География және туризм кафедрасы геология 5В060900 «География» мамандығы студенттеріне арналған зертханалық практикум Павлодар Кереку 2012



жүктеу 2,67 Mb.
бет4/4
Дата29.01.2018
өлшемі2,67 Mb.
#8057
түріПрактикум
1   2   3   4

Минералдардың жіктемесі. Барлық минералдарды жыныс құрушы және сирек (акцессорлы) болып бөлінеді. Табиғи жағдайларда жынысқұрушы минералдар көптеген тау жыныстарын құрайды және көп мөлшерде таралады (оларға 100-ге жуық минералдар жатады). Сирек минералдар әр бір тау жынысында болса да, бірақ, әдетте, аз мөлшерде 1 %-дан мөлшерде кездеседі. Төменде С. Д. Четвериков ұсынған жіктемесі келтіріледі:


I сыныбы – силикаттар

II сыныбы – карбонаттар

III сыныбы – тотықтар

IV сыныбы – гидрототықтар

V сыныбы – сульфидтер

VI сыныбы – сульфаттар

VII сыныбы – галоидтер

VIII сыныбы – фосфаттар

IX сыныбы – вольфраматтар

X сыныбы – сомтұма элементтер



Кобальт кендері. Линиелит (Cо3S4) пиритте Fe-ді алмастырады.

Үгілу қыртысы. Тау жыныстарына механикалық және химиялық үгілудің бірлесіп әсер етуінің нәтижесі.

Корунд, Al2О3. Корундтың мөлдір кристалдары жоғарғы қаттылығы мен жарықты қарқынды шағылыстыру қасиеттері үшін асыл тастар болып есептеледі. Хромның қоспаларымен қызыл түске боялған корундтың кристалдары лағыл, темір мен титанның тотықтарымен боялған кристалдары – сапфир, түссіз корунд – лейкосапфир деп аталады. Кәдімгі мөлдір емес корунд құнды түрпілі материал болып келеді, бірақ оның табиғи қоры шамалы сондықтан көбінесе бокситтерді электр арқылы балқытумен өндіреді. Осындай электркорунды, немесе алунд металдар мен тастарды өңдеу үшін пайдаланатын түрпілі тегістейтін ұнтақтарды және т.б. бұйымдарды (шеңберлер, пластинкалар т.б.) жасау үшін қолданады. Әдетте кварцтың, гематиттің, магнитті теміртастың т.б. қоспалары кездесетін ұсақдәнді корунд зімпара (наждак) деп аталады. Корундтың байырғы кенорындары өзгертілген пегматитті тастамырларда, жапсарлы әктастарда, кристалдық тақтатастарда кездеседі.

Магнезит, MgCO3, кейде көмірқышқылды темір қоспалары болады, кальцит пен доломитпен салыстырғанда аздап таралады. Кейбір метаморфтық тау жыныстарының: хлоритті және тальк тақтатастарының құрамына кіреді.

Магнетит, FeFe2О4, магнитті темір кендерінің ірі кенорындарын құрайды. Көптеген төгілген тау жыныстарының құрамында екінші ретті жынысқұрушы минерал ретінде де кездеседі. Сонымен бірге көптеген метаморфтық темір кендерінің, мысалы, темірлі кварциттердің маңызды құрам бөлігі болып табылады.

Малахит, CuCO3 * Cu(ОН)2 немесе Cu22, жер бетіндегі ең төзімді мысты минерал болып келеді, ал қалған мысты минералдар, мору үрдістеріне ұшырап, малахитке айналады.

Марганец кендері. Негізгі кенді минералдары – пиролюзитnО2), псиломелан (ВаМn9О18 * 2Н2О), криптомелан (КМn8О16), родохрозит (Мn СО3) болып табылады.

Мыс кендері. Негізгі кенді минералдары – ковелин (CuS), халькозин (Cu2S), дигенит (Cu9S5), халькопирит (CuFeS2), борнит (Cu5FeS4), тетраэдрит (CuSb4S13) болып табылады.

Микролиттер. Тек микроскоппен қарағанда ғана көрінетін тікенекті немесе ұсақ призмалық кристалдар.

Мирабилит, Na2SO4, * 10Н2О, құрғақ ауа жағдайында минерал судан бірте-бірте айырылып, сусыз тұзға айналады. Тұзды көлдерден 33о-тан төмен болған жағдайда бөлініп шығады.

Мусковит (ақ калийлі слюда), KAl2(ОН)2 – кремний атомдарының 25% қабатты радикалдарда алюминийдің атомдарымен алмастырылады. Минерал тау жыныстарының, гранит, гнейс, пегматит, слюдалы тақтатастар, саздар, мергельдер, құмдардың құрамында көптеп кездеседі.

Никель кендері – негізгі кенді минералдары - пентландит ((Ni, Fe)9S8), гарниерит 4Ni3, Si2О9) болып табылады.

Пегматиттер. Гранитті және т.б. магмалардың интрузияларындағы тастамырлы, лейкократты және ірі дәнді тау жыныстары. Олардың құрамында магманың ұшпа компоненттерінің қатысуымен қалыптасқан турмалин, апатит және т.б. минералдар кездеседі.

Перидотиттер. Оливиннен, (кейде серпентинделген) бір немесе бірнеше пироксендер мен амфиболдардан тұратын құрылысы кристалдық-дәнді болып келетін қара немесе күңгірт-жасыл түсті ультранегізді тереңдік тау жыныстары.

Перовскит, CаO * ТiО2, кейбір төгілген тау жыныстарында (мелилитті базальттар мен оларға ұқсас тау жыныстарында), жапсарлы әктастарда кездеседі.

Пироксендер. Құрамы негізді және ультранегізді болатын төгілген тау жыныстарының құрамындағы өте кең таралған негізгі жынысқұрушы минералдар. Кристалдық құрылысы жағынан пироксендер ромб пішінді, немесе ортопироксендер, және моноклинді немесе клинопироксендер болып ажыратылады. Ромб пішінді пироксендердің үлгілері – энстатит және гиперстен – химиялық құрамы жағынан Al2O3 и Fe2O3. Біршама мөлшері болатын Mg2Si2O6 – (Mg, Fe)2 Si2O6 изоморфты қатарының құрам бөлігі болып табылады. Энстатитта, магнезитті метасиликатта – Mg2 – 5%-дан аспайтын FeO қоспасы болады, ол көптеген төгілген негізді тау жыныстарының және кристалдық тақтатастардың әдеттегі құрамдас бөлігіне жатады. Жапсарларда да кездеседі. Гиперстенде, магний мен темірдің метасиликатында – (Mg2,Fe)2 FeO мөлшері 14%-дан аспайды, бұл төгілген тау жыныстарының әдеттегі минерал. Энстатит пен гиперстен аралығындағы магнезитті-темірлі пироксендер бронзит деген атауға ие. Моноклинді пироксендерге диопсид, авгит және эгирин немесе акмит жатады. Диопсид – СаMg, төгілген және метаморфтық тау жыныстарының әдеттегі жынысқұрушы минералы. Кәдімгі авгит – Са(Mg, Fe) әдетте Fe2O3 және Al2O3 да қосылады, төгілген және метаморфтық жыныстардың әдеттегі минералы рөлін атқарады. Эгирин, немесе акмит – NaFe, төгілген сілтілі тау жыныстарының құрамына кіреді.

Пироксениттер. Негізінен пироксендерден (90–100 %) тұратын массивті, орташа және ірі дәнді күңгірт түсті, дерлік қара түсті ультранегізді тереңдік тау жыныстары. Оливиннің, магнетиттің, титанмагнетиттің қоспалары кездеседі.

Ортоклаз топшасы. Топшаға екі минерал (калийлі дала шпаттары): ортоклаз ) және микроклин) жатады.

Плагиоклаз топшасы. Минералдардың топшасы (натрий-калийлі дала шпаттары) альбиттің (Na) (100–n) (Ca) және анортиттің (Ca) изоморфты қосындысы болып келеді. Анортиттің немесе анортитті бөлшектердің (0–100 %) байланысты плагиоклаздар нөмірі бойынша бөлінеді. Әр бір нөмір минералдағы анортит молекуласының пайыздық мөлшеріне сәйкес келеді: альбит – № 1–10, олигоклаз – № 11–30, андезин – № 31–50, лабрадор – № 51–70, битовнит – № 71–90, анортит – № 91–100. Сонымен қоса, плагиоклаздар қышқыл (альбит және олигоклаз), орташа құрамды (андезин) және негізді (лабрадор, битовнит, анортит) болып жіктеледі. Плагиоклаздардағы SiO2 мөлшері альбиттен анориттке қарай азаяды; осымен байланысты альбит бөлшектері басым келетін қышқыл плагиоклаздар және кремнийдің қостотығына кедей, ал кальцийге бай негізді плагиоклаздар ажыратылады.

Дала шпаттары. Жер қыртысы массасының 50 %-ын құрайтын ең кең таралған минералдардың бірі. Магмалық тау жыныстарындағы дала шпаттарының үлесіне 60 %, метаморфтық тау жыныстарында - 30 %, шөгінді – 12 %-дан келеді. Ортоклаз топшасы мен плагиоклаз топшасы сөздерін байқаңыз.

Сынап кендері. Негізгі кенді минералдары – киноварь (HgS) және метакиноварь (HgS) болып табылады.

Рутил, TiO2. Гнейстер мен филлиттерде, сазды тақтатастарда кездесетін минерал. Төгілген тау жыныстарында, кварц пен слюдаларда кірікпелер түрінде сирек байқалады.

Серпентин (жылантас), H4(MgFe)3SiO9. түссіз немесе жасыл жұқа кристалдық агрегаттар. Талшықты (хрищотил) және парақты (антигорит) жылантас болып жіктеледі. Минерал тау жыныстарында тек оливиннің метаморфталған өнімі және кейде басқа темірлі-магнезитті силикаттардың метаморфталған өнімі ретінде ғана кездеседі.

Қорғасын-мырыш кендері. Қорғасын мен мырыштың кенді минералдары табиғатта тұтас ассоциациясын құрайды, жалғыз ғана минералы – галенит, bS) пен сфалерит (ZnS).

Сидерит, немесе темірлі шпат, FeCO3, кейде магний карбонатының қоспалары болады. Минерал шөгінді және метаморфтық тау жыныстарында, әктастарда, темірлі саздарда, сазды тақтатастарда кездеседі.

Силикаттар – 800 минералды қамтитын ең кең аталған сыныбы. Салмағына қарай жер қыртысының 75 %-ын қамтиды. Силикат-минералдар химиялық құрамы жағынан күрделі қосындыларды құрайды, олардың құрамына Si, AL, Fe, Ca, Mg, Na, K, O, H және т.б. кіреді. Силикаттар – химиялық қосындылардың ең күрделі түрі және негізінен иондық кристалдық торларымен сипатталады. Силикаттардың кристалдық тордың негізгі элементі – кремний-оттекті тетраэдер - SiO44-. Кремний ионы Si4+ тетраэдрдың ортасында орналасқан және тетраэдрдың шыңдарындағы төрт оттегі иондарымен O2 қоршалған. Әр бір кремний-оттекті тетраэдр төрт еркін валенттік байланыстары арқасында өзінің қосындыларын берік кристалдық торға біріктіріп, басқа элементтердің иондарын өзіне қосып алуға қабілетті. Алюмосиликаттардың кристалдық торында тетраэдр ішіндегі кремний ионын алмастыратын AL3+ маңызды рөль атқарады. Кремний-оттекті тетраэдрлар әр түрлі жолмен үйлестіріліп, силикаттардың кристалдық торында алуан түрлі құрылымдар қалыптасады: аралдық (оқшауланған немесе сақиналы), тізбекті, таспалы (немесе белдемді), парақты (немесе қабатты), қаңқалы (каркасные) құрылымдар. Бұл құрылымдар – силикаттардың кристалдық-химиялық жіктемесінің негізі. Аралдық құрылымы жағдайында кремний-оттекті тетраэдрлер оқшауланып орналасады. Олардың бір-бірімен қосындылары басқа металдардың (Fe2+, Fe3+, Mg2+ және т.б.) оң зарядталған иондары мен тетраэдрдің өзінің (ортосиликаттар) еркін теріс валенттілігі арқылы жүзеге асырылады. Осындай құрылымы байқалатын мысалы – оливин (Mg, Fe)2SiO4. Тетраэдрлар қосындыларының тағы бір түрі – ортақ оттегі арқылы қосылуы. Егер осы қосындылар екі тетраэдрдан тұрса, оқшауланған сақиналы топтарынан (Si2O7)6-(диортосиликаттар) тұратын аралдық құрылым пайда болады. Мысал ретінде эпидотты Al(SiO4)3,(Al, Fe)2, CaOH және мелилитті (Ca, Mg, Fe)3,(Al, Fe)2Si2O10. келтіруге болады. Егер қосындылар сақиналар түрінде тұйықталған 3-4 немесе 6 тетраэдрдан тұрса, бір-бірімен басқа металдардың оң зарядталған иондарымен біріктірілген сақиналы құрылымдар (Si3O9)6-, (Si4O12)8- және (Si6O18)12- қалыптасады. Құрылымы сақиналы болып табылатын минералдың мысалы – жеке сақиналары берилий мен алюминий арқылы қосылған берилл Be3Al2(Si6O18). Жоғарыда қарастырылған барлық қосындылар (құрылымдар) тетраэдрлардың соңғы санынан (бір, екі, үш т.с.с.) тұрады. Тізбекті құрылымдар тетраэдрлардың шексіз үйлесімділігі болып табылады. Осындай қосындының қарапайым түрі – қарапайым буындары арқылы қосылған кремний-оттекті тетраэдралар тізбегі (Si2O6)6-. Тетраэдрлар шексіз қатар түрінде шыңдарымен қосылған. Тізбектердің бір-бірімен қосылуы басқа металдардың оң зарядталған иондары арқылы жүзеге асырылады. Осындай тізбекті құрылым пироксендерге, мысалы авгит минералына Ca(Mg, Fe, Al, Fe) тән. Құрылымдардың әрі қарай күрделенуі бір тізбектің екіншісімен қосылу жолымен жүреді. Осындай қосарланған тізбектер де тетраэдрлардың ортақ оттегі молекулалары арқылы қосылып, (Si4O8)6- буынымен шексіз таспалы немесе белдемдік құрылымдарды құрайды. Осындай құрылымдар амфиболдарда, мысалы мүйізталшықтың ((Ca, Mg)2, Al2Si3O12 және Na2Al2Si4O12) актинолитті молекулалардың изоморфты қосындысы тобында байқалады. Үш ортақ оттегі арқылы бір жазықтықта орналасқан тетраэдрлардың қосылуы шексіз қабаттың, немесе парақтың қалыптасуына әкеледі. Осындай парақты құрылымның негізінде (Si4O10)4- буыны болады және ол әр түрлі пластинкалық минералдарға, оның ішінде тальк Mg3(ОН)2, каолинит Al4 (ОН)8, слюдаларға т.б. тән. Силикаттардағы құрылымдардың ең күрделісі – шексіз үшөлшемді торлар немесе қаңқалы құрылымдары. Осындай үзіндісіз қаңқасы бір-бірімен барлық төрт шыңдардағы оттегі молекулалары арқылы байланысқан тетраэдрлардан тұрады. Мұнда бос валенттіліктер болмайды және басқа иондарды қосу мүмкін емес. Кремний иондарының бір бөлігін алюминий иондары алмастыру мүмкін, осындай жағдайда құрылымдағы тепе-теңдік басқа металдық катиондар арқылы орнатылады. Қаңқалы құрылымдардың негізгі буыны , мысалы ретінде дала шпаттарын, оның ішінде альбитті Na1- келтіруге болады. Силикаттар сыныбының минералдары ішкі құрылысына келесі топтарға бөлінеді. Қаңқалы силикаттар: дала шпаттары, фельдшпатоидтар. Тізбекті силикаттар: пироксендер. Таспалы силикаттар: амфиболдар. Парақты силикаттар: слюда, тальк, хлориттер, сазды минералдар. Аралдық силикаттар: оливин.

Смитсонит, немесе мырышты шпат, ZnCO3, кейде темірдің қоспалары кездеседі. Минерал кенді тастамырлардың құрамына кіреді, мұнда олар қорғасын, мырыш, темір, мыс рудаларымен бірге орналасады.

Слюдалар. Мусковит, биотит, флогопит сөздерін қараңыз.

Сульфид кенорындары. Сульфид кенорындарын түзейтін сирек металдардың жиынтығы: мыс, қорғасын, мырыш, никель, молибден, күміс, күшәла (мышьяк), сурьма, висмут, кадмий, кобальт, сынап. Сирек металдардың минералдарында қоспа түрінде одан да сирек кездесетін металдар да болады.

Сурьма кендері. Негізгі кенді минералы – стибнит (Sb2S3).

Титан кендері. Негізгі кенді минералдары – ильменит (FeТiО3,) және рутил (TiO2).

Флогопит. Кәдімгі биотиттен темірдің аз болуымен және түсінің ақшыл реңдерімен ерекшеленетін магнезитті слюда. Минерал кристалдық тақтатастардың құрамында кездеседі.

Целестин, SrSО4, сусыз сульфат, шөгінді тау жыныстары қабаттарында – доломиттерде, мергельдерде кездеседі.

Эндогенді кенорындар. Эндогенді кенорындар қатарында келесі топтарды бөлуге болады:

- тікелей магмалық ошақтармен байланысты және магма балқымасының жер қыртысына енуі нәтижесінде қалыптасқан магмалық кенорындар;

- ұшпа заттармен байытылған қалдық гранитті балқымасымен байланысты пегматитті кенорындар;

- суып жатқан мантиялық және магмалық балқымадан қалыпта сатын және олардан газдар мен ерітінділер бөлініп шығатын карбонатитті кенорындар;

- кристалданған магмалық балқымадан бөлінген газдар мен ерітінділерден карбонатты және алюмосиликатты тау жыныстарының әрекеттесу жағдайында қалыптасатын жапсарлы-метасоматикалық (скарн);

- кен түзілу аймағынан тереңдіктен жоғары қарай көтерілетін ыстық газды-сулы және сулы ерітінділерден түзілетін гидротермальді кенорындар;

- мұхит түбінде «беріктелмеген» ұйық пен вулканиттерде рифт зоналары мен оларды қиып өтетін жарылымдар бойымен көтерілетін мантиялық флюидтер мен гидротермальді ерітінділерден түзілетін гидротермальді-шөгінді кенорындар.

Экзогенді кенорындар. Экзогенді кенорындар қатарында келесі топтарды бөлуге болады:

- механикалық (физикалық) үгілу үрдістерімен байланысты шашылымды кенорындар;

- физикалық және химиялық үгілу үрдістерімен байланысты қалыптасқан үгілу қыртысындағы кенорындар;

- инфильтрациялық кенорындар мен металдар қосындыларының беткі сулардың әсерінен тотығу мен тотықсыздану үрдістерімен байланысты сульфидті кенорындардың екінші ретті байытылу аймақтары;



- химиялық кенді шөгінділердің, механикалық жолмен қалыптасқан шөгінділердің, жүзгенді түзілімдер мен коллоидтардың жиналу үрдістерімен байланысты су қоймаларында түзілген шығу тегі шөгінді кенорындар.


жүктеу 2,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау