Пәнаралық байланыс
|
Тарих, қазақ тілі, әдебиет теориясы
|
Бағалау критерийі
|
өз көзқарасын дәлелдеуде үзінділерді орынды қолданады, дәлелдер келтіреді.
Шығармадағы үзінділерді әр түрлі тапсырмалар орындау барысында орынды қолданады.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану, жоғары деңгей дағдылары
|
Алдыңғы білім
|
көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Уақыты
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу
|
Ресурс
|
Сабақтың басы
|
|
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
2. Психологиялық ахуал
Балалар бір-біріне жақсы көңіл-күй тілейді.
3. «Бір үй» тәсілі арқылы тотарға бөлінеді.
|
|
|
|
4. Ширату. «Миға шабуыл» тәсілі
«Динамика», «Статистика» ойыны
Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы отырады. «Динамикалар» қозғала жүріп, «Статистикаларға» «Бақытсыз Жамал» романы бойынша бойынша сұрақтар қояды.
|
|
Сабақтың ортасы
|
|
1-тапсырма Топтық жұмыс
Сүйгеніне қосылған жандар бақытты болуы тиіс. Неліктен Жамал мен Ғали бақытты бола алмады?
«Ойлаудың алты қалпағы» тәсілі
Топтағы әр оқушыға бір қалпақтан беру немесе алты топқа бір қалпақтан беру. Ақ қалпақ: өлеңдегі фактілер мен нақты ақпараттарды айтады. Сары қалпақ: жағымды тұстарын айтады. Қара қалпақ: ұнамаған жағымсыз тұстарын айтады. Қызыл қалпақ өлеңді оқығанда пайда болған сезімдерді айтады. Жасыл қалпақ: жаңа идея ойлап табады. Көк қалпақ: ой қорытынды жасайды.
Топтардың қорғауы. Өзара бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек» тәсілі. Екі жақсы жағын, бір ұсынысын білдіреді.
2-тапсырма
«Төрт сөйлем» тәсілі
1. Пікір. Шығармадағы кейіпкер бейнесін бір сөйлеммен жеткізеді.
2. Дәлел. Мәтіннен үзінді келтіре отырып өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін тарихпен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
Дескриптор:
Өз пікірін дәлелдеуде үзіндіні орынды қолданады.
Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
|
8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы
|
Сабақтың соңы
|
|
«Ауа райы» әдісі арқылы ауыл бейнеленген суретке күн, бұлт, жаңбыр суретін жапсырады.
Күн – өте жақсы түсіндім, сабақ қызықты болды .
Бұлт – жақсы түсіндім, ұнады .
Жаңбыр – маған қиындау тиді .
|
|