Тақырыбы: Топографиялық карталардың номенклатурасы және жіктелуі.
Дәрістің мазмұны.
1. Топографиялық карталардың номенклатурасы және жіктелуі туралы түсінік.
2. Масштабы 1: 1 000 000 картаның жіктелуі.
Мақсаты: Студенттерге топографиялық картаның номенклатурасы және жіктелуі туралы түсінік беру.
1. Топографиялық картаның масштабы ірі болғандықтан үлкен территорияны бейнелеуде бір бетте беру мүмкін емес, сондықтан оны бірнеше беттер түрінде бейнелейді. Картаның бірнеше беттерге бөлінуін жіктелу (разграфка) деп атаймыз. Әрбір бет меридиандар мен параллельдермен шектелген, өйткені меридиандар полюстерде бір-бірімен қосылғандықтан, параллельдер мен меридиандармен шектелгендіктен трапециялық беттер құрайды. Беттің мөлшері ендіктер мен бойлықтар бойынша картаның масштабына байланысты болады.
Картаның әрбір бетін белгілі бір белгімен немесе адресін белгілеу (өйткені картаның беттері мыңдаған және оданда көп болып келеді) үшін белгілі бір белгілеу жүйесін қолданады оны топографиялық картаның номенклатурасы деп атайды. Топографиялық картаның номенклатурасы картаның масштабына және бейнеленіп отырған территорияның орнына байланысты болады.
2. Миллиондық масштабтағы карталардағы белгіленулер негізінен әріптік қатарлармен колонналар номерінен тұрады. Мысалы, екі параллель арсындағы 52º пен 56º с.е. орналасқан және екі меридиан арсындағы 30º пен 36º ш.б. орналасқан трапеция төмендегідей номенклатураға ие болады. N36, яғни бұлар 14-ші белдікте (14 әріп N орналасқан) және 30º және 36º меридиандар арасы 36 колоннаға сәйкес келеді.
Масштабы 1: 500 000 картаның номенклатурасын алу үшін масштабы 1: 1 000 000 картаның бір беттік трапециясына меридиан және параллель жүргізу арқылы 4-ке бөледі. Әрбір беттің номенклатурасы бастапқы 1:1 000 000 масштабтағы номенклатураға тіркеліп жазылады. Мысалға, N36-А.
Масштабы 1: 50 000 картаның номенклатурасын алу үшін, масштабы 1: 100 000 картаның қамту трапециясын ке бөлу арқылы алады. Мысалға төмендегідей номенклатураны алуға болады N36-54-Г.
Масштабы 1: 25 000 картаның номенклатурасын алу үшін елу мыңдық масштабтағы картаның номенклатуралық бетін 4-ке бөлу арқылы алады. Алынған номенклатура елу мыңдық номенклатурадан кейін жазылады. Мысалы, N36-54-Г- а..
Масштабы 1: 10 000 картаның номенклатурасын алу үшін масштабы 1: 25 000 картаның номенклатуралық бетін 4-ке бөлу арқылы алады. Алынған номенклатуралық бет жиырма бес мыңдық масштабтағы номенклатурадан кейін қосып жазады. Мысалға, N36-54-Г- а – 2.
Достарыңызбен бөлісу: |