Идеал сұйық деп тұтқырсыз сығылмайтын жалған, табиғатта кездеспейтін сұйықты атаймыз.
Сұйықтың қозғалысына қатысты гидравликаның негізгі теңдеулері үзіліссіз идеал сұйықтың элементар сорғысы үшін қабылданады. Содан соң ол теңдеулерді табиғи сұйықтардың қозғалысына сәйкес қолданбалы түріне келтіру үшін ондай қозғалыстардың ерекшеліктерін ескеретін тәжірибеден алынған коэффициенттер енгізіледі.
СҰЙЫҚТЫҢ АҒЫНЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Сұйықтың ағыны деп қабылданған қималардың арасында қатты денелермен, қатты денелермен және газ ортамен, тек газ ортамен немесе сұйық ортамен қоршалып шектелген элементар сорғылардың жиынтығын атаймыз.
Қималардың арасында тек қатты денелермен қоршалған ағынды тегеуірінді ағын деп атайды (толық құбырлардағы ағындар).
Қатты денелермен және газ ортамен қоршалған ағындарды тегеуірінсіз ағындар деп атайды (ашық арналардағы, толмаған құбырлардағы ағындар).
Газ ортамен қоршалған ағындар еркін сорғылар деп аталады (өрт сөндіретін, фонтан сорғылары.
Сұйық ортамен қоршалған ағындар сұйық басқан немесе көмілген сорғылар деп аталады (бұлақтар, т.б. ағындар).
Ағынның қимасынан өтетін мөлшерді элементар мөлшерден құралған деп санауға болады:
ОРТАША ЖЫЛДАМДЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Ағынның қимасындағы нүктелерде жылдамдықтың мағыналары әр түрлі болады, сондықтан ағынның параметрлерін есептеу үшін, орташа жылдамдық деп аталатын жылдамдық қолданылады (23-сурет). Демек, б.а. оның мағынасы қимадан өтетін мөлшерге сәйкес болуы тиіс.
Орташа жылдамдық деп қиманың барлық нүктелерінде бірдей болатын жалған, бірақ қимадағы шын мөлшер арқылы анықталатын жылдамдықты атайды.
Сонда ағын үшін
Бұл теңдеудің үзіліссіздік сақталса ғана орындалатыны түсінікті. Сондықтан ағын үшін де элементар сорғыдағыдай мөлшерді тұрақты деп қабылдаймыз:
, (24)
е кі қима үшін
(25)
н емесе
(26)
(24), (25), (26) теңдеулер үзіліссіздік заңының теңдеулері деп аталады.
23 – сурет. 24 – сурет.
СҰЙЫҚТЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Сұйықтың бірқалыпты, бірқалыпты емес, қалыптасқан, қалыптаспаған, баяу өзгеретін түрлері болады.
Ағынның жылдамдығы және қималарының ауданы оның бойында өзгермейтін болса, сұйықтың қозғалысын бірқалыпты қозғалыс деп атайды.
Егер бұл шарт орындалмайтын болса, сұйықтың қозғалысы бірқалыпты емес қозғалыс деп аталады.
Ағынның жылдамдығы және қималарының аудандары уақыт өзгергенімен өзгермейтін болса, сұйықтың қозғалысын қалыптасқан қозғалыс деп атайды.
Егер бұл шарт орындалмаса сұйықтың қозғалысы қалыптаспаған қозғалыс деп аталады.
Ағынның параметрлері ( , )кілт және көп өзгермейтін болса, сұйықтың қозғалысы баяу өзгеретін қозғалыс деп аталады.
Гидравликаның негізгі теңдеулері мен заңдылықтары бірқалыпты және қалыптасқан қозғалыс үшін қабылданған, бірақ оларды баяу өзгеретін қозғалыс үшін де қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |