Тексеру сұрақтары:
1.Топография ғылымы нені зерттейді?
2.Картография топография негіздері пәнінің ғылымдар жұйесіндегі орны қандай?
3.Картография топография негіздері пәні қандай пәндермен байланысады?
Әдебиеттер:
1.Грюнберг Г.Ю. Картография с основами топографии. Москва, Просвещение, 1991. 4-5 беттер.
2.Гедымин А.В. Картография с основами топографии. Часть 1. Москва, Просвещение, 1973.
3. Южанинов С.В. Картография с основами топографии. Москва, 2001. 4-6 беттер.
Дәріс № 2
Тақырыбы: Топографиялық карта және оны қолдану.
Дәрістің мазмұны.
1. Топографиялық картаның қасиеті. План және карта.
2. Картаның масштабы, олардың түрлері. Сандық масштаб. Масштаб дәлдігі және шамасы.
Мақсаты: Студенттерге картаның масштабы және олардың түрлері туралы түсінік беру.
1. Жер бетін картографиялық бейнелеу план және карта болып бөлінеді. План – дегеніміз Жер бетінің дөңестігі ескерілмей жергілікті жер бетінің шартты түрде жазықтықта кішірейтіліп бейнеленуі. План жергілікті жердің салыстырмалы түрдегі кіші-гірім участоктерін бейнелеп байқалмайтын бұрмаланулар арқылы жазықтықта жасалады.
Карта - дегеніміз жер бетінің едәуір территориясының Жердің дөңестігін ескере отырып картографиялық проекцияда салынған жазықтықтағы кішірейген кескін. Карта арқылы шешілетін міндеттердің сан алуандығы мазмұны жағынан да, олардың масштабтары жағынан да әр түрлі карталардың қажеттілігін тудырады. Мазмұны жағынан географиялық карталар жалпы географиялық және тақырыптық болып бөлінеді.
2.Топографиялық карталардың масштабы деп картадағы ұзындық сызықтарының горизонтальдық проекциялар ұзындықтарының жергілікті жердегі сызықтардың сәйкестік қатынасын айтады. Бұндай қатынас түрін масштаб ұзындығы деп атайды. Физикалық беттегі кіші-гірім ойыстың еңістік бұрышының горизонтальдық проекцияның сызығы, еңістік сызықтың ұзындығынан өзгешелігі болар-болмас болады., сондықтан картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі ұзындық сызығына қатынасын масштаб деп санауға болады.
Картада масштаб сандық қатынаста берілсе, оны сандық масштаб, сонымен қатар атаулық (сөздік) және сызықтық (графикалық) масштаб түрінде де беріледі. Бұл көрсеткіштер картаның жабдықтау элементтеріне жатады, олар карта бетінің төменгі жағында, оңтүстік рамканың астында жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |