4) химикаттардың тысталған оруына, жақсы және бір мағынада оқилатын этикеткаларына назар аудару, шыны бұйымдары мен ыдыспен істегенде абай болу тиісті.
Магмалық тау жыныстары атқылаған тау жыныстары деп те аталады. Олар магманың суып, қатаюы нәтижесінде қалыптасады. «Атқылаған» тау жыныстары деп аталуы тау жыныстарының Жердің ішкі қабықтарынан жер бетіне қарай көтерілетін магманың атқылауынан түзілуімен байланысты. Осы жағдайда магма жер қыртысына еніп қатаю мүмкін, кейбір жағдайларда жер қыртысына жетпей, жер қойнауында кристалдану мүмкін. Осы жағдайда интрузиялық (тереңдік) магмалық тау жыныстары пайда болады. Егер магма жер бетіне төгіліп лава түрінде ағып қатайса, эффузиялық (төгілген) тау жыныстары түзіледі.
Құрылымы - өлшемдерімен, пішінімен және құрам бөліктерінің (минералдардың) өзара қатынасымен анықталатын тау жынысы құрылымының ерекшеліктері.
Тау жынысының бітімі деп тау жынысының нақышын айтады. Бітімі тау жынысының біртектілік дәрежесін, кеңістіктің құрам бөліктермен толтырылу жолын сипаттайды және ірі көлемді тау жынысының сыртқы бейнесінің ерекшеліктерін: кеуектілігін, тақтатастылығын т.б. көрсетеді.
Интрузиялық тау жыныстары толық кристалдық құрылымымен (тау жынысын құрайтын минералдардың барлығы кристалдық болып келеді) және массивті бітімімен сипатталады, өйткені тау жынысының кристалдануы балқымадан бөлінген кристалдардың тығыз орналасуына әкелген жоғарғы қысым жағдайларында қалыптасқан.
Эффузиялық тау жыныстарының құрылымы толық кристалды емес немесе шыныша, және бітімі кеуекті, ұяшықты немесе массивті-кеуекті келген.
Магмалық тау жыныстары түсіне қарай лейкократты – ашық түсті минералдары (кварц, дала шпаты, нефелин, мусковит және т.б.) басым болатын ашық түсті, меланократты – күңгірт түсті минералдары (оливин, пироксендер, амфиболдар, биотит және т.б.) басым болатын топтарға бөлінеді. Магмалық тау жыныстарының келесі құрылым түрлерін ажыратады:
А Кристалдану дәрежесіне қарай:
1 Толық кристалды – тереңдік тау жыныстарына, мысалы, гранитке тән.
2 Толық кристалды емес – төгілген тау жыныстарына, мысалы, обсидианға тән.
Ә Түйіршіктерінің салыстармалы өлшемдері мен өзара қатынасына қарай:
1 Біртекті түйірлі – құрам бөліктері түйірлерінің өлшемдері дерлік бірдей.
2 Түйірлі біртекті емес – тау жынысын құрайтын минералдардағы түйірлердің өлшемдері әр түрлі.
3 Гипабиссальді тау жыныстары үшін порфир тәрізді сипаты – біртекті түйірлі кристалдармен бірге ірі кірікпелер кездеседі.
4 Магма балқымасының жер бетінде немесе жер бетіне жақын тереңдікте қатайғанда байқалатын порфирлі сипаты.
5 Пегматитті сипаты пегматиттерге – магмалық ошақтардың жоғарғы бөліктерінде магма балқымасының қалдығынан қалыптасатын тау жыныстарына тән. Олар сына жазуға ұқсас өзгеше бітімі байқалатын слюдалардың қоспалары мен кварцтан, дала шпатынан тұрады.
Б Түйіршіктердің абсолютті өлшемдері бойынша:
1 Ірі түйірлі құрылымы – дәндердің өлшемі 5 мм-ден аса.
2 Орташа түйірлі – 1 - 5 мм аралығында.
3 Ұсақ түйірлі –1 мм-ден кем.
Магмалық тау жыныстары құрамындағы кремний қостығының (кейде кремний қышқылдары деп айтады) мөлшеріне қарай қышқыл (кремний қостығының мөлшері 65 %-дан аса), орташа құрамды (55–65%), негізді (45–55 %) және ультранегізді (45 %-дан кем) болып бөлінеді.
Сонымен бірге сілтілі тау жыныстары да бөлінеді. Төменде магмалық тау жыныстарының жіктемесі келтіріледі (4.1–кесте).
Жұмыстың барысы
1 Магмалық тау жыныстары жинағымен жұмыс жасау: гранит, пегматит, липарит, сиенит, трахит, диорит, андезит, габбро, базальт, перидотит.
2 Берілген тау жыныстарын екі топқа бөлу: құрылымы толық кристалдық болып келетін интрузиялық (гранит, пегматит, сиенит, диорит, габбро, перидотит), және құрылымы толық кристалды емес эффузиялық (липарит, трахит, андезит, базальт) тау жыныстарына топтастыру
3 Тау жыныстарды түсіне қарай топтастыру: қышқыл тау жыныстарының реңдері ашық түсті болады – гранит, пегматит, липарит; орташа құрамды (сұр түсті) – сиенит, трахит, диорит, андезит; негізді (күңгірт-сұр немесе күңгірт-жасыл) – габбро, базальт және ультранегізді (әдетте күңгірт түсті немесе қара) – перидотит.
4.1-кесте – Магмалық тау жыныстарының жіктемесі (Д. С. Белянкин және В. П. Петров бойынша)
Тау жынысының құрамы
|
Интрузиялық тау жынысы
|
Эффузиялық тау жынысы
|
Өзгертілген (палеотипті )
|
Өзгертілмеген
(кайнотипті)
|
Қышқыл тау жыныстары, SiO2>65 %
|
Тек кварц пен дала шпаттары
|
Аляскит
|
-
|
-
|
Кварц, калийлі дала шпаттары, қышқыл плагиоклаз, слюда (сирек жағдайда ғана күңгірт түсті минералдар)
|
Гранит
|
Кварцты порфир
|
Липарит
|
Орташа құрамды тау жыныстар, SiO2 55–65 %
|
Сілтілі дала шпаты, қышқыл плагиоклаз, күңгірт түсті минералдардың бірқатары
|
Сиенит
|
Ортоклазды порфир
|
Трахит
|
Орташа құрамды плагиоклаз және күңгірт түсті минерал
|
Диорит
|
Порфирит
|
Андезит
|
Негізді тау жыныстары, SiO2 45–55 %
|
Негізді плагиоклаз және күңгірт түсті минерал (кейде оливин)
|
Габбро
|
Диабаз, авгитті порфирит
|
Базальт
|
Ультранегізді тау жыныстары, SiO2<45 %
|
Пироксен, оливин, кенді минералдар
|
Перидотит
|
-
|
-
|
Оливин және кенді минералдар
|
Дунит
|
-
|
-
|
Сілтілі тау жыныстары, SiO2 = 55 %
|
Дала шпаттары, нефелин, күңгірт түсті минералдар
|
Нефелинді сиенит
|
-
|
Фонолит Лейцитофир
|
4 Кестеде көрсетілген топшаларға тау жыныстарын жіктеу (4.1–кесте)
5 Тау жыныстарына төмендегі сұлба бойынша сипаттама беру:
а) тау жынысының атауы мен сыныбы;
ә) құрылымы мен бітімі;
б) түсі;
в) минералдық құрамы;
г) түрлері (мысалы, граниттің түрлері: жазбалы гранит, немесе пегматит, сілтілі гранит және т.б.);
ғ) шығу тегі;
д) орналасу пішіндері (мысалы, батолит, лакколит, шток т.б.);
е) таралуы;
ж) маңыздылығы (халық шаруашылығында қолданылуы).
Құралдар мен материалдар
1 Магмалық тау жыныстарының жинағы: гранит, пегматит, сиенит, трахит, диорит, андезит, габбро, базальт, перидотит.
2 Лупалардың жинағы (2 де 7) – екі студентке.
3 Магмалық тау жыныстары жіктемесінің кестесі.
Бақылау сұрақтары
1. Қышқыл, ультрақышқыл, негізді, ультранегізді магмалық тау жыныстарының құрамындағы кремний қостотығының мөлшері қанша?
2. Палеотипті және кайнотипті тау жыныстарының айырмашылықтары неде?
3. Базальттің құрамында кварц кездеседі ма?
4. Порфир порфириттен немен ерекшеленеді?
5. Гранит гранодиориттен немен ерекшеленеді?
6. Тау жыныстарының лейкократты және меланократты құрам бөліктері деген ұғым нені білдіреді?
7. Магмалық тау жыныстары топтарының түсті минералдарын атаңыз.
5 Зертханалық жұмыс. Метаморфтық тау жыныстары
Мақсаты
Студенттерді метаморфтық тау жыныстарын анықтап, сипаттама беруге үйрету
ҚТ ережелері – зертханада жұмыс істегенде төмендегілерге тыйым салынады:
1) химикаттар мен ерітінділердің кілегей қабықшаларына, теріге, киімге түсуге;
2) ас қабылдауға (су ішуге);
3) ауа мен иісі қатты немесе ұсақ кристалдық күйде (шаң түрінде) болатын химикаттарды ішке тартуға;
4) химикаттардың тысталған оруына, жақсы және бір мағынада оқилатын этикеткаларына назар аудару, шыны бұйымдары мен ыдыспен істегенде абай болу тиісті.
5) концентрацияланған немесе сұйықталған тұз қышқылын пайдалануды жорамалдайтын жұмыстарын жасағанда тұз қышқылының кілегей қабықшаларына, теріге, киімге түскенде күйдіріп жіберетінін ескеру қажет. Теріге қышқылдың тамшылауы жағдайында мақтамен сіңіріп алу керек. Ал тамшылаған жерін су ағынымен шайып сабынмен жуу міндетті.
Метаморфтық тау жыныстары жоғарғы температура, жоғарғы қысым, химиялық белсенді ерітінділер мен газдардың әсерінен шөгінді және магмалық тау жыныстарынан қалыптасады. Бұл факторлар метаморфизм факторлары деп аталады. Олардың әсерінен жаңа минералдар мен жаңа құрылымдардың пайда болуына әкелетін тау жыныстарының толығымен немесе жартылай кристалдану жүреді. Метаморфтық тау жыныстарының құрылымы мен бітімі қалыптасқан жағдайларға байланысты болады.
Метаморфтық тау жыныстарының құрамына тек қана метаморфтық тау жыныстарында жыныс құрушы болып келетін тау жыныстары кіру мүмкін. Оларға гранат, хлориттер, дистен, ставролит, гематит, магнетит және т.б. жатады.
Метаморфизм әр түрлі заттардың кірікпелерімен де (тау жыныстарының химиялық құрамының өзгеруі байқалады), кірікпелерсіз да (химиялық құрамы өзгермей қалады) жүру мүмкін.
Белгілі бір фактордың басым болуына байланысты метаморфизм аймақтық, динамометаморфизм, жапсарлы, пневматолитті және гидротермальды болып бөлінеді.
Ең кең таралған метаморфтық тау жыныстары жоғарғы қысым мен жоғары температураның, жер қыртысының терең зоналарындағы магма балқымасының әсерінен аймақтық метаморфизм нәтижесінде қалыптасады. Метаморфизм қайта кристалданумен бірге жүреді, жоғарғы қысым тау жыныстарының пластикалық ағуы мен сығылуына әкеледі.
Аймақтық метаморфизм кезінде пайда болатын метаморфтық тау жыныстары әдетте кристалдық құрылымымен сипатталады, оларды құрайтын минералдар дәндерінің пішіні парақты, кестелі, тікенекті, қабыршақты болып келеді.
Метаморфтық тау жыныстарына бітімнің ерекше түрлері тән. Ең кең таралғаны тақтатасты – бұл жағдайда минералдар жолақты құрылысына ие болатын тау жынысында бір-біріне бойлас бағытта орналасады; гнейсті – кестелі минералдар ұзын жақтарымен бір-біріне бойлас бағытта орналасады; бүрмелі – құрайтын минералдар ұсақ қатпарлаға жинақталған; көзілдірік тәрізді – тау жыныстарының бүрмелі, тақтатасталған бөлікшелерімен қоршалған минералдардың сопақша дәндері байқалады; талшықты – бір-біріне бойлас бағытта созылған талшықты немесе тікенекті минералдармен түзілген; массивті – метаморфты тау жынысының толық біртектілігі мен құрайтын минералдардың тығыз орналасуы байқалады.
Аймақтық метаморфизм барысында қалыптасатын тау жыныстарының ішінен ең кең таралғандары гнейстер, кристалдық тақтастастар, сазды тақтатастар, кварциттер, мәрмәр, жасыл тақтатастар болып келеді.
Жұмыстың барысы
1 Метаморфтық тау жыныстарының жинағымен жұмыс істеу: гнейстер (мусковитті, биотитті, қосслюдалы); кристалдық тақтатастар – слюдалы (мусковитті, биотитті, мусковит-биотитті), хлоритті, талькті, гранат-слюдалы, дистен-слюдалы, кварцит (шокшин және темірлі), мәрмәр және сазды тақтатастар.
2 Тау жыныстарын құрылымына қарай екі топқа бөлу:
а) толық кристалды құрылымы (гнейстер, мәрмәр, кварцит, кристалдық тақтатастар);
ә) құрылымы кристалдық емес – сазды тақтатастар
3 Құрылымы толық кристалды тау жыныстарын зерттеу: гнейстер (дала шпаттарынан, кварцтан, слюдалардан, кейде мүйізталшық мен гранаттың қоспаларынан тұратын полиминералды тау жыныстары) және кристалдық тақтатастар (гнейстерге қарағанда дала шпаттары кездеспейді және олар мусковит, биотит, хлорит, тальк, гранат, кейде түріне қарай дистен минералдарынан тұрады). Гнейстер жолақты немесе гнейсті бітімімен, кристалдық тақтатастар – тақтатасты немесе бүрмелі бітімімен сипатталады. Бітімінің түрлері де кездесу мүмкін: көзілдірік тәрізді, талшықты т.б.
4 Кристалдық тақтатастар: мусковитті (жынысқұрушы минералы – мусковиттің атауымен аталған), биотті (негізінен биотитпен түзілген), мусковитті-биотитті (мусковит те, биотит те бар), талькті (тальктан тұрады), хлоритті (хлоритпен құралған), гранат-слюдалы (слюда мен гранат дәндерінен тұрады), дистен-слюдалы (дистен және слюда минералдары бар).
5 Кварцит пен мәрмәрмен жұмыс жасау. Олар жоғарыда қарастырылған метаморфтық тау жыныстарынан оңайлықпен ажыратылады. Әдетте мономинералды құрамымен және шомбал бітімімен сипатталады. Бұл тау жыныстарының түсі сұр, ақ, қызыл, жасыл, құба және т.б. түстердің әр түрлі реңдерімен сипатталады. Кварцит негізінен кварцтан тұрады, қатты, пышақ сызат қалдырмайды, НС1-мен реакцияға түспейді. Кварциттің түрлеріне әдетте бітімі тақтатасты болатын гематит пен магнетиттен тұратын темірлі кварциттер жатады. Магнетиттің мөлшері жоғары болса, магниттің нұсқарды өзіне тартады. Бисквиттің бетінде қара сызық қалдырады. Гематит тау жынысы шиелі-қызыл түсті, және бисквитте де шиелі-қызыл түс қалдырады. Мәрмәр пышақпен, шынымен жеңілдікпен кесіледі, көмірқышқыл газының көпіршіктерін шығарып, тұз қышқылымен реакцияға белсенді қатысады.
6 Сазды тақтастарды зерттеу. Сазды тақтатастардың құрылымы кристалдық емес болып келеді және тақтатасты бітімімен, күңгірт-сұр немесе қара, кейде жасыл немесе құба түсімен сипатталады. Соққанда жұқа парақтарға бөлінеді, суда суланбайды. Слюдалы минералдар көбірек болғанда жібекше жылтырлығы байқалады. Осындай тақтатастарды филлитер деп атайды.
7 Жұмыс дәптерінде бітімін салып, метаморфтық тау жыныстарының үлгілерін анықтау және сипаттама беру
Құралдар мен материалдар
1 Метаморфтық тау жыныстарының жинағы: гнейстер (мусковитті, биотитті, қосслюдалы), кристалдық тақтатастар (мусковитті, биотитті, мусковитті-биотитті, хлоритті, гранат-слюдалы, дистен-слюдалы), кварцит (шокшин және темірлі), мәрмәр, сазды тақтатастар.
2 10 %-дық НС1 ерітіндісі.
Бақылау сұрақтары
1. Метаморфты тау жыныстары басқа тау жыныстарынан немен ерекшеленеді?
2. Гнейсті және бүрмелі бітімінің айырмашығы неде?
3. Көзілдірік тәрізді бітімі немен сипатталады?
4. Филлиттердің құрамына қандай минералдар кіреді?
5. Гнейстер мен кристалдық тақтатастардың айырмашылығы неде?
6. Мәрмәрдің алғашқы тау жынысы қандай?
7. Тақтатастылық деген не?
6 Зертханалық жұмыс. Шөгінді тау жыныстары
Мақсаты
Студенттерді шөгінді тау жыныстарын анықтап, оларға сипаттама беруге машықтандыру
ҚТ ережелері – зертханада жұмыс істегенде төмендегілерге тыйым салынады:
1) химикаттар мен ерітінділердің кілегей қабықшаларына, теріге, киімге түсуге;
2) ас қабылдауға (су ішуге);
3) ауа мен иісі қатты немесе ұсақ кристалдық күйде (шаң түрінде) болатын химикаттарды ішке тартуға;
4) химикаттардың тысталған оруына, жақсы және бір мағынада оқилатын этикеткаларына назар аудару, шыны бұйымдары мен ыдыспен істегенде абай болу тиісті. 5) концентрацияланған немесе сұйықталған тұз қышқылын пайдалануды жорамалдайтын жұмыстарын жасағанда тұз қышқылының кілегей қабықшаларына, теріге, киімге түскенде күйдіріп жіберетінін ескеру қажет. Теріге қышқылдың тамшылауы жағдайында мақтамен сіңіріп алу керек. Ал тамшылаған жерін су ағынымен шайып сабынмен жуу міндетті.
1-тапсырма
Кесекті тау жыныстарының үлгілерін анықтап сипаттау
Шөгінді тау жыныстары жер қыртысының 5 %-ын алып жатыр, бірақ беткі бөліктерніде 75 %-ға дейін жетеді. Олардың басым бөлігі теңіз және мұхит алаптарында қалыптасқан.
Шөгінді тау жыныстары өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады: олар әдетте қабатты, кеуекті болады, әр түрлі өсімдіктер мен жануарлардың бастырмалары кездеседі, қазбалы флора мен фауна орналасады. Шөгінді тау жыныстарының көбі борпылдақ, сусымалы (құм, гравий) қабаттар түрінде орналасады. Минералдық құрамы да өзгеше. Мысалы, тек шөгінді тау жыныстарының құрамында ғана галит, мирабилит, гипс, глауконит, кейбір сазды минералдар т.б. кездеседі. Олардың ішінде мономинералды қабаттары да орын алады – әктастар, тас тұзы, гипстер, ангидриттер, фосфориттер т.б.
Барлық шөгінді тау жыныстары үш үлкен топқа бөлінеді: кесекті (сынықты), хемогенді және органогенді (олардың қалыптасуына механикалық, химиялық, биологиялық үрдістер қатысады). Осындай бөлу шартты түрде болса да, өйткені осы тау жыныстарының қалыптасуына үгілудің механикалық, химиялық факторлары да, ағзалардың тіршілік етуі де қатысады, жиі таралған. Ал шөгінді тау жынысының жаратылуында басым әсер етуші факторын анықтау кейде қиынға түседі.
Сынықты тау жыныстары. Сынықты тау жыныстары құрайтын кесектерінің өлшемі мен пішініне, борпылдану немесе тығыздалу дәрежесіне қарай топтарға бөлінеді (6.1–кесте).
6.1-кесте – Сынықты тау жыныстарының жіктелуі
Тау жыныста-рының топтары
|
Жұмырланған кесектер
|
Кесектердің өлшемі, мм
|
Үшкір бұрышты кесектер
|
Борпылдақ
|
Керіштенген
|
Борпылдақ
|
Керіштенген
|
Ірі кесекті (псефиттер)
|
Шойтастар
|
Шойтасты конгломерат
|
> 100
|
Құжбандар
|
Құжбанды брекчия
|
Тасмалта
|
Тасмалталы конгломерат
|
100–10
|
Тасшақпа
|
Брекчия
|
Гравий
|
Гравийлі конгломерат (гравелит)
|
10–1
|
Тасқиыршық
|
Қиыршықтас
|
Құмды (псаммиттер)
|
Құм
|
Құмтас
|
1–0,1
|
Құм
|
Құмтас
|
Алевролитті (алевритті)
|
Алеврит
|
Алевролит
|
0,1–0,01
|
Алеврит
|
Алевролит
|
Жұмыстың барысы
1 Кесекті тау жыныстарының жинағымен жұмыс жасау: тасмалта, тасшақпа, гравий, тасқиыршық, конгломерат, брекчия, минералдық құрамы әр түрлі құмдар (кварцты, кварцты-слюдалы, аркозовты, глауконитті, темірлі т.б.), лёсс және лёсс тәрізді саздақ
2 Сынықтардың жұмырлығы бойынша тау жыныстарын екі топқа бөлу: а) жұмырланған; б) үшкір бұрышты.
3 Әр бір топты екі топшаға бөлу – борпылдақ (тасмалта, гравий, құм, тасшақпа, тасқиыршық, лёсс) және керіштенген (конгломерат, брекчия, құмтас, қиыршықтас, алевролит).
4 Құрайтын сынықтардың өлшеміне қарай үлгілерді анықтау.
5 Үлгілерді сипаттау: а) тасмалтаның, тасшақпаның, гравийдің, тасқиыршықтың минералдық құрамына, түсіне, біртектілігіне сипаттама беру; ә) конгломерат пен брекчиянің сынықтар құрамына, олардың біртектілігіне, түсіне, керіштің (карбонатты түрі НС1 әсерінен қайнады, кремнийлі түрі – пышақпен кесілмейді) минералдық құрамына сипаттама беру; б) құмдар мен құмтастарды құрамына қарай (мономинералды немесе полиминералды) топтастырып, минералдық құрамын көрсету; в) лёсс пен лёсс тәрізді саздақтардың ортақ және өзгеше белгілерін сипаттау: лёсс тұз қышқылымен қарқынды реакцияға түседі (құрамында кальцит бар), құрылымсыз, кеуекті, лёсс тәрізді саздақтар НСl-мен реакцияға түспейді, кейде гравийдің, құмды бөлшектердің кірікпе қабаттары байқалады. Сонымен қатар тау жынысының түсі де анықталу қажет.
Құралдар мен материалдар
1 Сынықты тау жыныстарының жинағы: тасмалта, гравий, тасшақпа, тасқиыршық, конгломерат, брекчия, минералдық құрамы мен дәндерінің өлшемдері әр түрлі құмдар мен құмтастар, лёсс және лёсс тәрізді саздақтар.
2 10 %-дық тұз қышқылының ерітінділері
3 Шөгінді тау жыныстарының жіктелу кестесі.
Сазды тау жыныстары. Шөгінді тау жыныстары ішінен сазды түзілімдер ең кең таралған болып келеді. Олардың үлесіне барлық шөгінді тау жыныстарының жартысынан астам бөлігі келеді. Басқаша пелиттер деп аталатын сазды тау жыныстарына саздар мен аригиллитер – 30 %-ға өлшемі 0,001 мм болып келетін жұқа дисперсиялы бөлшектерден және көбінесе 0,01 мм өлшемді бөлшектерден тұратын ұсақ сынықты тау жыныстары жатады. Сазды тау жыныстарын дәлірек анықтауға органикалық бояғыштар мүмкіндік береді.
Жұмыстың барысы
1 Сазды тау жыныстарымен жұмыс істеу: каолин сазы, монтмориллонит сазы, мореналық саз немесе мореналық саздақ.
2 Каолин сазын анықтау. Оның түсі ақ немесе сұр, қолға алғанда майлы болып сезіледі, сумен әрекеттескенде оны баяу сіңіреді, суланғанда көлемі дерлік ұлғаймайды, өте жұмсақ болып келеді.
3 Монтмориллонит сазын анықтау. Түсі сұр немесе қызғылт, суланғанда көлемі бірнеше есе артады. Каолин сазымен салыстырғанда қаттырақ.
4 Мореналық саз қызыл-құба немесе сары (сирек жағдайда ғана қара немесе көгілдір) түсімен жеңілдікпен анықталады, суланғанда пластикалылығы жоғарылайды, майыстырып бұрауға келетін созымды кірпікшелерге оңайлықпен айналады. Мореналық саздарда тасқиыршықтың, тасмалтаның, тасшақпа мен шойтастардың кірікпелері кездеседі. Мореналық саздақ мореналық сазға қарағанда ылғалданған күйінде майыстырғанда тез сынып қалып шашылады.
Құралдар мен материалдар
1 Саздардың жинағы: коалин, монтморрилонит, мореналық.
2 Фарфор тостағаншалары немесе Петри (екі студентке біреуден).
3 0,5-1 л су құйылған ыдыс.
2-тапсырма
Хемогенді және органогенді тау жыныстарының үлгілерін анықтап сипаттау
Хемогенді және органогенді тау жыныстары су ортасында да, құрлықта да химиялық үрдістер мен өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі. Осы топтың тау жыныстары әдетте аралас органогенді-хемогенді түзілімдерді құрайды. Олар химиялық құрамына қарай жіктеледі
Карбонатты, кремнийлі, глиноземді, фосфатты, темірлі, галоидты, сульфатты тау жыныстары мен каустобиолиттер ажыратылады.
Жұмыстың барысы
1 Шөгінді тау жыныстарының жинағымен жұмыс істеу: әктас, бор, мергель, мергельді әктас, әктасты саз, доломит, диатомит, опока, тас тұзы, сильвинит, карналлит, гипс, ангидрит, боксит, қоңыр теміртас, тас көмір, қоңыр көмір, әктасты туф.
2 Төменде келтірілген сызбалардың (6.2–кесте) көмегімен хемогенді және органогенді тау жыныстарын анықтау
3 Әр бір тау жынысының негізгі сипаттамаларын жұмыс дәптеріне жазып алу
Құралдар мен материалдар
1 Хемогенді және органогенді тау жыныстарының жинағы: әктас, доломит, мергельді әктас, әктасты саз, диатомит, опока, тас тұзы, сильвинит, карналлит, гипс, ангидрит, боксит, қоңыр теміртас, шымтезек, тас көмір, қоңыр көмір, әктасты туф.
2 10 %-дық HCl ерітінділері (екі студентке біреуінен).
3 Шыны түтіктер.
4 Суға толған ыдыс (0,5–1 л).
5 Спиртовка спирт шамы (екі студентке біреуінен).
6 КОН ерітіндісі.
6.2-кесте – Хемогенді және органогенді тау жыныстарын анықтаудың жалпы сызбасы
Бейорганикалық тау жыныстары
|
Органикалық тау жыныстары
|
Суда еритін – галоидты жыныстар
|
НCL-да еритін –карбонатты тау жыныстар
|
НCL-да ерімейтін – сульфатты, кремнийлі,
Темірлі және глиноземді тау жыныстары
|
|
Әр бір топтың тау жыныстарын анықтау реті төменде келтірілген.
6.3-кесте 9 – Суда еритін бейорганикалық тау жыныстары. Галоидты жыныстар
Бір минералдан тұратын (галит, сильвин, карналлит)
|
Бірнеше минералдан тұратын (сильвинит, карналлитті тау жынысы)
|
«Сульфаттар мен галогенидтер» нұсқауы бойынша анықталады
|
Жымдастығы анық минералдар басым -сильвинит (25–60 % галит, 14–40 % сильвин және қоспалары)
|
Жымдастығы байқалмайтын минералдар басым (50–80 % карналлит, 20–50 % галит және т.б. қоспалар)
|
6.4-кесте – HCl-да еритін бейорганикалық тау жыныстары. Карбонатты тау жыныстары
Тұнба қалдырмай тез ериді (әктасты туф, бор, әктас)
|
Нашар ериді
|
Тұнба қалдырып ериді (мергель, мергельді әктас,әктасты саз)
|
Өте жеңіл (әктасты туф,бор)
|
Жеңіл
|
Доло-мит
|
Тұнбасы 25–50 % құрайды-мергель
|
Тұнба 25% дейін мөлшерін құрайды - мергельді әктас
|
Тұнбасы 50 %-тен аса – әктасты саз
|
Кеуекті- әктасты туф
|
Тығыз, жұқа ұнтақты
|
Әктас
|
Бақылау сұрақтары
1. Хемогенді тау жыныстары органогенді тау жыныстарынан немен ерекшеленеді?
2. Яшма қандай тау жыныстарына жатады?
3. Полимиктті және мономиктті құмтас деген сөз нені білдіреді?
4. Пелиттер алевриттерден немен ерекшеленеді?
5. Мергельдің мергельді әктастан айырмашылығы неде?
6. Опоканың құрамына не кіреді?
7. Борпылдақ шөгінді тау жыныстарының керіштенген тау жыныстарынан өзгешелігі неде?
6.5-кесте – Суда және HCl-да ерімейтін бейорганикалық тау жыныстары. Сульфатты, кремнийлі, темірлі және глиноземнді тау жыныстары
Ақ, сұр, көгілдір, қызғылт, ашық-сары (гипс, ангидрит, диатомит, опока)
|
Құба, қызыл, жосалы-сары (қоңыр теміртас, боксит)
|
Тырнақ сызат қалдырады (қаттылығы < 2,5)
|
Тырнақ сызат қалдырмайды (қаттылығы > 2,5)
|
Тотықты-қоңыр, жосалы-сары, қоңыр-қызыл түсті, құрылысы сусымалы , қабыршақ тәрізді және оолитті массалар – қоңыр теміртас
|
Қызыл-қоңыр, сұр түсті, құрылысы тығыз немесе оолитті массалар - бокситтер
|
Кристалдық түйірлі, парақты, талшықты массалар – гипс
|
Жерлі, ұнтақ тәрізді, аморфты массалар - диатомит
|
Кристалдық ұсақ түйірлі массалар - ангидрит
|
Аморфты жұқа ұнтақты немесе тығыз массалар – опока
|
7 Зертханалық жұмыс. Геохронологиялық кесте
Мақсаты
Студенттерге Жердің дамуындағы геохронология жөнінде мәліметтер мен түсінік беру
ҚТ ережелері – зертханада жұмыс істегенде төмендегілерге тыйым салынады:
1) химикаттар мен ерітінділердің кілегей қабықшаларына, теріге, киімге түсуге;
2) ас қабылдауға (су ішуге);
3) ауа мен иісі қатты немесе ұсақ кристалдық күйде (шаң түрінде) болатын химикаттарды ішке тартуға;
4) химикаттардың тысталған оруына, жақсы және бір мағынада оқилатын этикеткаларына назар аудару, шыны бұйымдары мен ыдыспен істегенде абай болу тиісті.
Тапсырма
Жер дамуының бір кезеңіне сипаттама беріңіз
Жұмыстың барысы
1 Оқулықтарды, геологиялық карталар мен басым құрылымдар атласын қолданып, 7.1–кесте түрінде Жердің дамуындағы негізгі оқиғаларға сипаттама беріңіз
2 Кезеңдердің тізімі: 1) кембрий; 2) ордовик; 3) силур; 4) девон; 5) тас көмір; 6) пермь; 7) триас; 8) юра; 9) бор; 10) палеоген.
7.1-Кесте – Геологиялық кезеңіндегі негізгі оқиғалар
Тектоника
|
Климат
|
Шөгінділердің жиналуы мен пайдалы қазбалардың қалыптасуы
|
Органикалық дүниесі
|
Өсімдіктер
|
Омыртқасыздар
|
Омыртқалылар
|
Құралдар мен жабдықтар
1 Жетекші өсімдіктер мен жануарлар атласы
2 Геохронологиялық кесте
Бақылау сұрақтары
1. Палеотектоника түсінігі нені білдіреді?
2. Палеоклимат ұғымы нені білдіреді?
3. Карбондағы шөгінділердің жиналуының ерекшеліктерін атаңыз.
4.Төрттік кезеңдегі шөгінділердің жиналуының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
5. Силур кезеңінде өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жетекші түрлерін атаңыз
6. Мезозойдағы өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жетекші түрлерін атаңыз.
7. Неогендегі өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жетекші түрлерін атаңыз.
8 Зертханалық жұмыс. Геологиялық карталар, геологиялық қима
Мақсаты
Студенттерге геологиялық карталар мен бағаналар туралы негізгі түсініктер мен білімдерді беру, геологиялық қима құрастыруға үйрету
1-тапсырма
8.1–кестедегі мәліметтерді қолданып, «Қаздың қайтуы» атты палеонтологиялық ескерткіш ауданының геологиялық қимасын құрастыру
8.1-кесте – Ертіс өзенінің оң жағалауының геологиялық қимасы
Қабаттың нөмірі
|
Қабаттың сипаттамасы
|
Тазартулардың мәліметтері бойынша қабаттың қалыңдығы, м
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Шөппен жамылған эолдық құмдар, голоцен
|
0,6
|
0,8
|
0,4
|
0,6
|
0,5
|
0,8
|
2
|
Көмілген топырақ, голоцен
|
0,7
|
0,7
|
0,8
|
0,7
|
0,7
|
0,6
|
3
|
Карбонаттардың кірікпелері кездесетін ала түсті саздар, плейстоцен
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
3,4
|
3,5
|
3,7
|
4
|
Жануарлардың сүйектері кездесетін саздақ, неоген
|
0,0
|
0,5
|
1,2
|
1,4
|
0,8
|
0,0
|
5
|
Бойлас-қабатты слюдалы ақ құм, неоген
|
3,0
|
2,2
|
1,5
|
1,4
|
2,1
|
2,9
|
6
|
Слюдалардың кірікпелері кездесетін қызыл інжу тасы тәрізді, қиғашқабатты неоген
|
6,0
|
6,2
|
6,5
|
6,3
|
6,4
|
6,2
|
7
|
Тығыз мергель, арал типті саздар, палеоген
|
1,0
|
1,2
|
1,2
|
1,3
|
1,0
|
1,1
|
8
|
Су деңгейі
|
|
|
|
|
|
|
2-тапсырма
Геологиялық картаны қолданып, геологиялық қима құрастырыңыз
8.1-сурет – Геологиялық сызба
АБ бағыты бойынша геологиялық қима 1см - 250м
S ■ М: көлденең1:25000 тік V-10000
8.2-сурет – Геологиялық қима
Құралдар мен жабдықтар
1 8.1-кестеciнің ақпараттары
2 Геологиялық карталар мен қималар
3 Карталардың аңызы
Бақылау сұрақтары
1. Граниттер, базальттар, гранитдиориттер карталарда қандай шартты белгілермен көрсетіледі?
2. Әктастар, саздар, құмдар, гравелиттер карталарда қандай шартты белгілермен көрсетіледі?
3. Шымтезек, лёсс, лёсс тәрізді саздақ, мореналық саздақ, тасмалта карталарда қандай шартты белгілермен көрсетіледі?
4. Доломит пен мергель карталарда қандай шартты белгілермен көрсетіледі?
5. «Ашылымның сипаттамасы», «Маршрут бойынша жалпы геологиялық қима құрастыру» ұғымдары нені қамтиды?
6. Тектоникалық карта геологиялық картадан немен ерекшеленеді?
7. Этикеткалар не үшін қолданылады?
Әдебиеттер
Аманиязов Қ. Геология: оқулық. – Астана : Фолиант, 2010. – 152 б.
Әбілмәжінова С. А. Палеогеография. – Алматы : Экономика, 2011. – 360 б.
Жүнісов А. А. Құрылымдық геология. – Алматы : Дәуір, 2011. – 224 б.
Байбатша Ә. Б. Палеонтология және тарихи геология. – Алматы : оқулық, 2011. – 496 б.
Нұрмағамбетов А. Жер физикасы. – Алматы : ҚазҰТУ, 2006. – 209 б.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: геология. – Алматы : Мектеп, 2003. – 248 б.
А қосымша
(анықтамалық)
Минералдар айырғышы
Минералдар айырғышы кең таралған және өнеркәсіптік жағынан маңызды минералдарды оларды физикалық қасиеттеріне: жылтырлығына, қаттылығына, түсіне, жұқпа түсіне т.б. қарап анықтауға арналған. Минералдар екі топқа бөлінген: жылтырлығы металдық және бейметалдық минералдар. Жылтырлығы жартылай металдық минералдар екі топқа да енгізілген. Әр бір топта минералдар түсіне, жұқпа түсі мен қаттылығына қарай жіктелген. Әр бір топшада минералдар үлес салмағының ұлғаю ретімен (төменгі көрсеткіштен жоғарғысына) орналасқан.
Айырғышта төмендегі қысқартулар қолданылады: қат. – қаттылығы, ү.с. – үлесті салмағы, жымд. – жымдастығы. Минералды анықтау төменде келтірілген тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, халькопиритті анықтау қажет. Осы минералдың жылтырлығы металдық, бұл оны А тобында іздеу керек деген сөз. Минерал сары немесе латун түсті сары болу мүмкін. Ізінше, оны жұқпа түсі қара және қаттылығы 3-тен аспайтын минералдардың үшінші немесе төртінші тобынан іздеу керек.
Минералдарды анықтау тәсілі
А.1-кесте – А – тобындағы жылтырлығы металдық минералдар
Минералдың түсі
|
Жұқпа түсі
|
Қаттылығы
|
Беті
|
1 Күңгірт-сұр немесе қара
|
Ақ, сұр, жасыл, қызыл, қоңыр, сары
Қара
|
1–3...
3–6...
6-дан аса
l–3...
3-тен аса
|
50
50
50
50
51
|
2 Ақ немесе ақшыл-металдық-сұр
|
Ақ немесе болатты-сұр
Қара
|
1–6...
l–3...
3-тен аса
|
51
51
51
|
3 Сары
|
Қоңыр немесе сары
Қара
|
1–6...
3-тен аса...
|
52
52
|
4 Латунь түсті сары, қола түсті, қызғылт сары
|
Қызыл, сары, құба
Қара
|
l–3...
3–тен аса
3-тен аса
|
52
52
52
|
5 Қызыл, қоңыр, көгілдір
|
Ақ, сұр, жасыл, қызыл, қоңыр, сары
Қара
|
l–3...
3–6...
6-дан аса
1–3...
3–6...
6-дан аса
|
53
53
53
53
53
53
|
А.2-кесте – Б – тобындағы жылтырлығы бейметалдық минералдар
Минералдың түсі
|
Жұқпа түсі
|
Қаттылығы
|
Беті
|
1 Күңгірт-сұр немесе қара
|
Жасыл, қызыл, қоңыр, сары, қара
Түссіз, ақ, ашық-сұр
|
1–6...
l–3...
3-тен аса
l–3...
3–6...
6-дан аса
|
53
53
53
54
54
54
|
2 Қызғылт, қызыл, сарғылт, күлгін
|
Қызыл, қоңыр, сары
Түссіз, ақ, ақшыл-сұр
|
l–3...
3-тен аса...
l–3...
3–6...
6-дан аса
|
55
55
55
55
56
|
3 Жасыл, көгілдір, көгілдір-күлгін
|
Көгілдір, сұр, жасыл, қоңыр, сары
Түссіз, ақ, ақшыл-сұр
|
1–6...
1–3 ...
3–6...
6-дан аса
|
56
56
56
57
|
4 Сары немесе қоңыр
|
Қызыл, қоңыр, сары
Түссіз, ақ, ақшыл-сұр
|
l–3...
3-тен аса...
l–3...
3–6...
6-дан аса
|
57
57
57
58
58
|
5 Түссіз, ақ, ақшыл-сұр
|
Түссіз, ақ, ақшыл-сұр
|
l–3...
3–6...
6-дан аса
|
58
59
59
|
А–тобындағы жылтырлығы металдық минералдар
1 Күңгірт-сұр немесе қара түсті минералдар
Жұқпа түсі ақ, сұр, жасыл, қызыл, қоңыр, сары
Қаттылығы 1–3
Гематит Fe2O3. Қат. 1–3. Ү.с. 5,2. Жымд. байқалмайды. Түсі болатты-сұр, қара Жұқпа түсі шиелі-қызыл. Дәнді, қабыршақты, парақты және кристалдық массаларын құрайды.
Күміс Ag. Қат. 2,5–3. Ү.с. 10–11, Жымд. байқалмайды. Түсі – күмісті-ақ, күңгірт-сұр, қара (тотыққанда )
Қаттылығы 3–6
Вольфрамит (Mn, Fe)WO4. Жымд. анық. Қат. 4,5–5,5. Ү.с. 6,7–7,5. Түсі қоңыр-қара. Жұқпа түсі қоңыр-қара (ферберит), сары, ақшыл-қоңыр (гюбнерит). Қалыңкестелі, призмалық кристалдар.
Гётит FeOOH. Қат. 5,5–6 (гидрогётитте 1–5,5). Ү.с. 4,2. Жымд. анық. Түсі күңгірт-қоңыр, қара, жосалы-сары. Жұқпа түсі құба. Бүтін, кеуекті, борпылдақ массалар. Кристалдары тікенекті.
Авгит. Қат. 5–6,5. Ү.с. 3,2–3,5. Жымд. орташа. Түсі қара, құба, жасыл. Қысқакестелі, кестелі кристалдар. Түтас түйірлі массалар.
Ильменит FeTiO3. Қат. 5–6. Ү.с. 4,6–4,8. Жымд. өте анық. Түсі темірлі-қара. Жұқпа түсі қара, қоңыр-қара.
Хромит FeCr2O4. Қат. 5,5–7,5. Ү.с. 4,2–5,0. Жымд. байқалмайды. Түсі қара. Жұқпа түсі құба. Кіріктірмелері кездесетін түйірлі массалар.
Гематит Fe2O3. Қат. 5–6. Ү.с. 5,2. Жымд. байқалмайды. Түсі болатты-сұр, қара жұқпа түсі шиелі-қызыл. Түйірлі, қабыршақты, парақты және кристалдық массалар.
Қаттылығы 6-дан аса
Рутил TiO2. Қат. 6–6,5. Ү.с. 4,2–4,4. Жымд. анық. Түсі қызыл-қоңыр, құба, сары, қара. Түйірлі агрегаттар, кристалдары призмалық, бағаналы, тікенекті
Касситерит SnO2. Қат. 6–7. Ү.с. 6,5–7. Жымд. нашар. Түсі әр түрлі – түссізден қара түске дейін болу мүмкін. Жұқпа түсі ақ. Кристалдары дипирамидалық, призмалық. Түйірлі агрегаттар.
Корунд А12О3 Қат. 9. Ү.с. 4. Жымд. байқалмайды. Түсі сұр, көкшіл, қызғылт, қоңыр, құба. Ұсақтүйірлі агрегаттары, кристалдары кеспек тәрізді.
Жұқпа түсі қара
Қаттылығы 1–3
Графит С. Қат. 1. Ү.с. 2,2–2,3. Жымд. анық. Түсі мен жұқпа түсі қара, күңгірт-сұр, темірлі-қара. Жұқақабыршақты, жерлі массалар, қабыршақтар, парақшалар, сферолиттер.
Молибденит MoS2. Қат. 1. Ү.с. 4,7–4,8. Жымд. өте анық. Түсі мен жұқпа түсі көгілдір-сұр, қорғасынды-сұр. Парақты және қабыршақты агрегаттар, сферолиттер, әдіптер түрінде кездеседі.
Пиролюзит МпО2. Қат. 1–2 (жерлі айырымдар). Ү.с. 5. Жымд. анық. Түсі күңгірт-болатты-қара. Жұқпа түсі қара. Жерлі, күйелі, жасырын кристалды массалар.
Антимонит Sb2S3. Қат. 2. Ү.с. 4,5–4,6. Жымд. анық. Түсі мен жұқпа түсі қорғасынды-сұр. Түйірлі массалар, призмалық және тікенекті кристалдар.
Галенит PbS. Қат. 2–3.Ү.с. 7,4–7,6. Жымд. анық. Түсі қорғасынды-сұр. Жұқпа түсі сұр-қара. Дәнді агрегаттар, призмалық және тікенекті кристалдар (текше, октаэдр), друзалар. Түсі қорғасынды-сұр. Жұқпа түсі сұр-қара. Түйірлі агрегаттар, призмалық және тікенекті кристалдар (текшелер, октаэдр пішінді), друзалар.
Халькозин Cu2S. Қат. 2,5–3. Ү.с. 5,5–5,8. Жымд. нашар. Түсі қорғасынды-сұр. Жұқпа түсі күңгірт-сұр. Кірікпелер кездесетін тұтас жұқадәнді массалар
Қаттылығы 3-тен аса
Күңгірт (блеклые) рудалар CtTl2(Sb, As)4Si3. Қат. 3–4. Ү.с. 4,4–5,1. Жымд. байқалмайды. Түсі мен жұқпа түсі болатты-сұр түсінен темірлі-қара түсіне дейін болу мүмкін. Тұтас массалар, кірікпелер байқалады.
Станнин Cu2FeSnS4. Қат. 3–4. Ү.с. 4,3–4,5. Жымд. нашар. Түсі зәйтүнді-жасыл реңдері байқалатын болатты-сұр. Жұқпа түсі қара. Түйірлі массалар, жеке кірікпелері кездеседі
Вольфрамит – 50 бетті қараңыз.
Псиломелан. Қат. 5–6 (жерлі айырымдарда – төмендеу). Ү.с. 4–4,5. Жерлі, тығыз массалар, сауыстар, конкрециялар, оолиттер түрінде болады. Түсі темірлі-қара. Жұқпа түсі қара.
Ильменит – 50 бетті қараңыз.
Магнетит FeFe2O4. Қат. 5,5–6. Ү.с. 4,8–5,3. Жымд. байқалмайды. Түсі темірлі-қара. Жұқпа түсі қара. Дәнді массалар, кристалдары октаэдр түрінде. Магниттілігі тән.
2 Ақ немесе ақшыл-металдық сұр минералдар
Жұқпа түсі ақ немесе болатты-сұр
Қаттылығы 1–6
Молибденит – 50 бетті қараңыз.
Висмутин Bi2S3. Қат. 2–2,5. Ү.с. 6,7–6,8. Жымд. анық. Түсі мен жұқпа түсі қорғасынды-сұр. Дәнді массалар, призмалық, тікенекті кристалдар.
Күміс – 50 бетті қараңыз.
Платина Pt. Қат. 4–4,5. Ү.с. 4–4,5. Жымд. байқалмайды. Түсі ақ, болатты-сұр. Жұқпа түсі болатты-сұр. Дәндері бұрыс пішінді, сомтұма түрінде кездеседі.
Жұқпа түсі қара
Қаттылығы 1–3
Антимонит – 50 бетті қараңыз.
Галенит – жоғарыдан қараңыз.
Қаттылығы 3-тен аса
Кобальтин CoAsS. Қат. 5,5. Ү.с. 6,1–6,4. Жымд, анық. Түсі қызғылт реңді ақ. Жұқпа түсі сұр-қара. Дәнді агрегаттар, кристалдарының пішіні октаэдр, текше және додекаэдр.
Арсенопирит FeAsS. Қат. 5,5–6. Ү.с. 5,9–6,3. Жымд. орташа. Түсі болатты-сұр, қалайы түсті ақ. Жұқпа түсі сұр-қара. Дәнді және сырғауыл тәрізді агрегаттар, жұлдыз тәрізді қоса өскен агрегаттар.
Марказит FeS2. Қат. 6–6,5. Ү.с. 4,8–4,9. Жымд. нашар. Түсі сұр-сары. Жұқпа түсі қара. Конкрециялар, бүйрек тәрізді түзілімдер, жалбырлар, радиусты-сәулелі агрегаттар түрінде кездеседі.
3 Сары минералдар
Жұқпа түсі қоңыр немесе сары
Қаттылығы 1–6
Гётит – 50 бетті қараңыз.
Алтын Аu. Қат. 2–3. Ү.с. 15–19. Жымд. байқалмайды. Түсі мен жұқпа түсі алтынша-сары. Дәндер, дендриттері, кірікпелер, сомтұма түрінде кездеседі.
Жұқпа түсі қара
Қаттылығы 3–тен аса
Халькопирит CuFeS2. Қат. 3,5–4. Ү.с. 4,1–4,3. Жымд. нашар. Түсі латунь түсті сары, құбылмалы құлпырымы жиі байқалады. Жұқпа түсі жасыл-қара. Тұтас дәнді массалар. Дәндер түрінде кездеседі.
Марказит – жоғарыдан қараңыз.
Пирит FeS2. Қат. 6–6,5. Ү.с. 4,9–5,2. Жымд. өте анық. Түсі ақшыл-сары, латунь түсті сары. Жұқпа түсі қара. Дәнді кристалдық агрегаттар, кристалдар (текше, додекаэдр, октаэдр), друзалар.
4 Латунь түсті сары, қола түсті, қызғылт сары минералдар
Жұқпа түсі қызыл, сары, құба
Қаттылығы 1–3
Мыс Сu. Қат. 2,5–3. Ү.с. 8,4–8,9. Жымд. байқалмайды. Түсі мен жұқпа түсі қызғылт сары. Дендриттер, сымды бөлістер, тұтас массалары
Алтын Аu – жоғарыдан қараңыз.
Қаттылығы 3-тен аса
Пентландит (Fe, Ni)9S8. Қат. 3–4. Ү.с. 4,5–5,0. Жымд. анық. Түсі қола түсті сары. Жұқпа түсі қола түсті құба. Дәндер агрегаттары, кірікпелер кездеседі.
Жұқпа түсі қара
Қаттылығы 3-тен аса
Борнит Cu5FeS4. Қат. 3. Ү.с. 4,9–5,3. Жымд. нашар. Түсі күңгірт-қызғылт сары, ала құлпырымы байқалады. Жұқпа түсі сұр-қара. Тұтас массалары, дәндері бұрыс пішінді.
Халькопирит – жоғарыда қараңыз.
Пирротин FeS. Қат. 3,5–4,5. Ү.с. 4,5–4,7. Жымд. нашар. Түсі күңгірт қола түсті сары. Жұқпа түсі сұр-қара. Дәнді және тұтас массалар, кірікпелер кездеседі. Марказит - жоғарыдан қараңыз.
Пирит – жоғарыдан қараңыз.
5 Қызыл, қоңыр, көгілдір минералдар
Жұқпа түсі ақ, сұр, жасыл, қызыл, қоңыр, сары
Қаттылығы 1–3
Гидрогётит (лимонит). Қат. 1–5. Ү.с. 2,7–4,2. Тұтас жерлі, сауысты массалар, қыртыстар, сауыстар, оолиттер, конкрециялар, шаң түрінде қонған түзілімдер. Түсі құба, сары. Жұқпа түсі сары-қоңыр, сары, қоңыр.
Гематит – 50 бетті қараңыз.
Мыс – 52 бетті қараңыз.
Қаттылығы 3–6
Гидрогётит – жоғарыда қараңыз.
Гётит – 50 бетті қараңыз.
Гематит (қызыл теміртас) Fe2O3. Қат. 5–6. Ү.с. 5,2. Жымд. байқалмайды. Түсі қызыл, қызыл-қоңыр. Жұқпа түсі шиелі-қызыл. Ұсақдәнді кристалдық массалар.
Вольфрамит – 50 бетті қараңыз.
Қаттылығы 6-дан аса
Рутил – 50 бетті қараңыз.
Касситерит – 50 бетті қараңыз.
Жұқпа түсі қара
Қаттылығы 1–6
Борнит – 52 бетті қараңыз.
Пирротин – 52 бетті қараңыз.
Вольфрамит – 50 бетті қараңыз.
Б–тобындағы жылтырлығы бейметалдық минералдар
1 Күңгірт-сұр немесе қара минералдар
Жұқпа түсі жасыл, қызыл, қоңыр, сары, қара
Қаттылығы 1-6
Графит – 50 бетті қараңыз.
Пиролюзит –50 бетті қараңыз.
Хлорит. Қат. 2–3. Ү.с. 2,6–2,9. Жымд. өте анық. Түсі әр түрлі реңдердегі жасыл түсті. Парақты, қабыршақты агрегаттар мен тұтас массалар.
Сфалерит ZnS. Қат. 3,5–4.Ү.с. 3,9–4,1. Жымд. анық. Түсі сары, қоңыр, қара. Жұқпа түсі қоңырдың ақшыл реңдерінен күңгірт реңдеріне дейін. Дәнді массалар, кристалдар.
Сидерит FeCO3. Қат. 4–4,5. Ү.с. 3,5–3,9. Жымд анық. Түсі сұр, сары-құба. Жұқпа түсі ақшыл-қоңыр. Кристалдық-дәнді агрегаттар. НС1 сары-жасыл дақ қалдырады.
Вольфрамит – 50 бетті қараңыз.
Гётит – 50 бетті қараңыз.
Мүйізталшық. Қат. 5,5–6. Ү.с. 3,1–3,3. Жымд. анық. Түсі жасыл, құба, қара. Ұзынпризмалық кристалдар
Авгит – 50 бетті қараңыз.
Псиломилан – 51 бетті қараңыз.
Хромит – 50 бетті қараңыз.
Қаттылығы 6-дан аса
Рутил – 50 бетті қараңыз.
Касситерит – 50 бетті қараңыз.
Корунд – 50 бетті қараңыз.
Жұқпа сызығы түссіз, ақ, ақшыл-сұр
Қаттылығы 1–3
Апатит (фосфорит). Қат. 2–5. Ү. с. 2,2–3,2. Конкрециялық жалбырлы және қабат тәрізді массалар. Түсі сұр, сары, құба, қара
Биотит. Қат. 2–3.Ү.с. 3,0. Жымд. өте анық. Түсі қара, құба. Пластинкалық және дәнді-қабыршақты массалар.
Кальцит СаСО3. Қат. 3. Ү.с. 2,7–2,9. Ромбоэдр бойымен жымд. анық. Түссіз, сұр, ақ, көгілдір, қызғылт және тағы басқа түсті. Дәнді және кристалдық агрегаттар, кристалдар. Сәуле сынудың екі еселенуі тән. Суық тұзды қышқылмен реакцияға түскенде қайнайды.
Қаттылығы 3–6
Ангидрит CaSO4. Қат. 3–3,5. Ү.с. 2,9–3,0. Жымд. анық. Түсі ақ, сұр, көгілдір. Ұсақдәнді агрегаттар.
Сфалерит – 53 бетті қараңыз.
Сидерит – 53 бетті қараңыз.
Апатит Ca5[PO4]3(F, C1, ОН). Қат. 5. Ү.с. 3,2. Жымд. нашар. Түсі сұр, жасыл, көгілдір, құба. Ұсақдәнді қант тәріздес массалар, кристалдар.
Мүйізталшық – жоғарыдан қараңыз.
Авгит – 50 бетті қараңыз.
Қаттылығы 6-дан аса
Лабрадор – негізгі плагиоклаз. Қат. 6–6,5. Ү.с. 2,6. Жымд. анық. Түсі сұр, күңгірт-сұр. Тұтас кристалдық массалар. Кестелі кристалдар.
Рутил – 50 бетті қараңыз.
Оливин (Mg, Fe)2[Si04]. Қат. 6,5–7. Ү.с. 3,3–3,5. Жымд. нашар. Түсі зәйтүн-жасыл, қара, сары. Тұтас дәнді массалар, кристалдар.
Касситерит – 50 бетті қараңыз.
Кварц SiCv Қат. 7. Ү.с. 2,65. Жымд. өте нашар. Түссіз, ақ, сұр, қызғылт, күлгін, жасыл, қара түсті. Кристалдық массалар, друзалар, жеке кристалдар.
Халцедон SiO2. Қат. 7–8. Ү.с. 2,5–2,6. Жымд. байқалмайды. Түсі сұр, көгілдір, сары, қызғылт, ала. Сауысты массалар, сталактиттер, бүйрек тәрізді түзілімдер. Омырылымы ұлытасты.
Корунд – 50 бетті қараңыз.
2 Қызғылт, қызыл, сарғылт, күлгін минералдар
Жұқпа түсі қызыл, қоңыр, сары
Қаттылығы 1–3
Гидраргиллит А1(ОН)3. Қат. 2,5–3. Ү.с. 2,4. Жымд. өте анық. Түсі ақ, сұр, қызғылт, жасыл. Жерлі, сауысты және фарфор тәрізді агрегаттар.
Гематит Fe2O3. Қат. 1–3. Ү.с. 5,2. Жымд. байқалмайды. Түсі қызыл. Жұқпа түсі шиелі-қызыл. Жерлі, борпылдақ немесе тығыз массалар.
Аурипигмент As2.S3. Қат. 1,5–2. Ү.с. 3,5. Жымд. өте анық. Түсі алтынша-сары. Жұқпа түсі ақшыл-сары. Дәнді, тұтас массалар, ұнтақ тәрізді түзілімдер, қабыршақты ұйық тәріздес агрегаттар.
Реальгар AsS. Қат. 1,5–2. Ү.с. 3,6. Жымд. анық. Жұқпа түсі сарғылт-сары, отты-қызыл. Дәнді және тығыз массалар, ұзынпризмалық және тікенекті кристалдар.
Киноварь HgS. Қат. 2–2,5. Ү.с. 8,0–8,2. Жымд. анық. Түсі шымқай-қызыл. Жұқпа түсі қою-қызыл. Дәнді массалар, кірікпелер, кристалдар.
Қаттылығы 3-тен аса
Сфалерит – 53 бетті қараңыз.
Вольфрамит – 50 бетті қараңыз.
Гематит – 53 бетті қараңыз.
Рутил – 50 бетті қараңыз.
Касситерит – 50 бетті қараңыз.
Жұқпа сызығы түссіз, ақ, ақшыл-сұр
Қаттылығы 1–3
Сильвин КС1. Қат. 2. Ү.с. 2. Жымд. анық. Түсі сүтті-ақ, сұр, сары, қызыл, түссіз. Дәнді, тығыз массалар. Кристалдары текше және октаэдр пішінді. Күйдірерлік тұзды. Суда ериді.
Гипс CaSO4–2H2O. Қат. 2.Ү.с. 2,3. Жымд. өте анық. Түсі ақ, сұр, сары, көгілдір және т.б. Жұқпа түсі ақ. Дәнді жұқаталшықты және кристалдық агрегаттар.
Карналлит KMgCl3–6H2O.Қат. 2,5. Ү.с. 1,6. Жымд. байқалмайды. Түсі қызыл, сүтті-ақ, сары. Дәнді массалар. Ащы-тұзды. Суда ериді.
Барит BaSO4. Қат. 2,5–3,5. Ү.с. 4,3–4,7. Жымд. анық. Түсі ақ, сүр, қызғылт, сары, көгілдір т.б. Жұқпа түсі ақ. Дәнді және кристалдық массалар.
Кальцит –54 бетті қараңыз.
Қаттылығы 3–6
Барит – жоғарыдан қараңыз.
Флюорит CaF2. Қат. 4. Ү.с. 3,0–3,2. Жымд. анық. Түсі сулы-мөлдір, күлгін, жасыл, көгілдір, сары, қызғылт. Дәнді агрегаттар, друзалар, кристалдар, сирек жағдайда – жерлі массалар.
Апатит Ca5[PO4]31(1F. 01, ОН). Қат. 5. Ү.с. 3,2. Жымд. нашар. Түсі қызғылт, көгілдір, жасыл, сұр т.б. Дәнді кристалдық агрегаттар. Призмалық кристалдар.
Опал SiO2–nH2O. Қат. 5–6,5. Ү.с. 1,9–2,3. Жымд. байқалмайды. Аморфты. Түсі ақ, сары, жасыл, қызыл. Омырылымы ұлутасты. Сауысты массалар, жалбырлар, қыртыстар.
Нефелин Na[AlSiO4]. Қат. 5–6. Ү.с. 2,6. Жымд. нашар. Түсі сұр, етті-қызыл, жасыл. Тұтас ірі дәнді массалар. Майлы жылтырлығы көрінеді.
Қаттылығы 6-дан аса
Калий-натрийлі дала шпаттары (ортоклаз, микроклин). Қат. 6–6,5. Ү.с. 2,5–2,6. Жымд. 90 ° бұрышымен екі бағытта анық. Түсі ақшыл-қызғылт, сары, құба, сұр, етті-қызыл, жасыл (амазонит). Тұтас кристалдық массалар, қалыңкестелі кристалдар.
Рутил – 50 бетті қараңыз.
Диаспор АlOН. Қат. 6,5–7.Ү.с. 3,3–3,5. Жымд. анық. Түсі ақ, сары-құба, жасыл, қызғылт, т.б. Жұқпа түсі ақ. Парақты, қабыршақты, метаколлоидты түзілімдер.
Касситерит – 50 бетті қараңыз.
Кварц – 54 бетті қараңыз.
Халцедон – 54 бетті қараңыз.
Корунд – 50 бетті қараңыз.
3 Жасыл, көгілдір, көгілдір-күлгін минералдар
Жұқпа түсі көгілдір, сұр, жасыл, қоңыр, сары
Қаттылығы 1-6
Хлорит – 53 бетті қараңыз.
Ковеллин CuS. Қат. 1,5–2. Ү.с. 4,6. Жымд. өте анық. Түсі индиго-көк. Жұқпа түсі сұр, қара. Ұнтақ тәрізді және жерлі массалар.
Глауконит Қат. 2–3. Ү.с. 2,2–2,8. Жерлі борпылдақ массалар, дәндер. Түсі жасылдың әр түрлі реңдері байқалады.
Азурит Cu3[СО3]2(ОН)2. Қат. 3,5–4. Ү.с. 3,7–3,9. Жымд. орташа. Түсі мен жұқпа түсі көгілдір. Шаң тәрізді қонған түзілімдер, жерлі және сауысты массалар, ұсақ кристалдардың друзалары. НС1-мен реакцияға түскенде қайнайды.
Малахит Cu2[CO3]i(OH)2. Қат. 3,5–4. Ү.с. 4. Жымд. орташа. Түсі мен жұқпа түсі жасыл. Сауысты массалар, радиусты-сәулелеі агрегаттар. НС1-мен реакцияға түскенде қайнайды .
Авгит – 50 бетті қараңыз.
Мүйізталшық – 54 бетті қараңыз.
Жұқпа сызығы түссіз, ақ, ақшыл-сұр
Қаттылығы 1–3
Тальк Mg3[Si40io](OH)2. Қат. 1. Ү.с. 2,7–2,8. Жымд. өте анық. Түсі ақ, ақшыл-жасыл, сары. Парақты, қабыршақты, тығыз агрегаттар. Ұстағанда майлы болып сезіледі. Гигроскопиялық қасиеті тән.
Галит NaCl. Қат. 2. Ү.с. 2,2. Жымд. анық. Түсі ақ, сұр, көгілдір, түссіз. Кристалдық-дәнді массалар, қыртыстар, текше кристалдар. Тұзды. Суда ериді.
Хлорит – 53бетті қараңыз.
Биотит – 54 бетті қараңыз.
Кальцит – 54 бетті қараңыз.
Қаттылығы 3–6
Барит – 55 бетті қараңыз.
Ангидрит – 54 бетті қараңыз.
Целестин SrSO4. Қат. 3–3,5. Ү.с. 3,9–4,0. Жымд. анық. Түсі аспанды-көгілдір, түссіз. Дәнді, сауысты пішіндер, призмалық және кестелі түрдегі кристалдар.
Флюорит – 55 бетті қараңыз
Апатит – 55 бетті қараңыз
Нефелин – 55 бетті қараңыз.
Мүйізталшық – 54 бетті қараңыз.
Қаттылығы 6-дан аса
Авгит – 50 бетті қараңыз.
Опал – 55 бетті қараңыз.
Оливин – 54 бетті қараңыз.
Калийлі-натрийлі дала шпаттары – 56 бетті қараңыз.
Кварц – 54 бетті қараңыз.
Халцедон – 54 бетті қараңыз.
Корунд – 50 бетті қараңыз.
4 Сары немесе қоңыр минералдар
Жұқпа түсі қызыл, қоңыр, сары
Қаттылығы 1–3
Күкірт S. Қат. 1–2. Ү.с. 2. Жымд. нашар. Түсі күкіртті-сары, қызғылт. Жұқпа түсі түссіз, ақшыл-сары. Тұтас массалар, шаң тәрізді қонған түзілімдер, қыртыстар, кристалдар.
Аурипигмент – 55 бетті қараңыз.
Реальгар – 55 бетті қараңыз.
Гидрогётит – 53 бетті қараңыз.
Қаттылығы 3-тен аса
Гидрогётит – 53 бетті қараңыз.
Сидерит – 53 бетті қараңыз.
Сфалерит – 53 бетті қараңыз.
Вольфрамит – 50 бетті қараңыз.
Гётит – 50 бетті қараңыз.
Рутил – 50 бетті қараңыз.
Корунд – 50 бетті қараңыз.
Жұқпа сызығы түссіз, ақ, ақшыл-сұр
Қаттылығы 1–3
Каолинит. Қат. 1. Ү.с. 2,6. Жымд. өте анық. Түсі ақ, сұр, сарғылт, қызғылт, құба. Жерлі, борпылдақ немесе тығыз жұқадәнді массалар.
Тальк – 56 бетті қараңыз.
Күкірт – 57 бетті қараңыз.
Мирабилит Na2SO4–10 Н2О. Қат. 1,5–2. Ү.с. 1,5. Жымд. анық. Түссіз, ақ, сары түсті. Тұтас дәнді тұз тәріздес агрегаттар. Ащы-тұзды. Суда ериді.
Сильвин – 55 бетті қараңыз.
Гипс – 55 бетті қараңыз.
Мусковит. Қат. 2–3. Ү.с. 2,7–3,1. Жымд. өте анық. Түссіз, сары, жасыл түсті. Тұтас парақты және қабыршақты агрегаттар. Кристалдар.
Барит – 55 бетті қараңыз.
Кальцит – 54 бетті қараңыз.
Қаттылығы 3–6
Барит – 55 бетті қараңыз.
Доломит CaMg[CO3]2. Қат. 3,5–4. Ү.с. 2,8–2,9. Жымд. анық. Түсі ақ, сұр, сары. Кристалдық дәнді және ұнтақты массалар.
Арагонит СаСОз. Қат. 3,5–4. Ү.с. 2,9–3,0. Жымд. нашар. Түсі ақ, сары, жасыл. Сауыстар, радиусты-сәулелі, оолитті түзілімдер.
Магнезит MgCO3. Қат. 3,5–4,5. Ү.с. 2,9–3,1. Жымд. анық. Түсі ақ, сұр, сары. Ірі дәнді агрегаттар, метаколлоидты массалар. Ыстық НС1-мен әрекеттескенде қайнайды.
Бёмит АlООН. Қат. 3,5–4. Ү.с. 3. Жымд. анық. Түсі ақ, сары. Бокситтердегі жасырын кристалды массалар.
Сидерит – 53 бетті қараңыз.
Сфалерит – 53 бетті қараңыз.
Флюорит – 55 бетті қараңыз
Апатит – 55 бетті қараңыз.
Опал – 55 бетті қараңыз.
Нефелин – 55 бетті қараңыз.
Қаттылығы 6-дан аса
Калий-натрийлі дала шпаттары – 56 бетті қараңыз.
Рутил – 50 бетті қараңыз.
Касситерит – 50 бетті қараңыз.
Кварц – 54 бетті қараңыз.
Халцедон – 54 бетті қараңыз.
Корунд – 50 бетті қараңыз.
5 Түссіз, ақ, ақшыл-сұр минералдар
Жұқпа сызығы түссіз, ақ, ақшыл-сұр
Қаттылығы 1–3
Каолинит – 57 бетті қараңыз.
Монтмориллонит. Қат. 1. Ү.с. 2. Жымд. анық. Түсі сұр, қызғылт, жасыл. Жұқадисперсиялы тұтас саз тәріздес массалар.
Тальк – 56 бетті қараңыз.
Мирабилит – 57 бетті қараңыз.
Сильвин – 55 бетті қараңыз.
Галит – 56 бетті қараңыз.
Гипс – 55 бетті қараңыз.
Карналлит – 55 бетті қараңыз.
Мусковит – 58 бетті қараңыз.
Барит – 55 бетті қараңыз.
Кальцит – 54 бетті қараңыз.
Гидраргиллит – 55 бетті қараңыз.
Бёмит – 58 бетті қараңыз.
Қаттылығы 3–6
Барит – 55 бетті қараңыз.
Ангидрит – 54 бетті қараңыз.
Целестин – 57 бетті қараңыз.
Арагонит – 58 бетті қараңыз.
Доломит – 58 бетті қараңыз.
Магнезит – 58 бетті қараңыз.
Сфалерит – 53 бетті қараңыз.
Флюорит – 55 бетті қараңыз
Апатит – 55 бетті қараңыз.
Нефелин – 55 бетті қараңыз.
Опал – 55 бетті қараңыз.
Қаттылығы 6-дан аса
Калий-натрийлі дала шпаттары – 55 бетті қараңыз.
Натрий-кальцийлі дала шпаттары (плагиоклаздар). Қат. 6–6,5. Ү.с. 2,6–2,8. Жымд. екі бағытта (жымдастықтың жазықтықтары арасындағы бұрышы 90 °-тан кем) анық. Түсі ақ (альбит, анортит), сұр (олигоклаз), күңгірт-сұр (лабрадор). Ұсақдәнді қант тәрізді массалар (альбит), кестелі кристалдар.
Кварц – 54 бетті қараңыз.
Халцедон – 54 бетті қараңыз.
Корунд – 50 бетті қараңыз.
Алмас С. Қат. 10. Ү.с. 3,5. Жымд. анық. Түссіз, көгілдір, жасыл түстері тән. Кристалдар, қоса өскен түзілімдер.
Ә Қосымшасы
(анықтамалық)
Глоссарий
Алунит, немесе ашудас тасы, КAl3 2(ОН)6, калий тотығы, кейде натрий тотығымен алмастырылады. Табиғатта алуниттің жаратылуы құрамында күкіртті ангидрит болатын жанартаулық газдардың алюмосиликатты тау жыныстарына немесе құрамында күкірт қышқылы (пириттің тотығуынан түзілетін) болатын беткі ерітінділердің шөгінді сазды тау жыныстарына әсер ету нәтижесінде қалыптасады. Ашудастарды, глиноземнің сульфаты мен алюминий тотығын алу үшін қолданылады.
Алюминий (боксит) кені - диспор, бемит және гидрагиллит қоспаларынан тұратын тау жынысы.
Амфиболдар. Амфиболдар немесе мүйізталшықтар деп аталатын жынысқұрушы минералдардың кең таралған тобы. Кристаллографиялық жағынан амфиболдар ромб пішінді және моноклинді болып бөлінеді, бірақ кең таралғандары – соңғысы. Тремолит – Са2(Mg)5(ОН) – моноклинді түрі, темірдің өте аз мөлшерінің болуымен сипатталады. Актинолит, немесе сәулелі тас, химиялық құрамы жағынан тремолитке жақын, одан екі валентті темірдің көбірек болуымен ерекшеленеді. Кристалдық тақтатастарда және жапсарлы тау жыныстарында, ал төгілген тау жыныстарында – пироксендер мен мүйізталшықтың өзгерген өнімдері ретінде кездеседі. Кәдімгі мүйізталшықтың химиялық құрамы өте күрделі. Мүйізталшықтарда изоморфты кірікпелер кең таралған, ал жалпы химиялық құрамы (Са, Na)2 (Mg, Al, Fe)5 (ОН, F)2 өрнегімен көрсетіледі.
Ангидрит, СаSО4, шөгінді тау жыныстарының кең таралған минералы, көлдік және теңіздік алаптардағы тұздармен қанығу нәтижесінде кристалдану үрдісі барысында қалыптасады. Галитпен, сильвинмен, карналлитпен қабаттасып, тұз шоғырларында қабаттар арасында немесе қуатты қабаттар түрінде жиі кездеседі.
Апатит, Ca5(РО4)3(F, Cl), өте кең таралған минерал болып келеді. Апатиттің ұсақ кристалдары төгілген, шөгінді және метаморфтық тау жыныстарының құрамында кездеседі. Шөгінді түзілімдерде фосфорит шоғырларын түзе йтін және фосфор тыңайтқыштарын өндіру үшін қоланылатын сазды минералдармен, кальцит пен кварцпен араласқан апатиттің конкрециялары мен жалбырлар (фосфорит) кездеседі.
Арогонит, CaCO3, табиғи жайғдайларда төзімсіз минерал болып келеді және кальцитке жеңілдікпен айналады. Кейбір шөгінді карбонатты тау жыныстары құрамында кездеседі.
Базальт. Қара түсті, бітімі тығыз – афанитті немесе порфирлі болатын негізгі эффузиялық тау жынысы. Көбінесе негізді плагиоклаз, авгит, оливин, магнетит минералдарынан тұрады. Нефелин және лейцитин базальтарында плагиоклаз нефелин мен лейцитинмен алмастырылған.
Барит, ВаSО4, сусыз сульфат, сульфид, марганец және темір кендерімен бірге орналасатын гидротермалды тастамырлардағы минерал. Кейде шөгінді, сазды, құмды тау жыныстарында да кездеседі, шығу тегі шөгінді болып табылатын темір және әсіресе марганец кендерімен ассоциацияланады.
Бемит, AlО(ОН),алюминийдің сулы тотығы болып келетін минерал, алюминий кендері – бокситтердің басты құрам бөлігі, бокситтерде ол өте ұсақ кристалдық күйінде орнығады.
Биотит, қара темірлі магнезитті слюда – K(Mg, Fe)3,(ОН, F)2, кең таралған жыныс құрушы минерал болып келеді, көптеген төгілген тау жыныстардың, гнейстердің, тақтатастардың, кейбір саздардың т.б. тау жыныстардың құрамына кіреді.
Березит. Тастамырлы мусковитті гранит, ұсақдәнді, күкіртті колчедан қоспалары байқалады.
Брусит, Mg(ОН)2, мәрмәрланған әктастари мен серпентиниттерде кездеседі.
Вольфрамит, (Fe, Mn) WО4, әдетте генетикалық жағынан гранит массивтерімен байланысқан кварц тастамырларында болады. Мұнда ол қалайы тасымен бірге орналасады. Молибденге тән жылтырлығы байқалады. Вольфрамит, шеелит (СаWО4) сияқты, өте қатты балқымалар мен өте баяу балқитын металдық қыздырғыштар жасау үшін қолданылатын металдық вольфрам өндірісінің маңызды көзі.
Гематит, Fe2О3, кейде FeО и ТiО2 қоспалары кездеседі. Өте кең таралған минерал, және оның ірі шоғырлары темір рудаларының құнды кен орындары болып табылады. Гематиттен дөңгелек дәндердің жиыны түріндегі оолитті қызыл теміртас және және сазды немесе кремнийлі қызыл теміртас тұрады. Екінші ретті минерал ретінде гематит төгілген тау жыныстарында кездеседі.
Гётит, FeО(ОН), темірдің сулы тотығы, қатты ерітіндісінде ылғалы көбірек болады. Судан айырылғанда гематитке айналады.
Гидрагиллит, немесе гиббсит, AlО(ОН)3, бемит сияқты алюминий тотығының табиғи моногидраты және алюминий кендері – бокситтердің басты құрам бөлігі болып келеді.
Гипс, CaCO4, * 2Н2О, сулы сульфат. Табиғатта гипстің түзілімдері тұзды көлдер мен таяз сулы шағынақтардың булануы кезінде қалыптасады, ол хлорлы натриймен және т.б. жеңілдікпен еритін тұздармен бірге бөлініп шығады. Көп мөлшерде гипс ангидрит шоғырларының беткі су ерітінділерінің әсер етуінен гидратацияға ұшырау кезінде қалыптасады. Құрылыс индустриясында кең қолданыс тапқан.
Саздар. Әдетте каолиннен және (H4Al2Si2O9) кварцтың, көмірқышқылды әктас, темірдің құба тотығының, органикалық затттар мен т.б. қоспалардан тұратын ұсақ дәнді шөгінді тау жынысы. Таза каолинді саз ақ түсті, қоспаларының болуына байланысты сары, қызыл, құба, жасыл тағы басқа түстерін иемденеу мүмкін.
Сазды тақтатастар. Саздан түзілген метаморфтық тау жынысы. Негізінен дала шпаттарының, кварцтың т.б. минералдардың сазды бөлшектер мен шаң тәрізді бөлшектерден тұрады.
Гранит. Сілтілі дала шпатынан, ортоклаз топшасындағы минералдардан (әдетте әктасты-натрийлі қоспаларымен), кварцтан және келесі минералдардың бір немесе бірнеше үлгілерінен: биотит, мусковит (көбінесе), мүйізталшықты, авгит, гиперстен, эгерин т.б. тұратын кристалдық-дәнді құрылысымен сипатталатын ақ, сұр немесе қызыл түсті тереңдік қышқыл тау жынысы
Гранодиорит. Бірдей мөлшердегі қышқыл плагиоклаз бен ортоклаздан, кварцтан, биотиттен, сирек жағдайда мүйізталшықтардан, авгиттен т.б. минералдардан (бірге немесе жеке) тұратын тереңдік кристалдық-дәнді тау жынысы.
Диаспор, AlО(ОН), бемит сияқты алюминий тотығының табиғи моногидраты болып табылады және негізінен ежелгі шөгінді шығу тегімен байланысты көптеген бокситтердің құрамында да кездеседі. Бемиттен жоғарғы тығыздығымен және өзінің оптикалық тұрақты шамаларымен (константаларымен) ерекшеленеді.
Доломит, CaСО3 * MgCO3, көмірқышқыл кальцийдің қос тұзы, кейде темірдің – FeСО3 және марганец карбонатының – MnСО3 қоспалары болу мүмкін. Минерал кең таралған шөгінді доломитті тау жыныстарын құрайды және доломиттенген әктастардың құрамына көп мөлшерде кездесу мүмкін.
Дунит, оливин, серпентин, кейде хромды теміртастан тұратын кристалдық-дәнді құрылысымен сипатталатын жасыл немесе күңгірт-сұр түсті (үгілу әсерінен – сары) түсті ультранегізді тереңдік тау жынысы
Темір кендері. Негізгі кенді минералдары – магнетит (Fe3О4), гематит (Fe2О3), гётит (НFeО2), сидерит (FeСО3).
Кенорындардың тотығу аймағы. Тотығу аймағының қалыптасу үрдісі рудалы кенорындарының механикалық бұзылуынан басталып, бірден басым болатын химиялық үгілуге ауысады.
Әктастар. Әдетте кальцитпен немесе өте сирек жағдайда арагонитпен көрсетілген көмірқышқылды кальцийдан тұратын кристалдық, жасырын кристалдық, пизолитті немесе аморфты тау жыныстары. Қоспалар түрінде кесекті (қалдық) және шөгінді жаңа түзілімдер: құмды-алевритті материал, саздар, химиялық жолмен бөлінген кремнийдің қостотығы мен доломит кездеседі.
Ильменит, немесе титан теміртасы, FeO * ТiО2, магмалық тау жыныстарында кездеседі, титанның әр түрлі қосындыларын алудың негізгі көзі болып табылады.
Кальцит, CaCO3, шөгінді тау жыныстарының құрамында көбірек таралады. Кальцитті тау жыныстарының ұсақ дәнді борпылдақ түрлері бор, ірі дәнді түрлері – әктас және бақалшақтастар деп аталады. Әктастардың қайта кристалдануы нәтижесінде одан да ірі дәнді кальцитті тау жыныстары – мәрмәр түзіледі.
Карбонаттар, немесе көмір қышқылының тұздары. Негізінен шөгінді тау жыныстары арасында кездесетін өте кең таралған минералдар болып келеді. Сусыз көмірқышқылды қосындылар екі изоморфты қатар құрайды: кальций, магний, темір, мырыш пен марганецтің карбонаттары кіретін кальциттің ромбоэдр қатары мен кальций, барий, стронций және қорғасынның карбонаттары кіретін арагониттің ромбоэдр қатары.
Карбонатты тау жыныстары. Карбонатты тау жыныстарының, әсіресе кальций карбонаттарының негізгі бөлігі тірі ағзалардың қатысуымен қалыптасады. Осы тау жыныстары негізінен әктастар мен доломиттермен көрсетілген.
Карбонатиттер. Кальциттің көп мөлшері байқалатын және кейде толығымен карбонаттардан тұратын төгілген тау жыныстарының тобы.
Касситерит, немесе қалайы тасы, SnО2, әдетте қышқыл граниттерге және пегматиттерге минерализаторлардың әсерінен қалыптасады, бірақ сульфидтері бар кенді тастамырларда да, шашылымдар түрінде де кездеседі. Минерал қалайыны өндіру үшін маңызды кені болып табылады.
Кварц, SiO2, ең кең таралған минералдардың бірі. Көптеген төгілген, шөгінді және метаморфтық тау жыныстарында, әр түрлі тастамырлы түзілімдерде таралған. Кейде ірі шоғырлар түрінде де кездеседі. Тазалығы мен мөлдірлігіне, қоспалардың болуы мен кристалдық агрегаттардың құрылысына қарай минералогияда кварцтың алуан түрлері ажыратылады. Мөлдір түссіз үлгілері – тау хрусталі, күлгін – аметист, алтынша – цитрин, қара – морион деп аталады және т.б. Сүтті кварц деп кәдімгі ақ мөлдір емес кварцты айтады.
45>
Достарыңызбен бөлісу: |