәлел-қағаздарын бірінің үстіне бірін қойып, Нұрекеңнің алдына үйіп тастады да: «Кімде қандай сұрақ бар?.. – деп тақылдап тұрып алды. Мынандай дәлелге директорлар дәрменсіз болып шықты. Залда тыныштық. Бәрі үнсіз. Біз отырмыз әлгі «сыншы» директорларды қазір Нұрекең сойып салатын, бәрінің ит терісін басына қаптайтын шығар деп. Жоқ, Нұрекең өйтпеді. Әлгі Финкельштейн қойған бар қағазды қасында отырған Совнархоз төрағасы Сафи Өтебаевқа қарай ысыра салды да, орнынан тұрып үн-түнсіз шығып жүре берді.

Осылай Нұрекең бірімізге-бірімізді, өтірік пен шындықты беттестірді де, «қырам-жоям» деп кейбіреулердей сұқ саусағын шошайтпай-ақ, бір сөз айтпастан, дәйегі жоқ сыншыларды мақтамен бауыздап, байлап салды.

Енді экзекуацияның болмайтынын түсінген жігіттер бастарын көтеріп, бойларын жазып, «уф» деп, демдерін бір алды. Ендігәрі дерексіз сын айтпасқа ант бергендей күйде еді бәрі де.

Сөйтіп, Нұрекең «сынның нақтылығы» деген тақырыпта осындай сабақ берген бізге.

Міне, жақсыдан жақсы сөз, іс қалады десе, Оңдасынов артында да осындай өнеге, үлгі, тәлім алатын әңгімелер ел аузында көп...
***

...1960-шы жылдардың басы Маңғыстаудан мұнай іздеу жұмыстарының шешуші кезеңі болды.1957-ші жылы құрылған мұнай барлау тресінің терең бұрғылау жұмыстары нәтиже бермей, Мәскеудің Маңғыстауға артқан сенімі азая бастаған кез еді. Енді тез арада мұнай табылмаса бар назарын Батсы –Сібір мұнай барлаушыларына аударуға бет алған.

Егер май шығып жатса Одақ үшін әрине, Маңғыстауды игеру жеңілдеу және тиімдірек. Сондықтан әлі күдер үзе қоймаған.

1959 жылы мамыр айында Нұрекең барлаушыларды жинап алып, « не істеу керек» екенін анықтау мақсатында үлкен кеңес ашты.

Оған Республикалық Геология –барлау Министірі Шахмардан Есенов, Батыс-Қазақстан Геология басқармасының бастығы Евгений Иванов, Гурьевтегі мұнай барлау ғылыми-зерттеу институтының директоры Сәкен Шақабаев, «Совнархоз» төрағасы Сафи Өтебаев, Ембі мұнай бірлестігінің бастығы Досмұқамбетов, белгілі геологтар Имашев, Өзбекқалиев және Мәскеудегі осы бағытта жұмыс жасап жатқан ғалымдар мен ірі мамандар қатысты.

Мақсат—тезірек Маңғыстау мұнайын ашып көзге көрсету. Сонда ғана Батыс-Сібірмен бәсекеге түсуге мүмкіндік бар.

Мәжіліс қортындысында терең бұрғылау қондырғыларын Жетібай, Өзен алаңдарына аудару ұйғарылды.

Алдында Өзенде жеңіл бұрғылау крелиус станогі жоғарғы қабаттарда газ бар екенін анықтаған. Газ бар жерде мұнай да болуы керек. Тіпті Н.Имашев сияқты геологтар «сол жерден мұнай шықпаса мен басыммен жауап берем» деп сендірді. Мәжіліс сондай қаулы алды. Бұл 1961-ші жылдың күзінде болған әңгіме. Мен сол кезде обкомның өндіріс бөлімі меңгерушісәі болатынмын.

Мені мен Е.Ивановты ертемен Нұртас Оңдасынов өзіне шақырып алып, бұл үлкен шаруаны неден бастау керек екенін талқыға салды.

Біз тезірек қондырғыларды жаңа алаңға көшіріп, бұрғылауды дереу бастау керек» деп жауап бердік.

Нұрекең әдеттегідей сабырмен тыңдап алып, біраз ойланып отырғаннан кейін: «сол маңызды жұмысты ойдағыдай орындайтын кімдерің бар?»- деп сұрақ қойды. Біз бұрынғы істеп жүрген жігіттерді атап едік, оған Нұрекең қанағаттанбады. Ойланыңдар» -деп, қоя берді.

Ертеңіне демалыс күні болатын, Нұрекең маған «Сағындықовты шақыр» деп, тәртіп берді.

Рахымжан Сағындықов Қазақстан мұнай өндірісін қолдан құрғандардың бірі, бұл саладағы үлкен маман, ірі өндіріс басшысы, қазір Батыс-Қазақстан геология басқармасында бастықтың орынбасары болып істейтін. Рекең «не жөнінде?» деп еді, мен «Маңғыстаудағы мұнай барлау жұмысы жөнінде болар» дедім. Анығын өзім де білмейтін едім.

Нұрекең Рекеңді жылы қабылдады. Алдындағы мен берген анкетама қарап отырып « құрдас кекенбіз ғой» деп қойды. Екеуінің де туған жылдары –1904 жыл. Шалдардың әңгімесі жарасты, арасында әзілдесіп те алады. Бұндай бейресіми жағдайда Нұрекеңді сирек көретінбіз.

Біраздан кейін әңгіменің тоқ етеріне көшті.

--Қазір облыс үшін ең маңызды мәселе—Маңғыстауда мол мұнай қоры бар екенін дәлелдеу. Сол мақсатта, Жетібай, Өзен алаңдарын барлауға екі экспедиция құрылып жатқанын білесің. Осындай түйінді шаруаны тындыруға сенімді кісі іздегенде есіме өзің түстің,- деп, Сағындықовқа сынай қарап алды да әңгімесін жалғады-- әлгі екі экспедицияның біріне өзің барып, Маңғыстау мұнайының көзін ашып берсең үлкен іс тындырған болар едің. Еңбегің тиісті бағасын алады деп сендіремін.

--Нұреке-ау, Сіз солай ұйғарсаңыз, солай болады да қояды,-деп, Рекең оп-оңай келісім бере қойды.

Сырт көзбен қарағанда мынадай үлкен бастықтың анадай кіші жұмысқа бара қойғаны таңданарлық жағдай.

Нұрекең сөз арасында «или Гурьев в крестах, или голова в кустах» деп қойды. (Мен айтылған күйінде беріп отырмын).

Артынан ойлап қарасам, еңбек жолын осылай нәтижелі қортындылау керек дегені екен. Рекең марапатқа кенде емес.Ленин орденінен бастап, Кеңес Үкіметінде бар награданың бәрі осы кісінің кеудесінде. Жетпейтіні тек Еңбек Ері атағы. Сірә, екеуінің үнсіз түсініскені сол жөнінде болса керек.

Өкінішке орай, олардың бұл жоспары орындалмады.

Келесі, 1962 жылы, Сталиннің кадірі деді ме, кезінде Өзбекстанға үш ауданды бермегені үшін алакөз болып жүргендіктен бе, әйтеуір, Хрущев соңынан қалмай жүріп Оңдасыновты зейнеткерлікке жасы толмаса да, 58 жасында шығарып жіберді.Қалған жас бастықтар Рекеңе (Сағындықовқа) бұрынғыдай кеңістік бермеді.Сәл нәрсені ілік қылып аяқтан шалды да тұрды.Оларға істің алға басқаны емес, өздеріне жалбақтап бағынғаны керек болды.

Оған көнбеген Сағындықов құрдасының артынан зейнеткерлікке шығып кетті.

Бір ғажабы- екеуі де басқа жұмысқа бармады. Уақталмады. «Емен майыспайды, тік тұрып құлайды»-екі азаматтың әрекеті дәл сондай болды.Әрине, олар әлі де он-он бес жыл жұмыс істеулеріне болатын еді, соған ылайық та болатын.Бірақ, өздері кеткенмен арттарында істері қалды.

Көп ұзамай Жетібайда Сағындықов бастап қаздырған №9-шы скважинадан мұнай фонтаны атқылады. Сөйтіп, көптен күткен Маңғыстау мұнайының қайнар көзі ашылды.Сол жылы Өзен кен орнында мол мұнай қабаттар жатқаны бүкіл әлемге паш етілді.Бұл кезде Батыс-Сібір мұнай кен орындары ашылғанмен олардың игеруі әлі шешіле қоймаған ды.

Енді Үкімет назары Маңғыстауға ауды.Тағдырдың таңдауымен әлгі ағаларымның үлгермей кеткен істерін жалғастыру менің үлесіме тиді.

1963-ші жылы партиялық жолдама алып, Маңғыстау мұнайын тезірек игеру жұмысына араласып кеттім. Бір жылдың ішінде мұнай қорының мөлшерін анықтап,Үкімет тарапынан бекіттіріп, 1964-ші жылы жаңа ашылған Өзен мұнай өндіру басқармасына басшылық еттім.



Нұртас Оңдасынов ұстазым армандаған Маңғыстау мұнайының 1-ші эшелоны 1965-ші жылы 10-шы шілдеде Гурьев мұнай өңдеу зауытына жөнелтілді.

Маңғыстау түбегі еліміздің үлкен индустриялық орталығына айналды. Қазір Жаңа Өзенде жүз мыңға жуық халық тұрады. Қазіргі ұрпақ осы үлкен істің басында мемлекет қайраткері, нағыз халқының қамын ойлаған Нұртас Оңдасыновтай аға ұрпақ ардагерлердің ерен еңбегі жатқанын білуі керек.

Жақсының өзі өлгенмен ісін өлтірмеуіміз керек, жас жеткіншек санасына ұялату біз секілді аға ұрпақтың парызы болмақ».
ТҰРАРБЕК ИГІЛІКОВ,

Гурьев облыстық партия комитеті

ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы
ШЫНДЫҚҚА АЙНАЛҒАН АҢЫЗ
-Мен Нұртас Оңдасыновтың іскер басшы, ұтқыр ұйымдастырушы екенін жыға 1959 жылы білдім. Ол кезде мен Гурьев облыстық партия комитетінде ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы болып істейтінмін. Ол кісінің жұмысты қалай ұйымдастыратынын, басқаратынын көзімізбен көрдік. Кейбір бастықтардай айғайлап-ұйғайлап берекені кетірмейтін, тапсырманы байыппен түсіндіретін. Ал, егер түсінбей қалып жатсаң, ренжімей байыппен қайыра баяндайтын. Берген тапсырмасын аяқсыз қалдырмайтын, сұрап отыратын. Қайсыбір мәселені де асығыс шешкен емес.

Гурьев облысына басшы болып Нұртас Оңдасыновтың келуі күрделі оқиға болды. Бұрын Қазақстанды басқарған адамның облысқа келуі қуантты. Мешеу, экономикасы артта жатқан облысты көтеретін болды деп көбісі, әсіресе, халық үміт күтті. Келе салысымен ол кісі бүкіл облысты түгел аралап шықты. Жетістігі мен кемшілігін өз көзімен көрді. Жасыратыны жоқ, ол кезде облыста қордаланып қалған проблема көп еді. Танысып, жай-жапсарды біліп алған соң сол проблемаларды біртіндеп шеше бастады.

Қатты қолға алғаны мұнай өндірісі болды. Менің есімде, бірде мұнай мәселесіне байланысты партияның пленумы болды. Сонда Оңдасынов Гурьевте мұнайдың үлкен болашағы бар екенін, ғалымдардың нақтылы дәлелдерін келтіре отырып баяндама жасады. Негізі Оңдасынов бос сөзге, сөзуарлыққа әуес болмайтын. Не айтса да дәлелмен, мысалмен сөйлейтін. «Өндірісті дамытсақ халықтың тұрмысы күрт жақсарады» дегенді жиі айтатын. Сондықтан да ол келе мұнайды іздеу мен бұрғылауға көңіл бөліп, қолға алған.

Оның басшылығымен 1959 жылы Гурьевте мұнай тақырыбына байланысты ғылыми-техникалық конференция өтті, өзіміз соның ұйымдастыру шараларының басы-қасында жүрдік. Оңдасынов баяндама жасады. Баяндаманың маңызды болғаны соншалық осыдан кейін ғалымдардың көзқарасы Маңғыстау мұнайына күрт өзгерді. Артынша Гурьевтен мұнай мен газ проблемасымен айналысатын Геология және геофизика ғылыми зерттеу институты ашылды.

Оңдасыновтың келуімен Маңғыстауда мұнай іздеушілер, бұрғылаушылар бұрынғыдан төрт-бес есеге көбейіп, даланың келбеті өзгерді, жаңа қалашықтар пайда болды. Мұнайшы, бұрғышы, инженер, геолог мамандығына қызығушылар саны артты. Көп жасты Мәскеу, Ленинградқа оқуға жіберді.

Өндірістің өсуіне байланысты «Манғышлакнефтегазразведка» тресі құрылды. Бұл облыс орталығынан тым алшақта жатқан Маңғыстау мұнайын іздеуге мол мүмкіндік жасады.

Бірде Оңдасынов Маңғыстауды аралап, ауданда актив өткізіп тұрып, мұнайдың мол қоры барын баяндай келе: «Коммунизм – Маңғыстаудан басталады!» - деді. Көпшілік ду қол соқты. Ел бұл сөзге көп сенім артты. Кейіннен бұл сөз маңғыстаулықтар арасында аңыздай болып айтылып жүрді. Шынында да, сол аңыз бүгінде шындыққа айналған жоқ па?! Оның көрегендігіне риза боламын өз басым. Және бүгінгі мол мұнайдың басы сол жылдардың ізденісі мен бастамаларында, Оңдасынов басшылығында деп түсінемін.

Атырау, шілде, 2006 ж.
РАМАЗАН ЕРУБАЕВ,

Гурьев облысы Жоспарлау

комиссиясының төрағасы

МҰНАЙШЫҒА ҚАМҚОРЛЫҚ
Оңдасынов облыстың кең салалы шаруашылығын бірден қолға алды, көптеген шараларды іске асырды. Соның ішінде мұнайға зор көңіл бөлді, бүгінгі мол мұнайдың негізі сол жылдарда қаланған деп айтуға әбден болады. Бұл жөнінде сол кездің баспа беттерінде мағлұматтар көп.

Өзімнің және бір білерім, Оңдасынов жастардың білім алуына көп көңіл бөлді. Сол кездің сирек мамандығы: мұнайшы, инженер, технолог және мұғалім, дәрігер мамандықтарына облыс жолдамасымен талай баланы жоғары оқу орнына жібергенін біз білеміз. Мен ол кезде облыстық оқу басқармасында жоспарлау және қаражат бөлу бөлімін меңгердім.

Облыста мұнайдың көздері ашылып, өндіріс күрт дами бастады. Қала, аудан орталықтарынан шалғайда жатқан мұнайшылар балаларын оқыту қиынға түсті. Сол кезде баланың саны аз бастауыш мектептер жабылсын деген Үкімет қаулысы шықты. Ол қаулыны орындайтын болсақ, бар барлаушы мен мұнайшының балалары ата-анасынан ұзақта, мектеп-интернатта оқуы керек болды. Бұл көбіне ұнаған жоқ. Онсыз да аз кадр—мұнайшы, барлаушылардың тұрақтамауына әкелді. Осы тұста Оңдасынов Үкімет қаулысын бұзды...

Өз қызметімізге байланысты жыл сайын, жылдың басында облыста қанша мектеп, клас, онда қанша бала оқиды дегеннің мәліметін жинақтап, облыстық атқару комитетінде есеп береміз. Ол кезде төраға Нұртас Оңдасынов болатын. Есеп беруге Облыстық Оқу бөлім бастығы және мен қатысамын. Жоспарды талдап отырып, бірде бізге: «Қисынын келтіріп мұнайшылар балалары оқитын бастауыш мектептерді жаппаңдар, балаларына жағдай жасамасақ жапан түзде олар тұра ма... Министрмен өзім сөйлесемін», - деді. Үкіметтің артық ақшасы шығып жатса да Оңдасынов мұнайшылар үшін, бала саны толмаса да бастауыш мектептерді жапқызбады. Бұл адам жағдайын, бала болашағын ойлағандық емес пе?!

Республикада 1956 жылдан бастап мектеп-интернаттар ашуды қолға алды. Алғаш Гурьевте, сосын бір жылдан кейін Жылой ауданында, Маңғыстау ауданында... ашыла бастады. Осы интернаттардың жабдықталуына Оңдасынов көп көңіл бөлді. Мұнда негізінен малшы мен мұнайшылар балалары оқыды. Осындай мәселелерді шешу арқылы мұнайшылар тұрақтанды.

Айта кететін бір нәрсе – Оңдасынов бастамасымен облыста «спутник» мектептер көбейді. Мемлекеттік мектептер қасынан колхоздарға, кәсіпшіліктер мен өндіріс орындарына жаңа мектептер салып беруді талап етті, ол жақсы нәтижесін берді. Көптеген мектептер соның арқасында жаңарып, жақсарып қалды. Тағы бір бастамасы, елді мекендерді, аудан, қаланы көгалдандыру мен ағаш отырғызуды қолға алды. Қазіргі Атыраудағы зәулім ағаштар – Оңдасынов отырғызған ағаштар...».



жүктеу 5,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау