|
География пәнінен пиза тапсырмалары 1 -тапсырма. «Жылыжай эффектісі»
|
бет | 4/8 | Дата | 08.01.2023 | өлшемі | 130,01 Kb. | | #40874 |
| География п нінен пиза тапсырмалары 1 -тапсырма. «Жылыжай эффектАшқан жаңалықтары
|
Келесі қорытындыларды жасауға болады ма?
|
Ия немесеЖоқ?
|
Жағалау аймақтарының шөгінді тау жыныстарынан әр түрлі динозаврлардың іздері табылған
|
Бір кездері бұл аумақта әр түрлі динозаврлар өмір сүрген.
|
Ия / Жоқ
|
Бұл аймақта мұнай мен тас көмір табылды
|
Бұрын бұл аймақта белсенділі
вулкандық атқылаулар болды
|
Ия / Жоқ
|
Тау жүйесінің шыңдарында
теңіз моллюскаларының тасқа айналған қалдықтарын табылды
|
жер қыртысындағы тақталар қозғалысы әсерінен теңіз түбінің көтерілуі нәтижесінде таулар пайда болды
|
Ия / Жоқ
|
3-тапсырма.
Энергияның балама көздері дегеніміз – болашақта энергия алудың, берудің және пайдаланудың жиынтығы. Олар дәстүрлі энергия көздері тәрізді кеңінен таралмаған, алайда пайдаланудың тиімді, қоршаған ортаға зиян келтіру қаупінің төмен болуына байланысты қызығушылықты тудырып отырған сала болып табылады.
Сіздің ойыңызша энергияның балама көздеріне нелер жатады? Өз ойыңызды жазыңыз және дәлел келтіріңіз.
Қазақстанда энергияның балама салаларын дамытуға қолайлы аймақтар бар ма? Осы аймақтарды атаңыз және негіздеме келтіріңіз.
Энергияның балама салаларын дамыту не үшін қажет деп ойлайсыз?
4-тапсырма. Гималай тауларының бөктеріндегі Черрапунджи елді мекенін құрлықтың «ең ылғалды жері» деп атайды. Бұл жерде жылына 12000 мм жауын-шашын түседі.
Сұрақ: бұл құбылыстың себебін қалай түсіндіруге болады?
Астана қаласына осынша жауын-шашын мөлшері қанша уақытта түсетінін есептеңіздер.
Дүние жүзінде жауын-шашын мөлшері көп түсетін тағы қандай жерлерді білесіздер, атап шығыңыздар.
5-тапсырма. Солтүстік Америкада радиодан және теледидардан мысалда келтірілгендей ұсыныс-хабарлама жиі болады. Мысал: егер сіз үйде болмасаңыз және жақын жерде ешқандай баспана болмаса – жақын жердегі арыққа немесе ойпаң жерге етпетіңізден жатыңыз, басыңызды қолыңызбен немесе қалқан бола алатын затпен жабыңыз. Егер сіз машинада болсаңыз – жүріп кетуге тырыспаңыз, машинадан түсіңіз және жақын жердегі орға жатыңыз. Егер сіз үйде болсаңыз терезеден, есіктен және үйдің ішкі қабырғаларынан алшақ тұрыңыз, үйдегі жертөлеге тығылыңыз. Жылжымалы үйде, шатырда болсаңыз, одан шығып неғұрлым сенімді баспана табуға тырысыңыз.
Аталған ұсыныстарды сақтаған жағдайда, адам өзінің өміріне төніп тұрған қауіпті және жарақат алу қаупін азайтуына болады.
Сұрақтар:
1. Бұл ұсыныстар қандай табиғи құбылыс барысында маңызды болып табылады?
2. Бұл құбылыстың нәтижесінде болатын зардаптар немен байланысты?
3. Бұл құбылыс туралы не білесіздер?
4. Жер шарының қай аймақтарында жиі байқалады?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|