Г. Б юнусова Экологиялық құжаттау және сараптау



жүктеу 1,69 Mb.
бет6/8
Дата14.05.2018
өлшемі1,69 Mb.
#12221
1   2   3   4   5   6   7   8

2.   Қала аумақтарында кiшi сәулеттендiру түрлерiн орнату мен ұстау тәртiбi

 

Сыртқы көркейтудiң барлық құрамы, соның iшiнде ғимараттардың қас бетiн жөндеу қала аумақтарының құрылыс тәртiбiн анықтайтын Ережелерге сәйкес орындалуы керек.



Балансында құрылымдары бар, үй жайларды жалға алатын меншік түрінен тәуелсіз кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, заңды және жеке тұлғалар көшелер, алаңдар, жағалаулар мен басқа қоғамдық орындарға шығатын ғимараттардың қасбеттерін мерекелік әшекейлеу бойынша жұмыстарды орындауға ерікті. 

<*> Ескерту. 48-тармақ толықтырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 13/4; өзгеріс енгізілді - 2005 жылғы 6 маусымдағы N 14/15 шешімдерімен.

Қоршаулар, қорғандар, дүңгiршектер, дүкеншелер, шатырлар, павильондар, урналар, баубақ-саябақ отырғыштары, жарнама стендтерi, маңдайшадағы көркемдеулер, әр түрлi көрнекi және басқа құрылғыларды орнату қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасымен келiскеннен кейiн ғана салу мен орнатуға жол берiледi.

Сыртқы көркейтуден барлық құрамы дұрыс жағдайда ұсталып, жылына бiр реттен кем емес жаңартылуы керек.

Барлық алаңдар мен көшелерде, бақшалар, саябақтарда, бекеттер, әуежайлар, базарлар, қалалық көлiк аялдамалары мен басқа орындарда, кiсi көп жүретiн жерлерде 40 метрден, кiсi аз жүретiн жерлерде-100 метрден артық емес қашықтықта жеткiлiктi саны бар урналар қойылуы керек.

Қалалық көлiк аялдамаларында, жер асты өтетiн жерлерде, дүкендер, дүкеншелер, дүңгiршектер, кiреберiстер маңында урналар орнату мiндеттi. Жер пайдаланушыларға бөлiнген және бекiтiлген аумақтарда олардың өздерiмен, жалпы пайдаланатын жерлерде қала бюджетi есебiнен урналар орнатылады.

3/4 көлемге урналардың толуына жол берiледi. Урналарды таза және дұрыс ұстау мен орнату, олардың сақталуына бөлiнген және бекiтiлген аумақтардағы жер пайдаланушылар, жалпы пайдаланатын жерлерде осы учаскелердi шарттық жағдайлармен қала есебiнен жинайтын кәсiпорындар жүзеге асырады.

Тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк және басқадай ғимараттардың иелерi екi тiлде кәсiпорын атауы бар маңдайшалардың болуына жауап бередi және оларды дұрыс жағдайда ұстауға мiндеттi.

Жарнама қондырғылары, маңдайшадағы жазулар және басқадай көрнекiлiк қондырғылар иелерiмен әдемi, жалпы стильде, қажеттi мөлшердегi ақпараттары бар болып орындалуы керек. 

3. Жол жабуларын, жаяусоқпақтарды, көк шөп шығатын
   алаңдар мен басқада нысандарды, қалалық

   Шаруашылық элементтерiн бұзуға байланысты,

    жұмыстарды жүргiзу тәртiбi

 

Заңды және жеке тұлғалар қала аумақтарында жол жабуларын, жаяусоқпақтарды, көк шөп шығатын алаңдар мен басқа нысандарды, қалалық шаруашылық элементтерiн бұзуға байланысты, жер жұмыстарын, немесе басқадай жұмыстарды өкiлеттi органмен берiлген, жазбаша рұқсат берiлген кезде ғана жүргiзiледi.



   Қалпына келтiру жұмыстарын кiдiрiссiз жүргiзудi талап ететiн, инженерлiк жүйелерде апат болған кезде, жол жабуларын ашуды, көшелер, алаңдарды және басқа да жалпы пайдаланудағы орындарды қазуға келiсу беретiн, ұйымдар өкiлдерiн сол орынға шақыру керек. Жұмыстар жүргiзуге сол орында рұқсат (ордер) алғаннан кейiн ғана жұмыстар жүргiзуге рұқсат етiледi. Апаттық жұмыстарды жүргiзу орнында қандай да бiр үйiлген немесе қандай да бiр мүлкi бар меншiк түрiне қарамастан, заңды және жеке тұлғалар осы учаскенi бiрiншi талап бойынша тез арада өз күшiмен босатуға мiндеттi.

Тез арада апатты жоюды қажет ететiн, қаланың өмiршеңдiгiн қамтамасыз ететiн қаланың маңызды нысандары үшiн ерекше жағдайда, келiсiм беретiн, ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуымен рұқсат берудi (ордер) ресiмдеусiз, одан әрi 24 сағат iшiнде жұмыстарды жүргiзуге рұқсат берудi ресiмдеп, апатты жоюға кiрiсуге жол берiледi.

Инженерлiк желiлер, жолдар, жаяусоқпақтар құрылысын немесе қайта құру бойынша жұмыстарды жоспарлаған барлық заңды және жеке тұлғалар, жоспарланған жылдың алдында келетiн 15 қарашасына дейiн және екiншi рет жоспарланған жылдың 1 наурызында қажеттi сызбалар қосымшасымен жұмыстарды орындауға белгiленген мерзiмдi көрсетiп уәкiлеттi органға тапсырыс беруге мiндеттi.

Тапсырыс бермеген ұйымдарға жер жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.

Көшелер, алаңдар және басқа да жалпы пайдаланудағы орындар құрылысы бойынша жұмыстармен жер асты инженерлiк желiлер төсеу жөнiндегi жұмыстар жүргiзу уақытын байланыстыру үшiн және салынған жылы асфальтбетонды жабуды қопауды болдырмауға және салынғаннан кейiн 5 жыл iшiнде, осы жұмыстарды белгiлеген қала ұйымдары ағымдағы жылдың алдында келетiн жылдың 1 наурызынан кеш емес, күрежол және мекен-жай тiзiмдерiн қоса, жұмыстарды орындау белгiленген мерзiмiн көрсетiп тапсырыс беруге мiндеттi.

Көлiк қозғалыстарын шектеуге немесе жабуға байланысты жағдайда көшелерде жұмыстар жүргiзу кезiнде, тапсырыс берушi автокөлiк қозғалысын жабуға қалалық әкiмдiкпен тиiстi өкiм ресiмдейдi, ал қоғамдық көлiк қозғалыстарының бағытын өзгертуге қажет болған жағдайда- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала тұрғындарын хабардар етедi.

Қалалық шаруашылық нысандары, элементтерi ордерде көрсетiлген жұмыс мерзiмiнiң соңында тиiстi жағдайға келтiрiлуi керек. Мерзiмi өтiп кеткен ордер бойынша жұмыстар жасау өз еркiмен қазу болып саналады. Ордердi ұзарту осы Ережелердi бұзушы кiнәлiлер жауапқа тартылғаннан кейiн жүзеге асырылады.

Инженерлiк жүйелер мен құрылғылардың зақымдануын ескерту және байқауға қажеттi шаралар қабылдау үшiн жұмыс жасаушы бiр тәулiктен кеш емес, жұмысты бастағанға дейiн сол орынға мүдделi ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға мiндеттi. Солармен бiрлесе отырып, қолда бар жүйелер мен құрылғылардың нақты орналасқан жерiн анықтайды және олардың толық сақталуына шаралар қабылдайды.

Жұмыстарды жүргiзушi жұмысты бастағанға дейiн келесiдегiлердi орындауға мiндеттi:

1) құрылыс алаңдары барлық өлшемдер бойынша ескертетiн белгiлермен бекiтiлген үлгiмен қатты қоршаулармен қоршаулы керек, өтiп жатқан көлiктен көшенi ластамау үшiн қолайлы болу керек;

2) ереже бойынша өтетiн жолдар қосымша көшелерге шығып және шлагбауммен жабдықталуы керек. Қоршауларда өтетiн жолдар аз мөлшерде болу керек;

3) құрылыс ұйымдары үшiн құрылыс немесе күрделi жөндеу кезiнде балшықтан күнделiктi тазарту үшiн салынып жатқан нысанның осы және басқа жағында ұзындығы 600 метр негiзгi магистраль жолдың учаскесi бекiтiлiп берiледi;


    4) жүргiншiлер жүретiн орындарда бiр бiрiнен 200 метрден аспайтын қашықтықта жүргiншiлер көпiрi орнатылады және түнгi уақытта құрылыс немесе күрделi жөндеу учаскесiн жарықпен қамтамасыз ету;

5) жаңбыр суы ағатын кәрiздердiң үзiлiссiз жұмысын қамтамасыз етуге шаралар қолдану;

6) жұмыс аймағында жасыл желектер бар болса, оларды қалқандармен қоршау, олардың сақталуына кепiлдiк беру;

7) өтетiн жолдар немесе жүргiншiлер қозғалысының жүйелерiн жабу қажеттiлiгi кезiнде айналма жолдар дайындау және айналма жолды тиiстi белгiлермен айқын белгiлеуге.


Жұмыстарды жүргiзу қолданыстағы нормалар мен ережелерде, сондай-ақ ордерде көрсетiлген шарттарға сай жүргiзiледi.
Жолдың алынған асфальтi мен топырағы, қайта салуға жарамсыз болғандықтан, жұмыс үрдiсiне шығарылады. Жиектер мен жаяусоқпақ тастары бөлшектелiнедi, үйiледi және сақтау мен қайта пайдалану үшiн акт бойынша өткiзiледi. Жасыл желектерге, су ағатын торларға, науаларға және т.б. топырақ пен құрылыс материалдарын үюге тыйым салынады. Аталған құрылғылардың элементтерiн қорғау үшiн люктер мен құдықтарға баруды қамтамасыз ететiн ағаш қалқандар мен қораптар қолданылуы керек.

Жер асты жүйелер мен құрылғыларға, сыртқы көркейту элементтерiн бұзғаны үшiн ордер алған ұйым жауап бередi. Зақым келтiрудiң әрбiр жағдайында мүдделi ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуымен зақым келу себебi, кiнәлi адам, зақым келудi жою бойынша шаралар, қалпына келтiру құнының мерзiмдерi көрсетiлген, акт жасалады.

Зақым келудi жою бойынша мерзiмi мен техникалық шарттарды сақтамаса, кiнәлi адамдар барлық қалпына келтiру құнын өтейдi. Жабулар мен көркейту элементтерiн бұзуды қалпына келтiру топырақпен қайта жабу жұмыстарын аяқтағаннан кейiн екi тәулiктен кеш емес басталуы керек. Қалпына келтiру жұмыстарының сапасына ордер алған ұйым жауап бередi.

Қала бюджетi есебiнен бұзылған және зақымданған қалалық шаруашылық нысандарын қалпына келтiру бойынша жұмыстар жүргiзiлген жағдайда барлық шығындар ордер алушы- ұйым есебiнен өтеледi.

Жұмыстар жүргiзу мерзiмi қолданыстағы құрылыс ұзақтығының нормасына сай күнтiзбелiк кесте негiзiнде белгiленедi. Екi айдан астам жұмыс уақытымен құрылыс немесе жер асты коммуникацияларды жөндеу кезiнде, олардың барлық жұмыс кешенiнiң аяқталуына байланысты учаскелерiне ордер беріледi.

Жол төсемдерi, жаяусоқпақтар мен алаңдар орнатылғаннан немесе күрделi жөндеуден кейiн бес жыл iшiнде жол жабуларының бұзылуына байланысты жұмыстар жүргiзуге тыйым салынады, қала әкiмiнiң рұқсаты бойынша ерекше жағдайлардан басқа.

Өкiлеттi орган қазылған жерлердiң жабуын қалпына келтiруге жұмыстарды қабылданғаннан кейiн ғана рұқсат берiледi. Қалпына келтiру жұмыстарының сапасына, жабулардың шөгуiне және сынының бұзылуына осы жердi қазған ұйым жауап бередi.

Жұмыстарды орындау шарттарын бұзған жағдайда, қалпына келтiру сапасыз немесе қалпына келтiру мерзiмдерi бұзылса, өкiлеттi органның басталған жұмыстарды тоқтатуға, жiберiлген бұзушылықты жоюды талап етуге, келтiрiлген зиян шығынын өндiртiп алуға, кiнәлi адамдарды әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға шаралар қолдануға құқылы.

Қалпына келтiру жұмыстарын орындаудың сапасы өкiлеттi органмен қабылданады.

Жол жабуларын қопару және көшелер, алаңдар мен жалпы пайдаланудағы басқа орындарды қазу бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдар мен кәсiпорындар жұмыс жүргiзетiн орындарға ақпарат қалқандарын орнатуы керек.

 

4. Жасыл желектердi ұстау мен қорғау тәртiбi



 

Жасыл желектер жалпы халықтық игiлiк, маңызды сауықтыру факторы және қаланың әшекейi болып табылады. Оларды қорғау мен сақтауға- әрбiр заңды және жеке тұлға мiндеттi.


Жасыл желектердi ағымдағы ұстау, қорғау мен өсiру жер пайдаланушылар иелерiне, заңды және жеке тұлғаларға аумақтарда бекітілген:

1) тұрғын шағын аудандардағы, тұрғын үйлер алдындағы көшелердегi құрылыстардан жаяусоқпақ сызығына дейiн- пәтерлер иелерiнiң кооперативтерiне, тұрғын үй қорының иелерiне;

2) жалпы пайдаланудағы нысандарда (саябақтар, саяжолдар, саябаулар және т.б.) және жаяусоқпақ сызығына дейiнгi көшелер бойы- қала бюджетiнiң есебiнен шарт негiзiнде жұмыстар атқаратын кәсiпорындарға;

3) өндiрiстiк кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер мен басқа да әртүрлi меншiк түрiндегi нысандар, сондай-ақ оларға бекiтiлген аумақтар мен санитарлық- қорғау аумақтары- кәсiпорындар басшыларына және осы нысандар иелерiне;


    4) жұмысты бастаған күннен бастап, құрылысқа бөлiнген аумақтарда тапсырыс берушi немесе оның сенiмiмен бас мердiгер- құрылыс ұйымына жүктеледі.

Құрылыс салатын жерлерге жататын жасыл желектердiң кесуi мен көшiрiп отырғызуына, жер асты коммуникациялар мен инженерлiк жүйелердiң салуына, аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы келiсiмiмен және өкiлеттi органмен бекiтiлген жасыл желектердi кесу жөнiндегi актi болған жағдайда жол берiледi.

Жасыл желектердiң көшiрiп отырғызуға жарамдылығын немесе кесудi комиссия анықтайды.

Ерiксiз жоюға түсетiн жасыл желектердi бағалау, осы жұмыстар түрiне лицензиясы бар заңды тұлға орындайды.


    Құрылыс және жөндеу жүргiзетiн, кәсiпорындар мен ұйымдар құрылыс жасайтын жердегi жасыл желектердi, көк шөп шығатын алаңдарды ерiксiз жойған жағдайда, төлем сметасында оларды қалпына келтiру құнын, ал көшiрiп отырғызған жағдайда жасыл желектердi көшiрiп отырғызу жұмыстарының қосымша құнын қарастыру керек.

Меншік түрінен тәуелсіз, жер жамылғысының бұзылуына байланысты өндіріс немесе басқа құрылыспен айналысатын құрылыс және басқа ұйымдар жасыл құрылыста пайдалану үшін жердің құнарлы қабатын алу және сақтау, сонымен бірге жұмыстарды жүргізген кезде бұзылған жер телімдер мен жасыл желектерді құрылысты бітіргеннен кейін жедел өзінің қаражат есебінен қалпына келтіруге міндетті.



<*> Ескерту. 77-тармақ толықтырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 13/4 шешімімен.

Жасыл желектердi өз еркiмен кескен, кiнәлi адамдар қолданылып жүрген заңнама бойынша жауап бередi.

Жұмыстар жүргiзу кезiнде заңды және жеке тұлғалар:
    1) зақымданудан жасыл желектердi қоршауға;

2) қала жолдарын, жаяусоқпақтар, өтетiн жерлер, алаңдар және т.б. салу және асфальт төсеу кезiнде диаметрi 1 метрден аз емес баған ұяларын қалдыру, орнату қажет болса, яғни жасыл желектердiң қалыпты өсуi үшiн қондырғыны қарастыруға міндетті.

Жер пайдаланушылар бекiтiлген аумақтарда жасыл желектердi күтуге мiндеттi, соның iшiнде:

1) қоқыс жинау, тырнауышпен көк шөп шығатын алаңдарды тарау, қураған жапырақтарды жинау, арамшөптердi жұлу, көк шөп шығатын алаңдардың шөбiн шабу, буталарды қырқуға;

2) ағаштардың баған түптерiнде ұялар жасап, топырақты қопсытуға;

3) жасыл желектер, көк шөп шығатын алаңдар, гүлзарларды суаруға;

4) ағаштар басын қию, құрғаған бұталарды, өскiндердi, қиылған буталарды кесуге;

5) ағаштарды, бұталарды жасарту (мамандар кеңесi бойынша);

6) ауыру және құрғаған ағаштарды кесуге (комиссия актiсi бойынша);

7) өсiп тұрған жасыл қордың ағаштары мен бұталарын жөндеп отырғызуға;

8) ауыл шаруашылық зиянкестер және аурулармен, карантиндік арамшөптермен өз күштерімен немесе өсімдіктерді қорғау станцияларымен шарт жасау бойынша жүйелі күрес жүргізілсін.

Көгалдарда, саябақтар мен басқа жасыл желектердің жерлерінде көлік құралдарын қоюға тыйым салынады;

9) жапырақтар түсу кезінде түскен жапырақтарды уақытылы жинау керек. Жиналған жапырақтар арнайы бөлінген телімдерге немесе компостау даласына шығарылсын. Тұрғын үй құрылысы аумағында, саябақтар мен парктерде жапырақтарды жағуға тыйым салынады;

10) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасыл қордың сақталуы қамтамасыз етілсін.



<*> Ескерту. 80-тармақ толықтырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 13/4 шешімімен.

Кез-келген бағыну аумағында жасыл қордың сақталуына және жасыл желектердi ұстау ережелерiн сақтауға бақылау жасау өкiлеттi органмен, жер пайдаланушылармен және жалдаушылармен жүзеге асырылады.

Жасыл желектер аумағында:

1) құрылыс материалдарын, топырақ, отын, көпiр және басқа заттарды үюге;

2) көк шөп шығатын алаңдарды, гүлзарларды, баған түбiндегi ұяларды ластауға;

3) көк шөп шығатын алаңмен жүруге, ағаштарды, бұталарды сындыру мен кесуге, басқада механикалық зақым келтiруіне;


    4) ағаштар мен бұталарды өз еркiмен кесуге;

5) қоршауға, гүлдердi жұлуға, көп жылғы гүлдердiң түбiрлерi мен баданаларын қазуға;

6) көк шөп шығатын алаңдар мен гүлзарларға автокөлiк қоюға;

7) жапырақтарды өртеу, көк шөп шығатын алаңдарда көкөнiс өсiруге, ағаштарға сым, алтыбақан, жiп, жарнама мен кестелер бекiтуге, баубақ-саябақ мүлкiн бұзуға;

8) жалпы қолданылатын жерлерде құстар мен малдарды бағуға, иттерді қыдыртуға;

9) көк шөп шығатын алаңдар мен гүлзарларға бетон немесе цемент ерітіндісін дайындауға тыйым салынады.

 

5. Инженерлiк жүйелер, құрылғылар мен коммуникацияларды ұстау тәртiбi

 

Ведомстволардың, кәсiпорындардың инженерлiк құрылғылары мен коммуникацияларына олардың иелерiмен қызмет көрсетедi.



Қаланың көркейтуiн бұзуы мүмкiн, инженерлiк коммуникациялары мен құрылғылары бар заңды және жеке тұлғалар, олардың техникалық жағдайларын жүйелi бақылауға мiндеттi, атап айтқанда:

1) аумақтарды су басуға жол бермеу;

2) бөлiнген және күзетiлетiн аймақтардың санитарлық жағдайын бақылау;

3) люктердiң қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабуы, жаңбыр суы ағатын кәрiздер торлары жол төсемдерiнiң деңгейiнде және үнемi дұрыс жағдайда ұсталуын бақылау;

4) оларды тез анықтау үшiн құдықтарға белгi жасау;

5) құру, қайта жабу мен пайдалану ережелерiн сақтамау салдарынан бұзылуы мүмкiн жер асты жүйелерiнiң қатты немесе топырақ жабуларының жағдайын бақылау.

Жер асты инженерлiк желiлерiн төсеу және қайта орнату жұмыстарының жүргiзу қолданыстағы техникалық шарттарға сай қатаң жүргiзiлу керек.

Автожолды, алаңдарды және жалпы пайдаланудағы басқа орындарды қайта құруды бастағанға дейiн жер асты коммуникацияларын салу, күрделi жөндеу, қайта құру жүргiзiлуi керек.

Қатты төсемдi аумақтарды күрделi жөндеу немесе қайта құру кезiнде талап етiлетiнге дейiн инженерлiк жүйелер құдықтарының люктерiн белгiлеудi жүргiзу, коммуникациялардың күзетiлетiн аймақтарының ендiгiне көк шөп шығатын алаңдарды, жаяусоқпақтарды, авиажолдарды қалпына келтiру жөндеуге тапсырыс берушi есебiнен жүргiзiледi.

Көшелер мен жолдардан жер бетi суын және ыза суларды қашыруға бағытталған арналар, құбырлар, кәрiздер жинау мен тазарту, қала бюджетi есебiнен қалалық қоқыс төгетiн орынға тез арада шығару қажеттiлiгiне байланысты қатты тұнбаларды шығару. Аулаларда және басқада жер пайдаланушыларға бөлiнген және бекiтiлген аумақтарда су өткiзетiн құбырларды жер пайдаланушылар жүргiзедi.

Шағын аумақ шекарасы шегiнде жалпы қала аумағы бойымен өтетiн коллекторларды, жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту қала бюджетi есебiнен жүргiзiледi.

Қаланың сутартқы құдығының қасындағы радиусы 5 метр аумақты мұздан (қыс уақытында) және қоқыстан тазарту және оларды шығару, құдықтарға кiреберiс жолды ұстау сутартқы құдықтарының иелерiмен жүргiзiледi.

Өндiрiстiк кәсiпорындар алаңынан ауа сулары шаруашылық нәжiс кәрiздерiне түсу керек. Бұл суларды қалалық жаңбыр суы ағатын кәрiздерге жiберуге жол берiлмейдi.

 

6. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау

 Қала көшелерiнде, алаңдарында, саябақтарында, саяубауларында сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы және күрделi жөндеу қала бюджетiнiң қаржысы есебiнен арнайы кәсiпорындармен жүзеге асырылады.

Тұрғын аудандар мен басқа да жалпы пайдалану орындарында бұл жұмыстар, олар кiмнiң қызметiнде болып табылса, соларға жүктеледi.

Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау және қызмет көрсетуге келесi iс-шаралар кiредi:

1) берiлген параметрлерге сай келетiн саны мен сапа көрсеткiшi бар қондырғылардың техникалық дұрыс жағдайын ұстау;


    2) қондырғылардың регламенттiк жұмыс тәртiбiн қамтамасыз ету, қала әкiмiмен бекiтiлген, кесте бойынша дер кезiнде қосу мен өшiрудi, iшiнара немесе толық өшiрудi бақылау, олардың жанбай қалған шамдарын шұғыл жою, зақымдану мен басқаларды анықтау.

Сыртқы жарықтандырудың жану пайызын және қондырғылар жағдайын анықтау үшiн пайдаланатын кәсiпорындармен бақылау тексерулер жүргiзiлiп, акт жасалады. Шамдардың жану пайызы 95% аз болмау керек.

Сыртқы жарықтандыру қондырығыларының металл тiректерi, кронштейндер мен басқа элементтерi сыртқы жағдайларына байланысты боялады, бiрақ 3 жылда бiр реттен кем емес. 

 

7. Аумақтарды көркейту мен сауда кәсiпорындарының қас


беттерiн көркемдеу және халыққа қызмет көрсету жөнiндегi пункттердi, оларды тұрғын ғимараттарға орналастыру жағдайының тәртiбi

 

Тұрғын, әкiмшiлiк және басқа ғимараттардың оның маңындағы аумақтардың келбетiн сақтау мен жақсарту үшiн, оларға сауда кәсiпорындарын, халыққа қызмет көрсету жөнiндегi пункттердi, офистер және басқадай нысандар орналастыру кезiнде, иелерi- меншiк түрiне қарамастан заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер, олармен өңделген және келiсiлген жобаға сай ғимараттың қас бетiн көркемдеу және маңайындағы аумақтарды көркейту жөнiнде кешендi iс-шаралар атқару керек.



Кешендi iс-шараларға, жобамен қарастырылған, келесiдегiдей жұмыстар көлемiн орындау кiредi:

1) қас беттi әрлеу (бояу, әр түрлi материалдармен қаптау және басқадай);

2) ғимараттың жалпы стилiне сай келетiн, қанатшалар, маңдайшалар орнату;

3) жаяусоқпақтар, кiреберiстер мен автомашина тұрақтары үшiн алаңдар, төсенiштер, көк шөп шығатын алаңдар салу, жасыл желектер кiретiн аумақтарды көркейту бойынша жұмыстар атқару және басқадай;

4) отырғыштар, урналар қоршауларын орнату және басқадай;

5) ғимарат аумағының маңын және автожолдың жүретiн бөлiгiнiң көшелер, алаңдар мен басқа қоғамдық орындарға шығатын ғимараттардың қасбеттеріне көмескі жарық орнату белдiгiне дейiнгi көшелердi жарықтандыру үшiн жеткiлiктi сыртқы жарықтандыруды (жарықтандырылған жарнамалар) орнату;

6) жалпы стильде, қажеттi мөлшердегi ақпараттары бар, әдемi жасалған маңдайшадағы жазуларды орнату.

<*> Ескерту. 97-тармақ толықтырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 13/4 шешімімен.

Ғимаратта бiр кәсiпорын орналасқан жағдайда қас беттiң барлығы немесе оның бөлiгiн көркемдеу керек болса (қаланың бас сәулетшiсiнiң келiсiмi бойынша), сондай-ақ ғимараттың барлық ендiгiндегi көшелердi ғимараттан "қызыл сызыққа" дейiнгi немесе бөлiгiндегi барлық аумақтарды көркейту мен санитарлық жинастыру (қаланың бас сәулетшiсiнiң келiсiмi бойынша), басқа иелер немесе жалдаушылар пайда болған кезде, шығындары өтеледi. Бiрнеше кәсiпорындар болса, қасбеттi көркемдеу, маңындағы аумақтарды көркейту мен санитарлық жинастыру олармен тиiстi үлесiн бiрыңғай сәулет-көркемдiк келбетiн сақтау және жұмыстарды бiр уақытта орындау жүргiзiледi.



Бақылау сұрақтары:

1.   Көшелер, жолдар, жол құрылғыларын пайдалану тәртiбi және оларды ұстау мен қорғау тәртiбiнің құжаттары

2.   Қала аумақтарында кiшi сәулеттендiру түрлерiн
орнату мен ұстау тәртiбiнің құжаттары

3. Жол жабуларын, жаяусоқпақтарды, көк шөп шығатын


 алаңдар мен басқада нысандарды, қалалық Шаруашылық элементтерiн бұзуға байланысты, жұмыстарды жүргiзу тәртiбiнің құжаттары

4. Жасыл желектердi ұстау мен қорғау тәртiбi

5. Инженерлiк жүйелер, құрылғылар мен коммуникацияларды ұстау тәртiбi

6. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау

7. Аумақтарды көркейту мен сауда кәсiпорындарының қас
беттерiн көркемдеу және халыққа қызмет көрсету жөнiндегi пункттердi, оларды тұрғын ғимараттарға орналастыру жағдайының тәртiбi
 

Қоғамның ЭС қатысуы
Мақсаты: Қоғамның қалаларды көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектердi қорғау ережесімен танысу

Жоспар:


1.   Негiзгi түсiнiктер мен анықтамалар

2.   Жалпы ережелер

3.   Қала аумақтарын жинау тәртiбі
1.   Негiзгi түсiнiктер мен анықтамалар

1. Аумақтарды көркейту - қала аумақтарындағы адамдар өмiршеңдiгiн жайлы, қолайлы қамтамасыз ететiн, жұмыстар мен элементтер кешенi. 

2. Инженерлiк желiлер мен құрылғылар - қала тұрғындары мен кәсiпорындарын жылумен, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету, сондай-ақ, қала аумақтарынан жер бетi суын жинау мен бұру үшiн бағытталған, қаланың инженерлiк көркейтуiнiң маңызды элементтерi.

3. Жасыл желектер - санитарлық-гигиеналық, экологиялық шарттарды және көркейту мен сәулет ландшафты ресiмдеу (көк шөп шығатын алаңдар, гүлзарлар, ағаштар, бұталар) деңгейiн арттыруды қамтамасыз ететiн, қаланың жобалау шешiмiнiң элементi.

4. Жер жұмыстары - аумақтарды қазу, үйiндiлердi жию, қайта жабу, қазаншұңқырларды өңдеуге байланысты жұмыстар.
5. Жер пайдаланушы - қала iшiндегi жер учаскелерiн пайдаланатын, мақсаттары мен меншiк түрiне қарамастан, заңды немесе жеке тұлға (кәсiпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, жеке кәсiпкерлер, үй иелерi, жалдаушылар, пәтерлер иелерiнiң кооперативтерi және басқалар).

6. Үй иесi - жеке меншiгiнде үй құрылысы бар заңды немесе жеке тұлға.

Уәкілетті орган - атқарушы органның шешімімен белгіленген мемлекеттік мекеме.

<*> Ескерту. 6-тармақ толықтырылды - III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 13/4 шешімімен.

7. Бөлiнген аумақ - жер пайдаланушыға меншiкке берiлген, жер учаскесi немесе оған қатысты нысандарды орналастыру үшiн өкiлеттi органның шешiмiне сай пайдалану (ғимараттар, құрылғылар, көлiк магистралдары және басқалар).

8. Бекiтiлген аумақ - заңды немесе жеке тұлғаға бөлiнген аумақтар жетегiндегi, олармен пайдаланылатын, күту және қызмет көрсету үшiн өкiлеттi органмен тiркелген жер учаскесi.

Қала iшiнде бекiтiлген аумақтар:

1) қала көшелерiнiң аумақтары (жаяусоқпақтар, көк шөп шығатын алаңдар және басқа да көркейту элементтерi ұзындығы бойынша - құрылыс аумағы көлемінде, енінен - екі жақта құрылыс жүрген кезде өту жолдың ортасына дейін және бүкіл ені бойынша құрылыс бір жақта жүрген кезде, ал трамвай қозғалысы бар көшелерде - трамвай жолдарының ортасына дейін);

2) пәтерлер иелерiнiң кооперативтерiне, кондоминиумдарға және басқаларға бөлiнбеген, аула iшiндегi аумақтар (бiр аулада бөлiнген аумақтар шекараларына теңбе-тең немесе тараптардың келiсiмi бойынша бекiтiлген, бiрнеше жер пайдаланушының болуы);

3) белгіленген аумақтың периметрі бойынша 10 метр қашықтықтағы аумақ.

<*> Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді- III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 13/4; 2005 жылғы 6 маусымдағы N 14/15 шешімдерімен.

9. Көше-жолдың жүретiн бөлiктерi, жаяусоқпақтар, жасыл желектер, аялдамалар, жер асты және жер үстi инженерлiк желiлер орналасқан қала аумақтары.

10. Қоғамдық орындар- жалпы пайдаланудағы демалыс аймақтары, парктер, саябақтар, алаңдар, жағажайлар және басқа нысандар.

11. Салынып бiтпеген аумақ- негiзгi жобалау нормасын қолдануды шектейтiн, жер үстi және жер асты құрылыстарының барлық түрi жоқ аумақ.

 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау