|
География пәнінен пиза тапсырмалары 1 -тапсырма. «Жылыжай эффектісі»
|
бет | 5/8 | Дата | 08.01.2023 | өлшемі | 130,01 Kb. | | #40874 |
| География п нінен пиза тапсырмалары 1 -тапсырма. «Жылыжай эффект6-тапсырма. Көлік инфрақұрылымы
Автомобиль көлігі салмағы бойынша жүк тасымалдаудан дүниежүзінде бірінші орын алады. Ол жүкті жылдам және соңғы пунктке дейін жеткізуімен ерекшеленеді. Автомобиль көлігінің қолайсыз жағына 3 мысал келтіріңіз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7-тапсырма. Көлік инфрақұрылымы
Құбыр жолдары сұйық және газтәрізді жүктерді тасымалдау тәсілінің экономикалық тұрғыдан ең тиімдісі болып табылады. Неліктен?
A . Жүкті тоқтаусыз жеткізеді, әрі көп қызмет күшін талап етпейді.
B . Жүкті жылдам әрі соңғы пунктке дейін жеткізеді.
C. Ауа райын талғамайтын көлік түрі.
D . Пайдалану құны арзан, жүкті ұзақ қашықтыққа тасымалдайды.
8-тапсырма. Топырақ
Топырақ табиғи дамудың нәтижесінде және адам қызметінің әсерінен әрқашан өзгеріп отырады. Ғалымдар топырақ жамылғысының болашағы тікелей адамға байланысты деп санайды. Топырақты жүйесіз пайдаланудың нәтижесінде эрозияға ұшырайды. Эрозияның пайда болу себептері: жерді жырту, суару, тыңайтқыштарды аса көп мөлшерде қолдану, мал жайылымдары, ормандағы ағаштарды кесу, т.б.
Сұрақ: Топырақ құнарлылығына желдің тигізетін зияны қандай?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
9-тапсырма. Өнеркәсіп салалары
Түрткіжайттар – бұл сәйкесінше мәселелерді зерттеу немесе шешу кезінде назарда ұстау қажет маңызды жағдайлар. Өндіргіш күштерді орналастыру түрткіжайттары деп жекелеген кәсіпорындарды, олардың топтары мен салаларын орналастыру үшін орын таңдауға әсер ететін барлық себептерді атайды. Кәсіпорынды сәтті орналастыру өнімді өндіруге және таратуға жұмсалатын шығынды азайтады және оны сатудан түсетін табысты арттырады.
Сұрақ: Тұтынушылық немесе нарықтық түрткіжайтқа қандай салаларды орналастыру керек? 2-кестеге ия/жоқ жауабын жазыңыздар.
|
Ия
|
Жоқ
|
Машина жасау
|
|
|
Тағам өнімдері
|
|
|
Аяқ киім
|
|
|
Көмір өндіру
|
|
|
Тұрмыстық техника
|
|
|
Фармацевтика
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|