Г. Б. Кенжина жоо дейінгі дайындық және қабылдау бөлімінің жетекшісі



жүктеу 225,04 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі225,04 Kb.
#2948

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің кеңейтілген ректорат мәжілісі

16 қазан 2009 жыл.


Күн тәртібінде:


  1. ЖОО дейінгі дайындық және қабылдау бөлімінің 2008-2009 оқу жылындағы жұмысының қорытындысы, алдағы міндеттер. Г.Б.Кенжина – ЖОО дейінгі дайындық және қабылдау бөлімінің жетекшісі

  2. Педагогикалық факультеттегі мамандықтар бойынша студенттердің өз бетімен жасайтын жұмысы: жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау. Т.Ә.Ботағариев – педагогика факультетінің деканы

  3. Экономика және басқару институтындағы кафедра филиалдары жұмысының нәтижесі мен қазіргі жағдайы туралы. Г.И.Нестеренконститут директоры

  4. Ағымдағы мәселелер.



ЖОО алдын-ала дайындау және қабылдау бөлімінің 2008-2009 оқу жылы атқарған жұмысының қорытындысы және даму жолдары
2009 оқу жылынан бастап университет құрылымының өзгерілуіне байланысты ЖОО алдын-ала дайындау және қабылдау бөлімі инновациялық және әдістемелік жұмыс департаментіне және оқу ісі жөніндегі проректорына тікелей бағынады.

ЖОО алдын-ала дайындау және қабылдау бөлімі 2008-2009жж жылдық жоспарға сәйкес 5 бағытта жұмыстар атқарды:

1. Кафедра филиалдарының жұмыстары

1.1. Білім беру мекемелеріндегі кафедра филиалдарының жұмыстары

1.2. Кәсіпорындардағы кафедрала филиалдарының жұмыстары

2. Кәсіби-бағдар беру жұмысы

3. ҰБТ-ға дайындық курстарын ұйымдастыру және өткізу

4. Аудан және қала мектептерінің 9-сынып оқушыларын мамандыққа бағыттауға дайындау

5. Университеттің қабылдау компаниясын ұйымдастыру және өткізу.
1.Кафедра филиалдарының жұмыстары

1.1 . Білім беру мекемелеріндегі кафедра филиалдарының жұмыстары

2008-2009 оқу жылы 44 қалалық және 12 ауданның 98 ауылдық мектептері, 7 орта-арнаулы оқу орындары (колледждер, саз мектептері) қамтылды.

Кафедра филиалдарымен жұмыс келесі бағыттарда атқарылды:

А) оқушылармен жұмыс (университет ПОҚ оқушыларға ҰБТ-ға дайындалуға көмек көрсетсе, оқушылардың ғылыми жобалары мен қалалық және облыстық пән олимпиадаларына дайындауда әдістемелік көмек көрсетті)

Б) мұғалімдермен жұмыс (инновациялық технологияларды пайдалана отырып сабақтар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, шеберлік-сыныптар өткізуге көмек көрсетті. Бұл жерде келесі кафедраларды атап өтуге болады: физика және математика, химия және ботаника, жалпы педагогика мен бастауыш оқыту әдістемесі, жалпы тіл білімі, орыс филологиясы және аударма, жалпы тарих, заң пәндері, театрлық-хореографиялық өнер және кітапханатану).

В) кәсіби-бағдар беру жұмысы ( түлектер арасында сауалнама жүргізілді; жарнамалық ақпараттар үлестіріліп, университет туралы бейнеролик көрсетілді).
Сонымен бірге кафедра филиалдарының жұмысында кемшіліктер кездеседі:

Кафедралар қала мектептерінде тек қана кәсіби - бағдар беру жұмысымен шектелген. Себебі кафедралардың кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты оқытушылар филиал жұмысының негізі ережелерін білмейді. Кейбір кафедралардың (мысалы, биология, экология және оқыту теориясы, дене тәрбиесі кафедралары) 2009-2010жж. арналған кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарларының бірінші тапсырған нұсқаларында сауалнама жүргізу, түлектермен кездесу, экскурсия ұйымдастыру, іссапарға шығу іс шараларынан басқа жұмыстар көрсетілмеген. Сол себепті, мектеппен ғылыми-әдістемелік ынтымақтастық жұмыстарын жүргізу мақсатында кафедраларға ұсынатынымыз бекітілген жаңа жылдық жоспарға сәйкес кафедра филиалы ережелерімен танысу және жаңадан бекітілген мектептермен келісімшартқа отырып, кафедра филиалдарымен тығыз байланыста жұмыстану.


1.2 Кәсіпорындардағы кафедра филиалдарының жұмыстары

2008-2009 оқу жылында педагогикалық емес кафедраларға бөлім ұсынған кәсіпорындар тізімі бойынша кәсіпорындарда кафедра филиалдарын ашып, бірге атқарылатын жұмыстар жоспарын құру ұсынылды. Өкінішке орай, бірге атқарылатын жұмыстардың жоспарын құрып бекіткен тек қана информатика (ақпанда) және жалпы тіл білімі, орыс филологиясы және аударма (наурызда) кафедралары. Басқа педагогикалық емес кафедралардың кәсіпорындармен келісімшартқа отырмауы – екінші жақтың шартпен келіспеуі деп анықталып отыр. Кәсіпорындардағы кафедра филиалдарының ашылуының мақсаты – педагогикалық емес мамандықтар студенттеріне сараман базасын кеңейту, дипломдық зерттеулер дайындығына көмек көрсету, жас түлектердің жұмысқа бейімделуіне, болашақта түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуге жағдай туғызу болып табылғандықтан кәсіпорындағы филиал жұмыстарын сараманды ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру бөлімі атқарғаны дұрыс деп есептейміз.


2. Кәсіби-бағдар беру жұмысы

2008-2009 оқу жылында ЖОО алдын-ала дайындау, қабылдау және жұмыспен қамтамасыз ету бөлімі келесі жұмыстарды ұйымдастырып өткізді:

А) Бөлім қала мектептерінің түлектерімен және ата-аналарымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында университет құрылымы мен тарихынан ақпарат беріліп, сұрақтарына жауап берді.

Б) Профессор-оқытушылық құрам және бөлім сарапшылары құрамындағы жұмыс тобы мамыр айында Казталов ауданы, маусым айында Жаңақала және Жәнібек аудандарында кәсіби-бағдар беру жұмыстарымен өткізіп келді.

В) Бөлім университет базасында қала мектептерінің оқушыларына ҰБТ-ны тапсыруға дайындық курстарын, ал көктемгі демалыс кезінде математика, Қазақстан тарихы, физика пәндерінен ауыл мектеп оқушыларына арналған дайындық курстарды ұйымдастырды.

Г) Бөлім ауыл мектептерінде 9,11-сынып оқушыларына арнап «Ашық есік күні» шарасын ұймыдастырды.

Е) Сондай-ақ қалалық мектептердің 10-11-сынып оқушылары қатысқан дене тәрбиесінен олимпиада өткізілді.

Кафедраларға ұсынысымыз:

1. Мектептегі филиалдарға жүйелі түрде барып, филиалдардың серіктестігінің жаңа түрлерін анықтау.

2. Ауыл мектептеріндегі филиалдың мұғалімдері және оқушыларымен электрондық пошта мен интернет арқылы қашықтан сөйлесудің мүмкіндіктерін қарастыру және әрдайым байланыста болу.



3. ҰБТ-ға дайындық курстарын ұйымдастыру және өткізу

Дайындық курстары келесі пәндер бойынша жүргізілді: Қазақстан тарихы, математика, физика. 2008-2009 оқу жылында курстарға барлығы 170 тыңдаушы қатысты. Қазіргі таңда орыс сыныптарында оқитын оқушыларға математика пәнінен курс ұйымдастырылды.



4. ЖОО-ға қабылдау компаниясын ұйымдастыру және өткізу.

Университеттің қабылдау комиссиясы өз жұмысын 2008 жылдың қараша айынан бастады. Желтоқсанның 20-да қабылдау комиссиясы жұмысының жоспары және 34 адамнан құралған техникалық хатшылардың тізімі ректормен бекітілді.

Университеттің қабылдау комиссиясының міндеті талапкерлерді мамандыққа байланысты ақпаратпен қамтамасыз ету, жаңа ережелерді түсіндіру, сонымен қатар мамандарды даярлауда жоғары оқу орнының артықшылығын көрсету деп анықталды.

Жыл бойы техникалық хатшыларды оқыту мақсатымен ақпан айынан бастап, талапкерлердің өтініш бланкілерін толтыруды үйретуге, ЖОО-ға қабылдау тәртібінің өзгерістерін, мамандықтар туралы түсіндіруге ай сайын техникалық хатшылар жиналып отырылды.

2009 жылы университетке 1201 студент оқуға қабылданды: мемлекеттік тапсырыс бойынша - 254-күндізгі бөліміне, 35-сырттай;

өз қаржысына - күндізгі бөлімге-413, сырттай оқуға-499 студент .

Сол себептен, бөлімнің осы уақытқа дейін атқарып келе жатқан бағыттарына өзгерістер енгізу қажет. Қолданылған әдістеме бойынша университетке түсетін контингент туралы ақпарат жинаудың өзі қажетті деңгейді талап етеді.

Мектептердің кафедраларға бөлінуі нақты нәтиже берген жоқ., себебі кафедра бұл жұмысты оқытушыларға жүктеп қойып және үгіт-насихат жұмыстарын соңына дейін жеткізбей отыр. Сол себептен кафедра меңгерушілеріне кәсіби-бағдар беру және кафедра филиалдарының жұмысына көбірек көңіл бөлгені жөн.

Соңғы жылдары кафедралар оқуға келетін талапкерлердің санына көңіл аударса, ендігі кезекте кафедралар өз филиалдарымен жұмысын шектемей, нақты біздің университетімізге түсетін талапкерлермен, ата-аналар және мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыстану қажет. Сол себептен факультеттерге облыстың 12 аудандық білім беру бөлімдерінен 2010 жылғы мектеп түлектері туралы, болашақ студенттердің контингенті туралы толық ақпарат жинау ұсынылды. Қала мектеп оқушыларының қандай мамандықты таңдап отырғаны жөнінде ақпаратты М.Өтемісов атындағы БҚМУ негізінде өткізілетін ҰБТ-ға дайындық кезінде сауалнама беру арқылы анықтауға болады. 2009 жылдың 13 қазанында өткен ҰБТ-ға дайындық кезінде Зеленов ауданынан қатысқан оқушыларға анкета таратылып, осы аудан бойынша біздің университетімізге келетін студенттер контингенті анықталуда.

Кафедраның және университеттің әрбір оқытушысының жаңа қабылдауға деген көзқарасын өзгерту қажет. Кафедра оқытушылары тек бекітілген жоспар бойынша кәсіби-бағдар беру жұмысын орындап қоймай, өздерінің шығармашылық идеяларын танытқаны дұрыс. Соңғы 5 жылда мамандық таңдаудағы көрсеткішке көз жүгіртсек кафедралардың филиалдарындағы жұмыстарының нәтижесінің төменгі деңгейде екенін байқаймыз. Кесте № 1

Кафедра филиалдары бекітілген мектептерге барып үгіт-насихат жүргізген уақытта тек қана өз мамандықтарына ғана көңіл бөлімей, университеттің басқа да мамандықтарына көңіл бөлуі қажет.

ЖОО-ға алдын-ала дайындау және қабылдау бөлімі жоғарыда аталған негізгі бағыттармен жұмысын жалғастыра отыра, сонымен бірге келесі бағыттарды да ескеруді жөн көрді:

1. 2010 жылы БҚОмектеп түлектері туралы толық ақпарат жинау

2. Кәсіби-бағдар беру жұмысын облыстық және аудандық білім беру бөлімдерінің жоспарларымен сәйкестендіру

3. Тек қана облыс көлемінде ғана емес , көрші облыстар мен аймақтардағы түлектерді қамту (диаспора мен ынтымақтастық)

4.Нақты біздің университетімізді таңдаған түлектермен пән бойынша жұмыстану.

5. Түлектермен жұмыс істеп сонымен бірге ата-аналармен бірлескен жұмысты бастау. Бұл бағытта қала мектептерінде өтетін 11-сынып оқушыларының барлық ата-аналар жиналысына қатысып, кәсіби-бағдар жұмысын жүйелі түрде орындау керек.

6. Аудан әкімшілігі, инвесторлар және әлеуметтік қорлар тарапынан мүмкіндігімізше қосымша грант тағайындауға жұмыстану.

7.Үгіт-насихат жұмысының сапалық жағын қарастыру. Ол үшін облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде университетіміз туралы, өтіп жатқан шараларды үзбей көрсетуіміз қажет.

8. Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда барлық әдістер мен шаралар бірінші кезекте табысты нәтижеге бағытталуы тиіс.


ЖОО алдын-ала дайындау және

қабылдау бөлімінің жетекшісі: Г.Б. Кенжина




Педагогикалық факультет мамандықтары бойынша студенттердің өзіндік жұмысын: жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау

туралы ақпарат
Педагогикалық факультетте оқу үрдісі 4 мамандық бойынша жүзеге асырылады:

  1. 050103 «Педагогика және психология»

  2. 050102 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

  3. 050108 «Дене шынықтыру және спорт»

  4. 050104 «Бастапқы әскери дайындық».

Студенттердің өзіндік жұмысы: жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау мәселесі бойынша деканат тарапынан төмендегідей жұмыстар атқарылды.

2008-2009 оқу жылында педагогикалық институт кеңесінде бұл мәселе қарастырылып, кафедра меңгерушілеріне келесі сұрақтар бойынша мәліметтер ұсынылды:

1. Оқытудың кредиттік жүйесі жағдайында студенттердің өз бетімен жасайтын жұмыстарының өзектілігі.

2. «Студенттің өзіндік жұмысы», «Студенттің оқу барысындағы өзіндік танымдығы» туралы түсінік.

3. Студенттердің өзіндік жұмысының жоспарлануы.

4. Студенттердің өзіндік жұмысының ұйымдастырылуы және мазмұны.

5. Студенттердің өзіндік жұмысына бақылау.

Осыған орай педагогикалық факультет кафедраларына төмендегідей әдебиеттер ұсынылады:



  1. Ерастов Н.П. Методика самостоятельной работы: (Учеб.-методич. пособие) – М.: Мысль. 1985. 79.

  2. Наумченко И.Л. Самостоятельный учебный труд студентов – Саратов: Изд-во Сарат.ун-та, 1983. 148.

  3. Абылкасымова А. Познавательная самостоятельность в учебной деятельности студента: Учебное пособие – Алматы, «Санат». 1998. 160.

  4. Швайковский А.С., Маджуга А.Г. Самостоятельная работа как способ актуализации ресурсного потенциала личности студентов гуманитарных специальностей в условиях кредитной системы обучения // Білім – образование - №5 (29) Алматы, 2006. 94-96.

  5. Калдыкова С.Е. Роль самостоятельной работы в современном образовании // Білім – образование - №3 (27) Алматы, 2006. 96-98.

  6. Салимбаев О.С., Саматова К.Б. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен басқаруды дамыту жолдары // Білім – образование - №3 (27) – Алматы, 2006. 34-37.

  7. Основы кредитной системы обучения в Казахстане /Под общ.ред. Ж.А.Кулекеева, Г.Н.Гамарника, Б.С.Абдрасилова. Алматы: Қазақ университеті. 2004. 40-47, 74-113.

  8. Петров А.В., Петрова В.В., Цулая Л.В. Самостоятельная познавательная деятельность в системе развивающего обучения //Наука, культура, образование. - №8/9. 2001. 150-154.

  9. Сулейменов Х.С. Научные основы организации самостоятельной работы студентов вузов. – Алматы: РИК Казахской академии образования им. Ы.Алтынсарина. – 90.

Бірінші курс студенттеріне «Мен өз бетіммен қалай жұмыс жасауым керек» атты тақырыпқа оқыту семинары ұйымдастырылды. Бұл семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Мен өзіндік жұмыс туралы нені білуім керек?

  2. Дәріс сабағында өз бетіммен қалай жұмыс жасаймын?

  3. Семинар сабағында өз бетіммен қалай жұмыс жасаймын.

  4. Практикалық, зертханалық сабақтарда өз бетіммен қалай жұмыс жасаймын?

  5. Материалдарды кітапханадан қалай табамын?

  6. Оқытушы тапсырмасы бойынша дайындалу үшін кітап, журналдармен қалай жұмыс жасаймын?

Бұл семинар материалдарының электрондық нұсқасы университеттің электрондық залында бар.

Студенттердің өзіндік жұмысы бойынша кафедралар төмендегідей іс-шаралар орындауы тиіс:



  • Студенттердің әрбір пән бойынша өзіндік жұмысын жоспарлауы.

  • Сабақтан тыс өзіндік жұмысқа студенттің оқу материалдары мен қосымша әдебиеттерді пайдалануын жоспарлауы.

  • Студент жұмысының барысын бақылау.

  • Кеңес берулерді, семинарларды, сұхбаттарды жоспарлау.

Жоғарыда аталған мәселелерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кафедрада бұл мәселе бойынша келесі жұмыстар атқарылып жатыр:

«Дене шынықтыруды оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы бойынша студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру

«Студенттердің өз бетімен білімін жетілдіру жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізілді.

Студенттердің өздік жұмыстары (СӨЖ) аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардың талаптарына сай өткізіледі. Ол студенттердің ағымдағы, аралық, қорытынды бақылау жүйесіндегі жұмыстарын жетілдіріп, компьютерлік тестілеуді енгізуді қарастырады.

Курстық, дипломдық жұмыстарды жобалауда және оқыту барысында түрлі әдістерді (оқу бейне материалдары мен бейне бағдарламалар) қолдануда студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістерін жетілдіру маңызды орын алады.

Кафедрада «Студенттің өздік жұмысы» бөлімі бойынша келесі жұмыс түрлері жоспарланған:

- пәндер бойынша кітап қорын жабдықтау;

- кеңес беруді ұйымдастыру;

- студенттердің білімін бақылау барысында мәтін құрастыру;

- студенттерді кафедра талаптарымен таныстыру;

- пәндер бойынша СӨЖ кестесін құру;

- білімді бағалау критерийлерін жасау;

- оқу құралдарын және т.б. құрастыру.

Студенттердің өздік жұмыстарын бақылаудың төмендегідей түрлері қолданылып жүр:

- Топтық жаттығуларды орындау барысында оқытушы өздік жұмыс деңгейін бағалайды;

- Өтіліп жатырған тақырыпты қаншалықты түсінгендіктерін, оның мазмұнын баяндап беру деңгейлерін тексереді.

- Лабораториялық жұмыстарды жүргізуде СӨЖ-дің қаншалықты өз бетімен орындалуын бақылайды.

Студенттің өздік жұмысын бақылауды жүзеге асыруда төмендегідей әдістер қолданылады:

- дәрісте – экспресс–сұрақ-жауап (сұрақтар дайындалады);

- практикалық сабақтарда (сабақтың тақырыбы бойынша қысқаша пысықтау жұмысы; дәптерді тексеру).

Бекітілген оқу-жұмыс жоспарына сәйкес, сабақ кестесі бойынша СӨЖ 1-4 курс студенттерімен өткізіледі.

Оқытушылардың жетекшілігімен студенттердің өздік жұмыстары өткен тақырыптар бойынша есеп беру, рефераттар орындау, тестілеу, қысқаша баяндамалар (құрастыру), эвристикалық сұхбат, іскери ойындар, снаряд арқылы әр түрлі элементтерді орындауды жетілдіру, түрлі гимнастикалық элементтерді ұштастыру, байланыстыру жұмыстары, кестелер құрастыру, анатомия, биомеханика), практикалық жұмыстарды орындау және безендіру, спорттық пәндер бойынша қозғалыс жаттығуларын орындау түрінде өткізіледі.

Дегенмен, «Дене шынықтыруды оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ПОӘК-не жүргізілген талдау СӨЖ-ді орындау бойынша әдістемелік нұсқаулардың әлі де болса тиісті дәрежеде толық ашып жазылмайтындығын көрсетеді. Дәлірек айтсақ, мысалы, «Биомеханика» пәні (4 курс) бойынша ПОӘК-дегі кейбір СӨЖ-да (4 апта) былай деп жазылады: Орындалған практикалық жұмыстарға жазбаша есептер құрастыру. Бұл сөйлем қандай тақырып болмасын СӨЖ-ның мазмұны қандай болуы керектігін нақты толық ашып көрсетпейді. Сұрақтың құрамды бөліктерін зерттеудің нақты жолы, бағыттары көрсетілмеген. Сонымен қатар СОӨЖ-дің мазмұны да толық ашылмаған. Мысалы: СОӨЖ: «Биомеханиканың даму тарихы» деп жазылады. Бұл сұрақтың қандай формада орындалуы тиіс екендігі көрсетілмеген.


«Педагогика және психология» кафедрасында студенттің оқытушымен орындалатын өзіндік жұмысын (СООӨЖ) ұйымдастыру

Кәсіби білім берудің дамуының негізгі бағыттарына талдау жасай отырып, студент СОӨЖ-де «объект» болып қабылданады, яғни, білім алушының өзіндік позициясын дамытуға жағдай жасалмайды деген қорытындыға келіп отырмыз. Соның ішінде әсіресе өзіндік жұмыс түрінде (СӨЖ). Бұл кәсіби өзін-өзі анықтау үрдісін қиындатады, абстрактылы, теориялық форма моделінен маманның кәсіби қызметіне, нақты мәселе мен қарама-қайшылықтарға ауысуын қиындатады.

Осыған байланысты қазіргі жоғары кәсіби білім беру жүйесінің оқыту әдістемесінің алдына мынадай міндеттер қойылады:

- оқытушының білім берушілік қызметінен студенттің танымдық қызметіне басымдық беру. Мұнда оның оқуға, (танымдық қызметте өзін белсенді көрсету) үйренуге деген қажеттілігі басым болуы, яғни студент субъектіге айналуы тиіс.

- «Оқытушы – студент», «студент-студент» жүйесінде тұлға аралық өзара әсерлесу мен қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне ауысу. Диалог, өзара түсіністік, ашықтық және сенім жағдайлары білім алушының тұлғасын «ашады». Оны танымдық белсенділікке ынталандырады және тұлғалық қасиеттері мен қырларының толық көрінуіне көмектеседі.

- Мұндай оқу іс-әрекетінің формасын жасаудағы психологиялық-педагогикалық жағдайлар болашақ мамандардың кәсіби білім, іскерлік дағды, жалпы және кәсіби қабілеттерінің, тұлғалық, әлеуметтік сапаларының, шығармашылық іс-әрекетінің тәжірибесін жинақталуына көмектеседі.

Қойылған міндеттерді шешудің ерекше өзектілігі студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру туралы сөз қозғағанда шығады. Мұнда интерактивті оқыту әдістерін қолданудың маңызы айрықша.

Интерактивті оқыту әдістерінің ерекшелігі студенттердің практикалық және ой әрекетін қоздыруда, шығармашылық ойлауын, танымдық қызығушылығы мен қабілетін дамыту, өзіндік ақыл-ой еңбегінің біліктіліктері мен дағдысын қалыптастыруда.

Студенттердің өзіндік жұмыстарын интерактивтік оқыту әдістерін қолдана отырып жүргізуде білім алушы оқу мәтініне сын көзбен қарап, оған өзіндік талдау жасайды, өз пікірін қорғауға үйренеді.

СОӨЖ және СӨЖ ұйымдастыруда ерекше рөлді оқытушы атқарады. СОӨЖ-де оқытушы әр студенттің белсенді қатысуын қамтитын даярлық жұмысын ұйымдастыруы қажет. Ол мәселені, жеке мәселе бөлшектерін анықтайды. Онда баяндаушы мен сөйлеушілерге негізгі және қосымша әдебиетті іріктейді, ұжымдық жұмыста студенттердің қызметтерін бөледі, барлық жұмысқа басшылық жасайды. Жүргізілген СОӨЖ-дің нәтижесін шығарады және бағалайды.

СОӨЖ-де қажетті білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Солардың ішінен «Жазу және оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға» арналған стратегияларды: «Инсерт», «Білемін. Білгім келеді. Үйрендім», «РАФТ», «ЭССЕ», «Сұраулы сөйлем», «Блум түймедағы», «Венн диаграмасы» т.б. атап өтуге болады.

«Педагогика және психология» кафедрасы бойынша жоғарыда көрсетілген «Дене шынықтыруды оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасындағы ПОӘК-дегідей СОӨЖ, СӨЖ-ін ұйымдастыру бойынша кемшіліктер бар. Мысалы, №24 СӨЖ мазмұнында (Пән: «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру». 2 курс.) мынадай сұрақтар көрсетіледі: 1. Ғылыми зерттеу сферасы. 2. Жүргізу мақсаты бойынша зерттеу. Өткізу әдісі: семинар сұрағы бойынша ауызша сұрау. Мұнда да сұрақ бойынша жұмыс жасау формасы, студент қалай дайындалуы керектігі көрсетілмеген. Осыларға орай ПОӘК-ін талқылау жұмыстары жүргізілуі керек.

Педагогикалық факультет

деканы Т.Ә.Ботагариев



«Экономика және басқару» институтының кафедра бөлімдерінің жұмысы туралы ақпарат

Экономика және басқару институтында кафедра бөлімдерінің жұмысы туралы ережеге сай кафедраларды бекіту жұмыстары жүргізілді


М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың Экономика және басқару институтының кафедралары




Кафедра

Кафедра бөлімдері

1

Экономикалық теория және бизнес

Орал қаласы №21 ЖОББМ

2

Менеджмент және кәсіпкерлік

№30,№4,№28 ЖОББМ Пуга-чев орта мектебі,

3

Есеп және қаржы

Бөрлі ауданы, Қызылтал орта мектебі, Ақсай қаласы №4, №5 мектебі, Орал қаласы №26,39 мектептер

Бұл бөлімдердің жұмыстары бекітілген жұмыс жоспары негізінде құрылған және ең бастысы терең білім меңгерген, белгілі бір дағдыға икемделген білімді шәкірттер дайындауға, әлеуметтік серіктестікті дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар 2008 ж. қараша айында есеп және қаржы кафедрасы «Атамекен» жинақтаушы зейнетақы қорынан өз бөлімін ашты. Кафедра филиалының базасы негізінде есеп және аудит, қаржы мамандығының 3-4 курс студенттері өндірістік сараманнан өтеді және дипломдық жұмыстарын орындайды. Атап айтқанда, 2008-2009 оқу жылында зейнетақы қорында қаржы және есеп және аудит мамандығы бойынша 3-4 курстың 12 студенті өндірістік сараманнан өтті. «Атамекен» жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметтері негізінде кафедра мамандықтарының 5 студенті диплом жұмысын қорғады.

Бұл зейнетақы қорының мәліметтері «Ақша, несие, банк», «Қаржы менеджменті» пәндері бойынша курстық жұмыстар жазуда, сонымен қатар студенттердің «Қаржыгер» үйірмесінде ғылыми баяндамалар дайындауға қолданылады. Зейнетақы қорының директоры В.И. Тарасенко қаржы мамандығының 2 курс студенттеріне «ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесін іске асыру мәселелері және қазіргі жағдайы» тақырыбында дәріс оқыды. «Атамекен» жинақтаушы зейнетақы қорымен байланыс жұмыстарын тереңдете жүргізу өз жалғасын табады.

Қала және облыс мектептері мен жоспарланған іс-шаралар, 11- сынып оқушыларымен, болашақ талапкерлердің ата-аналарымен кездесулер кафедраның бекітілген жоспары бойынша жүзеге асырылуда. Мектеп директорлары мен оқу ісі, тәрбие ісі меңгерушілерінің көмегімен мектеп бітірушілермен олардың ата-аналарымен кездесулер өткізілді.

Мысалы, №39 мектептің ата-аналар жиналысында есеп және қаржы кафедрасының оқытушылары Е.А. Скок және Л.А. Другакова, оқушылар мен ата-аналарға университет тарихы және осы оқу орнындағы мамандықтар жөнінде ақпарат берді. Орал қаласының №26 мектебінде осы кафедра оқытушылары мектеп әкімшілігі және мектеп бітірушілерімен бірігіп жұмыс жасады.

Оқытушылар ЖОО-ға түсу туралы ақпараттар құжат қабылдау мерзімі, олардың тізімі туралы жалпы мәлімет берді.

Оқытушылар М.Өтемісов атындағы БҚМУ мамандықтары мен сонымен қатар кешенді тестілеу туралы түсінік берді. Барлық мектептерде сауалнамалар жүргізілді. Сауалнама нәтижесі мектеп бітіруші түлектердің 70% Пединститут және Экономика және басқару институтының мамандықтарын таңдайтынын көрсетті.

Оқытушылар Г.Г. Даулеталиева, А. Бекенова, Т.Ф. Череватовалар №4 , 28 мектептердің математика пәнінің мұғалімі Сычева, Нургалиевалармен жүйелі жұмыс атқаруда, яғни математика және информатика апталықтарын өткізуге, өзара сабаққа қатысу, мектеп олимпиадаларына дайындауда өз үлестерін қосуда.

2009ж. қыркүйек айында бекітілген мектеп директорларымен оқу және ғылыми әдістемелік талапкерлерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізу мақсатында келісімшарттар жасалды.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың экономика және басқару институтының экономикалық теория және бизнес кафедрасы бұйрығы бойынша Орал қаласындағы №21 мектеппен жұмыс жалғасын табуда.

№21 ЖОББМ 05.09.2009ж. берген мәліметі бойынша биылғы жылда мектеп бітіруші 258 адам есепке алынған.

Кесте № 2.

Жалпы оқушылардың саны


№21 ЖОБМ

11 «А» сынып

27 оқушы

9«А» сынып

25 оқушы

11 «Б» сынып

27 оқушы

9«Б» сынып

28 оқушы

11 «В» сынып

22 оқушы

9«В» сынып

21 оқушы

11 «Г» сынып

26 оқушы

9«Г» сынып

31 оқушы

9«Д» сынып

26 оқушы

9«Е» сынып

25 оқушы

Барлығы

102

Барлығы

156

№2 кестеде көрсетілгендей жалпы 11- сынып негізін 102 оқушы (өткен жылы 122) құрайды, өткен жылмен салыстырғанда 20 оқушыға аз және 9- сыныпта 156 оқушы.

Кафедра бөлімдерінің жұмысын арттыру және болашақ мамандарды дайындау мақсатында:


  1. Кафедра бөлімдері жұмыстарына студенттердің белсенді түрде араластырылуы

  2. Университеттің СҒЗЖ-на мектеп оқушыларын тарту

  3. Бекітілген мектептерде ғылыми зерттеу жұмыстарын бірігіп өткізу

  4. Кафедра меңгерушісі мен оқытушылар үнемі мектептердің ата-аналар жиналысына қатысып отыруы қажет.

Экономика және басқару

институтының директоры, э.ғ.к. Г.И. Нестеренко

Информация о работе филиалов кафедр института

«Экономики и управления»

В соответствии с положением о работе филиала кафедр в институте экономики и управления продолжена работа в закреплении филиалах кафедр


Таблица № 1.
Филиалы кафедр института

экономики и управления ЗКГУ им. М. Утемисова




Кафедра

Филиалы кафедры

1.

Экономическая теория и бизнес

Средняя школа № 21 г. Уральска, Бурлинская ср.школа.

2

Менеджмент и предпринимательство

Средняя школа № 30, № 4, № 28 г. Уральска, ср.школа п.Пугачев Бурлинского района

3

Учета и финансы

Кызылталская средняя школа Бурлинского района, г.Аксай- школы № 4,5, Уральск - школы № 26,39

Работа в данных филиалах строится на основе утверждения планов работы и направлена прежде всего на теоретическую и практическую подготовку выпускников обладающих глубокими знаниями и определенными навыками, развития социального партнерства.

Так в ноябре 2008 года кафедра «Учет и финансы» открыла филиал в накопительном пенсионном фонде «Атамекен». На базе филиала кафедры проходят практику студенты 3 и 4 курсов специальности «Учет и аудит» и «Финансы», выполняют дипломные работы. В частности, в 2008 – 2009 учебном году в пенсионном фонде прошли практику 12 студентов 3 и 4 курсов специальности «Финансы» и «Учет и аудит». С использованием данных пенсионного фонда «Атамекен» 5 студентов выпускного курса по специальностям кафедры выполнили дипломные работы. Данные пенсионного фонда используются при выполнении курсовых работ по дисциплинам «Деньги, кредит, банки», «Финансовый менеджмент», при подготовке научных докладов студентов кружка «Каржыгер». Работники пенсионного фонда являются рецензентами научных и выпускных работ студентов. Директор пенсионного фонда В.И. Тарасенко выступил с лекцией перед студентами 2 курса специальности «Финансы» по теме «Состояние и проблемы совершенствования накопительной пенсионной системы РК». Работа по углублению взаимосвязи с НПФ «Атамекен» будет продолжена.

Все запланированные мероприятия в средние школы города и области, встречи с выпускниками 11 классов, собрания с участием родителей будущих абитуриентов – проводились согласно утвержденного плана-графика кафедр.

При непосредственной помощи директоров школ и завучей были проведены встречи с учениками выпускных классов и их родителями. Например, на родительском собрании в школе № 39 присутствовали преподаватели кафедры «Учет и финансы» Скок Е.А. и Другакова Л.А., они ознакомили учеников и их родителей с историей университета и представили информацию по специальностям ВУЗа. В школе № 26 г. Уральска преподаватели этой же кафедры работали с администрацией и будущими выпускниками этой школы. Были разъяснены условия поступления в ВУЗ, сроки приема документов, их перечень. Преподаватели провели презентацию специальностей ЗКГУ им М. Утемисова. Учащиеся выпускных классов были ознакомлены с особенностями правил приема в ВУЗы РК, правилами и требованиями комплексного тестирования. Во всех школах проведено анкетирование учеников выпускных классов. По результатам анкет около 70 % выпускников выбирают специальности педагогического института и института экономики и управления.

Преподаватели Даулеталиева Г.Г., Бекенова А.С., Череватова Т.Ф . систематически проводят совместную работу с учителями математики СОШ № 4, 28 Сычевой Г.В., Нургазиевой З.Х, которая заключается в проведении Недели математики и информатики, посещении уроков данных учителей, в подготовке к школьным олимпиадам.

В сентябре 2009года были перезаключены договора с директорами закрепленных школ и руководством Вуза с целью сотрудничества в сфере образования по проведению учебно и научно-методической работы и проведению профориентационной работы с целью привлечения абитуриентов.

В соответствии с приказом по Западно-Казахстанскому государственному университету имени М. Утемисова кафедрой «Экономическая теория и бизнес» была продолжена работа в филиале кафедры школы №21 г. Уральска.

По данным на 05.09.2009г. в СОШ № 21, насчитывается общее количество учеников выпускных классов 258 человек.
Таблица № 2.

Общее количество школьников, среди выпускных классов



СОШ №21

11 «А» класс

27 ученика

9«А» класс

25 ученика

11 «Б» класс

27 ученика

9«Б» класс

28 ученика

11 «В» класс

22 ученика

9«В» класс

21 ученика

11 «Г» класс

26 ученика

9«Г» класс

31 ученика

9«Д» класс

26 ученика

9«Е» класс

25 ученика

Всего

102

Всего

156

Как видно из данных таблицы №2, общее количество выпускников 11-х классов составляет - 102 ученика, ( в прошлом году 122уч.) что меньше на 20 чел, и в 9-х. классах -156 учеников.


С целью улучшения работы филиалов кафедр и повышение качества подготовки будущих специалистов необходимо:

1. Активнее привлекать для работы в филиалах кафедр студенческий актив института.

2. Привлечение учащихся школ в НИРС университета.

3. Проведение совместных научно- исследовательских работ и мастер - классов в закрепленных школах.

4. Заведующим и преподавателям кафедр постоянно принимать участие на родительских собраниях в школах.

Директор института



экономики и управления, к.э.н. Г.И. Нестеренко
жүктеу 225,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау