Генеральные (примерные) условия договоров банковских услуг ао “Kaspi Bank” (версия 2)



жүктеу 0,91 Mb.
бет4/4
Дата22.05.2018
өлшемі0,91 Mb.
#16415
1   2   3   4
www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста жарияланған мультивалюталық қызмет көрсетудің талаптарына сәйкес Банк Валюталық шот бойынша айырбастау және басқа да Операцияларды жүргізеді.

  • Клиент Банктің Тарифтеріне сай Валюталық шот бойынша Банктің қызмет ақысын төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, Үлгілік ережелерде және БЕ-де көзделген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

  • Егер мультивалюталық қызмет көрсетудің талаптарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылған Клиенттің тапсырмасында басқаша көзделмесе, Банк Валюталық шоттарда тұрған шетел валютасындағы ақша сомасын тиісті валютадағы Валюталық жинақ шоттарына аударады.




    1. Жинақ шот пен салым шарты

      1. Жинақ шоты шартына сәйкес Банк Клиенттен ақша (салым) қабылдауға, Банктің акцепттеген Клиенттің Өтінішіндегі тиісті офертада көзделген мөлшерде және тәртіппен олар бойынша сыйақы төлеуге және салымның осы түрі үшін заңнамалық актілер мен шарттарда көзделген талаптарда және тәртіппен салымды қайтаруға міндеттенеді. Жинақ шоттың жеке сәйкестендіру кодын көрсетіп, Клиентке Сауалнамада көрсетілген мекенжайға тиісті жазбаша хабарлама жолдау немесе хабарламаны Клиенттің өз қолына беру немесе банктік салым шартын/Кешенді банктік қызмет көрсету шартын жасау Клиенттің жинақ шот пен салым шартын жасасу туралы офертасын акцепттеу болып табылады.

      2. Клиенттің ақшасын есепке алу мақсатында Банк жинақ шотқа Клиенттің тиісті офертасын акцепттеген немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартын жасасқан жағдайда Клиентке хабарланатын жеке сәйкестендіру кодын береді.

      3. Жинақ шотының валютасы – теңге.

      4. Банктік қызмет көрсету шартының қолданылу кезеңінде Картаға қызмет көрсету шотындағы оң қалдық мөлшері шарт бойынша салым сомасы болып табылады.

      5. Оң қалдықтың ең аз сомасы (ол болған кезде салым бойынша сыйақы есептеледі) Клиенттің Өтінішінде немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартында айқындалады.

      6. Оң қалдықтың ақшасы салымға, жинақ шотқа салынады, оның түрі мен мерзімі (талап етілмелі, мерзімді, шартты) Өтініште немесе банктік салым шартында айқындалады. Бұл кезде:

        1. Сыйақы есептік кезеңдегі соңғы жұмыс күні Салым бойынша ақшаның күнделікті қалдығына есептеледі және есептік айдан кейінгі айдың бірінші жұмыс күні салымды пайдаланғаны үшін жинақ шотқа сыйақы сомасын аудару арқылы, салымды пайдаланғаны үшін сыйақы есептелетін (капиталдандыру туралы талап) оң қалдық сомасын көбейте отырып, ай сайын төленеді;

        2. Жинақ шот пен салым шартының қолданылу мерзімі ішінде оң қалдықтың ақшасы салымға шектеусіз салынады;

        3. Әр қосымша жарнаның сомасына салым бойынша сыйақы қосымша салынған соманың шотта тұрған нақты күн саны үшін банктік салым шартында айқындалған мөлшерлеме бойынша есептеледі;

        4. Салымның алынған бөлігіне сыйақы ақшаның жинақ шотта тұрған нақты күн саны үшін талап етілмелі салымның мөлшерлемесі бойынша есептеледі;

        5. Салымның қалған бөлігіне сыйақы, егер мұндай сома оң қалдықтың ең аз сомасы мөлшерінен асып кетсе, банктік салым шартында немесе Өтініште белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.

      7. Клиент:

        1. Берешегі болмаған кезде Картаға қызмет көрсету шотынан аудару арқылы жинақ шотқа ақша салуға;

        2. Кез келген уақытта салым сомасын, сондай-ақ жинақ шоттағы салымды пайдаланғаны үшін есептелген және төленген сыйақы сомасын талап етуге;

        3. Жеке басын куәландыратын құжаттарды міндетті түрде ұсынып, Банкке жеке өзі барған кезде немесе Банктің Call Center арқылы кіру Кодын хабарлау арқылы немесе Банктің қалауы бойынша басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы жинақ шоты шартының талаптары жайлы, жинақ шоттағы ақша қозғалысы және ондағы ақша қалдығы туралы ақпарат алуға құқылы.

      8. Картаға қызмет көрсету шоты жабылған жағдайда – банктік қызмет көрсету шотына, ал банктік қызмет көрсету шоты жабылған жағдайда – Клиенттің жазбаша өтінішінде көрсетілген басқа да деректемелер бойынша Банктің Тарифтеріне сай комиссияларды ұстап қалып, Банк салымды пайдаланғаны үшін есептелген сыйақысымен бірге салым сомасын Картаға қызмет көрсету шотына қолма-қол жасалмайтын түрде аудару арқылы қайтарады.

      9. Салымды пайдаланған үшін сыйақы есептелген кезде бір айдағы 30 күн, сәйкесінше бір жылдағы 360 күнге есепке алынады. Бұл кезде жинақ шотқа ақша салынған күн мен оны жинақ шоттан алған күн бір күнге қабылданады (есептеген кезде жинақ шотқа ақша салынған күн ескерілмейді).

      10. Уәкілетті мемлекеттік органдар Шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұрған немесе Шоттарда тұрған ақшаға тыйым салған, акцептті талап етпейтін төлем талап-тапсырманы, инкассалық өкімді Банкте сақтаған, Банк үшін еңсерілмейтін күш жағдайлары (форс-мажор) әрекет еткен кезеңге Банк салымды пайдаланғаны үшін сыйақы есептемейді және төлемейді.

      11. Жинақ шот пен салым шарты Клиенттің жинақ шотына оң қалдық сомасы түскен күннен бастап күшінен енеді және банктік қызмет көрсету шартының қолданылу кезеңіне дейін қолданылады.

      12. Банктік қызмет көрсету шартының қолданылуы тоқтатылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасның заңнамасында және БЕ-де көзделген басқа да жағдайларда Жинақ шот пен салым шарты қолданысын тоқтатады, ал жинақ шот жабылуы тиіс.




    1. Валюталық жинақ шоты шарты

      1. Жинақ шоты шартына сәйкес Банк банктік салым шартында белгіленген мерзімге және талаптармен Клиенттен шетел валютасында ақша (салым) қабылдауға, олар бойынша Банк акцепттеген Клиенттің өтінішіндегі тиісті офертада көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрі үшін заңнамалық актілер мен шарттарда көзделген талаптармен және тәртіппен салымды қайтаруға міндеттенеді. Валюталық жинақ шоттың жеке сәйкестендіру кодын көрсетіп, Клиентке Сауалнамада көрсетілген мекенжайға тиісті жазбаша хабарлама жолдау немесе хабарламаны Клиенттің өз қолына беру немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартына қол қою Клиенттің Валюталық жинақ шоты шартын жасасу туралы офертасын акцепттеу болып табылады.

      2. Клиенттің ақшасын есептеу мақсатында Банк әр шетел валютасы бойынша әр Валюталық жинақ шотқа Клиенттің тиісті офертасын акцепттеген жағдайда немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартында Клиентке хабарланатын жеке сәйкестендіру кодын береді.

      3. Клиенттің Өтінішінде немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартында көрсетілген шетел валютасы Валюталық жинақ шоттың валютасы болып табылады.

      4. Оң қалдықтың ең аз сомасы (ол болған кезде салым бойынша сыйақы есептеледі), шот бойынша операцияларды жүргізу тәртібі Банк айқындайтын және www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста жарияланған мультивалюталық қызмет көрсету талаптарына сәйкес анықталады.

      5. Шетел валютасындағы ақша тиісті Валюталық жинақ шотқа салынады. Бұл кезде:

        1. Сыйақы есептік кезеңдегі соңғы жұмыс күні Валюталық жинақ шоттағы ақшаның күнделікті қалдығына есептеледі және есептік айдан кейінгі айдың бірінші жұмыс күні салымды пайдаланғаны үшін Валюталық жинақ шотына сыйақы сомасын аудару арқылы, салымды пайдаланғаны үшін сыйақы есептелетін (капиталдандыру туралы талап) оң қалдық сомасын көбейте отырып, ай сайын төленеді;

        2. Салым бойынша сыйақы ақшаның шотта тұрған нақты күні саны үшін банктік салым шартында белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі;

        3. Салымның алынған бөлігіне сыйақы ақшаның Валюталық жинақ шотында тұрған нақты күн саны үшін талап етілмелі салым мөлшерлемесі бойынша есептеледі;

        4. Салымның қалған бөлігіне сыйақы, егер мұндай сома оң қалдықтың ең аз сомасы мөлшерінен асып кетсе, банктік салым шартында көзделген мөлшерлеме бойынша есептеледі.

      6. Клиент:

        1. Валюталық жинақ шотына ақша салуға;

        2. Банктің алдында орындалмаған міндеттемелері болмаған кезде, кез келген уақытта салым сомасын, сондай-ақ Валюталық жинақ шотындағы салымды пайдаланғаны үшін есептелген және төленген сыйақы сомасын талап етуге;

        3. Жеке басын куәландыратын құжаттарды міндетті түрде ұсынып, Банкке жеке өзі барған кезде немесе Банктің Call Center арқылы кіру Кодын хабарлау арқылы немесе Банктің қалауы бойынша басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы Валюталық жинақ шоты шартының талаптары жайлы, Валюталық жинақ шотындағы ақша қозғалысы және ондағы ақша қалдығы туралы ақпарат алуға құқылы.

      7. Валюталық шот жабылған жағдайда – теңгеге айырбастау және қызмет көрсету шотына аудару арқылы, Картаға қызмет көрсету шоты жабылған жағдайда – банктік қызмет көрсету шотына, ал банктік қызмет көрсету шоты жабылған жағдайда – Клиенттің жазбаша өтінішінде көрсетілген басқа да деректемелер бойынша Банктің Тарифтеріне сай комиссияларды ұстап қалып, Банк салымды пайдаланғаны үшін есептелген сыйақысымен бірге салым сомасын Валюталық шотқа қолма-қол жасалмайтын түрде аудару арқылы қайтарады.

      8. Салымды пайдаланғаны үшін сыйақы есептелген кезде бір айдағы 30 күн, сәйкесінше бір жылдағы 360 күнге есепке алынады. Бұл кезде Валюталық жинақ шотына ақша есепке жазылған күн мен оны шоттан алған күн бір күнге қабылданады (есептеген кезде Валюталық жинақ шотына ақша есепке жазылған күн ескерілмейді).

      9. Уәкілетті мемлекеттік органдар Шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұрған немесе Шоттарда тұрған ақшаға тыйым салған, акцептті талап етпейтін төлем талап-тапсырманы, инкассалық өкімді Банкте сақтаған, Банк үшін еңсерілмейтін күш жағдайлары (форс-мажор) әрекет еткен кезеңге Банк салымды пайдаланғаны үшін сыйақы есептемейді және төлемейді.

      10. Банк Клиенттің тиісті офертасын акцепттеген немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартын жасасқан күннен бастап Валюталық жинақ шоты шарты күшіне енеді және банктік қызмет көрсету шартының қолданылу кезеңінде қолданылады.

      11. Банктік қызмет көрсету шартының қолданылуы тоқтатылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, БЕ-де, Үлгілік ережелерде, сондай-ақ мультивалюталық қызмет көрсету талаптарында көзделген басқа да жағдайларда Валюталық жинақ шоты шарты қолданысын тоқтатады, ал Валюталық жинақ шоты жабылуы тиіс.




    1. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Клиент БЗШ-ны қоспағанда, БЕ-де көзделген шарттар бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Банктің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Клиенттің кез келген мүлкінен және мүліктік құқықтарынан мәжбүрлеп өндіріп алуды қосқанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кез келген шараларды қолдануға құқығы бар. БЗШ бойынша міндеттемелер орындалмаған кезде қолданылатын шаралар БЗШ-ның талаптарымен айқындалады.

      2. Жасалған шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайлар үшін, егер бұл электр энергиясын сөндіру, байланыс желісінің зақымдалуы, өрт және Банктің еркінен тыс басқа жағдайлар сияқты еңсерілмейтін күш жағдайларының басталуы салдарынан болса, Банк жауап бермейді. Жоғарыда аталған жағдайлар мен олардың салдары тоқтағаннан кейін, Банк Клиентпен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін тез арада орындайды.

      3. Егер Банкке қатысы жоқ себептер бойынша Клиенттің ЖСН, ДСЖК және/немесе Кіру коды үшінші тұлғаларға қолжетімді болса, Банктің банктік құпияны құрайтын ақпаратты Call Сenter арқылы хабарлауынан болған ықтимал шығындар мен басқа да жағымсыз салдар үшін Банк жауап бермейді.

      4. Клиенттің қолы қойып, берген тиісті жазбаша құжатының негізінде, онда бар ақпараттың шынайылығына қарамастан, өзі жасаған кез келген әрекеттер немесе әрекетсіздіктер үшін, сондай-ақ Клиенттің берген құжаттарында қойылған қолдың түпнұсқалығы үшін Банк жауап бермейді.

      5. Үшінші тұлғаның Операцияны жүргізу үшін Картаны қабылдаудан бас тартуын, сондай-ақ қандай да бір апаттар, бағдарламалық және/немесе техникалық құралдардың қызмет көрсетуіндегі жаңылыстар немесе кідірістерді қоса алғанда, Банктің бақылау саласынан тыс болатын себептердің салдарынан туындаған жағдайларда Банк жауап бермейді.

      6. Үшінші тұлғалар Клиенттің шотынан ақшаны есептен шығарған жағдайда Банк жауап бермейді. Егер төлем жасалған уақытта Картаға тосқауыл қойылмаса, оның жарамдылық мерзімі өтіп кетпесе және төлем жасалған төлем карточкалары жүйесінің қатысушыларының арасында жасалған шарттарға сәйкес Картаның ұстаушысы төлем жасау үшін Картаны пайдаланса, Картаны пайдаланып жасалған төлем санкицяланған болады.

      7. Кез келген жағдайларда Клиенттің алдындағы Банктің жауапкершілігі әдейі немесе дөрекі ұқыпсыздықпен жасалған, Клиентке Банктің әрекеті немесе әрекетсіздігімен келтірілген, құжатпен расталған тікелей нақты залал мөлшерімен шектеледі. Жіберілген пайда, жанама, үстеме немесе кездейсоқ шығындар немесе залал, соның ішінде Банк олардың туындау ықтималдығы туралы хабардар болған жағдайларда өтелмейді.

      8. Клиент кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде, Клиент БЕ мен Үлгілік ережелер аясында ашылған Шоттарды пайдаланған жағдайда, Клиент міндеттемелерді бұзумен байланысты Банктің шеккен барлық/кез келген шығындарын Банкке толық мөлшерде өтейді.




    1. Құпиялылық

      1. Тараптар басқа Тараптан алынған банктік, коммерциялық және басқа да ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндеттенеді. Мұндай ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында тура көзделген жағдайларда немесе басқа Тараптың жазбаша келісімімен, немесе Клиенттің жазбаша келісімінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес үшінші тұлғаларға беріледі (баспада жарияланады немесе жария етіледі және т.с.с.).

      2. Клиент Банкке банк құпиясын құрайтын мәліметтер мен ақпаратты, егер, Банктің пікірінше, Клиенттің әрекеттерінде қылмыс белгілері бар болса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында көзделген тәртіппен, сондай-ақ Клиенттің жазбаша көрсеткен жағдайларында анықтау және алдын ала тергеу органдарына жария етуге және беруге құқық береді.




    1. БЕ-ге сәйкес жасалған шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мерзімінен бұрын бұзу, олардан бас тарту

      1. БЕ-ге сәйкес жасалатын шарттардың талаптарын біржақты өзгертуге БЕ-де және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.

      2. Банк БЕ аясында жасалған шарттардың талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы, оған БЕ-де көзделген тәртіппен Клиент үшін жақсарту жағына қарай өзгертілуі мүмкін БЗШ-ның талаптарын өзгерту қосылмайды.

      3. Банк Кредитке қызмет көрсетуге байланысы жоқ комиссиялар мен Тарифтерді біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Бұл жағдайда қосымша келісім жасасу талап етілмейді. Кредитке қызмет көрсетуге байланысы жоқ өзгертілген Банк Тарифтері БЕ-ге сай Банк мұндай өзгерістер туралы хабарлағаннан кейін бес күн өткенде өзгертілген түрінде күшіне енеді.

      4. Банк өз қалауы бойынша БЗШ-ның талаптарын жақсарту жағына өз бетінше өзгертеді. Бұл жағдайда қосымша келісім жасасу талап етілмейді. Мұндай өзгерістер туралы Клиентке қашықтан байланысу арналары арқылы хабарланады. БЗШ-ны Клиент үшін жақсарту жағына өзгерту, соның ішінде егер Клиент кез келген себептер бойынша мұндай өзгерістер туралы хабарламаны алмаса, Банк пен Клиенттің арасындағы қатынастарға қолданылады.

      5. Банктің жаңа Тарифтерін Банктің операциялық залында, сондай-ақ www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурсқа орналастырған жағдайда, Банк Клиентке Банктің Тарифтерінің өзгерісі жайында тиісті түрде хабарлаған болып саналады.

      6. БЕ-де және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда Банктің БЕ бойынша шарттық міндеттемелерін орындаудан бас тартуға құқығы бар.

      7. Банктің шарттардың талаптарын біржақты өзгертуімен Клиент келіспеген жағдайда, Клиентпен шарт БЕ-де көзделген талаптарда бұзылады.




    1. Ерекше талаптар және басқа да ережелер

      1. БЕ аясында Банк БЕ-нің осы тармағында анықталған тәртіппен Жалақы жобасының қатысушысы болып табылатын клиенттерге қызмет көрсетеді. Берешекті өтеу Картаға қызмет көрсету шотынан ақшаны есептен шығару арқылы жүзеге асырылады, бірақ Жалақы жобасы бойынша төлемдерді есепке жазумен байланысты Банк банктік қызмет көрсету шартын жасасқан заңды тұлғадан (жұмыс берушіден) түсетін соманың 50%-нан көп емес. Егер ақша басқа төлем көздерінен түскен жағдайда, Банк БЕ-нің 2-тарауына сәйкес Берешектің барлық сомасы мөлшеріндегі ақшаны (шоттарда ақша болған кезде) есептен шығаруға құқылы. Клиент өтінішті жолдаумен Клиенттің Шоттарына түсетін барлық сомаларды Берешекті өтеу есебіне есептен шығаруын талап етуге құқылы.

      2. Жалақы жобасының қатысушысы болып табылатын Клиенттің немесе кредит лимиті берілмеген немесе мақұлданбаған Клиенттің Картасын іске қосу ол кешендік банктік қызмет көрсету шартына қол қойған күні жүргізіледі.

      3. Банк Клиентке оның сұранысы бойынша www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста жариялау арқылы банк операцияларын жүргізудің жалпы ережелері, сондай-ақ Банк Тарифтері туралы ақпарат беруге міндеттенеді.

      4. БЕ-де көзделген жағдайларды қоспағанда, Клиенттің кез келген хабарламасы немесе сұранысы жазбаша түрде берілуі тиіс. Мұндай хабарлама немесе сұраныс, егер Банк мекенжайына пошта немесе курьерлік байланыс арқылы жіберілген жағдайда, Банкке лайықты түрде жіберілген болып саналады.

      5. Мемлекеттік және орыс тілдері БЕ-ге сәйкес жасалған шарттардың тілі болып табылады, бұл кезде Клиент Өтінішті өз қалауы бойынша мемлекеттік тілде, сол сияқты орыс тілінде де жіберуге құқылы. БЕ-нің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің арасында сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, орыс тілінде жасалған мәтін басым болады.

      6. Тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетуге және Клиент пен ССК арасындағы қызметке қатысты даулы қатынастар Банктің қатысуынсыз шешіледі.

      7. Тараптар арасында шарттардан немесе олармен байланысты туындайтын барлық дауларды Тараптар келіссөздер арқылы шешетін болады. Егер Тараптар келіссөздер барысында келісімге қол жеткізбесе, даулар Банктің қалауы бойынша, Банктің немесе оның филиалының орналасқан жеріндегі сотта қаралуы тиіс.

    ***
    жүктеу 0,91 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау