Г. Б юнусова Экологиялық құжаттау және сараптау



жүктеу 1,69 Mb.
бет8/8
Дата14.05.2018
өлшемі1,69 Mb.
#12221
1   2   3   4   5   6   7   8

2. МЭС бекітуінің құрылысы.

Экологиялық сақтандыру

1. Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаға, басқа адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру салдарынан шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелі туындаған кездегі жеке және заңды тұлғаның мүліктік құқықтарын (сақтандырылғандарын) қорғауға байланысты қатынастар кешені болып табылады.

2. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiмен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар мiндеттi түрде экологиялық сақтандырылуға тиiс. Мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкiн.

3. Ерiктi экологиялық сақтандыру заңды тұлғалар мен азаматтардың өз еркiн бiлдiруi бойынша жүзеге асырылады. Ерiктi экологиялық сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi сақтанушылар мен сақтандырушылардың арасындағы келiсiмдермен белгiленедi.

4. Міндетті экологиялық сақтандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. 32-бап.


ҚР 04.06.01 ж. № 205-II Заңымен 33-34-баптар алып тасталды

ҚР 04.06.01 ж. № 205-II Заңымен VIII-тараудың тақырыбы өзгертілді

8 тарау. Экологиялық нормалау

ҚР 04.06.01 ж. № 205-II Заңымен 35-бап өзгертілді

35-бап. Экологиялық нормалардың негізгі міндеттері мен талаптары

Экологиялық нормалау қоршаған ортаға ықпал етудің экологиялық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығын сақтауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануын болдырмауды, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін, ғылыми негізделіп жол берілетін шекті нормаларын белгілеу мақсатын көздейді.

Экологиялық нормалаудың негiзгi мiндеттерiне:

Экологиялық нормаларды белгiлеу және олардың адам денсаулығына, табиғи ресурстарды қорғауға, молықтыруға және ұтымды пайдалануға ықпалын анықтау;

қоршаған ортаға зиянды әсердiң жол берiлетiн шектi шамалары мен деңгейлерiн белгiлеу кiредi.

Қоршаған орта сапасының белгiленген нормативтерiн асыра көрсетуге немесе оларды уақытша және төмендетiлген нормалармен алмастыруға жол берiлмейдi.

Нормативтер шамаларын аумақтардың нақты экологиялық жағдайларына байланысты қатаңдау жағына қарай өзгертуге жол берiледi.

Бекітілген экологиялық нормативтер барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады, жариялауға және еркiн таратылуға тиiс.

04.06.01 ж. № 205-II; 09.12.04 ж. № 8-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 36-бап өзгерді

36-бап. Экологиялық нормативтердің негізгі түрлері

Экологиялық нормативтердің негiзгi түрлерiне:
қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шоғырлану нормативтерi;

қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шығарылу және тасталу нормативтерi;

шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерi мен өзге де зиянды физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi;

радиациялық әсердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi;

агрохимикаттарды ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында қолданудың жол беруге болатын шектi нормалары;

қорғау, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш аймақтарының нормативтерi;

зиянды (ластағыш) заттарды шығарудың, тастаудың үлес нормативтері;

қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерi жатады. Қазақстан Республикасының заңдарында экологиялық нормативтердің өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.

37-бап. Қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шоғырлану нормативтерi

Халықтың денсаулығын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау, олардың генетикалық қорларын сақтау мақсатында атмосфералық ауаны, суды, топырақ пен жер қойнауын ластауы ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шоғырлануының нормативтерi белгiленедi.

Қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шығарылу және тасталу нормативтерi

Тиiстi аумақта қоршаған ортаны ластаудың барлық көздерi мен көлемдерiн ескере отырып, халықтың денсаулығына, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне олардың жасайтын кешендi ықпалына жол бермеу мақсатында ластанудың әрбiр көзi бойынша қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шығарылу және тасталу нормативтерi белгiленедi.

Шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерi мен өзге де зиянды физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi 39-бап.

Халықтың денсаулығы мен еңбек қабiлетiн сақтау, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн, тiршiлiк үшiн қолайлы қоршаған ортаны қорғау мақсатында шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерi мен өзге де зиянды физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейлерiнiң нормативтерi белгiленедi.

Радиациялық әсердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi 40-бап.

Адамның денсаулығы мен генетикалық қорына төнетiн қауiптi болдырмау, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау мақсатында қоршаған орта мен тамақ өнiмдерiндегi радиациялық әсердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi белгiленедi.

Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында агрохимикаттарды қолдануға жол берiлетiн шектi нормалар 41-бап.
Адамның денсаулығын және генетикалық қорын сақтау, өсiмдiк және жануарлар дүниесiн қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында минералдық тыңайтқыштарды, өсiмдiк қорғау құралдарын, стимуляторларды және басқа да агрохимикаттарды, тамақ өнiмдерiндегi, топырақ пен судағы химиялық заттар қалдықтарының жол берiлетiн шектi нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн мөлшерде қолдануға жол берiлетiн шектi нормалары белгiленедi.
Күзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш өңiрлерi 42-бап.
Қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбау және ерекше күзетудi қажет ететiн объектiлердi сақтау мақсатында күзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш өңiрлерi белгiленедi.
Күзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш өңiрлерiнiң көлемдерi, оларды пайдалану режимдерi заңдарға сәйкес белгiленедi.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау мен сертификаттау 9 тарау.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау мен сертификаттау объектiлерi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау мен сертификаттау объектiлерiне Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн немесе оның аумағына, әкелiнетiн, экологиялық қауiпсiздiкке, халықтың өмiрi мен денсаулығына, табиғи ресурстардың молықтырылуы мен ұтымды пайдаланылуына қауiп төндiруi мүмкiн өнiм (жұмыс, қызмет) жатады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары және техникалық шарттар заңдармен белгiленген тәртiппен әзiрленiп, бекiтiледi және тiркеледi.

Қоршаған ортаны қорғау саласында тiркелген стандарттар және техникалық шарттар талаптарын бұза отырып, өнiмнiң (бұйымның) әзiрленуiне, жасалуына, жеткiзiлуiне (өткiзiлуiне), сақталуына, тасымалдануына, пайдаланылуына және жөнделуiне, жұмыс (қызмет) атқарылуына тыйым салынады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сертификаттау 45-бап.
Қоршаған ортаны қорғау саласында стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкестiктi анықтау үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен мiндеттi және ерiктi сертификаттау жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдi (жұмысты, қызметтi) сәйкестiк сертификатынсыз өткiзуге тыйым салынады.

Шаруашылық және өзге қызметке қойылатын экологиялық талаптар10 тарау.


ҚР 04.06.01 ж. № 205-II Заңымен 46-бап өзгертілді

Қоршаған ортаға ықпалды бағалаудың міндеттілігі 46-бап.

Қоршаған ортаға әсердi бағалау басқару және шаруашылық шешiмдерiнiң қабылданатын нұсқаларының экологиялық және өзге де зардаптарын анықтау, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, азып-тозуын, бүлiнуiн және сарқылуын болдырмау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiледi.
Қоршаған ортаға әсердi бағалау нәтижелерi жобалау алдындағы және жобалау материалдарының ажырамас бөлiгi болып табылатын құжат түрiнде ресiмделедi. Қоршаған ортаға жасалатын әсер бағаланбайынша, оған ықпал жасайтын жобаларды әзiрлеу мен iске асыруға тыйым салынады.
Қоршаған ортаға терiс әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi қайта бейiмдеу, уақытша тоқтатып қою, меншiгiн ауыстыру және тарату қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша не олардың қоршаған ортаға жасалатын әсердi бағалау жөнiнде жүргiзген тексерулерiнен, анықталған жолсыздықтар жойылғаннан және келтiрiлген зиянның орны белгiленген тәртiппен толықтырылғаннан кейiн ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
Қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу тәртiбi экологиялық сараптама туралы заңдармен анықталады.
Бақылау сұрақтары: 1. Мемлекеттік экологиялық сараптауының қорытынды денгейінің шешімін дайындағандағы шығаратын негізгі критериялары қандай?

2. МЭС бекітуінің құрылысы қандай бөлімдерден тұрады:



Мемлекеттік Экологиялық сараптау
Мақсаты: Мемлекеттік Экологиялық сараптау талаптарымен таныстыру

Жоспар:


1. Мемлекеттік Экологиялық сараптауының жұмыс регламенті.

2. Эксперттің жауабкершілігі


1. Мемлекеттік Экологиялық сараптауының жұмыс регламенті.

Мемлекеттiк өкiмет пен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құдыретi

04.06.01 ж. № 205-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 09.12.04 ж. № 8-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 71-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді

Экологиялық сараптама 11 тарау.

Экологиялық сараптама және оның түрлерi

Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкес келуiнiң, осы қызметтiң қоршаған ортаға жасалуы мүмкiн терiс әсерлерiнiң және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске асыруға жол берiлуiнiң анықтамасы. 63-бап.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.

ҚР 04.06.01 ж. № 205-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 64-бап өзгертілді

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы құдыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаны қорғау саласында:

мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық шараларды әзiрлейдi;

табиғат пайдаланудың әртүрлi бағыттары бойынша мемлекеттiк экологиялық бағдарламалар әзiрлейдi, оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;

қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

министрлiктердiң, Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын бақылайды;

мемлекеттiк меншiктi басқарады, оны пайдалану жөнiнде Үкiметке жүктелген шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;
2. Эксперттің жауабкершілігі

Қоршаған орта сапасының нормативтерi мен шаруашылық және өзге де қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн белгiлейдi;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда табиғи ресурстарды облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн табиғат пайдалануға беру туралы шешiмдер қабылдайды, табиғат пайдалану шарттарын (келiсiм-шарттарын) жасасады;

табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оны қолдануды тоқтата тұру және күшiн жою тәртiбiн бекiтедi;

табиғат пайдаланудың әр алуан түрлерi бойынша тұжырымдамаларды бекiтедi, табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымының, табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемаларын бекiту және жүзеге асыру, табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастырларын жүргiзу тәртiбiн , сондай-ақ қоршаған ортаның ластанған учаскелерiн және оларды ластау көздерiн белгiлейдi;

қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингін жүргізудің құрылымын, мазмұны мен тәртібін белгілейді және Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастырудың және жүргізудің ережесін бекітеді;

шаруашылық қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн және оларды мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау тәртiбiн, бекiтедi;

экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi, өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк қорықтар, мемлекеттiк ұлттық және табиғи парктер, басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырады;

қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат беру мен мемлекеттiк статистиканы жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;

қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл салалардағы мемлекеттiк бақылау жасау мiндеттерiн жүзеге асыратын арнаулы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар туралы ереженi бекiтедi, олардың қызмет тәртiбiн айқындайды, сондай-ақ экологиялық аудитке лицензия беру мен оны жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;

төтенше экологиялық жағдайды хабарлау ережесін бекітеді;

халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлейдi;

табиғат қорғау iс-шараларына жатқызудың тәртiбiн белгiлейдi;

iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға жатқызу ережесiн бекiтедi.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттiк өкiмет пен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құдыретi қандай?

Экологиялық сараптау бойынша біріктіру сабағы
Мақсаты: Экологиялық сараптау бойынша барлық құжаттаманы жүргізуді үйрену

Жоспар:


1. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерін стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіпті объектілерге жатқызу өлшемдерін бекітеді.
ҚР 11.05.99 ж. № 381-1; 04.06.01 ж. № 205-II; 25.05.04 ж. № 553-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 8-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 8-бап өзгерді; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 71-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертілді
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құдыретi

8-бап.


Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару функцияларын жүзеге асыратын өзге де орталық атқарушы органдар мен облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;
2) қоршаған ортаны қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi стратегиялық мiндеттердi шешу үшiн мемлекеттiк экологиялық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады;
3) өз құзыретi шегiнде шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекiтедi немесе келiседi;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiне, экологиялық аудиторлық қызметке, табиғат қорғауды жобалауға, нормалауға және экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарға лицензиялар бередi;
5) табиғатты пайдалануға рұқсаттар береді;
6) қоршаған ортаның мемлекеттiк мониторингi бойынша жұмыс жүргiзедi, сондай-ақ қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай жүйесiне басшылық жасайды, өндiрiстiк мониторинг жүргiзудiң үлгi тәртiбiн бекiтедi;
7) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;
8) өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
8-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
8-2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың (тексеруді тағайындау туралы акт, хаттама, нұсқама) нысандарын әзірлейді және бекітеді;
8-3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдары жүйесінде зертханалық-талдамалық бақылау жұмысының қызметін жетілдіреді;
8-4) қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін қызмет туралы ақпаратты, соның ішінде зертханалық-талдамалық деректерді жинау мен талдауды жүзеге асырады;
9) өзiнiң аумақтық органдары арқылы су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жоспарларын келiсуге, су объектiлерi мониторингiн жүргiзуге, өз құзыретi шегiнде су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға, бассейндiк келiсiмдердi әзiрлеуге және олардың жүзеге асырылуын бақылауға, су объектiлерiн пайдалану, молықтыру және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк (аймақтық және бассейндiк) бағдарламалар үшiн ережелер әзiрлеуге, сондай-ақ су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруға қатысады;
10) өз құзыретi шегiнде жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
11) жергiлiктi маңызы бар қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралар жоспарларын келiседi;
12) мемлекеттiк табиғи қорық қорының табиғи ресурстары мен объектiлерiн қорғау, молықтыру әрi пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
12-1) жер қойнауын қорғау жөніндегі экологиялық талаптардың, ережелер мен нормалардың сақталуына, жер қойнауын пайдаланудың барлық кезеңдерінде келісім-шарт талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12-2) өндірістік экологиялық бақылау туралы үлгі ережені бекітеді.
13) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар тiзбесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
14) мемлекеттiк табиғи қорық қорының объектiлерiне жалпы басшылық жасауды үйлестiредi және жүзеге асырады;
15) табиғи ресурстарды мемлекеттiк есепке алуды және олардың мемлекеттiк кадастрларын жүргiзедi;
16) мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;
17) экологиялық аудиторларды аттестациялау жөнiндегі білiктілiк комиссиясының құрамы мен жұмыс тәртiбiн, сондай-ақ экологиялық аудиторларды аттестациялау тәртiбiн бекiтедi.
18) қоршаған ортаны ластағаны үшін базалық төлем ставкаларын бекітеді.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
9-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғаумен табиғат пайдалануды басқару мiндеттерiн жүзеге асыратын өзге де орталық атқарушы органдарының құдыретi
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару мiндеттерiн жүзеге асыратын арнаулы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының құқықтық жағдайы мен құзыретiн заң актiлерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

ҚР 29.11.99 ж. № 488-1; 04.06.01 ж. № 205-II; 24.12.01 ж. № 276-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертілді


10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң тактикалық мiндеттерiн шешу үшiн тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды және iс-шаралар тiзбесiн бекiтедi;
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдар басшыларының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйi туралы есептерiн тыңдайды;
өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және ұтымды пайдалану, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi жолсыздықтар үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген мiндеттi ережелер қабылдайды. Ережелер оларды халыққа жария еткеннен кейiн кемiнде екi апта өткен соң күшiне енедi.
Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен базалық ставкалардан кем болмайтындай етiп жыл сайын бекiтедi.
3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) табиғат пайдалануды:

табиғат қорғау объектiлерiн салу мен қайта құруды қамтамасыз ету;

шағын өзендер мен су қоймаларын қорғау, олардың ластануын, су тасқынын, су басып кетудi, жағалаулардың бұзылуын және судың басқа да әсерiн болғызбау әрi жою;

атмосфералық ауаның ластануын азайту мақсатында көлiк тасқынын реттеу;



қалалар мен кенттер аумақтарының ластануы;
жердi құнарсызданудан, шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, батпақтанудан, қайталама орнығудан, құрғаудан, тығызданудан, өндiрiс пен тұтынудың тұрмыстық және қауiптi қалдықтарымен ластанудан қорғау;
жердi өз бетiмен басып алу, ағаштарды заңсыз кесу жағдайларын анықтау;
ормандағы және даладағы өрттерден қорғау, орман ортасын құрайтын және орман ортасын қорғайтын функцияларын сақтауды, сондай-ақ көшеттердi, дәрiлiк, тағамдық және техникалық өсiмдiк шикiзатын уақтылы қалпына келтiру жағдайларын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен және әдiстермен жұмыс жүргiзу;
шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде биологиялық алуан түрлiлiкке қатер төнуiн болдырмау және оның терiс әсерiн жою үшiн шаралар қабылдау;
атмосфералық ауаны қорғау мен сауықтыру;
жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға резервке алу мәселелерi бойынша реттейдi;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiлген қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөнiндегi iс-шаралар көзделетiн бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзiрлеудi және оларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының бекiтуiне енгiзудi ұйымдастырады;
3) экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы бар кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға әрi қайта құруға тыйым салу туралы қорытындылар әзiрлейдi, экологиялық талаптар бұзылған жағдайда шаруашылық және өзге де қызмет жүргiзудi тоқтата тұрады және тиiстi шаралар қабылдайды;
4) ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдайды немесе жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгiзедi;
5) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердi қоспағанда, шаруашылық қызмет объектiлерiне мемлекеттiк экологиялық сараптама ұйымдастырады және жүргiзедi;
6) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады;
7) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзедi;
8) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іс жүзіне асырады;
11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен базалық ставкалардан кем болмайтындай етіп қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын есептейді;
12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді;
13) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табиғи ресурстарды пайдалану туралы ақпарат береді;
14) жеке және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша экологиялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
15) табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;
16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару қызметтерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдарымен келісім бойынша қалдықтарды қоймаға жинауға, жоюға және көмуге жер учаскесін бөліп беруге шешім береді;
17) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, елді мекендердің күтіп-ұсталуын бақылауды қамтамасыз етеді.

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары халықтың жергiлiктi маңызы бар мәселелердi заңдарда белгiленген өкiлеттiк шегiнде шешуге қатысуын қамтамасыз етедi.


Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік сараптаманың талаптары қандай?

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган талаптары қандай?

3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарын атаңдар?



Қолданған деректер көздерінің тізімі
1. Дончева А.В. Экологическое проектирование и экспертиза: Практика: Учебное пособие / А.В. Дончева. – М.: Аспект Пресс. 2002. – 286 с. – http://www.bibliofond.ru/

2. Донченко В.К. и др. Экологическая экспертиза / под ред. В.М. Питулько – М.: Изд. центр «Академия», 2006 – 480 с.

3 Экологический кодекс Республики Казахстан от 9 января 2007 г. № 212-III – http://www.zakon.kz/141149-kodeks-respubliki-kazakhstan-ot-9.html

4 ГОСТ 17.0.0.04-90. Охрана природы. Экологический паспорт промышленного предприятия. Основные положения. – http://www.environment.7-1.ru/main/subject-1354/

5 Методические рекомендации по заполнению и ведению экологического паспорта промышленного предприятия ГОСТ 17.0.0.04-90. –http://www.simbexpert.ru/

6 РД 153-39.2-080-01 (Д). Правила технической эксплуатации автозаправочных станций от 1 августа 2001 г. –http://www.businesspravo.ru/

7 Правила технической эксплуатации нефтебаз. – http://www.altsi.ru/docs/rules-technical-operation-tank-farms

8 РД 34.02.101-90. Экологический паспорт тепловой электростанции. Основные положения. – Министерство энергетики и электрификации СССР, Служба передового опыта ПО «СОЮЗТЕХЭНЕРГО» – Москва, 1990. http://www.complexdoc.ru/ntdtext/578988



9 Об утверждении формы паспорта опасных отходов. Приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 30 апреля 2007 года № 128-п. http://eco.gov.kz/rus_txt/reestr.php

10 Инструкция по заполнению формы паспорта опасного отхода РФ –http://www.ekopartner.ru/

11 Об утверждении перечней отходов для размещения на полигонах различных классов. Приказ и.о. Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 2 августа 2007 года № 244-п. – http://eco.gov.kz/rus_txt/reestr.php

12 ГОСТ 17.4.2.03-86. Охрана природы. Почвы. Паспорт почв

13 Методические указания по оценке городских почв при разработке градостроительной и архитектурно-строительной документации. Паспорт городской почвы. – http://stroy.dbases.ru/index.htm

14 Земельный кодекс Республики Казахстан 2003 г с изм 2007 г. Ст. 97. Понятие и состав земель сельскохозяйственного назначения – http://www.akorda.kz/

15 Об утверждении формы Паспорта земельного участка сельскохозяйственного назначения и Инструкции по составлению Паспорта. Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами от 11 августа 2003 года № 62-П. – http://www.aisgzk.kz/mainpage/

16 Экологический паспорт – http://www.ektor.ru/pages/

17 Водный кодекс Республики Казахстан от 9 июля 2003 года № 481. – http://www.akorda.kz/

18 Объявление о государственных закупках способом запроса ценовых предложений на проведение научных работ по сохранению генофонда и биоразнообразия путем составления паспорта рыбохозяйственных водоемов местного значения Алматинской области – http://priroda.taldykorgan.net/

19 Закон Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 175-III «Об особо охраняемых природных территориях». – http://v.zakon.kz/our/news/

20 Об утверждении Правил разработки и регистрации (перерегистрации) паспортов особо охраняемых природных территорий республиканского и местного значения. Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2007 года № 136. – agro.sk.kz/npa/59 .doc

21 Черп О.М., Виниченко В.Н., Хотулёва М.В., Молчанова Я.П., Дайман С.Ю. Экологическая оценка и экологическая экспертиза. – М.: Эколайн, 2000. – 138 с.

22 Вторжение в природную среду. Оценка воздействия (основные положения и методы)/ Под ред. Ретеюма А. Ю. – М.: Прогресс, 1983. – 191 с.

23 Ли Н. Экологическая экспертиза / пер. с англ. под ред. С.М. Говорушко. – М.: Экопрос, 1995 – 450 с.

24 Об утверждении Правил проведения государственной экологической экспертизы. Приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 28 июня 2007 года № 207-п.http://v.zakon.kz/our/news/

25 Об утверждении Инструкции по проведению государственной экологической экспертизы предпроектных и проектных материалов. Приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 16 февраля 2005 года № 57-П. – http://v.zakon.kz/our/news/

26 Букс И.И., Фомин С.А. Экологическая экспертиза и оценка воздействия на окружающую среду (ОВОС). – М.: МНЭПУ, 1999. – 143 с.

27 Экономика природопользования – http://www.ugrasu.ru/resources/umkompl/docss/part12.pdf

28 Постановление Правительства Республики Башкортостан от 21 апреля 2004 г. № 63. О проведении экологической паспортизации, ведении учета объектов хозяйственной или иной деятельности и источников негативного воздействия на окружающую среду на территории Республики Башкортостанhttp://www.ugak.ru/docs/76/

29 Юнусова Г.Б. Методические указания по выполнению практических работ по дисциплине «Экологическая паспортизация и экспертиза».






жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау