Қазақстан Республикасыны Оқу-ағарту министрлігі
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚОСТАНАЙ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
“Қаржылық есеп” пәні бойынша курстық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ: Қызмет етіп тұрған кәсіпорынды мысалға ала отырып, кәсіпорын есеп саясаты.
Орындаған: 3 курс студенті Жақсылық А.Ж.
Мамандығы: 0518000 Есеп және аудит
(экономист-бухгалтер)
Жетекшісі: Аленова Сауле Тасболатовна
Қорғау күні:___________ бағалау:___________
Қостанай, 2023
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ………………………………………………………………..…............
|
3
|
1 Есеп саясатының теориялық негізі..................................................................
|
5
|
1.1
|
Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар...............
|
5
|
1.2
|
Есеп саясатының мазмұны және негізгі аспектілері..............................
|
10
|
2 Есеп саясатын ұйымдастыру тәртібі ..............................................................
|
20
|
2.1
|
«Нұрлан» шаруа қожалығының қызметінің сипаттамасы.....................
|
20
|
2.2
|
«Нұрлан» шаруа қожалығының есеп саясаты.........................................
|
21
|
Қорытынды………………………………………………………………...........
|
25
|
Пайдаланылған дереккөздер тізімі…………………………………….............
|
26
|
Кіріспе
Менің жазғалы отырған курстық жұмысымның тақырыбы «Қызмет етіп тұрған кәсіпорынды мысалға ала отырып, кәсіпорын есеп саясаты».
Осы жұмысымда «Нұрлан» ш/қ мысалға алу арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым теориялық және практикалық тұрғыдан негізгі кәсіпорынның есеп саясатын зерттеу. «Нұрлан» ш/қ орналасқан жері Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ақсай ауылы.
Елімізде нарықтық қатынастар салтанат құрғандықтан, дамыған елдердің тәжірибесіне көз жүгірту керек. Әсіресе, қаражат саласына назар аударғанымыз жөн. Осы жерде маңызды орынды есеп саясаты алады.
Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге (Қазақстан Республикасының аймағында тіркелген резиденттік емес өкілдіктер мен филиалдар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандартта-рында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған.
Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат - бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі. Есеп саясатын негіздеу және таңдау кезінде барынша жалпы танылған талаптар мен қағидалар басшылыққа алынады және оны сақтаған жағдайда кәсіпорын үшін де, жалпы республика бойынша да шаруашылық жағдайына бейімделген есеп саясатын қалыптастыру мүмкіндігі туады [1].
Достарыңызбен бөлісу: |