«геодезия және картография өндірісінің экономикасы және оны ұйымдастыру»



жүктеу 0,91 Mb.
бет3/15
Дата16.01.2020
өлшемі0,91 Mb.
#26919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

4. Негізгі қорлардың амортизациясы

Амортизация – бұл негізгі қорлар құнының шығарылған өнім құнына біртіндеп түсу процесі. Амортизацияның жылдық сомасы негізгі қорлардың қызмет ету мерзіміне тәуелді болады және амортизация нормалары негізінде құрылады. Амортизацияның жылдық көлемі келесі формула арқылы табылады:




Корт – негізгі қорлардың орташа жылдық құны.

Тенг – қорды енгізу айынан бастап жылдың аяғына дейін қалған ай саны.

Кенг – енгізілетін қорлар құны.

Ешығ – шығарылатын қорлар құны.

Тшығ– қорды шығару айынан бастап жылдың аяғына дейін қалған ай саны.

Na – амортизация нормасы.

Амортизация нормасы – қорларды толығымен қалпына келтіру үшін амортизациялық төлемдердің нормасы:

Na = (Қбал – Қжою)*100 % /(Қбал*Тн)

Қбал, Қжою – қордың баланстық және жою құны

ҚР да қолданылатын амортизация әдістері

Сызықты әдісті көздейтін мемлекеттік органдармен белгіленген орталықтандырылған амортизация нормаларынан басқа амортизацияның басқа әдістерін қолдануға болады, өйткені амортизациялық қорды кәсіпорындар өзінің қызметін дамытуға жіберетін инвестиция ретінде қолдана алады. Мұнда амортизация әдісін таңдағанда ең маңызды фактор ретінде уақыт қолданылады.

Келесі әдістер қолданылады:



  • Сызықты тәсіл;

  • Кемітілмелі қалдық тәсілі;

  • Пайдалы қолдану мерзім жылдарының реттік нөмерлерінің қосындысы бойынша құнды аудару тәсілі;

  • Құнды өнім көлеміне пропорционалды аудару тәсілі;

  • Амортизацияның тездетілген әдісі (сызықты әдіс бойынша аударым құнының 3 еседен артық мөлшерде болмау керек).

Жылдық амортизациялық төлемдерді анықтау әдістемесі:

  • Сызықты тәсіл бойынша негізгі қордың бастапқы құнына және амортизация нормасына қарай анықталады;

  • Кемітілмелі қалдық тәсілі бойынша есепті жылдың басында негізгі қордың қалдық құнына және амортизация нормасына қарай. Мұнда амортизация нормасы берілген қорды пайдалы қолдану мерзіміне қарай анықтайды; бұл тәсілде амортизация әсіресе бірінші жылы тездетіліп өседі.

  • Пайдалы қолдану мерзім жылдарының реттік нөмерлерінің қосындысы бойынша құнды аудару тәсілі бойынша негізгі қордың бастапқы құнына және жылдық ара-қатысқа қарай анықтайды. Бұл жылдық ара-қатыстың алымында қорды пайдалану мерзімінің аяғына дейін қалған жыл саны болса, бөлімінде қордың қызмет ету мерзім жылдары сандарының қосындысы қойылады;

  • Өнім көлеміне пропорционалды аудару тәсілі бойынша есепті жылы өнім көлемінің натуралдық шамасына және қордың бастапқы құны мен осы қорды пайдалы пайдалану мерзімі ішінде жоспарланатын өнім көлемінің жалпы көлемінің ара-қатысына қарай анықталады. Бұл тәсіл негізгі тозу факторы пайдалану мерзімділігі болатын активтер үшін қолданылады.

Бұл тәсілдердің амортизация жылдамдықтары әртүрлі болады. (сур 5). Амортизациялық төлемдер өзіндік құн элементі болғандықтан, оларды өсіргенде пайда көлемі азаяды, нәтижесінде салық алу базасы төмендейді. Сонымен қатар, бұл ақша аударымдары кәсіпорын үшін ақша шығыны ретінде болмай (Cash-out), керісінше кәсіпорынға түсетін ақша түсімдеріне жатады (Cash-in).

5. Негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер

 Көрсеткіштердің екі түрі бар:



  1. Жалпылама сипаттама беретін:

  • Қор қайтарылымдылығы – негізгі қордың әр бірлігінен шығарылатын өнім көлемі.



  • Қор сыйымдылығыөнімнің бірлігіне жұмсалатын негізгі қор мөлшері.



Аорт.т. – өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың орташа тізімдік саны.



Сапалық көрсеткіштернегізгі қорлардың сапасын сипаттайды:

Жаңару коэффициенті = Қенг/Қж.бас.; ҚКж.бас – жыл басындағы НӨҚ құны

Шығу коэффициенті =ҚКшығ /Қж.аяғ; Қж.аяғ – жыл аяғындағы НӨҚ құны

Тозу коэффициенті – жоғарыда формуласы көрсетілген

Негізгі қорлардың өсім коэффициенті = (Кенг – Кшығ)/Қж.аяғ

Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті = (Қбаст – тозу құны)/Қбаст

2. Негізгі қорларды жеке қолданылуын сипаттайтын көрсеткіштер жабдықтардың немесе өндірістік ғимараттардың жеке топтарын қолдану тиімділігін сипаттайды.

Жабдықты интенсивті пайдалану коэффициенті = Өі.ж./Өпаспорт (өнімділігіне қарай)

Жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициенті = Ті.ж./Тнәт (уақытына қарай)

Жабдықты интегральды пайдалану коэффициенті = Ки*Кэ (қуатына қарай)

Нәтижелі уақыт қоры:

Экономикалық есептеулерде 3 түрлі уақыт қоры қолданылады:



  1. Күнтізбелі уақыт қоры:Tk=365

  2. Номинальды уақыт қорызаң бойынша белгіленген уақыт қоры:

жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау