Тн=Тк-(Мейрамдар+Демалыс күндер)
Нәтижелі уақыт қоры – пайдалы жұмыс істеу уақыты:
Тэфф=Тк-(Мейрамдар+Демалыстар)-Ткүрд.жөндеу
Ауданның 1 шаршы метрінен алынатын өнім = ТӨ/S
Сменалық коэффициент = Жұмыс істелінген станко-сменалардың саны/қойылған жабдық саны
Жабдықты тиеу коэффициенті = жоспарды орындауға қажет уақыт қоры/нәтижелі уақыт қоры
Жабдықты күрделі жөндеуден өткізуге кеткен шығындардың экономикалық тиімділігі:
Эк.ж. = Бжаңа – (Шк.ж. + Үқ*Т)
мұндағы Бжаңа— жаңа машинаның бағасы (қайта есептелінген құны); Шк.ж. — берілген машинаны күрделі жөндеуден өткізу шығындары; Үқ — жаңа және ескі машинаны қолданудан түсетін шығын үнемі; Т — жөндеуаралық мерзім (жыл).
Тақырып 3. Кәсіпорынның айналым қаржысы
Дәріс жоспары:
Айналым қаржысы туралы түсінік.
Айналым қаржының қалыптасу көздері
3. АҚ пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер
4. Айналым капиталын басқару
5. Қорларды басқару модельдері
Практикалық сабақ
Есеп жинағы бойынша берілген тақырыптың 2.1., 2.3 тапсырмаларын орындау, тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.
Әдебиет
Дәрістер
Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 198-220 б.
Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 167-194 б
Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 165-180 б.
5. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 24-36 б
6. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы
/Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 19-21 б
Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар
Есеп жинағы бойынша берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс есептерін шығару (№1, №2, №3, №4).
Дәріс
1. Айналым қаржысы – бұл ақшалай формада айқындалатын айналым қорлары мен айналыс қорларының жиынтығы. Айналым қорлары өндіріс процесіне қатысса, айналыс қорлары айналыс өрісінде қолданылады.
Айналым қорлары – бір цикл ішінде толығымен тұтынылатын еңбек заттары. Айналым қорлары өз құнын дайын өнімге бірден түсіреді және өзінің натуралдық заттық формасын өзгертеді.
Айналым қаржының құрамы:
Айналым қаржысы
|
Айналым қорлары
|
Айналыс қорлары
|
Өндірістік қорлар
|
Аяқталмаған өндіріс
|
Болашақ мерзімнің шығындары
|
Дайын өнім
|
Жібеілген, бірақ әлі төленбеген өнім
|
Қосымша қорлар
|
Шикізат, материалдар, запас бөлшектер және с.с
|
Жұмыс орындарында қалған өндіріс процестегі еңбек заттары
|
Жаңа өнімдерді құрастыруға, ғылыми-зерттеу, тәжірибе жұмыстарға арналған шығындар, болашақ мерзім өзіндік құнына кіреді.
|
Тексеруден өткен және қоймада орналасқан дайын өнім
|
Кәсіпорын есеп шотына төлемі әлі түспеген, бірақ жөнелтілген өнім
|
Кассадағы ақша, есеп шоттағы ақша, дебиторлық қарыздылық және т.с.с
|
Айналым қорлары үздіксіз қозғалыста болып үш кезеңнен өту қажет: өндірістік, тауарлық және ақшалай кезеңдерден.
Айналым қаржысы екі бөліктен тұрады: тұрақты және өзгермелі капиталдардан.
Тұрақты айналым капиталы (синонимы: ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі) — бүкіл операциялық цикл ішінде олардағы қажеттілік мөлшері салыстырмалы тұрғыдан тұрақты болатын ағымдағы активтер.
Өзгермелі айналым капиталы (вариацияланатын ағымдағы активтер) — операциялық циклдың ең шиеленісті кезеңдерінде олардағы қажеттілік пайда болатын ағымдағы активтер бөлігі.
Ағымдағы міндеттемелер — мерзімі бір жылдан артық болмайтын қарыздар.
Таза айналым капиталы — ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер арасындағы айырмаға тең болатын көрсеткіш. Оның жетіспеушілігі компанияның жоюылуына әкелу мүмкін. Бұл көрсеткіштің деңгейі компания қызметінің тәуекелділігімен және рентабельділігімен тығыз байланыста болады.
Активтер мен пассивтер арасындағы ара-қатысқа байланысты ағымдағы активтерді қаржыландырудың төрт стратегиясын көрсетуге болады: идеальды, консервативты, агрессивты және компромисты. Таза түрде ешқандай стратегияны қолдануға болмайды. Қорларға басқару саясатын оңтайландырғанда келесі есебке алынады:
тапсырыс жасалғанда қолданылатын қор деңгейі;
қорлардың минимальды мүмкін деңгейі (сақтық қор);
тапсырыстың оңтайлы партиясы.
2. Айналым қаржының қалыптасу көздері
1. Өзіндік АҚ:
айналым капиталы - меншік иелерінің қаржысы
пайда — негізгі көзі;
тұрақты пассивтер (өзіндік капиталға теңестірілген қаржы):
-еңбек ақы бойынша қарыз;
-бюджет бойынша қарыз;
-ыдыс бойынша қарыз;
-алдын ала төленген қаржы.
2. Келтірілген қаржы:
қарызды (несиелер);
мемлекеттік несие;
басқа (мақсаты бойынша пайдаланбағана қорлар мен резервтердің қалдықтары).
АҚ нормалау – айналым қорларының минимальды қажет, экономикалық тұрғыдан дәлелденген деңгейін анықтау процесі. Норма көбінесе күндермен есептелінеді
АҚ нормативі— кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ететін ақшаның минимальды сомасы.
АҚ нормасы келесі формула бойынша анықталады (Нақ):
|
(3.2)
|
где Тағ — ағымдағы қор (ең үлкен үлес алатын қор); Стр — сақтық қор; Тран — транспорттық қор; Техн — технологиялық қор; Пр — қабылдау уақыты.
Ағымдағы қор:
|
(3.3)
|
мұндағы Сп — жеткізу құны; И — жеткізулер аранысндағы уақыт интервалы.
Сақтық қор
Транспорттық қор жүк айналымы мерзімдерінің (тауарды жабдықтаушыдан сатып алушыға дейін жеткізу уақыты) құжат айналымы мерзімдерінен асуын сипаттайды.
Технологиялық қор — материалдарды өндірістке даярлау уақыты.
АҚ нормативы келесі түрде табылады
Нақ = Р* На.ос (3.5)
мұндағы Р — АҚ орташа күндік шығыны; На.ос — АҚ нормасы. Келесі формуланы да қолдануға болады
мұндағы В — мерзім ішінде АҚ элементі бойынша шығын (шығару) көлемі (теңге; Т — мерзім ұзақтығы (күн); На.ос — АҚ элемент бойынша нормасы (күндер). Аяқталмаған өндіріс бойынша АҚ нормативы
Мұндағы Пц — өндірістік цикл ұзақтығы; К — шығындардың өсім коэффициенті, біркелкі өсу жағдайында ол келесі формула б-ша табылады:
|
(3.8)
|
мұндағы Фе — біруақыттық шығындар; Фн — өсіп жатқан шығындар; С/С — өзіндік құн. Біркелкі емес өсу жағдайында
К = С/П (3.9)
мұндағы С — бұйымның аяқталмаған өндірістегі орташа құны; П — бұйымның өндірістік өзіндік құны.
Басқа формуласы:
К – шығыны өсімі коэффициенті, М – өнім өзіндік құнындағы материалдық шығындар, С – өнімнің өзіндік құны.
Болашақ мерзімдер шығындарының нормативы
Достарыңызбен бөлісу: |