www.kaspibank.kz мекенжайдағы интернет-ресурсында орналастырылған оларды көрсету талаптарында көзделген қызмет көрсетіліп, қашықтан байланысу арналарын пайдалану үшін қолжетімділік коды мен ДСЖК беріледі. Электрондық банктік қызметтің құны электрондық банктік қызметтің әр түрі бойынша Банктің Тарифтерімен жеке анықталады.
Клиент құпия болып табылатын шарттың талаптарын, соның ішінде Кіру коды, ДСЖК туралы ақпаратты ашпауға, сондай-ақ тұратын мекенжайының, ұялы телефоны нөмірінің, Клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттарының өзгергені, Клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттарының жоғалғаны туралы барлық жағдайлар туралы міндетті түрде Банкке дереу хабарлауға міндеттенеді.
Клиенттің Кіру кодын, ДСЖК-ны хабарлауы арқылы Банк Call Сenter-дің көмегімен Клиентке хабарлаған құжаттары және өзге де ақпараты үшінші тұлғаларға қолжетімді болған жағдайда, ықтимал шығындар, шығыстар үшін, сондай-ақ өзге де жағымсыз салдар үшін Банк жауап бермейді.
Банк құпиясын құрайтын ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу, оның рұқсатсыз өзгертілуі, рұқсатсыз төлем жасалғаны немесе ақша аударымы анықталған кезде және Банк электрондық банктік қызметті көрсеткен кезде туындайтын өзге де рұқсат етілмеген әрекеттер анықталған кезде, Банк олар анықталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей осындай әрекеттерге жол берілген Клиентке бұл туралы қашықтан байланысу арналары арқылы хабарлайды. Рұқсат етілмеген әрекеттер орын алған жағдайда, Банк дереу олардың салдарын жою үшін барлық қажетті шараларды қолданады.
Банктік қызмет көрсету шартының қолданылу кезеңінде Оңтайлы төлемді төлеу мерзімін кейінге қалдыру қызметін көрсетудің аясында Клиент Оңтайлы төлемді төлеу міндеттемесін орындамаған жағдайда, Банк Клиентке Оңтайлы төлемді төлеу мерзімін бір айға кейінге қалдырады, бұл кезде Клиент Ең аз төлемді төлеуге міндетті болады. Егер грэйс-кезеңнің талаптарында және/немесе Дербес талаптар жиынтығында өзгеше көзделмесе, Оңтайлы төлемді төлеу мерзімін кейінге қалдыру қызметін көрсету құны мерзімін кейінгі қалдырған әр жағдай үшін жүз сексен мың теңгені құрайды.
Банк Ең ұзақ қаржыландыру мерзімінен асырмай өз қалауынша Оңтайлы төлемді төлеу мерзімін кейінге қалдыра алады. Бұл кезде Клиент Берешекті өз таңдауы бойынша мынадай тәсілдермен өтеуге құқылы:
Бір рет Оңтайлы төлемді төлеу арқылы;
Есептесу кезеңінде кемінде бір рет Клиенттің таңдауы бойынша Төлемді төлеу арқылы;
Ай сайын Ұсынылған төлемдер жасау арқылы;
Ай сайын Ең аз төлемдер жасау арқылы.
Есептесу кезеңі үшін Клиенттің таңдауымен Төлемнің сомасын Клиент өз бетінше танықтайды.
Банк Есептесу кезеңіндегі Ұсынылған төлемнің сомасын банктік қызмет көрсету шартының қолданылу кезеңінде бір жыл ішінде толығымен пайдаланған кредит лимитінің өтелуіне негізделіп есептейді. Клиентке Банк белгілеген Ұсынылған төлем мөлшері туралы хабарлау Шот-көшірмеде соманы көрсету арқылы немесе Банктің қалауы бойынша SMS-хабар жіберу арқылы немесе өзге де қашықтан байланысу арналары арқылы жүзеге асырылады. Қандай да бір Операциялар Артықшылықты блокқа қосылған жағдайда, бүкіл қосу кезеңінде Ұсынылған төлемнің мөлшері Оңтайлы төлемнің мөлшеріне тең болады және Шот-көшірмеде көрсетілмейді.
Банктік қызмет көрсету шартының қолданылуы кезеңінде Банк өз бетінше жүзеге асыратын Клиенттің кредиттік скорингінің нәтижелеріне байланысты Банк өз қалауы бойынша кредит лимитінің мөлшеріне немесе Берешек сомасына негізделіп, Есептесу кезеңіндегі Ең аз төлем сомасын есептейді, ол кредит лимитінің мөлшерінің 50%-нан аспайды (Соңғы шот-көшірмені берген жағдайларды қоспағанда). Банк белгілеген Ең аз төлемнің мөлшері туралы Клиентке Шот-көшірмеде соманы көрсету арқылы, немесе Банктің қалауы бойынша SMS-хабар жіберу арқылы немесе өзге де қашықтан байланысу арналары арқылы хабарланады.
Банктік қызмет көрсету шартының қолданысы кезеңінде Шот-көшірмедегі Ең аз төлемді төлеу күні ретінде көрсетілген мерзімде Ең аз төлемді төлеу міндеттемесін орындамау Клиенттің БЗШ бойынша міндеттемелерін бұзғаны болып табылады, бұл кезде:
Нәтижелері бойынша Шот-көшірме жасалған Есептесу кезеңінен кейінгі Есептесу кезеңінде Ең аз төлемнің мөлшері мен Клиенттің Шотқа салған ақшасының нақты сомасының арасындағы айырма Ең аз төлемнің төленбеген бөлігі ретінде белгіленеді. Клиенттің салған ақшасының нақты сомасы дегеніміз – Нәтижелері бойынша Шот-көшірме жасалған Есептесу кезеңінен кейінгі Есептесу кезеңінде Шоттарға түскен бүкіл сома, сондай-ақ жоғарыда аталған Есептесу кезеңінің (ол болған кезде) басында Шоттардағы ақшаның қалдығы;
Ең аз төлемдерді төлемегені үшін немесе уақтылы төлемегені үшін Банк БЗШ-ға сәйкес өсімпұл төлеуін талап етуге құқылы.
Овердрафт болған кезде және/немесе Клиенттің Ең аз төлемнің төленбеген бөлігі болған кезде, келесі Ең аз төлем Банктің қалауы бойынша Овердрафт сомасына және/немесе Ең аз төлемнің төленбеген бөлігіне көбейтіледі.
Клиент қатарынан екі Есептесу кезеңінен артық Ең аз төлем төлеу міндеттемелерін орындамаған жағдайда, сондай-ақ Клиент міндеттемелерін тиісінше орындамаған өзге де жағдайларда Банк қандай да бір хабарлама жолдамай, Оңтайлы төлемнің мерзімін кейінге қалдыру қызметін көрсетуді тоқтатуға құқылы.
Клиенттің жинақ шотын ашу және жүргізу қызметін көрсетудің аясында Банк Клиентке жинақ шотын ашып, жүргізеді және ол бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында және БЕ-де көзделген операцияларды жүргізеді. Жинақ шоты бойынша көрсетілген қызметтің ақысы жасалған операцияларға байланысты Банктің Тарифтеріне сай шот бойынша төленеді. Қызмет көрсету аясында жинақ шот пен салым шартының талаптарына сәйкес салымды пайдаланғаны үшін төленетін сыйақыларды есептеу үшін Банк Картаға қызмет көрсету шотындағы Оң қалдықты Клиенттің жинақ шотына аударады. Оң қалдықтың ақшасына Картаға қызмет көрсету шотына ақшаны автоматты түрде аудару арқылы қол жеткізіледі. Операциялардың бөлігі Артықшылықты блокқа қосылған жағдайда, Ең аз төлем мөлшеріндегі сома банктік қызмет көрсету шотына аударылады.
Клиент Кредитті БЗШ-ға сәйкес мақсатына сай пайдаланбауына жол берген жағдайда, Клиент Кредитті мақсатына сай пайдаланбағаны үшін комиссия төлеуге міндетті, ол шотта осындай операция көрсетілген күні Клиентпен жасалған шартта көрсетілген мөлшерде шотта көрсетілген операция сомасынан өндіріп алынады.
Банк валюталық жинақ шоттарын және валюталық шоттарды ашу туралы Клиенттің офертін акцептеген жағдайда, Мультивалюталық қызмет көрсетудің аясында Банк Клиентке валюталық шоттарды және валюталық жинақ шоттарды ашып, жүргізеді және ол бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында және БЕ-де көзделген операцияларды жүзеге асырады. Мультивалюталық қызмет көрсету ақысы жүргізілген операцияларға байланысты Банктің Тарифтеріне сай төленеді.
Банк Мультивалюталық қызмет көрсету қызметін іске қосу тәртібін, сондай-ақ мультивалюталық қызмет көрсету ережелерін белгілеп, www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста жариялау арқылы Клиенттің назарына жеткізеді.
Алушымен шот ашылмай ақша аударымдары қызметін Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және талаптармен, www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста жарияланған қызмет көрсету тәртібімен, Банктің айқындаған қашықтан байланысу арналары мен жүйелері арқылы іске қосады және көрсетеді.
Автотөлеу қызметін Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және талаптармен, www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста жарияланған қызмет көрсету тәртібімен, Банктің айқындаған қашықтан байланысу арналары мен жүйелері арқылы іске қосады және көрсетеді.
Клиент БЕ-де көзделген шарттар бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда немесе Клиенттің растамалары мен кепілдіктері шынайы болмаған жағдайда, немесе Клиенттің Өтініште не Клиент туралы мәліметтерде шынайы емес ақпаратты бергені анықталған жағдайда, Банк банктік қызмет көрсету шартын бұзуға құқылы. Банк Клиентке Клиент туралы мәліметтерде көрсетілген мекенжайға тиісті жазбаша хабарлама немесе Телефон нөмірі бойынша SMS-хабар жіберу арқылы банктік қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарлайды.
Клиенттің бастамасы бойынша банктік қызмет көрсету шартын мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, Клиент мерзімінен бұрын бұзатын күнге дейінгі ай үшін банктік қызмет көрсету шарты бойынша төленетін ақы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Банктік қызмет көрсету шартын бұзу:
Жеке қаржы менеджері қызметінің;
Берешекті өтеу бойынша төлем жасау мерзімін кейінге қалдыру кезеңінің және Клиенттің таңдауы бойынша борышты Төлемдермен, Ұсынылған төлемдермен, Ең аз төлемдермен өтеу құқығын тоқтатып, Оңтайлы төлемді өтеу мерзімін кейінге қалдырудың;
Жинақ шотын жауып және шоттағы ақшаны (ол болған кезде) Картаға қызмет көрсету шартына немесе банктік қызмет көрсету шотына аударып, жинақ шот пен салым шартының қолданысының;
Салымды пайдаланғаны үшін Оң қалдық сомасына сыйақылардың есептелуінің;
Мультивалюталық қызмет көрсету қызметінің;
Шоттарды жауып және теңгеге айырбастағаннан кейін ақшаны (ол болған кезде) шоттан Картаға қызмет көрсету шартына немесе банктік қызмет көрсету шотына аударып, валюталық шоттар шарттарын және валюталық жинақ шоттар шарттарының бұзылуына әкеп соқтырады;
Банктік қызмет көрсету шарты бұзылған кезде Шоттардағы барлық ақша қалған Шоттарды кейіннен жауып Картаға қызмет көрсету шартына немесе банктік қызмет көрсету шартына аударылады.
Банктік қызмет көрсету шарттарының қолданысын тоқтатқан жағдайда, соның ішінде бұзуға байланысты қолданысын тоқтатқан жағдайда, Клиент банктік қызмет көрсету шартының қолданысы тоқтатылған Есептесу кезеңі аяқталатын күннен кешіктірмей Банкке Оңтайлы төлемді төлеу арқылы Түпкілікті шот-көшірмеге сәйкес Берешекті өтеуге міндетті.
Банк банктік қызмет көрсету шартының талаптарын өзгертуге, соның ішінде шарттың аясында жаңа қызмет түрлерін енгізуге құқылы, бұл кезде:
Жаңадан енгізілген ақылы қызмет БЕ-де аталған тәртіппен көрсетіледі;
Жаңадан енгізілген ақысыз қызмет Банк көрсеткен күннен бастап көрсетіледі, бұл кезде Банк өз қалауы бойынша кез келген тәсілмен Клиентке хабарлайды.
Банк пен Клиенттің арасында тиісті шарттарды жасасқан сәтте БЕ-де көзделмеген жаңа қосымша ақылы қызмет түрлерін Банк Клиентке ұсынуға және осындай қызмет түрлеріне Банктің Тариф мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Бұл жағдайда Банк www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста осындай қызмет түрлерін көрсету талаптарын орналастырып, қашықтан байланысу арналары арқылы Клиентке қосымша қызмет түрлерін көрсету (қосылу) ұсынысы туралы хабарлама жібереді. Клиент қызметті алу бойынша әрекеттер жасау, ақпаратты сұрату, т.б. сияқты жарияланған қосымша қызмет түрлерін көрсету талаптарында көзделген конклюденттік әрекеттер жасаған жағдайда, Банк ұсынысының талаптарында көзделген, Шот-көшірмедегі (қызметті қосу) әдістермен Клиентке қосымша қызмет көрсетілетін (қосылатын) болады.
Сервис-пакеттегі қызмет түрлерін көрсету шарты
Сервис-пакеттегі қызмет түрлерін көрсету шартына сәйкес Банк Клиентке Сервис-пакеттегі қызмет түрлерін көрсету шартында көзделген кейбір қызмет түрлерін, сондай-ақ Банктің қалауы бойынша өзге де қызмет түрлерін көрсетеді, ал Клиент оларды көрсету талаптарын бұзбауға міндеттенеді.
Сервис-пакет қызметтері Клиентке банктік қызмет көрсету шарты қолданылатын кезеңде көрсетіледі. Сервис-пакет қызметтерін пайдаланғаны үшін Клиенттен ақы алынбайды. Клиентке хабарламаның Телефон нөмірі бойынша SMS-хабар арқылы немесе қашықтан байланысу арналары арқылы жіберілуі немесе Клиенттің жеке өзіне берілуі, немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартына қол қою сервис-пакет қызметтерін көрсету шартын жасасқаны туралы Клиенттің офертасының акцепті болып табылады.
Банк www.kaspibank.kz мекенжайындағы Банктің интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы немесе басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы, соның ішінде Клиентке кейбір талаптары туралы қысқаша SMS-хабар жіберіп, сервис-пакет қызметтерін көрсету талаптарын Клиенттің назарына жеткізеді.
Банк кез келген уақытта сервис-пакет қызметтерін көрсетуді тоқтата тұруға немесе қызмет көрсету талаптарын өзгертуге құқылы, оған қызметті тегін көрсету талабы қосылмайды.
Сервис-пакеттің қызметіне мыналар жатады:
Банктің айқындайтын талаптарымен Банк пен үшінші тұлғалардың бірлескен бағдарламаларына (адалдық бағдарламаларына) Клиентті қосу;
Кредит лимитінің жаңартылуын қосу;
Банктің айқындайтын талаптарымен теңгедегі және шетел валютасындағы салымдар бойынша қосымша төлемдерді есептеу;
Промо-кезеңді, грэйс-кезеңді, жеңілдік кезеңін беру;
Заем Операцияларының бөлігін Артықшылықты блокқа қосу;
Кредит бойынша сыйақыларды капиталдандыру;
Ең аз төлемнің мөлшерін азайту;
Қосымша Шот-көшірмені қоспағанда, Шот-көшірмелерді беру;
БЕ-ге сәйкес Банктің айқындайтын талаптарымен Банктің қалауы бойынша басқа да қызметтер.
Клиент БЕ-ге сәйкес міндеттемелерді тиісінше орындаған кезде, сервис-пакет шартының қолданылу кезеңінде Банк Артықшылықты блокқа қосылған Операциялардың сомаларын шегеріп тастап, кредит лимитінің жаңартылуын қосады және бұл кредит лимитінің Қолжетімді қалдығы негізгі борыштың өтелген бөлігінің сомасына көбейтілетінін білдіреді.
БЗШ бойынша және банктік қызмет көрсету шарты бойынша сервис-пакет қызметтерін көрсету шартының аясында Банктің қалауы бойынша промо-кезең, жеңілдік кезеңі немесе грэйс-кезең белгіленуі мүмкін, олардың талаптарын Банк айқындайды және www.kaspibank.kz мекенжайындағы Банктің интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы немесе Клиентке SMS-хабар жіберу арқылы немесе өзге де қашықтан байланысу арналары арқылы Клиенттің назарына жеткізеді.
Банк өз қалауы бойынша заем Операцияларының бөлігін Артықшылықты блокқа қосады. Артықшылықты блокқа қосылған Операцияларға мынадай бір немесе бірнеше негізгі артықшылықтар қолданылады:
Сыйақы мөлшерлемесін азайту;
БЕ-ге сәйкес қандай да бір комиссия мөлшерлемесін немесе ақыны азайту;
Қосымша жаднамамен бірге төлемдер кестесін беру;
Артықшылықты блокқа қосылған нақты бір заем Операциясынан туындаған Берешектің бөлігін өтеу үшін Клиенттің қалауы бойынша Төлем жасау мүмкіндігі;
Қаржыландырудың ең ұзақ мерзімін сәйкесінше көбейте отырып, БЕ-нің 4.14.-тармағында белгіленген Ең аз төлемнің мөлшерін кемінде бір пайызға азайту.
Артықшылықты блокқа қосылған Операцияларға мынадай бір немесе бірнеше шектеулер қолданылады:
Төлем Клиенттің таңдауы бойынша үш Ең аз төлем сомасынан (егер Банк одан өзге, азырақ соманы анықтамаса) кем болмауы тиіс және Банк белгілеген нысан бойынша Клиенттің Берешекті өтеу туралы жазбаша өтінішін беруі арқылы жүзеге асырылады;
Кредит желісінің жаңартылатын бөлігінің мөлшері Артықшылықты блокқа қосылған Операциялардың сомасына азайтылады;
Банк белгілеген заем Операцияларының жеке түрлерін Артықшылықты блокқа қосу Кредитке сатып алынған тауарларды немесе кепіл шарттарына сәйкес кез келген өзге мүлікті Банкке кепілге бергеннен кейін, сондай-ақ кепіл затын сақтандырғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Артықшылықты блокқа қосылған нақты заем Операциясынан туындаған Берешектің бөлігін өтеу үшін Клиенттің таңдауы бойынша Төлем Операцияны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін Клиенттің тиісті жазбаша өтінішінің негізінде жасалады. Бұл жағдайда Клиент ағымдағы Есептесу кезеңі аяқталатын күннен кешіктірмей Клиенттің таңдауы бойынша жасалған Төлемді есепке ала отырып, қайта саналған ағымдағы Есептесу кезеңі үшін Ең аз төлемді төлеуге міндетті.
Артықшылықты блокқа Операцияларды қосу жаңартылатын Кредит лимитінің есебінен немесе Банктің қалауы бойынша қосымша жаңартылмайтын Кредит лимитін беру арқылы толығымен немесе ішінара жүзеге асырылуы мүмкін.
Заем Операцияларын Артықшылықты блокқа қосқан кезде Клиент Call Center-ге өтініш білдірмей-ақ, Банк Картаны іске қоса алады.
Артықшылықты блокқа қосылған Операциялар болған кезде Картаға қызмет көрсету шотына Берешекті толық өтеуге жеткіліксіз сомада түскен ақша Берешекті өтеуге мынаған сай бөлінеді:
Ең аз төлем мөлшеріндегі ақшаның бөлігі банктік қызмет көрсету шотына аударылады және ағымдағы Есептесу кезеңінің соңында Берешекті өтеуге есептен шығарылады;
Ақша сомасының қалдығы Артықшылықты блокқа қосылмаған заем Операциялары бойынша Берешекті өтеуге жеткілікті ақшаның бөлігі мұндай операциялар бойынша (олар болған кезде) Берешекті мерзімінен бұрын/толық өтеуге жіберіледі;
Соманың қалдығы жинақ шотқа аударылады және әр келесі Есептесу кезеңінің соңында Ең аз төлем сомасында Берешекті өтеуге есептен шығарылады.
Артықшылықты блокқа қосылмаған Операциялар бойынша Берешек болмағанда, соманың қалдығы жинақ шотқа аударылады және әрбір келесі Есептесу кезеңінің соңында Ең аз төлем сомасында Берешекті өтеуге есептен шығарылады.
Банк кейбір Операциялар бойынша Банктің Берешекті өтеу үшін пайдалана алатын Қамсыздандыру жарнасының берілуін талап етуге құқылы.
Қамсыздандыру жарнасы Банктің айөындайтын және www.kaspibank.kz мекенжайындағы Банктің интернет-ресурсында жарияланатын тәртіппен және талаптармен беріледі.
Банк Ең аз төлем мөлшерін азайтқан жағдайда, Ең ұзақ қаржыландыру мерзімі Ең аз төлем мөлшерінің азаюына сәйкес ұлғайтылады және Берешек БЕ-де көзделген тәртіпке сай Банк Клиентке жіберетін Шот-көшірмеге сәйкес өтеледі.
Салымдарды пайдаланғаны үшін Банк www.kaspibank.kz мекенжайындағы Банктің интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы, Клиентке SMS-хабар жіберу арқылы немесе өзге де қашықтан байланысу арналарының көмегімен хабарлама жіберу арқылы Банктің анықтайтын талаптармен Клиентке салымдар бойынша қосымша төлем жасауға құқылы.
Банк БЕ-де белгіленген тәртіппен Клиентке қосымша төлемді есептеу және аудару талаптарын өз бетінше анықтауға және өзгертуге құқылы.
Шот-көшірме беру қызметін көрсету аясында Банк БЕ-ге сәйкес қашықтан байланысу арналары арқылы Клиентке ай сайын Шот-көшірме жібереді. Есептесу кезеңінде Операциялар мен Берешек болмаған жағдайда, сондай-ақ Артықшылықты блокқа қосылмаған заем Операциялары бойынша Берешек болмаған жағдайда, Шот-көшірме жолданбайды.
Шот-көшірменің ақпараттық сипаты бар және оған: Есептесу кезеңіндегі Шотта көрсетілген барлық Операциялар туралы ақпарат, Есептесу кезеңінің басындағы және Есептесу кезеңінің соңындағы кредит лимитінің қолжетімді қалдығының мөлшері, Есептесу кезеңі аяқталатын күндегі Берешектің мөлшерін және БЕ-ге сәйкес жасалған шарттардың талаптарын негізге ала отырып, келесі Есептесу кезеңі аяқталған күні есептелген Сыйақыны, өсімпұлды, айыппұлды ескере отырып, Берешек сомасы, Ұсынылған төлем және/немесе Ең аз төлем сомасы және оны төлейтін күн (банктік қызмет көрсету шартының қолданылу кезеңінде), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ақпарат, сондай-ақ Банк Клиенттің назарына жеткізуді қажет деп санайтын ақпарат кіреді.
Шот-көшірмені берген күннен кейінгі Есептесу кезеңінде Клиент қандай да бір Операциялар жасаған жағдайда, бұрын берілген Шот-көшірмеде көрсетілген Оңтайлы төлем мөлшері Тараптардың арасындағы қатынастарға қолданылмайды және жасалған Операцияларға, есептелген Сыйақыларға және БЕ-ге сәйкес өзге де төлемдерге тең мөлшерде қайта саналады. Бұл жағдайда да Берешек осы Есептесу кезеңі аяқталатын күннен кешіктірмей өтелуі тиіс.
Есептесу кезеңінің соңындағы Шот-көшірмеде көрсетілген Берешек сомасына негізгі борыш сомасы, есептелген Сыйақылар, Овердрафт (ол болған кезде), соның ішінде Шоттардан есептен шығарылған төлемдердің, комиссиялардың және Сыйақы сомасы кіреді.
Соңғы Шот-көшірме Клиентке мына жағдайларда:
Клиентке Берешекті толығымен мерзімінен бұрын өтеу туралы талапты жіберген кезде және/немесе Банктің Картаны талап ету талабы жолданған кезде;
Банктік қызмет көрсету шартының қолданысы тоқтатылған кезде;
Берешектің толығымен мерзімінен бұрын өтелуі болжануына байланысты немесе БЗШ-ны бұзумен байланысты (шартты бұзу туралы тиісті өтініш болған кезде) Клиенттің талап етуімен жіберіледі.
Клиент Соңғы Шот-көшірмеде көрсетілген Берешегін Соңғы Шот-көшірмеде көрсетілген мерзім аяқталатын күннен кешіктірмей толық көлемде төлеуі тиіс және ол мынадай сомалардан тұрады:
Соңғы Шот-көшірмені берген күнгі жағдай бойынша Негізгі борыш және Овердрафт;
Сыйақы, Соңғы Шот-көшірме берілген күннен кейінгі күннен бастап Соңғы Шот-көшірмеде көрсетілген осы Шотты төлеу күнін қоса алғанға дейін есептелген Овердрафт (ол болған кезде) үшін комиссия. Клиент Берешегін Соңғы Шот-көшірмені төлейтін күнге дейін өтеген кезде, Берешектің мөлшері тиісті түрде түзетілуі тиіс;
Клиент төлеуге тиіс, Шоттардан есептен шығарылмаған төлемдер, комиссиялар және өзге де төлемдер сомасы (олар болған кезде).
Банк Клиентке Соңғы Шот-көшірмені берген күннен кейін Банк Соңғы Шот-көшірмеде көрсетілген Берешектің көбеюіне әкеп соқтырған оқиғалар мен фактілер туралы мәліметтерді алған жағдайда (соның ішінде Банк Төлем жүйесінен Шоттағы ақша жеткіліксіз болған кезде Картаны, қосымша Карталарды пайдаланып шығыс Операцияларының жасалуын растайтын есептесу құжаттарын алған жағдайда), Банк Клиентке жоғарыда аталған Соңғы Шот-көшірмені берген күннен бастап қырық бес күнтізбелік күннің ішінде Клиентке Берешектің жаңа мөлшері есепке алынған, түзетілген Соңғы Шот-көшірмені беруге құқылы, ал Клиент осындай түзетілген Соңғы Шот-көшірмеде (Банк бұрын берген Соңғы Шот-көшірменің негізінде Клиент төлеп қойған соманы есепке алатын) белгіленген мөлшерде және мерзімде Берешекті төлеуге міндетті.
Кредит бойынша жеңілдік кезеңі және/немесе грэйс-кезең белгіленген жағдайда, Клиентке Соңғы Шот-көшірмені берген кезде жеңілдік кезеңі және/немесе грэйс-кезең алынып тасталады. Жеңілдік кезеңі Соңғы Шот-көшірме берілген Есептесу кезеңіне дейінгі Есептесу кезеңінде Шоттарда көрсетілген Операцияларға қолданылмайды.
Банк Соңғы Шот-көшірмені берген жағдайда Клиент БЕ-де белгіленген тәртіппен және мерзімде Берешекті өтеуге міндетті, ал түзетілген Соңғы Шот-көшірме берілген кезде осындай түзетілген Соңғы Шот-көшірмеде белгіленген мерзімде және мөлшерде Берешекті өтеуге міндетті.
Банк Клиентке берген соңғы Шот-көшірменің негізінде Берешек Клиенттің Шоттарға Берешекті толығымен өтеуге жеткілікті болатын мөлшерде ақша орналастыруы арқылы өтеледі.
Банк Клиенттің сұратуы бойынша жасақтайтын кез келген Есептесу кезеңі үшін қосымша Шот-көшірмелер, Шот-көшірменің телнұсқасы Банктің Тарифтеріне сай осындай қызметтің ақысы төленген жағдайда беріледі.
Банктік қызмет көрсетудің тоқтатылуы сервис-пакет қызметін көрсету шартының қолданысын тоқтатуға әкеп соқтырады.
Сервис-пакет қызметтерін көрсету шартының тоқтатылуы Банктің шартта көзделген қызмет көрсетуінің тоқтатылуына, сондай-ақ кредит желісінің жаңартылуының тоқтатылуына, промо-кезеңнің, грэйс-кезеңнің немесе жеңілдік кезеңінің мерзімі аяқталмаса, осы кезеңдердің алынып тасталуына, сондай-ақ промо-кезеңнің, грэйс-кезеңнің немесе жеңілдік кезеңінің бүкіл мерзіміндегі Сыйақылардың және өзге де төлемдер мен комиссиялардың есептелуіне, Артықшылықты блоктағы барлық Операциялар үшін артықшылықтардың тоқтатылуына әкеп соқтырады.
Банктік шоттарды ашудың, жүргізудің, қызмет көрсетудің және жабудың
жалпы талаптары
БЕ-де көзделген шоттарды ашу туралы шарттарға сәйкес Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында және БЕ-де көзделген тәртіппен кәсіпкерлік қызметті жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін Клиенттің теңгедегі банктік шоттарын ашады, жүргізеді (қызмет көрсетеді) және жабады.
Клиенттің банктік ағымдағы шоттарын ашудың, жүргізудің, қызмет көрсетудің және жабудың жалпы талаптары, Банк пен Клиенттің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ тараптардың арасындағы басқа да құқықтық қатынастар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған “Kaspi Bank” АҚ-да жеке тұлғалардың банктік ағымдағы шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың Типтік (үлгілік) ережелермен (бұдан әрі – Үлгілік ережелер) реттеледі, Клиенттің Өтінішінде немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартында оларға сілтеме бар. Үлгілік ережелер мен БЕ-нің мәтіндерінің арасында қайшылықтар туындаған кезде тараптардың арасындағы қатынастарға БЕ қолданылады.
Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында, БЕ-де, Үлгілік ережелерде көзделген Клиенттің Шоттары бойынша операцияларды жүргізеді, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың, қызметтің ақысын төлеуге берілген шоттар болған кезде, тиісті шарттарды ұсынған кезде, Берешекті өтеуге ақшаны оны тікелей дебеттеу арқылы алады.
Клиент ақшасын есепке алу мақсатында Банк әр шотқа Клиенттің тиісті офертасын акцепттеген кезде немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартын жасасқан кезде Клиентке хабарлайтын жеке сәйкестендіру кодын береді.
Клиент өз Өтінішінде немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартында көрсеткен валюталарда Шоттар ашылады.
Шоттарға ақша:
Ақшаны Банк кассасы немесе автоматтандырылған касса арқылы төлегенде, оларды төлеген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей;
Қолма-қол жасалмайтын аударым арқылы:
- егер мұндай аударым Банкте ашылмаған банктік шоттан жасалса – Банктің корреспонденттік шотына ақша түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей;
- егер мұндай аударым Банкте ашылған банк шотынан жасалса – Банк пен Клиенттің арасында одан қысқа мерзім келісілмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде есепке алынады.
Банк:
Үлгілік ережелерде, БЕ-де және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Клиенттің Шоттары бойынша операциялар жасаудан бас тартуға;
Клиенттің Шоттарынан ақшаны акцептсіз есептен шығару (Клиенттің қосымша келісімінсіз) арқылы және/немесе тікелей дебеттеу арқылы, сондай-ақ салым бойынша есептелген және төленген сыйақыны БЕ-де көзделген шарттар бойынша Банктің қолданыстағы Тарифтеріне сай Банктің комиссияларын төлеуге алуға;
Шоттар бойынша ақшаны қате қабылдау (есепке жазу) фактісі анықталған кезде ақшаны қайтару үшін Шоттардан ақшаны, сондай-ақ салым бойынша есептелген және төленген сыйақыны тікелей дебеттеу арқылы және/немесе акцептсіз есептен шығару арқылы алуға;
БЕ аясында жасалған шарттар бойынша Берешек болған кезде, Клиенттің Шоттарындағы ақшаны, сондай-ақ салым бойынша есептелген және төленген сыйақыны акцептсіз тәртіппен және/немесе тікелей дебеттеу арқылы алуға;
БЕ-де, Үлгілік ережелерде және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Клиенттің Шотын жабуға құқылы.
Клиент:
Өз қалауы бойынша БЕ-де және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен шектеулерді ескере отырып, Шоттағы/Шоттардағы ақшаға билік етуге;
Банктік қызмет көрсету шарты тоқтатылған кезде және БЕ аясында жасалған шарттар бойынша міндеттемелер тиісінше толық орындалған кезде, қолданыстағы заңнамаға, Банктің ішкі құжаттарына және БЕ-ге сәйкес Шотты/Шоттарды жабуға құқылы.
Операциялар Шотындағы операция шоттың валютасында көрсетіледі. Операция валютасы шот валютасымен сәйкес келмеген жағдайда, Банк Банктің ішкі құжаттарына және Төлем жүйесінің ережелеріне сәйкес Операция сомасын Шоттың валютасына айырбастайды. Банктің айырбастау операцияларын жүргізгені үшін Банк Тарифтеріне және Шартқа сәйкес комиссия алынады.
Клиент ақшаны басқа банктерден, кредиттік ұйымдардан немесе пошталық байланыс бөлімшелерінен қолма-қол жасалмайтын тәртіппен аударған жағдайда, Банктің кінәсі болмай бұл ақшаның Шотқа түсуі кешіктірілумен байланысты тәуекелдерді Клиент көтереді. Өтінішке қол қоя отырып, Клиент Банктің ақшаның басқа ұйымдардан түсу мерзімін бақылауға немесе реттеуге немесе ақшаны аударғаны үшін ұсталатын комиссиялардың мөлшеріне әсер етуге мүмкіндігі жоқ екенімен келіседі.
Кіру кодын, ДСЖК және ЖСН-ды құпияда сақтау үшін Клиент жауап береді.
Клиент Банкке Банк талап ететін және/немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген, соның ішінде
Достарыңызбен бөлісу: |