География және туризм кафедрасы геология 5В060900 «География» мамандығы студенттеріне арналған зертханалық практикум Павлодар Кереку 2012


) химикаттардың тысталған оруына, жақсы және бір мағынада оқилатын этикеткаларына назар аудару, шыны бұйымдары мен ыдыспен істегенде абай болу тиісті



жүктеу 2,67 Mb.
бет2/4
Дата29.01.2018
өлшемі2,67 Mb.
#8057
түріПрактикум
1   2   3   4

4) химикаттардың тысталған оруына, жақсы және бір мағынада оқилатын этикеткаларына назар аудару, шыны бұйымдары мен ыдыспен істегенде абай болу тиісті.

5) концентрацияланған немесе сұйықталған тұз қышқылын пайдалануды жорамалдайтын жұмыстарын жасағанда тұз қышқылының кілегей қабықшаларына, теріге, киімге түскенде күйдіріп жіберетінін ескеру қажет. Теріге қышқылдың тамшылауы жағдайында мақтамен сіңіріп алу керек. Ал тамшылаған жерін су ағынымен шайып сабынмен жуу міндетті.


Сомтұма элементтер. Табиғатта сомтұма күйінде 80 химиялық элемент кездеседі: қатты (алмас, алтын, платина және т.б.), газ тәрізді (асыл газдар) және сұйық күйде (сынап, амальгама). Сомтұма минералдар үлесіне жер қыртысы массасының 0,1 % келеді. Кейбір химиялық элементтер асыл элементтер атауына ие болады. Оларға асыл газдар жатады: гелий, неон, аргон, криптон, ксенон, радон; асыл металдар: рутений, родий, палладий, күміс, иридий, платина, алтын.

Барлық сомтұма минералдарды төрт топқа бөлуге болады:

1 Газтәрізді оттегі, азот, сутегі, асыл газдар.

2 Сұйық сынап, алтын мен күмістің амальгамасы.

3 Сомтұма металдар алтын, күміс, мыс, темір, платина, висмут, сурьма, күшәла т.б.

4 Бейметалдар күкірт, алмас, графит.

Сомтұма элементтер ішінде мыс, күкірт, графит ерекше қарастырылады.

1-тапсырма

Сомтұма элементтер тобындағы минералдарды анықтау және сипаттама беру
Жұмыстың барысы
1 Сомтұма элементтердің жылтырлығына қарай үш топқа жіктеуі (сомтұма мыс, күкірт және графит):

а) жылтырлығы металдық (мыс);

б) жылтырлығы жартылай металдық (графит);

в) жылтырлығы бейметалдық (күкірт).

2 Минералдар айырғышы бойынша анықтау икемділігін меңгеру. Мысалы, жылтырлығы металдық минералдар айырғышы бойынша «а» тобының (жылтырлығы металдық минералдар) 4-ші топшасына (минералдың түсі қызғылт сары) жатады.

3 Минералдың жұқпа түсін анықтау – минерал бисквит бетінде қызыл сызық қалдырады және қаттылығы 2,5–3 дейін жетеді.

4 Минералдар айырғышы бойынша айқындау – мыс.

5 Жылтырлығы жартылай металдық минералдарды анықтау. Айырғышта ол екі топқа да, «а» және «б» тобына да жатады. Егер студент берілген минералды жылтырлығы металдық минерал деп анықтаса, ол оны қосымшада табады; егер минералдың жылтырлығы бейметалдық деп қарастырылса, студент оны басқа бетке жазады. Екі жағдайда минерал графит болып анықталады.

6 Жылтырлығы бейметалдық (жақтарында – алмасша, омырылымында – майлы) сұр-сары түсті минералды анықтау. Анықтауыш бойынша ол 4-ші топқа түседі (сары минералдар) және жұқпа түсі мен қаттылығын анықтағанда күкірт болып шығады.

2-тапсырма

Сульфидтер тобындағы минералдарды анықтау және сипаттама беру



Сульфидтер (күкірт қосындылары). Сульфидтер, немесе күкірт қосындылары, академик В. И. Вернадскийдің мәліметтері бойынша жер қыртысының 0,15 %-ын құрайды. Сульфидтердің жалпы саны – 300 аса (силикаттардан кейін 2-ші орында).

40-тан аса химиялық элементтер күкірт қосындыларын түзейді, олардың көбі металдар болып келеді. Сульфидтерге бір химиялық элементтің басқа химиялық элементпен изоморфты алмасуы тән. Сульфидтерде сирек элементтердің: кадмий, галий, индий, талий, рений т.б. қоспалары жиі кездеседі.

Сульфидтердің көбі металдық жылтырлығымен, жоғарғы үлесті салмағымен және төменгі қаттылығымен сипатталады.



Сульфидтердің негізгі бөлігінің шығу тегі гидротермалды, ал кейбіреулерінің жаратылуы – магмалық болып табылады. Беткі жағдайларда сульфидтер, әдетте, тұрақсыз, тез ыдырайды және екінші ретті минералдарға: карбонаттарға, сульфаттарға, тотықтар мен гидрототықтарға, силикаттарға айналады. Екінші ретті өзгерістері нәтижесінде сульфид кенорындарының үстінде, оларды жауып жатқан тау жыныстарында «темір телпектері» - тереңдікте сульфидтердің орналасуы туралы куәләйтын жосалы-сары түсті темір қоспалары кездесетін тау жыныстары жиі қалыптасады.
Жұмыстың барысы
1 Берілген сульфидтер түрлерін: пирит, марказит, халькопирит, галенит, сфалерит, киноварь, аурипигмент минералдарын екі топқа бөлу:

а) жылтырлығы металдық пирит, марказит, галенит, халькопирит;

б) жылтырлығы бейметалдық сфалерит, киноварь, аурипигмент.

2 «а» тобындағы минералдарды екі топшаға жіктеу: латунь түсті сары (немесе сары) минералдары пирит, марказит, халькопирит және күңгірт-сұр түсті минерал галенит.

3 Латунь түсті сары минералдарын анықтау. Айырғыш бойынша оларды 52 б. іздеу қажет. Қаттылықты анықтағаннан кейін минералдар тобынан хальпирит (қаттылығы 3,54, бетінде шыны сызат қалдырады) алынады. Топшаның қалған минералдары – пирит және марказит – қаттылығы бойынша бір-біріне жақын (66,5), бірақ оларды морфологиясына қарай ажыратуға болады: пішіні (габитусы) текше немесе пентагоноктаэдр болатын кристалдық түйірлі агрегаттарды пириттерге, ал бүйрек тәрізді, жалбырлы немесе радиусты-сәулелелі агрегаттарды – марказитке жатқызу керек.

4 Қара жұқпа түсі мен өз түсі күңгірт-сұр болатын минералды анықтау. Қаттылығы 2–3 минералды қаттылығы 1–3 қара минералдар топшасында іздеу керек. Анық жымдастығы мен тән морфологиясына (түйірлі денелер, текше кристалдар) қарай ол галенит деп белгіленеді.

5 Жылтырлығы бейметалдық минералдармен (сфалерит, киноварь және аурипигмент) жұмыс істеу. Олар бір-бірінен қатты ерекшеленеді, әсіресе қызыл түсті және үлесті салмағы ауыр (8,0–8,2) киноварь және сары түсті жылтырлығы құбыла келген аурипигмент айрықша көрінеді.

6 Сфалеритті анықтау. Сфалериттің алмасша жылтырлығын металдық жылтырлығымен шатастыру жиі байқалады. Сфалериттің түсі оның құрамында темірдің болуына байланысты ашық-сары түстен күңгірт-қоңыр, кейде қара түсіне (темір қосыпалары өте көп болғанда) дейін өзгеру мүмкін. Сондықтан минерал түсіне қарай әр түрлі топтарға жатады, олардың әр біреуінде оны кәдімгі жолмен жеңілдікпен табуға болады. Осылайша, алмасша жылтырлық бейметалдық жылтырлықтың бір түрі, сондықтан минералды «б» тобында іздеу керек екенін ұғып алу қажет.

7 Анықтаудан кейін сомтұма минералдары мен сульфидтердің барлық берілген түрлерін дәптерге жазып сипаттау.
Жабдықтар мен материалдар
1 Сульфидтердің жинағы: пирит, марказит, халькопирит, галенит, сфалерит, киноварь, аурипигмент.

2 Қаттылық шкаласы (екі студентке біреуі).

3 Бисквиттер (екі студентке бір пластинкадан).

4 Шынының сынықтары.

5 Минералдар айырғышы (әр бір студентке)

3-тапсырма

Тотықтар мен гидрототықтар тобындағы минералдарды анықтау мен оларға сипаттама беру



Тотықтар мен гидрототықтар тобының минералдары элементтердің оттегімен, гидрототықтарда сумен немесе сумен де, оттегімен де қосындысы болып келеді. Осы топтың минералдары жер қыртысының жалпы массасынан 17 % жуық мөлшерін алып жатыр. Ең кең таралғандары – кремний (12,5 %) мен темірдің (4 %) тотықтары мен гидрототықтары. Қалғандарының ішінен кең таралғандары алюминий, марганец, титан мен хромның тотықтары мен гидрототықтары болып табылады.

Тотықтар мен гидрототықтардың шығу тегі әр түрлі болады. Бірақ олардың көбі жер қыртысының жоғарғы бөліктерінде жүретін экзогенді жағдайлар нәтижесінде қалыптасты.



Жұмыстың барысы
1 Кварц, халцедон, опал, гидрогетит, гематит, магнетит, пиролюзит және корунд минералдарын екі топқа бөлу:

а) жылтырлығы металдық (магнетит, гематит, пиролюзит);

б) жылтырлығы бейметалдық (кварц, халцедон, опал, гидрогетит, корунд).

2 Жылтырлығы металдық минералдарды анықтау. Магнетит бисквитте қара жұқпа түсін береді, магниттілігі тән. Пиролюзиттің жұқпа түсі қара, магнетитке қарағанда магниттілігі байқалмайды. Гематит қою-қызыл жұқпа түсін қалдырады.

3 Жылтырлығы бейметалдық минералдарды анықтау. Гидрогетит бисквитте жосалы-сары түсін қалдырады, пышақпен немесе кварцтың кесегімен тырналады, жылтырлығы балауызды және сусымалы, аморфты пішіне ие болады. Кварц пен халцедон олардың жоғары қаттылығымен анықталады, ал бір-бірінен морфологиясы жағынан ерекшеленеді: кварц жеке кристалдар, друзалар, түрпітастар немесе ұсақ түйірлі агрегаттар түрінде кездеседі, ал халцедон бүйрек тәрізді, қабыршақты және сусымалы пішіндерді түзейді.

4 Дәптерде барлық анықталып жатқан минералдардың сипаттамасын жазу. Сабақтың соңында оқытушы тапсырмалары орындалған әр бір жұмысқа қол қояды.
Жабдықтар мен материалдар
1 Екі студентке кварц, халцедон, опал, гидрогетит, гематит, магнетит, пиролюзит, корунд минералдарынан тұратын минералдар жинағы .

2 Қаттылық шкаласы.

3 Бисквиттер, шынылар.

4 Түсбағдар.

5 Минералдар айырғышы.

4-тапсырма

Карбонаттар мен фосфоттар тобындағы минералдары анықтау мен сипаттау



Карбонаттар жер қыртысы массасының 2 % алып жатыр, олардың 1,5 % кең таралған карбонат – кальциттің үлесіне сәйкес келеді. Карбонаттардың жалпы саны – 60-тан аса. Олардың көбі - әктастар, доломиттер, мәрмәр, бор және т.б. шөгінді және метаморфтық тау жыныстарының қалың қабаттарын құрайды.

Карбонаттарға шамалы қаттылық (3–4), бейметалдық жылтырлық (әдетте шыныша) тән. Көбі тұз қышқылымен реакцияға түскенде көмірқышқыл газды бөліп «қайнап кету» қасиетін иемденеді:



СаСОЗ + 2НСl > СаСl22О+СО2 .
Жұмыстың барысы
1 Кальцит, арагонит, магнезит, доломит, малахит, сидерит минералдарынан тұратын карбонаттар жинағымен жұмыс жасау.

2 Берілген минералдарды тұз қышқылымен әрекеттесу сипатына қарай үш топқа бөлу:

а) суық 10 %-дық НС1-мен қарқынды реакцияға түсетіндер кальцит, арагонит, малахит;

б) суық 10 %-дық НС1-мен реакцияға әлсіз түседі, негізінен жұқа ұнтағы ғана – магнезит және доломит;

в) суық 10 %-дық НС1-мен реакцияға түскенде минералдың бетінде сары дақтар пайда болады сидерит.

3 Малахитті өзіне тән зүбаржатты-жасыл (изумрудно-зеленый) түсіне, кальцитті – анық және ромбоэдр бойынша үш бағытта байқалатын жымдастығына, арагонитті – сусымалы немесе радиусты-сәулелі агрегаттары мен жымдастығының болмауына қарай анықтау.

4 Доломитті суық сұйықталған НС1-мен реакцияға түсу сипатына қарай - реакцияға әлсіз түседі, ашық-қоңыр немесе сұр түсіне (кристалдық түрлері) немесе жосалы-сары агрегаттарына қарай анықтау. Магнезиттің екі түрі болады – ақ түсті металлоид, фарфороид түріндегі немесе сұр және ақ түсті кристалдық-түйірлі түрі. Магнезит тек ыстық НСl-мен реакцияға түседі.

Фосфаттар. Фосфаттар сыныбының минералдары жер қыртысы массасының 0,75 %-ын құрайды. Олардың саны 170-ке жуық. Ең кең таралғаны – апатит, оның үлесіне жер қыртысындағы фосфаттардағы фосфордың 95 % сәйкес келеді. Апатит жасыл, көгілдір, қоңыр, қызғылт, қара және т.б. реңдері тән ұсақтүйірлі кристалдық агрегаттар (Хибин), ірі кристалдар (Орал, Байкал сырты т.б.) немесе фосфориттер деп аталатын шөгінді тау жыныстарында конкрециялар мен жалбырлар түрінде кездеседі.
Жұмыстың барысы
1 Сыртқы бейнесі мен түсіне қарай әр түрлі апатиттер мен фосфориттер жинағымен жұмыс істеу.

2 Кристалдық, ұсақ түйірлі қант тәрізді агрегаттар мен ірі кристалдық түрлерін (апатит) және аморфты түрлерін (фосфориттер) бөліп көрсету.

3 Минералдардың айырғышы бойынша апатиттің кристалдық түрлерін анықтау.

4 Дәптерде апатит пен фосфориттің қасиеттерін көрсете отырып, оларға сипаттама беру.


Жабдықтар мен материалдар
1 Кальцит, арагонит, магнезит, доломит, сидерит, малахит минералдарынан тұратын карбонаттардың жинағы.

2 Апатиттерден (әр түрлі түсті және өлшемі әр түрлі агрегаттардың үлгілері), фосфориттерден (жалбырлар, псевдоморфоздар, ежелгі молюскілердің бастырмалары кездесетін үлгілері) тұратын фосфаттардың жинағы.

3 Қаттылық шкаласы.

4 10 %–дық НС1.

5 Минералдар айырғышы.

5-тапсырма

Сульфаттар мен галогенидтер тобына жататын минералдарды анықтау және сипаттама беру



Сульфаттар. Сульфат кең таралған минералдар қатарына жатады. Жер қыртысы массасының 0,5 %-на жуық мөлшерін алып жатыр. Олардың жалпы саны 130-дан асады. Жалпы сульфаттардың қаттылығы төмен (23,5), жылтырлығы бейметалдық, әдетте шыныша. Сульфаттардың негізгі бөлігі экзогенді жағдайларда қалыптасады. Негізінен теңіз және көлдік химиялық шөгінділер немесе сульфидті кенорындардағы тау жыныстарының тотығу зонасында қалыптасатын екінші ретті минералдар болып келеді. Кейбір сульфаттардың (барит, целестин) шығу тегі гидротермалды болу мүмкін.

Сульфаттар оттегінің көптеп шоғырлану және салыстырмалы төменгі температуралар жағдайында түзіледі. Осындай жағдайлар жер бетіне жақын қабаттарда байқалады.
Жұмыстың барысы
1 Гипс, ангидрит, барит минералдарынан тұратын сульфаттардың жинағы. Тырнақпен сызылатын (қаттылығы 2,5-тен төмен) минерал гипс болып табылады. Қалған екі минералдар ішінен барит жоғарғы үлесті салмағымен (4,34,7) анықталады

2 Ангидритті гипспен салыстырғанда жоғарғы қаттылығына (ангидриттің қаттылығы 33,5 – тырнақпен тырналмайды) қарай және баритпен салыстырғанда төменгі үлесті салмағына (ангидриттің үлесті салмағы 2,93,0) қарай анықтау.

3 Гипсқа сипаттама бергенде оның әдетте бір-бірінен ерекшеленетін, бірақ бірдей қаттылығына қарай жеңілдікпен анықталатын түрлеріне (алебастр, парақты, талшықты, кристалдық) назар аудару жөн.

Галогенидтер. Галогенидтерге фтор, хлор, бром, йод қосындылары жатады. Галогенидтерге 100 минерал кіреді және олар жер қыртысы массасының 0,5 %-ын құрайды.

Ең кең таралған фтор (фторидтер) және хлор (хлоридтер) қосындылары болып келеді. Фторидтердің шығу тегі әдетте магматизм әрекетімен байланысты болады және олар гидротермалды немесе пневматолиздік кезеңдердің өнімдері болып табылады, тек сирек жағдайда ғана шөгінді үрдістер арқылы қалыптасады. Хлоридтер негізінен теңіздер мен көлдердің шөгінділерімен байланысты болады және тұз шоғырланған қабаттардың басты минералына жатады. Галогенидтердің жылтырлығы бейметалдық (шыныша, жиі майлы), қаттылығы төмен (1,52, кейде ғана 4 флюритте). Кейбір хлоридтер ерекше қасиеттерге ие болады – суда еруі, дәмі тұзды.
Жұмыстың барысы
1 Галит, сильвин, карналлит, флюорит минералдарынан тұратын галогенидтердің жинағымен жұмыс жасау.

Қаттылығына қарай минералдарды екі топқа жіктеуі:

а) қаттылығы 3-тен кем (мыс манатымен, кальцитпен тырналады). Оларға галит, сильвин және карналлит жатады. Осы минералдардың барлығы суда ериді;

б) қаттылығы 4 – флюорит. Минерал кальцитте сызат қалдырады.

3 Алғашқы топтың минералдары жымдастығына қарай екіге бөлінеді: жымдастығы анық (галит, сильвин) және жымдастығы байқалмайтын (карналлит) топшасы.

4 Галитті жалынының сары түске қарқынды боялуына (калийдің болуы) қарай анықтау.


Жабдықтар мен материалдар
1 Гипс (бірнеше түрі), ангидрит, барит сияқты минералдардан тұратын сульфаттардың жинағы.

2 Галит, сильвин, карналлит, флюорит (түсіне қарай бірнеше түрі) сияқты минералдардан тұратын сульфаттардың жинағы.

3 Қаттылық шкаласы.

4 Cпирт шамы (23 дана)

5 Шыны түтіктері (56 дана).

6 Суға толтырылған шыны сауыты.
6-тапсырма

Силикаттар тобының минералдарын анықтап, оларға сипаттама беру



Силикаттар сыныбы минералдардың үлкен тобын біріктіреді. А. Е. Ферсманның есептеуі бойынша, олар жер қыртысы массасының 75 %-ын құрайды. Олардың көбі – жынысқұрушы минералдар болып келеді. Силикаттардың көбі мыс, никель, мырыш, темір, литий элементтері бар рудалар болып қалыптасады. Басқа силикаттардың құрамынан сирек және радиоактивті элементтер (торит, циркон, ортит т.б.) алынады. Олардың көп бөлігі керамикалық және отқа төзімді материал (каолинит, дала шпаттары, асбест, оливин) ретінде өндірісте, зергерлік істе (топаз, гранат, берилл, аквамарин), құрылыста (лабрадор), ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде (глауконит, нефелин), электртехникасында (слюдалар) және халық шаруашылығының т.б. салаларында қолданылады.

Силикаттардың шығу тегі әр түрлі болу мүмкін: олар минерал түзілудің эндогенді және экзогенді үрдістері нәтижесінде де қалыптасады. Көптеген силикаттар (оливин, мүйізталшық, авгит, дала шпаттары т.б.) негізінен эндогенді жағдайларда түзіледі; каолинит, глауконит, монтмориллонит т.б. көбінесе экзогенді минерал түзілісі кезінде пайда болып, алғашқы (эндогенді) минералдардың өзгертілген өнімдері болып келеді.

Силикаттардың құрамына кіретін басты элементтер кремний, натрий, калий, кальций, алюминий, магний, темір, литий, оттегі және т.б.

Рентгенқұрылымдық талдау әдісі көмегімен ғалымдар силикаттардың құрылымдық жіктемесін құрастырды. Кез келген силикаттың кристалдық торында кремнийдің ионы тетраэдрдың шыңдарында орналасқан оттегінің төрт ионымен қоршалған. Кейбір силикаттарда кремний иондарының орнын алюминийдің иондары басады. Оларды алюмосиликаттар деп атайды.
Жұмыстың барысы
1 Оливин, авгит, мүйізталшық, мусковит, биотит, каолинит, глауконит, калий-натрийлі дала шпаты (ортоклаз немесе микроклин), натрий-кальцийлі дала шпаттары (альбит, лабрадор), нефелин минералдарынан тұратын силикаттардың жинағымен жұмыс жасау.

2 Минералдарды үш бөлімшеге топтастыру:

а) тырнақпен сызылады (қаттылығы < 2,5) каолинит, глауконит, мусковит, биотит;

ә) пышақпен, ұстараның жүзімен қиындықпен сызылады (қаттылығы 5,56) мүйізталшық, авгит, нефелин;

б) пышақ сызат қалдырмайды, өзі пышақта із қалдырады – оливин, калий-натрийлі дала шпаты (ортоклаз, микроклин), альбит, лабрадор.

3 Айырғыш бойынша «а» тобының минералдарын анықтау: каолинит – қаттылығы 1, ұнтақты, жерлі, кейде тығыз массалар түрінде кездеседі, ақ немесе сұр түсті, ұстағанда майлы болып сезіледі; мусковит және биотит – жымдастығы анық, пластинкалық, парақты немесе қабыршақты агрегаттар түрінде кездеседі; мусковит түссіз немесе сары, жасыл реңі аздап байқалады; биотиттің түсі қоңыр немесе қара; глауконит жасыл және қоңыр-жасыл түсті жерлі, борпылдақ құмды массалары түрінде түзіледі.

4 «б» тобының минералдары: мүйізталшықтың жымдастығы анық байқалатын ұзын призмалық, кейде тікенекті және бағаналы кристалдары кездеседі. Түсі күңгірт-жасыл немесе қара; авгит құрамы негізді тау жыныстарына кіріктірілген қысқа бағаналы, кестелі кристалдармен сипатталады, жымдастығы нашар байқалады; нефелин тұтас ірі кристалдық массаларды, кейде кедір-бұдыр немесе ұлутасты омырылымының бетінде майлы жылтырлығы байқалатын қалың призмалық кристалдарды түзейді; жымдастығы нашар, түсі – сұр, жасыл немесе етті-қызыл.

5 Өзіне тән физикалық қасиеттері бойынша «в» тобының минералдарын анықтау:

- оливин түйірлі кристалдық массалар түрінде, сирек жағдайда ғана күңгірт-жасыл немесе қара түсті жеке кристалдар түрінде кездеседі, агрегаттарындағы омырылымы дәнді, жеке кристалдарда ұлутасты омырылым байқалады;

- калий–натрийлі дала шпаты (ортоклаз немесе микроклин) тұтас сұр, қызғылт, сары немесе жасыл (амазонит) түсті ірі кристалдық массаларымен немесе қалың кестелі кристалдармен көрсетілген, жымдастығы тік бұрышпен екі бағытта анық байқалады;

- альбит ақ түсті қант тәрізді ұсақ түйірлі агрегаттарымен, сирек жағдайда ғана сұр немесе ақ түсті кестелі-призмалық кристалдармен көрсетілген, жымдастығы анық байқалады;

- лабрадор жымдастығы 900 бұрышындағы екі бағытта анық байқалатын кестелі-призмалық немесе тұтас ірі кристалдық агрегаттарымен белгілі болады, күңгірт-сұр немесе қара түсімен, жиі көкшіл-жасыл құбылумен (иризация) сипатталады.
Жабдықтар мен материалдар
1 Оливин, авгит, мүйізталшық, мусковит, биотит, каолинит, глауконит, калий-натрийлі дала шпаты (ортоклаз немесе микроклин), альбит, лабрадор, нефелин минералдарынан тұратын силикаттардың жинағы.

2 Қаттылық шкаласы.

3 Бисквиттер, шыны заттары.

4 Минералдар айырғышы.

7-тапсырма

Минералдар айырғышын пайдаланып, минералдарды анықтап, оларға сипаттама беру



Студенттер зертханалық сабақтарда минералдарды «Минералдар айырғышымен» (А қосымша) анықтайды. Айырғыш физикалық қасиеттеріне қарай ең кең таралған және өндірістегі ең маңызды минералдарды анықтауға арналған. Оның негізіне минералдардың келесі физикалық қасиеттері салынды: жылтырлығы, қаттылығы, түсі, бисквиттегі (фарфор пластинкасындағы) жұқпа түсі.

Айырғыштағы минералдар екі топқа бөлінген: жылтырлығы металдық және бейметалдық топтары. Жартылай металдық жылтырлығы тән минералдар екі топқа да енгізілген.

Әр бір топтағы минералдар түсіне, жұқпа түсіне және қаттылығына байланысты біріктірілген. Әр бір бөлімшедегі минералдар үлесті салмақтарының ұлғаюына қарай орналасқан.

Зертханалық сабақтарда студенттерге этикеткасыз минералдар таратылып, физикалық белгілеріне қарап және айырғыштың көмегімен минералдың түрін анықтап, оған сипаттама беру тапсырмасы беріледі.

Сульфидтер сыныбының минералдарын анықтағанда студенттер олардың ең кең таралғандарымен: пирит, марказит, халькопирит, галенит, сфалерит, аурипигмент, киноварь минералдарымен жұмыс істейді.

Мысалы, алғашқы болып халькопирит анықталса, бұл минерал «а» - жылтырлығы металдық тобына жатады. Әрі қарай түсі анықталады. Айырғышта минералдардың түсіне қарай бес топшасы берілген:

1) күңгірт-сұр немесе қара;

2) ақ немесе ашық-металдық;

3) сары;

4) латунь түсті сары, қола түсті, қызғылт-сары;

5) қызыл, көгілдір, қоңыр.

Халькопирит топшалардың екеуіне жатқызылуы мүмкін: үшіншісіне (сары) немесе төртіншісіне (латунь түсті сары, қола түсті, қызғылт-сары). Сары минералдар бисквит бетінде қоңыр, сары немесе қара жұқпа түсін қалдыру ықтимал. Жұқпа түсін анықтағанан кейін минерал қара жұқпа түсін беретін минералдар тобына жатқызылады. Одан кейін минералдың қаттылығы анықталады. Ол 3,54 тең. Осылайша, минералды айырғыштың 52 б. (қаттылығы 3-тен аса) іздеу керек. Түсі сары, жұқпа түсі қара және қаттылығы 3-ке тең минералдар топшасында үш минералдар келтірілген: халькопирит, марказит және пирит. Аталған минералдардың сипаттамасын оқып, пирит пен марказиттің келмейтіні анықталады, өйткені олардың қаттылығы 66,5, халькопирит минералы қалады.



Минералдың түсін латунь түсті сары деп белгілегенде айырғышта қосымшаның беттерінде 4 топшасы табылады, оған борнит, халькопирит, пирротин, марказит және пирит. Пирит пен марказит келмейді, өйткені олардың қаттылығы едәуір жоғары. Борнит та келмейді – оның түсі күңгірт-қызғылт-сары. Екі минерал қалады халькопирит пен пирротин. Соңғысының түсі қола-сары және ол магнитті болып келеді (түсбағдардың нұсқарын өзіне тартады). Ізінше, борнит те келмейді, сонымен анықталып жатқан минерал халькопирит.

Сфалериттің анықталуы. Ол «б» (жылтырлығы бейметалдық минералдар) тобына түседі, өйткені оған бейметалдық жылтырлықтың түрі – алмасша жылтырлығы тән. Түсіне байланысты минерал әр түрлі топшаларға жату мүмкін: 1 – күңгірт-сұр немесе қара, 2 – қызғылт, қызыл, сарғылт, күлгін, 4 – сары, қоңыр, 5 – түссіз, ашық-сұр. Егер сфалериттің қатты темірленген түрі - мармарит берілсе, ол жұқпа түсі қоңыр минералдардың ішіндегі күңгірт түсті минерал болуымен байланысты бірінші топшаға жатады. Минералдың қаттылығын (3,5–4) анықтап, оны қаттылығы 1–6 аралығындағы минералдар ішінен: графит, хлорит, сфалерит, сидерит, вольфрамит, гётит, мүйізталшық, авгит, псиломелан, хромит минералдарын тауып алуға болады. Аталған минералдар ішінен графит, хлорит (өте жұмсақ), мүйізталшық, авгит және хромит (қаттылығы 5-ке тең минералдар) олардың сипаттамаларымен қысқаша танысуынан кейін тізімнен шығады. Псиломелан да келмейді, себебі оның жұқпа түсі қара. Вольфрамиттің қаттылығы жоғары (4,55,5) және сфалериттің изометриялық кристалдарына қарағанда оның кристалдары призмалық немесе жуантақталы болып келеді. Сидериттің да қаттылығы 44,5 болғандықтан, ол да келмейді. Соған қоса, тұз қышқылының бір тамшысы сидериттің бетінде сары-жасыл дақ қалдырады. Ізінше, анықталып жатқан минерал марматит.

Қызыл, сары немесе сарғылт түсті сфалерит одан да жеңілірек анықталады. Біріншіден, сфалеритте осындай түсі сирек байқалады, екіншіден, таңдалатын ашық-сұр түсті аз темірленген сфалерит те (клейофан) сирек кездеседі. Әдетте ол түссіз, ал жұқпа түсі ашық реңді болады. Оны анықтаған жағдайда осы минералды бесінші топшада (минералдары түссіз, ақ, ашық-сұр) іздейді.

Осы жолмен қалған сульфидтер де, және тағы басқа сыныптарға жататын минералдар анықталады.
Жұмыстың барысы
1 Пирит, халькопирит, галенит, сфалерит, кальцит, флюорит минералдардың этикеткасыз берілген жинағымен жұмыс жасау.

2 Студенттер ұсынылған минералдарды минералдар айырғышы көмегімен анықтайды және олардың негізгі сипаттамаларын дәптерге жазады.
Жабдықтар мен материалдар
1 Пирит, халькопирит, галенит, сфалерит, кальцит, флюорит минералдарынан тұратын жинағы (екі студентке бір жинақтан).

2 Минералдардың айырғышы.

3 Бисквиттер, қаттылық шкаласы, түсбағдар, НС1-ң 10 %–дық ерітіндісі
Бақылау сұрақтары
1. Минералдар қанша сыныпқа бөлінеді?

2. Кварц, халцедон, опал бір-бірінен немен ерекшеленеді?

3. Гематит, магнетит, лимонит минералдарын не арқылы бір-бірінен ажыратуға болады?

4. Лазурит минералын қандай белгілеріне қарап анықтауға болады?

5. Дала шпаттарына тән ерекшеліктері неде?

6. Тальк, мусковит, хлорит минералдарының ерекшеліктері неде?

7. Карбонаттарды, қышқылға реакциясынан басқа, қандай белгілері бойынша ажыратуға болады?


4 Зертханалық жұмыс. Магмалық тау жыныстары
Мақсаты

Студенттерді магмалық тау жыныстарын анықтап, сипаттама беруге үйрету



ҚТ ережелері – зертханада жұмыс істегенде төмендегілерге тыйым салынады:

1) химикаттар мен ерітінділердің кілегей қабықшаларына, теріге, киімге түсуге;

2) ас қабылдауға (су ішуге);

3) ауа мен иісі қатты немесе ұсақ кристалдық күйде (шаң түрінде) болатын химикаттарды ішке тартуға;



жүктеу 2,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау