6
16 тамыз 2014 жыл
Қазақта «өлі разы болмай, тірі ба-
йымайды» деген көптеген даналы
сөздер бар емес пе? Жарық дүниеден бақиға
аттанған дос-жаран, туған-туыс, жақын-
жұрағаттарымызды еске алып, марқұм болған
адамның тіршіліктегі жақсы істерін айтып, ру-
хына дұға бағыштап, бір алладан мейірім
шапағатын тілеп еске алу, соңында қалған
жақындардың парызы болып қала бермек
қашанда.
Кіндік қаны Қарқаралының топырағына
тамып, жарық дүниенің есігін киелі жерде
ашқан Абылғазинов Ерлан Бейсенұлы, Смай-
лов Руслан Айтқазыұлы, Разақов
Мақсат Иманберліұлы, Мұсайынов
Марғұлан Оралбекұлы, Ибраев Ру-
слан Маратұлы сынды азаматтарды
сағына еске алған жора-жолдас, дос-
жаран, құрбылары өткен сенбі 9 тамыз
күні орталық стадионда шағын фут-
болдан турнир өткізген болатын.
Өмірден ерте озып, ғұмырлары келте
болған марқұм азаматтарды асылым,
алтыным, ардағым-ай деп ботасын
сағынған ана, соңымдағы тұяғым,
ғұмырымның жалғасы, шаңырағымның
түтін түтетері-ай деп жабыққан əке,
отбасымның тірегі, өмірлік серігім-ай
деп сағынумен жүрген аяулы жар, тір-
шілікте болғанда асқар тауға теңер
биік шыңым болар едің-ау деп əке ме-
йірімін аңсаған сəби жүрек, балапан
балғындар, жанымда болғанда
ешқашан жауға бермес, сертке берік,
достыққа адал достарым-ай деп дос қадірін бі-
летін абзал азаматтардың бəрі-бəрі осы тур-
нир алаңынан табылды.
Бір минуттік үнсіздік еске алумен басталған
турнирдің алғашқы тілегін аналық жүрегінен
ағытқан Разақова Тұрсын апамыз көзіне жас
алып, шағын футбол ойынына қатысқалы
тұрған барша спортшыларға жеңіске жетуле-
ріне тілектестік білдірсе, жастардың
амандығын тілеумен жүретін Абылғазинов
Бейсен атамыз да өзінің əкелік сағынышын
білдіріп, «өркендерің өссін құлындарым» деп
өсиет тілегін арнады. Келесіде сөз кезегін
алған марқұм Р.Смайловтың жан жары
Ж.Есенбаевада жүрек жарды жылы сөзін
арнап, турнирді өткізіп отырған жолдастарға
алғысының шексіз екендігін жеткізді.
Аталған турнирға Барабай, Қ.Аманжолов,
Қаратөбе, Ақбай Қызылбай 1, Барабай 2,
Қарағайлы, Көктас, Нүркен 1, Қарағайлы парк,
Ақбай-Қызылбай 2, Жастар, Балқантау 1, 190,
Атамекен, Теректі, Достар, Нүркен 2, Қоянды,
Балқантау 2, Ардагерлер командасы болып,
ересектер арасында 20 команда, №1 мектеп,
Қарқаралы, Ұлан, Аула командасы болып 4
жастар командасы қатысып, футбол
алаңында бақтарын сынап, тігілген жүлдені
сарапқа салды. Жеребе бойынша бір-бірімен
кездесу ойындарын өткізген аяқдопшылар
футбол олимпиядасының тəртібі
бойынша топ-топқа бөлініп,
жеңіске жеткен
команда жартылай
финалға шығып
жеңіс жолындағы ке-
зекті ойындарын
жалғастырды.
Күн ұзаққа созылған
футбол ойынының
шешуші кезеңінде
е р е с е к т е р
арасындағы тарты-
сты ойын
бəсекесінде Барабай
командасы жеңімпаз
атанып, 70000 теңге
ақшалай сыйлыққа
қол жеткізіп, кубокпен
марапатталса, II-орынды иеленген Достар
командасы да 50000 теңге ақшалай
сыйлықпен жəне кубокпен, III-орынның иесі
атанған Жастар командасы 30000 теңге
ақшамен қоса арнайы кубоктармен марапат-
талды. Жастар арасындағы I-орын иегері
Қарқаралы командасы 10000 теңге, №1 мек-
теп командасы II-орынды иеленіп, 7000 теңге,
III-орынға табан тіреген Аула командасына
5000 теңге ақшалай сыйлықтармен бірге ар-
найы кубоктар табысталса, жеңіске деген
құлшынысы үшін ынталандыру сыйлығына ие
болған “Ұлан” командасы 3000 теңгені қанағат
тұтты. Сонымен бірге, турнир соңында бірта-
лай азаматтар арнайы номинациялар бо-
йынша марапат иелері атанды. Атап
айтқанда, Мақсат Шоқанов үздік қорғаушы,
Мəрібай Жандос үздік қақпашы, Мұхамед
Қанат үздік шабуылшы, Данияр Тəтіғұлов ең
үздік ойын техникасын
көрсеткен ойыншы,
Мағжан Абжан ең үздік
ойыншы атағына лайықты
деп танылып, арнайы
сыйлықтар табыс етілді.
Футболшыларға ойын
алаңында М.Түсіпов, М.Ір-
гебаев, О.Мұғинов, Д.Ах-
метов, Қ.Іргебаев,
М.Əмірханов сынды №40
өрт сөндіру бөлімінің
қызметкер азаматтары
ойынның əділ өтуіне
төрешілік жасаса, марқұм
болған азаматтардың
досы А.Ташимов
жарыстың бас төрешілігі
міндетін атқарды.
Аталмыш еске алу турнирінің соңында
жоғарыда аталған барлық ойыншылар мен
жеңімпаздарға құрмет көрсетіліп, алғыс тілек-
тер айтылды. Сонымен қатар, Руслан
Смайловтың жан-жары Ж.Есенбаева өзінің
ризашылығын білдіріп, бірінші орын алған
команда мүшелеріне спорттық футболкалар
табыс етті.
Осы мақала дайындалып жатқанда
редакциямызға келген марқұм Мақсат
Разақовтың, Марғұлан Мұсайыновтың, Ру-
слан Ибраевтың аяулы аналары Тұрсын
Разақова, Бақыт Бекішова, Тания Ибраева
сынды апа-аналарымыз жəне марқұм
Ерлан Абылғазиновтың əкесі
Абылғазинов Бейсен атамыз турнирді
ұйымшылдықпен өткізген барлық
азаматтарға алғыстарын жеткізулерін
өтініп, өмірден өткен балаларының жолда-
старына рахметін білдіріп, өмірде бақытты
болуларын тілеген еді.
Д.Ыдырысов.
ДОСТАРЫ
САҒЫНЫШПЕН ЕСКЕ АЛДЫ
Тағзым
Жыл он екі айдың яғни, күз, қыс, көктем айла-
рында өткізіліп дəстүрге айналған «Ауыл береке»
жəрмеңкесі өткен жұма 8 тамыз күні тағы да
жалғасын тапты. Тамыздың тамылжыған күні
аудан орталығында өткен аталған жəрмеңкеге Бе-
соба, Жаңатоған, Ынталы, Қаршығалы, Мамы-
раев, Қырғыз, Нүркен, Тегісшілдік, Угар секілді
селолық округтермен
қатар «Қапсаттаров»,
« Ө м і р ғ а л и е в » ,
«Р.Қылышбаев» жеке
кəсіпкерліктерімен
бірге Майқұдық құс
фабрикасыда белсене
қатысып, əкелген
өнімдерін аудан
жұртшылығына сауда-
лап қайтты.
Сауда сөрелерін қой
мен сиыр етіне, құрт,
сарымай, ірімшік,
айран қымыз сияқты
сүт өнімдеріне толты-
рып қойған ауыл
өнімдерін жұрт
қажетіне қарай сатып алып жатты. Толығырақ
айтсақ, жəрмеңкеге сатылымға шыққан тауар
өнімдерінің ішінде сүт, өнімдерімен қатар қымыз,
талқан, ара балы, картоп, жұмыртқа жəне жемі-
стер мен көкеніс түрлері болды. Тегісшілдік
селолық округінің «Шебер» шаруа қожалығынан
С.Абдрахманов есімді азамат болса 500 дана
бөдене жұмыртқасы мен өзі даярлаған ара балын
алып келсе, «Шоқпартас» шаруақожалығы да-
ярлап əкелген 20 келі ешкі сүтінен жасалған ірім-
шігін тез арада талап əкетті. Қолдағыны кəдесіне
жаратып, қорасындағы малының басын құрап,
бала-шағаның қажеттілігіне жұмсаумен болатын
ауыл азаматтарының еңбектері қашанда биік
болуға тиіс. Жəрмеңке барысында айтулы
саудаға ауылдық өнімдерін ұсынған нүркендік
Р.Баймаканова, А.Искакова, Г.Дүкей, матақтық
С.Аймышев, С.Əбілдин, А.Сайпен сынды ауыл
азаматтары мен азаматшалары күннің ыстығына
қарамастан бар ықылас пейілдерімен аудан
жұртына тауарларын ұсынып жатқанын көргенде
ауылдағы ағайынның алыстан артынып-тартынып
келгенін аңғару қиын емес. Сонымен бірге, Қырғыз
селолық округінің «Берік» шаруа қожалығы
(М.Ж.Талюкенов) Камаз жүк көлігін толтыра малға
арналған бидай жемінде алып келген екен. Ия,
дəл қазіргі уақыт жаздың жылы шуақ күнінде отын
су мен мал жанының қысқы азық қорын қамдап
қалайын деген қарбалас сəтінде істің орайын кел-
тіріп, жəрмеңкеге қатысуы ауыл азаматтарының
аудан жұртшылығына деген үлкен сый-құрметі деп
ұққанымыз артық болмас.
Өз тілшімізден.
Ауыл Береке -2014
Ауылдағы
Ауылдағы
ағайынның
ағайынның
сауда
сауда
жəрмеңкесі
жəрмеңкесі