шифр Курс |
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәріс, сағат
|
Практиқалық сабақ, сағат
|
ОБСӨЖ, сағат
|
СӨЖ, сағат
|
Барлығы, сағат
|
Бақылау түрі
|
AGZN 122
|
2
|
2
|
3
|
30
|
15
|
15
|
75
|
135
|
Емтихан
|
4. ПӘННІҢ ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ: Агрометеорология, топырақтану
ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: Егіншілік, Өсімдік шаруашылығы
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР:
ауылшаруашылық мәдениеті өндеудің технологиялық картасын құрастыра алып соның негізінде дала жұмыстарын ұйымдастыру;
дала мәдениеті, өндіріске өткізілетін сапалардың биологиялық ерекшеліктері туралы білімін көрсету;
орындалған жұмысқа дағдылану және сапасын бағалау (топырақты өндеу, себу, егістікті күту, жинау және т.б. )
ауылшаруашылық мәдениетінің себу апробациясын өткізе алу;
нарық жағдайындағы шаруашылықтың болашақ дамуын бағалай алу;
егістік алқап есебін және тұқым өнімділігінің моделін құрастыра алу;
ауылшаруашылық машиналарын, селекциалық құралдарын қадағалау, ауылшаруашылық мәдениетінің тұқым, тыңайтқыштардың, пестицидтердің себу нормасын қою.
шаруашылықтың бизнес-жоспарын құру дағдысы болу;
жоғары сапалы тұқымды алу технологиясынан білімін көрсету;
тұқымның себу алқабының есебі және өнімділік көлемінің моделін құрастыра алу;
ауылшаруашылық мәдениеті тұқымдарын сақтаудың және өндеудің негізгі технологияларын қолдана алу.
5.ПӘНДІ СИПАТТАУ
Агрономиядағы зертеулердің әдістерін оқыту, егістік тәжірибелер сұраныстарын анықтау, тәжірибелердің құрылыстарын көрсету алынған мәліметтерді математикалық өңдеулерден өткізу. Бақылау әдістемелері, сараптауды есептеулерді анықтау.
5.1 Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері пәнінің мақсаты – студенттерді егіс тәжірибені жүргізу әдісімен таныстыру, ғылыми жұмыс жасаудағы есептерді үйрету
Агрономиядағы ғылыми зерттеу негізінің теориялық негізі және алынған нәтижелердістатаистиқалқ өндеу.
5.2. Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері пәнінің міндеттері – экономикалық жағынан тиімді өсірілетін өсімдіктердің дұрыс әдісін таңдай білу
5.3 Студент білу керек – алынған өнімділікті статистикалық өңдеу, дисперсиялық анализді есептей білу, корреляция түсінігі
6. САБАҚ ЖОСПАРЫ
6.1 Аудиторлық сабақтардың оқу-тақырыптық жоспары
Бөлім №
|
Мазмұны
(тақырып және сұрақтар)
| Сағат көлемі |
Оқу және әдістемелік әдебиеттерге шолу
|
Дәріс,
сағат
|
Тәжірибелік жұмыс, сағат
|
1
|
2
|
3
|
4
|
7
|
1.
|
Кіріспе. Негізгі түсініктер. Егіс тәжірибесі, оның ерекшеліктері.
Ғылыми агрономия әдістері
1.Ғылыми зерттеу негіздері туралы түсінік
2.Аграрлық ғылымның басты бағыттары, ғылыми зерттеулердің жағдайы және дамыту болашағы. ауылшаруашылығы тәжірибесі ісінің даму тарихы
|
2
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
2.
|
Агрономиядағы зерттеу әдістері
1.Агрономия зерттеулеріндегі талдау, синтез және гипотеза
2.Агрономиялық тәжірибе туралы жалпы түсінік және негізгі зерттеу әдістері
|
2
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
3.
|
Танаптық тәжірибеге қойылатын негізгі талаптар және мақсаттары 1.Танаптық тәжірибелердің жіктелуі 2.Танаптық тәжірибелерге қойылатын талаптар
|
2
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
4.
|
Егіс экспериментін жоспарлау
1. Экспериментті жоспарлау
2.Танаптық тәжірибе бағдарламасын және сызба нұсқасын жасаудың негізгі ұстанымдары
|
2
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
5.
|
Танаптық тәжірибеге жер учаскесін таңдау, зерттеу және дайындау
1.Танаптық тәжірибеге жер учаскесін таңдау
2.Тәжірибе салынатын жер учаскесінің тарихы
|
2
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
6.
|
Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері
1 Тәжірибенің дәлдігін арттыру шаралары
2 Тәжірибеге мөлдектер аудандарының, пішіндерінің, бағыттарының және қайталымдардың әсері
|
2
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
7.
|
7. Танаптық тәжірибеде нұсқалар және қайталымдар бойынша мөлдектерді орналастыру
1 Тәжірибеде мөлдектерді орналастыруға қойылатын негізгі талаптар
2 Мөлдектерді стандартты және жүйелі әдістермен орналастыру
3 Мөлдектерді орналастырудың рендомизациялық әдісі
|
2
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
8.
|
Тәжірибені салу, жүргізу және өсімдіктердің өсіп-дамуына бақылаулар жүргізу техникасы
1 Толық құнды танаптық тәжірибе салудың негізгі жағдайлары
2 Танаптық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
|
2
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
9
|
Танаптық тәжірибелерде өнімді жинау мен есепке алу әдістемесі
1 Өнімді есепке алу үшін тәжірибені дайындау
2 Өнімді жинау және есептеу әдістемесі
|
2
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
10
|
Сортсынаудағы, жайылым мен шабындықтарда, тәжірибелерді жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері
1Сортсынау әдістемесінің ерекшеліктері
2 Табиғи мал азықтық жерлерде тәжірибелерді жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері
|
2
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
11
|
Танаптық тәжірибе бойынша құжаттар және есеп беру1.Танаптық тәжірибе бойынша құжаттар
2.Танаптық журналдағы кестелердің мысалдары
|
2
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
12
|
Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеудің негіздері
1.Статистикалық өңдеудің жалпы мағлұматы және міндеті
2. Дисперсиялық талдаудың негізі
|
2
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
13
|
Бірфакторлы тәжірибелердің өнімділік мәліметтеріне дисперсиялық талдау жүргізу әдістемесі
|
2
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
14
|
Екі және үш факторлы (көпфакторлы) танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау
|
2
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
15
|
Корреляция, регрессия және ковариация
1. Сызықты корреляция және регрессия
2. Қисық сызықты корреляция және регрессия
3. Ковариация
|
2
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
|
Барлығы сағат:
|
30
|
15
|
|
6.2. ОБСӨЖ оқу-тақырыптық жоспары
№
|
ӨБСӨЖ
|
ӨБСӨЖ сағат
|
Оқу және әдістемелік әдебиеттерге шолу
|
Басқа да әдебиеттер (электрондық, )
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Егіс тәжірибесі, оның негізгі түсініктері
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
-
|
2.
|
Егіс тәжірибесінде варианттардың орналасуы
|
2
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
-
|
3.
|
Егіс экспериментін жоспарлау.
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
-
|
4.
|
Тәжірибе учаскісінде орындалатын жұмыстар
|
2
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
-
|
5.
|
Дақылдардың биологиялық түсімі мен оның құрамын анықтау
|
2
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
-
|
6.
|
Егістік тәжірибелерді жүргізуде әдіс-тәсілдерді жетілдіру жолдары.
|
2
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
-
|
7.
|
Егістік тәжірибенің құжаттары мен есеп беруі
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
-
|
8.
|
Вегетациялық тәжірибе көрсеткіштеріне дисперсиялық анализ
|
2
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
-
|
9.
|
Топырақ эрозиясына ұшыраған алқаптарға егістік тәжірибелерді жүргізудің ерекшеліктері
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
-
|
10.
|
Егіншілік тәжірибе әдістерін сортсынау учаскесінде жүргізудің ерекшеліктері.
|
1
|
НӘ.: 1,2,3
ҚӘ.: 1,2
|
-
|
|
Барлығы:
|
15
|
|
|
6.2.1. ОБСӨЖ тақырыптары бойынша берілетін тапсырмалар: реферат жазу, ауызша мазмұндама, рейтингке дайындық, жазбаша конспектілеу
6.3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру картасы
№ р.с.
|
Оқулықтар
|
Қай тілде
|
Автор, шығарылған жылы
|
Экземпляр саны
|
Электрондық оқулықтар
|
кафедрада
|
кітапханада
|
1
|
Егіс тәжірибелерін жүргізудің методикасы
|
қаз
|
И.С. Сеитов Алматы: Қайнар, 1990, 216 бет.
|
2
|
-
|
-
|
2
|
Методика полевого опыта
|
орыс
|
Б.А. Доспехов Агропромиздат, 1985, 350 с.
|
|
20
|
-
|
3
|
Практикум по методике опытного дела
|
орыс
|
В.П. Томилов Целиноград, 1983, 73 с.
|
2
|
6
|
-
|
Негізгі әдебиеттер:
Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. М., Агропромиздат, 1985.
Лузько А.Т. Дисперсионный анализ в растениеводстве. Кокшетау, 2008.
И.С. Сеитов. Егіс тәжірибелерін жүргізудің методикасы. Алматы: Қайнар, 1990, 216 бет.
Қосымша әдебиеттер
Можаев Н.И., Серикпаев Н.А. Программирование урожаев сельскохозяйственных культур. Издание второе, Астана, 2009.
Каюмов М.К. Программирование урожаев сельскохозяйственных культур. М., Агропромиздат, 1989.
7. СТУДЕНТТАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫС САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Тапсырма берілген апта №
|
Сабақ тақырыптары
|
СӨЖ тапсырмасы
|
Қолданылатын әдебиеттер
|
ОБСӨЖ бақылау түрі
|
Тапсыру апта №
|
1
|
2
|
3
|
5
|
6
|
7
|
I
|
Тақырыбы: «Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері пәнінің
даму тарихы»
|
жазбаша
|
НӘ.:1
|
ауызша
|
I
|
II
|
Тақырыбы: «Пәннің негізгі түсініктемелері»
|
жазбаша
|
НӘ:1
|
ауызша
|
II
|
III
|
Тақырыбы: «Ауыл шаруашылық дақылдарының тіршілік кезеңдерін бақылау ерекшеліктері»
|
жазбаша
|
НӘ:2
|
ауызша
|
III
|
IV
|
Тақырыбы: «Өсімдіктердің фенологиялық кезеңдерін бақылау және есептеу жұмыстары»
|
жазбаша
|
НӘ 2
|
ауызша
|
IV
|
V
|
Тақырыбы: «Фенологиялық бақылау жұмыстарын жүргізудің әдістемелері»
|
жазбаша
|
ҚӘ:1
|
ауызша
|
V
|
VI- VII
|
«Танаптық тәжірибелерді суармалы жағдайда жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері»
|
ауызша
|
НӘ 1
|
ауызша
|
VI- VII
|
VIII- IX
|
Тақырыбы: «Топырақты эрозиядан қорғау бойынша жүргізілетін танаптық тәжірибелердің ерекшеліктері»
|
жазбаша
|
НӘ 1
|
ауызша
|
VIII- IX
|
X- XI
|
Тақырыбы: «Танаптық тәжірибелерді өндіріс жағдайында жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері»
|
реферат
|
ҚӘ:2
|
ауызша
|
X- XI
|
XII- XIII
|
Тақырыбы: «Фишердің нақты және кестелік критерийлерін есептеудің және алынған мәліметтерді талдаудың әдістемесі»
|
жазбаша
|
ҚӘ:2
|
ауызша
|
XII- XIII
|
XIV- XV
|
Тақырыбы: «Тәжірибе нұсқаларында айырмалардың (қосу немесе азайту) дұрыстығын анықтау»
|
жазбаша
|
ҚӘ:2
|
ауызша
|
XIV- XV
|
8. СТУДЕНТТЕРДІ БАҒАЛАУ АҚПАРАТЫ
8.1. Ағымдағы бақылау: тест сұрақтарына байланысты өздік сұрақтарға жауап жазу, ауызша және жазбаша сұрау
8.2. Аралық бақылау: тесттерге жауап жазу, мазмұндама жасау
8.3. Қорытынды бақылау: қорытынды материалдар бойынша ауызша және тест жазбаша түрде тапсыру
9. БАҒАНЫ ҚОЮ САЯСАТЫ. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Объективтілігі (бағалау жүйесінің нақты эквиваленті). Айқындылығы (хабарландуы).
Ыңғайлылығы (әртүрлі бақылау формасын ескеру). Жоғары дифференциация (көп ұпай бағалу шкаласының көмегімен жоғары дифференциациялау). Студенттерге оқу әрекетінің әрбір түрінің бағалау ережесін және ағымдық аралық, қорытынды ұпайлардың критерийін уақытында айту (семестр басында, сабақ басында, бақылау жұмысының алдында). бағаны қою саясанты 100 ұпайлық (100 %) жүйеге негізделеді және ұпайлардың төмендегідей бөлуін қарайды.
"Өте жақсы" - 90-100% деген бағаны оқу-бағдарламалық материалдың жүйелік және терең білімін жан-жақты меңгеретін, сонымен қатар бағдарламамен ұсынылған барлық тапсырмаларды орындай білетін, негізгі және қосымша әдебиеттермен жақсы танысқан студентке қойылады.
"Жақсы" - 75-89% деген бағаны оқу-бағдарламалық материалдың жүйелік түрде білімін көрсете білген, сонымен қатар бағдарламамен ұсынылған барлық тапсырмаларды орындай білетін, негізгі әдебиеттермен жақсы танысқан студентке қойылады.
"Қанағаттанарлық" – 50-74% деген бағаны оқу-бағдарламалық материалдың негізгі білімін меңгере білген, сонымен қатар бағдарламамен ұсынылған тапсырмаларды қанағат түрде орындай білетін, негізгі әдебиеттермен танысқан студентке қойылады.
"Қанағаттанарлықсыз" – 0-49% деген бағаны оқу-бағдарламалық материалды меңгере алмаған, сонымен қатар бағдарламамен ұсынылған тапсырмаларды орындамаған студентке қойылады.
Он ұпайлық шкалада бағалау эквиваленті
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Сандық эквивалент
|
Ұпайдық пайыздық көрсеткіші
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
A
|
4,00
|
95-100
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,00
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,00
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,00
|
50-54
|
F
|
0,00
|
0-49
|
Қанағаттанрлықсыз
|
ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЭТИКА
Сабаққа кешікпей келу.
Дәрісте сөйлеспеу.
Сабақ кезінде ұялы телефон арқылы сөйлесуге болмайды.
Сабақтардан қалмау .
Оқыту үрдісіне белсенді қатысу.
СӨЖ, аралық және соңғы бақылау тақырыптары мен тапсырмаларын уақытында тапсыру. Бағаны қөтеру үшін тақырыптарды қайтадан тапсыруға рұқсат берілмейді.
ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІГІ (ГЛОССАРИЙ)
Абиогенез- жер бетіндегі тіршілік өздігінен пайда болды дегенді мақұлдайтын ілім.
Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі.
Автогамия- 1. қос жынысты жәндіктер мен өсімдіктердің өзін -өзі ұрықтандыруы;
2. төменгі сатыдағы организмдердің бір аналық клеткадағы екі ядросы қосылуынан жана ұрпақтың өсіп-жетілу құбылысы.
Агробиоценоз, агроценоз- ( грек тілінен. agros танап, bios – өмір, koinos – жалпы) – А.ш жерлерде орналасқан мәдени өсімдіктер және егістік мекендеген организм жиынтығы.
Агрономия ( грек тілінен. agros танап және nomos – заң) –өсімдіктерді өсіру, топырақ құнарлығын және өнімді арттыру, а/ш жерлерді тиімді пайдалану жөніндегі ғылымдар комплексі.
Агрофитоценоз (грек тілінен agros танап және фитоценоз) – агротехникалық шаралар негізінде және адаммен күнделікті күтіп баптап қолдан жасалған өсімдіктер қауымы – мал азықтық, дәнді дақылдар егістіктері ( фитоценоз қарандар).
Ағаштар – сабақтары мен тамырлары сүректенген өсімдіктердің тіршілік формасы.
Азотсыз экстрактивті(сығынды) заттар (АЭЗ) – азотсыз органикалық заттар тобы(май мен клетчаткадан басқа) - өсімдік пен малдар организміндегі көмірсудің алмасу заттары. АЭЗ-на қант (глюкоза, фруктоза, сахароза, мальтоза, лактоза), крахмал, инулин, гемицеллюлоза, пектин заттары жатады.
Азықтық өлшем – энергетикалық құндылығы бойынша 1 кг орта сападағы сұлыға тең.
Азықтық өлшемді астықты бидай (Зернокормовая пшеница) – Астыққа жинағанан кейін қайтадан өсіп жаңа өркен қалыптастыратын және мал азығы ретінде қолданатын бидайдың біржылдық түршелері. ХХ-ғасырдың 50-ші жылдары Н.В. Цицинмен бидай мен бидайықты будандастыру арқылы шығарылған.
Ақуыздар, протеиндар – күрделі заттар, молекулалы тізбектер түзе байланысқан мыңдаған, миллиондаған аминді қышқылдарынан құралады. Протеин мөлшері бойынша жем-шөптің сапасын бағалайды. Қорытылытын протеин - мал азығындағы малдар организмімен сіңірілетін % көрсетілген протеин бөлігі. Жем-шөптің сапасына, дайындау мерзімі мен жағдайына, өсімдіктердің өсіп даму кезеңіне, малдар түріне байланысты протеиннің сіңімділігі 40-тан 70 %-ға дейін өзгереді.
Ақуыз мал азығы – протеин мөлшері жоғары өсімдіктен жасалған мал азығы. Малдардың протеинмен қамтамасыз ететін негізгі көзі -өсімдіктерден жасалған мал азығы: жасыл балауса, пішен, астық, астық қалдықтары, күнжара, шрот және т.б). Бұршақ тұқымдас дақылдардан дайындаған мал азығы протеинмен өте бай.
Алғы дақыл- ауыспалы егісте сол жылы егілетін дақылдың алдында өткен жылы егілген дақыл.
Аллелопатия ( грек тілінде allelon – бірге және pathos – азап шегу) – қоршаған ортаға физиологиялық белсенді заттар шығу арқылы өсімдіктердің ценоздарда бір біріне әсер етуі, бір жағдайда қысым көрсетіп, басқада жағдай жасап. Мысалы, жусандар өсетін жерлерде басқа өсімдіктер түрлері кездеспейді.
Амарант – гүлтәжі, біржылдық арамшөп өсімдік. Гүлтәжінің үш түрі бар- шашақты, құйрықты және жапырынқы. Өсімдіктер көк балауса, сүрлем дайындауға өсіріледі(доңыздармен жақсы желінеді). Қазіргі уақытта гүлтәжінің кейбір түрлері сәндік өсімдік ретінде пайдаланады.
Антропогенді өсімдіктер ( грек тілінен anthropos – адам және genis – түған) – адаммен жасалған немесе онын әрекетімен өзгерген өсімдіктер қауым жиынтығы.
Аңғар шалғындығы – өзен аңғарына өскен алқап.
Аңыздық дақыл – негізгі дақылды жинап алысымен соның орнына дереу аңызға егілетін дақыл. Ол қосымша өнім алу және топырақ құнарын арттыру мақсатымен атқарылады.
Аңыз, сары аңыз-дәнді дақылдардыорып алғаннан кейін қысқа сабақ түбірі қалған жер.
Аңыздық егіс- топырақты өндемей, аңыздың үстіне тұқым себу. Мұндай егіс топырағы эрозияға ұшырайтын құрғақшылық ауданда жүргізіледі.
Аңызақ(суховей)- өсімдік тіршілігіне өте қолайсыз құрғақ ыстық жел. Далалық шөлейт аймақта жиі кездесетін, ауаны да, топырақты да тез құрғататын, екпе өсімдікке үлкен зиян келтіретін жел.
Аралық дақыл – ауыспалы егістегі негізгі дақылдардан уақытша бос қалған жерге егілетін дақыл.
Ареал ( латын тілінен аrea – аймақ) – табиғи жағдайда өсімдіктердің бір немесе басқа түрлері, тұқымдастары кездесетін жер бетінің бір бөлігі.
Аридті климат ( латын тілінен аridus –құрғақ) – жоғары ауа температурада атмосферлік ылғал жетіспейтін климат. Бұл Қазақстанның шөл және шөлейт жерлері, онда егіншілік тек қана суармалы жерлерде.
Астықты кептіру- құрамында артық ылғал бар астықты кептіріп, белгілі қалыпқа келтіру.
Ауа құбылыстарын бақылау (фенология) - өсімдік және жануар тіршілігінде ауа райы жағдайына байланысты құбылыстарды бақылау.
Аудара жырту – тың және тыңайған жерді жырту әдісі. Бұл кезде жер қыртысы 1800 шамасына аударылады.
Ауыл шаруашылығы жері- ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру үшін пайдалнылатын табиғаты қолайлы жер бөлігі: егістік, шабындық, жайылымдық, орман.
А/ш дақылдардың жалпы өнімі– әр түрлі а/ш дақылдардың барлық егіс көлемінде өндірілген және нақты жиналған өнім мөлшері.
Ауылшаруашылық мелиорация- жер қорын тиімді пайдалану үшін топырақ жағдайының қолайсыздығын, ылғал тапшылығын, агроауа райы жайсыздығын жоюға бағытталған, шаруашылық және техникалық шаралар жүйесін ұйымдастыру.
Ауылшаруашылық метеорологиясы - атмосферада болатын құбылыстарды ауыл шаруашылығына қатысты зерттейтін сала.
Ауыр топырақ- құрамы саз болатын құнары нашар топырақ.
Аязға төзімдік - өсімдіктердің 00 температурадан төменгі суыққа төзімділігі.
Әсер, ықпал- белгілі бір процеске әсер етуші, себепші, қозғаушы күш.
Балық майы- балықтың бауырынан алынатын май. Каспий теңізінде кездеседі.
Балық ұнтағы- балық өндеу кезінде қалған қалдықтарды ұнтақтап дайындалған мал азығы.
Балауса, шырынды мал азығы- құрамында үйлесімді ылғал көп (70% жоғары) мал азығы: тамыржемістілер, түйнекжемістілер, бақша дақылдар, сүрлем.
Бейтарап топырақ- қышқылдығы мен сілтілігі қалыптағы топырақ.
Белсенді температура – а/ш дақылдардың белсенді өсіп-даму кезеңін сипаттайтын ауа температурасы.
Белсенді желдету –нақты құрамына, температурасы мен ылғалдануна байланысты сақталуға жағдай жасау үшін өсімдіктер массасынан ауаны үрлеу. Пішенді кептіргенде және даярлағанда қолданады.
Бетеге- көпжылдық шөптесін өсімдік туысы. Бағалы мал азықтық өсімдікке жатады. Мал жайылғаннан кейін тез өсіп-жетіледі. Көптеген түрлері қолдан егіледі. Қазақтан топырағында бетегенің 20 түрі өседі.
Бидай-бидайық буданы- бидайды жабайы бидайықпен будандастыру нәтижесінде алынған мәдени өсімдік.
Бидайық- көпжылдық шөптесін өсімдік. Бағалы мал азықтық шөп. Мал сүйсіне жейді, әсіресе, масақтанғанға дейін бағалы. Арамшөп түрінде өсетіндері де бар. Қазақстанда бидайықтың 44 түрі бар.
Биомасса – аудан немесе көлем бірлігіне салмағы бойынша өрнектелген тірі организмдер мөлшері. Өсімдіктер биомассасы- фитомасса, малдардың – зоомасса деп атайды.
Биосфера (грек тілінен bios - өмір және sphaira – шар) – жер планетасының тірі организмдер мекендеген аймағы, оған жер бетімен атмосфераның біраз бөлігі, гидросфера және литосфераның жоғарғы бөлігі жатады. Биосферада жасыл өсімдіктер ерекше рол атқарады, олар фотосинтез процесінде күн энергиясын ұстап атмосфераның газ құрамын үзбей қолдайды.
Биоценоз (грек тілінен bios - өмір, koinos – бірге) – тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі болып келетін учаскеде мекендейтін жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер бірлестігі.
Богара ( перс тілінен бехар – көктем) – суармалы егіншілік аудандардағы жерлер, онда а/ш дақылдар суармасыз, көктемдегі жауын шашын мөлшерін пайдаланып өсіріледі.
Ботва (тамырлы өсімдіктердің сабағы, жапырағы) – мал азықты, көкөніс және техникалық тамыртүйнек жемістілердің жер бетіндегі массасы, олар малдарға жасыл немесе сүрлем түрінде азықтандыруға пайдаланады.
Бозқырау (суық ұру) – жағымды орта тәулік ауа температурасында топырақтың және өсімдіктің беткі қабатына өсіп даму кезеңінде температураның 00С төмен түсуі.
Бөрі бұршақ - біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Екпе жемшөп дақылына жатады. Бағалы мал азығы.
Бөлектеп ору- екі кезеңде жинау. Астықты алдымен орып дестелеу, кейін орында бастыру
Букетировка – шоқтатып өсіру үшін мәдени дакылдарды егу әдісі
Бүркеме дақыл – ауыспалы егіс жүйесінде бір танапта қосымша егілетін өсімдік көгін бүркеп қорғаушы дақыл. Мысалы жоңышқа мен арпаны бірге еккен кезде бидай жоңышқаға бүркеме болады.
Бір жарнақты өсімдіктер- жабық тұқымды өсімдіктердің бір тобы. Ұрығында бір ғана тұқым жарнағы болады.
Бір үйлі, ұялас өсімдіктер- аталық гүлі, аналық гүлі немесе аталық жыныс мүшесі мен аналық жыныс мүшесі бірдей өсіп-жетілетін өсімдік тобы.
Бір жылдық өсімдіктер- тіршілігі бір жылға ғана созылатын өсімдіктер.
Бір шабындық шөп- бір рет шабылатын шөп егісі.
Бүріккіш- өсімдіктерді сұйық заттармен өндеуге арналған машина немесе құрылғы. Бүріккіштің түрі көп болады.
Вегетациялық кезең – 1. Өсімдіктердің метеорологиялық жағдай бойынша өсіп-даму мүмкіндігі бар - жыл кезеңі 2. Өсімдік түрі (немесе сорты) толық өсіп даму циклін (егін көгінен өнімінің толық пісуіне дейін) өту үшін қажетті- уақыт.
Галофиттер ( грек тілінен hals, halos – тұз және phyton – өсімдік) – тұзды жерлерді мекендейтін өсімдіктер.
Гаолян – шай жүгерінің бір түрі, азық-түлік (жарма,ұн) және мал азығы (пішен, сүрлем, жасыл балауса) дайындау үшін Қытай, Корея, Жапонияда өсіріледі.
Геоботаника – тек қана, мал азықтық өсімдік қауымын емес сонымен қатар өндірістік өсімдіқ қауымын (орман, батпақ жерлерді, суда өсетін өсімдіктерді және т.б.) зерттейтін ғылым.
Гербицид ( лат. herbo – шөп және caedo – өлтіру) – пестицид
топтарының арамшөптерді құртатын химиялық препараттар.
Гигрофиттер ( грек тілінен hygros –ылғалды және phyton - өсімдік) –
ылғалдылығы мол жерлерді мекендейтін өсімдіктер, мысалы; папирус, қамыс, өлең шөптің кейбір түрлері, мәдени өсімдіктерден -күріш.
Ғалым агроном- егіншілік пен өсімдік шаруашшылығы саласындағы жоғары білімді маман. Ауылшаруашылығы өндірісін негізгі ұйымдастырушылардың бірі.
Дала топырағы- дала жағдайында қалыптасқан топырақ.
Дара дақыл егісі, дарадақыл- ауыспалы егіс жүйесін сақтамай, ұзақ жылдар бойы бір жердге бір дақылды өсіру.
Дәл себу- көлемі белгілі аумаққа тұқымды дәл белгілі мөлшерде себу.
Дәннің дестеде пісіп-жетілуі- жиналғаннан кейінгі дән құрамында болатын биохимиялық өзгерістер. Осындай өзгерістен кейін ғана дән өне алады.
Дерть - дерменде ұсақталған астық, малдарды азықтандыруға пайдаланады. Ұсақталған астық малдармен жақсы желінеді және қорытылады.
Доместикация, жануарларды қолға үйрету- жабайы хайуандарды үй жануарларына айналдыру.
Дымқылдатып суару – топырақтың ( 1,5-2 м) қабатында ылғал қорын жасау үшін күзде жүргізіледі, оны а.-ш. дақылдар келесі көктемде және жаздың басында пайдаланады.
Егу, себу- өсімдік тұқымын танапқа себу, егу. Тұқымды егу түрі көп.
Егу алдындағы топырақ өндеу- мәдени өсімдікті егу немесе отырғызар алдында белгілі ретпен атқарылатын жұмыстар жүйесі: топырақты жырту, тырмалау, қопсыту және т.б.
Егу алдында суару- топырақтағы ылғал қорын молайту, тұқым қаулап өнуі, алғашқы кезеңінде өсімдік жақсы жетілуі үшін атқарылады.
Егіс құралы- егіншілікте атқарылатын жұмыстар үшін қолданатын құралдар.
Егістік, егістік жер- жүйелі түрде әр түрлі дақылдарды егіп өсіруге, пайдалануға жарамды жер алқабы.
Егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі- топырақты түрлі эрозиядан, су шайып, жел ұшырып бүлдіруден қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Түрлі климаттық-топырақ аймағында әр түрлі болады.
Егіншілік жүйесі- топырақ құнарын арттыру және оны қалпына келтіру үшін атқарылатын агрономиялық, мелиорациялық, ұйымдастыру шараларының жиынтығы.
Егіс құрылымы- егілген әр түрлі дақылдардың ара жігі.
Егістіктің фотосинтездік мүмкіндігі (ФП) – екпе өсімдік егісінің бүкіл өсуі кезінде фотосинтез үшін күн қуатын пайдалану мүмкіндігі.
Егістіктің және табиғи мал азықтық жерлердің қурауы – ұзақ топырақ және атмосферлі құрғақшылық әсерінен өсімдіктердің алдын-ала қурау, алдымен өсімдіктер солып қалады.
Егіншіліктің отамалы дақылдық жүйесі- егіншіліктің үдемелі жүйесі. Мұнда танаптардың негізгі бөлігіне отамалы дақылдар егіледі.
Егіншілік шөп танапты жүйесі- ауыспалы егіс құрамында астық тұқымдас және бұршақ тұқымдас шөптер егілетін жүйе.
Егісті күтіп –баптау- екпе өсімдік жақсы өсіп-жетілу және мол өнім алу үшін атқарылатын агротехникалық жұмыстар жүйесі.
Ет-сүйек ұны- ақуызды минералды мал азығы. Ет комбинатында, мал соятын және консерві жасайтын орындарда азық-түліктің және консерві жасайтын орындарда азық-түлікке жарамсыз қалдықтардан дайындалады.
Жабындау, топырақ бетін жабу- өсімдік тамырын айналдыра немесе қаратараралық бойынша сабанмен, қимен, қарашірікпен, жапырақтармен, т.б. жабу, бүркіп қою.
Жайылымдық –шалғындық ауыспалы егіс- мал жайылатын, балауса шөп дайындалатын, сол сияқты пішен шабылатын, сүрлем салынатын, пішендеме дайындалатын, өсімдік өсірілетін ауыспалы егіс.
Жайылым, жайылымдық- мал жайып-бағылатын жер алқабы.
Жайылым айналымы- белгілі жоспар бойынша жыл бойы жайылымға мал жаю және шөбін шауып алу мезгілдері, осы жұмыстардың алмасып отыруы.
Жаздық дақылдар- көктем де егілетін және сол жылы жазда немесе күзде түсім беретін бір жылдық өсімдік тобы.
Жаңбырлату- арнайы құралдармен топырақ пен өсімдіктер бетіне
жаңбір сияқты су шашатын ауылшаруашылық дақылдарды суару тәсіл.
Жаңбырлату машиналар және қондырғылар – а/ш дақылдарды
жаңбырлату тісілмен суару үшін пайдаланады. Көп тіректі кең алымды «Фрегат», екі консольді (ДДН-100МА), алыс шашатын (ДДН-100) және т.б суару қондығылар болады.
Жасыл балауса - малдармен жайылымда өсіп түрған кезіңде немесе шабылған күйінде желінетін өсімдіктер, ол жазғы кезеңінде малдар үшін ең арзан және құнарлы мал азығы болып табылады.
Жасыл конвейер – малдарды үздіксіз жайылым кезеңінде жасыл балауса мал азығымен қамтамасыз ететін жоспарланған өндіріс жүйе. Жайылымдар және көпжылдық шөптер егістіктеріне, сонымен қатар әр түрлі мерзімде мебілген біржылдық шөптер егістігіне негізделген.
Жасыл сүрі жер, көк сүрі жер- бұршақ тұқымдас өсімдіктерді танапрта өсіріп, оны жинамай, көк күйінде топыраққа араластырып жыртып жіберу. Ол топырақты азот қосылыстарымен байыту үшін жасалады.
Жауын-шашын- жер бетіне тамшы түрінде немесе қар күйінде түсетін әуе ылғалы.
Жем-шөп сапасы – а/ш малдарды коректік және физиологиялық белсенді заттар мұқтаждығын және желінуін қамтамасыз ететін, азықтық өлшем, протеин, май, көмір су, минералды заттар, витаминдер құрамы және дәмі, түсі, иісі және құрылысымен сипатталанатын қасиеттері.
Жем-шөпті талдау – мал азығында коректік және биологиялық белсенді заттарды анықтау және олардың сапасын бағалау.
Жемшөп мөлшері- малдың түрлі қоректік заттарды қажет етуі ескеріле жасалған бір тәуліктік жемшөп мөлшері.
Жемдік жентек- көк балауса шөптен дайындалған ақуызды-витаминді мал азығы. Ол малға қосымша азық ретінде беріледі.
Жем-шөптің қорытылуы, мал азығының сіңімділігі- мал азығының ас қорыту сөлі әсерінен қорытылу және организмге сіңу қасиеті.
Жемшөптің қоректілігі- жануарлардың азыққа деген қажетін жемшөптің қанағаттандыру қасиеті.
Жемшөптің құндылығы- малға қажетті қоректік заттардың жемшөпте болуы.
Жемшөп (франц. fonrrage) – малдарға дайындалған мал азығы, концентратты (астық дақылдар) және ірі (пішен, сабан және т.б.).
Жералмұрт- көпжылдық түйнек жемісті өсімдік. Жер астындағы бөлігінде түрлі-түсті түйнектер түзіледі. Мал азықтық дақыл.
Жерді қашылау- су тасығанда су басып, жерді бүлдіріп кетпес үшін жасатын қорған.
Жергілікті тыңайтқыш- тікелей шаруашылықта дайындалып, сонда пайдаланылатын тыңайтқыштар: қи, құс саңғырығы, қөк тыңайтқыш, қорда, күл.
Жерді аудара жырту- сохамен топырақты өндеу тәсіл, топырақ қабатын ұсақтауды, қопсытуды және 1350 аударуды қамтамасыз етеді.
Жер құрғату- топырақтың беткі қабатындағы қалыптан тыс ылғалды азайту.
Жерді қалпына келтіру- кен қазу жұмыстарына, геологиялық зерттеулерге, құрылыстарға байланысты істен шығып бүлінген жерлердің өнімділігін қалпына келтіріп , халық шаруашылығының маңызын көтеру үшін атқарылатын жұмыстар жүйесі. Ол орта жағдайына да қолайлы әсер етеді.
Жиынды су пайдалану – 1 га егістікте өсіп-жетілу кезеңіндегі өсімдік транспирациясы мен топырақ бетінің булануын ескере отырып дақылдың өнім қалыптастыруына шығындалған мм, немесе м3- пен алынған судың мөлшерін сипаттайды.
Жолақы өндеу- егістік жерді жолақ қалдыра отырып өндеу.
Жоңышқа- көпжылдық шөптесін өсімдік туысы. Бұршақ тұқымдас, аса бағалы мал азықтық өсімдік. Республикада жоңышқаның бірнеше түрі өседі.
Жоспарлы мөлшерлеуші карта- ол жеке өнімдер өндірудегі технологиялық жұмыстар жиынтығын, өндірістік қорды және оны пайдалануды, белгілі өндіріс жоспарын орындаудағыөндірістік экономикалық көрсеткіштерді белгілейді.
Жусан- көпжылдық шөптесін өсімдік туысы, шағын бұта түрінде де өседі. Негізінен мал азықтық және емдік өсімдікке жатады эфир-майлы түрлері де көп. Қазақстан топырағында жуснның 81 түрі өседі.
Жұқа топырақ- құнары аз топырақ.
Жұғымды мал азығы- малдың тез де жақсы семіруіне әсер ететін жемшөп.
Жүзгун, кандым –қара құмық тұқымдас бұтақшалар тобына жататын өсімдік, Қазақстанның және Орта Азияның шөлейт және шөл аймақтарында өседі. Мал азықтық өсімдік оркендері мен жемістері түйе, қой және ешкілер жақсы жейді.
Жырту, жер жырту- қайырмасы бар соқамен жер өңдеудің негізгі бір бөлігі.
Канареечник (Phalaris) – қонырбас тұқымдасына жататын біржылдық немесе көпжылдық шөптесін өсімдік, көбінесе мал азықтық маңызы бар.
Каток – топырақтын беткі қабатын тегістеу және тығыздау үшін арналған құрал.
Кең катарлап себу- қатар аралығын 45 см және одан да үлкен етіп себу әдісі.
Кермекті сүр топырақ-қоныржай белдедегі орманды далалық, далалық және шөлейт аймақтарда кездеседі.
Киіз үй- көшпелі халықтардың негізі тұрағы.
Кондициялы тұқым – барлық қөрсеткішьер бойынша тұқымдарға стандартпен сапа мөлшеріне талап ететін тұқым.
Концентратты мал азығы, концентраттар – коректік заттарға(азықтық өлшем, сіңімді протейн және т.б.) бай мал азығы, оларға құрама жем, мал азықтық астық және т.б. жатады.
Көпенелеу - пішенді немесе сабанды шошаққа, кейде сопақша үймеге жинап салу, оларды одан кейін майларға, арнайы пішен қоймаларына жинап салады.
Көлтабандап суару, көлдетіп суару – қар суымен, тасқын сумен, т.б. сулармен көктемде бір рет мол етіп көлтабандап суару.
Көлтабан (Лиман) – теңіз және өзен жағалауындағы су басатын алқап.
Көн, қи- органикалық тыңайтқыш. Малдың қиы, зәрі және төсеніш ретінде пайдаланылған заттардың (сабан, шымтезек) шіруі нәтижесінде пайда болады. Құрамында азот, фосфор, калий және микроэлементтер бар.
Көң шашқыш- дайын болған көңді егістік жерге шашатын машина.
Көң қойма- мал қорасынан шығарылған қиды, басқа да қалдықтарды жинап сақтайтын, шірітіп зарасыздандыратын орын.
Көрпекөк, алшынқөк- жайылымдықта мал жайылғаннан кейін және шабындықта шөп шауып алғаннан кейін өсіп шыққан шөп.
Күнбағыс күнжарасы- күнбағыс дәнінен май өндіру кезінде қалатын қалдық. Олмалға азық болады. Сол сияқты күнбағыс қауызы да осылай аталады.
Күйсеу процесі, күйіс – жем-шөпті күйсеу физиологиялық процесс. Әр ірі қара малдарда тәулігіне ұзақтығы 40-60 мин 6-10 күйсеу кезеңі болады, ал жас малдарда одаң да жиі-жиі болады, бірақ ұзақтығы аздау.
Қамыс (Seirpus) – Өлең шөп тұқымдасына жататын көпжылдық кейде біржылдық шөптесін өсімдік.
Қарашірік(Гумус,перегной) –топырақтын жоғары молекулды қара түсті органикалық заттар.
Қарашірік- топырақтың органикалық құнарлы бөлігі. Көңнің әбден шіріп ыдыраған кезі.
Қар тоқтату-топырақта ылғалды көбейту үшін іске асырылатын шара.
Қарабас шалғын, атқонақ- Көпжылдық бағалы мал азықтық өсімдік.Шабындық пен жайылымдарда көп кездеседі , қолдан да өсіріледі.
Қатараралық дақыл- бақтардағы ағаштардың бос қатараралығына егілетін дақылдар: отамалы дақылдар, біржылдық және көпжылдық бұршақ тұқымдас өсімдіктер.
Қатараралықты өндеу- екпе өсімдіктер аралығын қопсытып,өндеу.
Қатараралық- егілген өсімдік қатараралықтарының ашық аралығы.
Қатарлап себу- мұндай әдіс кезінде қатар аралығын 10-15 см етіп егеді.
Қатар аралық торапының ені – сепкіш пен агрегаттардың шектес жолдар арасындағы қатар аралығы.
Қат –қабаттап жырту- жер жыртудың бір әдісі. Мұндай жырту кезінде топырақ қабаттары алмасып, орын ауыстырады. Топырақтын құнарлы қабатын тереңдетіп жақсартуға үшін атқарылады.
Қуаншылық (құрғақшылық) – топырақ немесе ауа құрғақшылығымен қоздырылған ұлпа құрғатуын және қыздыруын өсімдіктермен қотеру қасиеті. Қуаншылық өсіміктерге шай жүгері, судан шөбі және табиғи жерлерде өсетін ксерофит тобана жататын өсімдіктер жатады. Қуаншылыққа орташа төзімді өсімдіктер: жүгері, тары, итқонақ, арпа, бидай және т.б., аз-маз төзімділер: сұлы, күріш және т.б.
Қызылша сығындысы– қант қызылшаның сығындалған қалдықтары, қызылша өндірісінің қалдықтары, малдарды азықтандыруға жаңа, кептірілген және сүрлем түрінде пайдаланады.
Құрама жем (Комбикорм) – а/ш малдарды азықтандыру үшін ғылыми
дәлелдеген рецептер бойынша ұсақталған жем-шөптерден жасалған дайын қоспалар.
Құрамалы сүрлем - өсімдіктердің жасыл балауса қоспаларынан, астық қалдықтарынан, тамыртүйнекжемістілерінен және т.б консірвелеу арқылы дайындалған шырынды құндылығы жоғары мал азығы.
Қысқа тіршілікті өсімдіктер- бір жылдық және екі жылдық өсімдіктердің жалпы атауы.
Қонырбас, қанақот- көпжылдық шөптесңн өсімдік туысы. Мал азықтық шөпке жатады. Қазақстан топырағында қонырбастың 38 түрі өседі.
Күздік дақыл- күзде егілетін және келесі жылы немесе күзде түсім беретін біржылдық дақылдар тобы.
Қоршаған орта-айналадағы табиғи заттардың және адам қолымен жасалған заттардың жиынтығы.
Көлдете суару- суару әдісінің түрі. Бұл, әсіресе , көктемде атқарылады.
Құрал, қару, сайман, жабдық- жұмысты орындау үшін қолданатын заттар.
Қияқөлең, қияқ- көпжылдық шөптесін өсімдік туысы. Шабындықта, жайылмдықта өсетін бағалы мал азықтық өсімдік. Малдың барлық түрі жақсы жейді. Қазақстанда қияқ өлеңнің 94 түрі өседі.
Құрғату тәртібі- құрғатылған жерге екпе өсімік өсіріп, тұрақты мал өнімін алу үшін атқарылатын шаралар жүйесі.
Құрғату жүйесі- ылғалды мол жер, оны құрғатуға арналған гидротехникалық және эксплуатациялық құрылыстар, жармалар мен кәріздер желісі – бәрінің жиынтық түсінігі.
Көк сирету, өскінді сирету- өсімдіктің жақсы өсіп, мол түсім беруін қамтамасыз ету үшін жаңа шыққан көк өскінін сирету.
Құрғақ аңғар, құрғақ алқап ( суходол)- айналасындағы басқа жермен салыстырғанда ылғалы аз, құрғақ жер.
Мал азықтық брикеттер – тақта түрде престелген ірі ( пішен,сабан және т.б.) немесе минералдар, витаминдар және т.б қосымшалары бар жем азығынан, сонымен қатар осы жем-шөптің қоспаларынан дайындаған мал азығы.
Мал азықтық ауыспалы егіс түрлері –дақылдар мен сүр танап арақатынасымен ерекшеленетін ауыспалы егіс. Шөпті, шөпті-отамалы, отамалы, астықты-отамалы, астықты-сүр танапты-отамалы және т.б ауыспалы егістер ажыратады.
Мал азығын аммонизациялау – жем-шөпті оның құрамындағы азот мөлшерін арттыру үшін аммиякпен немесе оның туындыларымен өңдеу процесі.
Малдар өнімінен дайындайтын мал азығы – А/ш малдарды азықтандыруға пайдаланатын мал шаруашылығы өнімдерінен және оның қалдықтарынан дайындалған өнімдер- майын кетірген сүт (обрат), іркіт (сарсу), ет комбинатының қалдықтары- қан, ет, ет -сүйек ұны, балық комбинатының қалдықтары – балық ұны және т.б.
Мал азығы – а/ш малдарды азықтандыруға арналған өсімдік пен мал шаруашылығы өнімдерінен микробиологиялық және химиялық жолмен жасалған өнім. Келесі топтарға бөлінеды: шырынды (жасыл балауса, сүрлем, тамыртүйнекжемістілер), ірі мал азығы ( пішен, сабан, топан, пішендеме), концентратты ( астық және оөін қалдықтары, құрама жем), өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және балық шаруашылығы өндірісінің қалдықтары.
Мал азықтық ауыспалы егіс – егіс аумағының құрамында 50% астам мал азықтық дақылдар орналасқан ауыспалы егіс. Арнайы және құрамалы ауыспалы егістерін ажыратады.
Мал азығын өндіру –танапта және шабындық пен жайылым жерлерде мал азықтық дақылдардың жоғарғы өнімін өсіру арқылы мал шаруашылығының нық жем-шөп қорын қамтамасыз ететін агротехникалық шаралар ұйымдастыру кешені. Бір бірімен тығыз байланысты екі салаға бөлінеды: егістікте мал азығын өндіру және шалғын шаруашылығы.
Мал азықтық аумағы – мал азықтық өсімдіктер өсетін жерлер.
Мал азықтық қоспалар – жоғары өнімді сапалы өнім алу үшін бір учаскіде егілген бірнеше біржылдық шөптер егістері.
Мал азықтық шөптер– малдарды азықтандыру үшін пайдаланатын көпжылдық және біржылдық шөптер.
Мал азықтық жерлер – Жер отылығын шабындыққа, мал жаюға, сүрлем және пішен дайындауға пайдаланатын табиғи а/ш жерлер.
Мал азықтық тамыржемістілер - күшті дамыған шырынды жер асты жемістері үшін өсірілетін өсімдіктер. Ала бұта тұқымдастарға жататын екі жылдық өсімдіктер- мал азықтық және қант қызылша, қырыққабат тұқымдас- тарна, турнепс, шатыргүлділер тұқымдас - сәбіз. Тамыржемістілер шырынды жақсы қорытылатын, витаминдер мен минералды тұздарға бай диетикалық мал азығы.
Малалау- суармалы танаптардың топырақ бетін тегістеу және тығыздау жұмысы.
Мал азықтық құлқайыр- бағалы мал азықтық өсімдік.
Мал азықтық сәбіз- мал азығы үшін өсірілетін сәбіз түрі.
Малды жайып семірту- етке өткізетін малды жайып семірту әдісі.
Малдың протеин қорегі- мал денесінде протеин қорын толтыру үшін берілетін жемшөп.
Малдың өнімділігі- белгілі бір уақыт аралығында(тәулікте, айда, жылда, бүкіл өмірінде) жеке малдан алынатын өнім мөлшері.
Малды қолда ұстау- малды қыста немесе жыл бойы қорада қолда ұстау.
Малды қолда және жайылымда бағу- малды қыста қорада, ал жазда жайылымда бағу.
Майсу- майынан айырылған көк сүт десе де болады. Ол май шайқау нәтижесінде алынады, құрамында қань және ақуыз болады. Оны тікелей пайдаланады немесе айран ұйытады.
Мая, күде тасығыш – маялаған шөптің немесе сабанды тұрақты орнына жеткізітін құрал.
Маялағыш- пішен маялауға арналған тіркеме құрал.
Мәдени дақылдардың шығу тегі – мәдени өсімдіктері жабайы өсімдіктерден, ал одан әрі жабайы және мәдени түрлерінің табиғи булдандасуынан шыққан жер шар аудандары. Мәдени өсімдіктердің ең көп табиғи әртрлілігі алғашқы (табиғи) немесе екінші (адам жасаған) «орталықта» болатын Н.И.Вавилов(1929-39 жж.) анықтап берді. Мәдени өсімдіктердің орасаң көп түрлері сегіз ортаға топтастырылған: Қытайлық – Май бұршақ, тары, көконіс және жеміс дақылдар; Үнділік – күріш, вигна, баклажан,қияр, жеміс дақылдар; Орта азиялық – асбұршақ, жасымық, ноғатық,ноқат, көкөніс және жеміс дақылдар; Алдыңғы азиялық – бидайдың көп түрлері, қара бидай, көк жоңышқа, ққырыққабат түрлері және т.б.; Жерортатеңіздік – бидай түрлері, мал азықтық және көконіс дақылдар түрлері; Абиссиялық – кофе ағашы, банан, тефф ( нан өсімдігі) және т.б.; Орталық америкалық – тағамдық,техникалық және дәрілік өсімдіктер, жүгері, топинамбур, күнбағыс, асқабақ, какао, жеміс дақылдардың көп түрлері; Онтүстік америкалық – картоп және түйнекжемістілердің көп түрлері.
Микротыңайтқыштар- құрамында өсімдікке өте аз мөлшерде қажетті микроэлементтер( бор, кобальт, марганец, мыс, молибден, мырыш және т.б.) болатын тыңайтқыш.
Минералды азық- жануарлардың қалыпты тіршілігі үшін қажетті мал азығы.
Нүктелеп себу- тұқымды бірдей қашықтықта біртіндеп орналастырып себу.
Өнделетін қабат, жыртылатын қабат- екпе өсімдіктерді өсіру үшін топырақтың жыртылатын қабаты.
Өндіріс құрал- өндірістегі жұмысты атқару үшін пайдаланылатын құралдар: машина, станок, аспап, құрал және т.б.
Өнімді бағдарламалау- сапалы да жоғары өнім алу үшін ғылыми негізге, басқа да көптеген мәліметерге сүйенген жоба.
Органикалық тыңайтқыштар- құрамында өсімдікке қорек бола алатындай заттары бар органикалық қалдықтар( қи, қорда, жасыл тыңайтқыш, шымтезек және т.б.).
Орман топырағы- орман жағдайында қалыптасқан топырақ.
Ору әдісі- шабындық түсімділігін аңнықтауға арналған әдістің бір түрі.
Өскін жиілігі – толық көгерген кездегі 1 шаршы метр немесе 1 метр егістіктегі өсімдік саны.
Өсімдіктердің интродукциясы– өсімдіктерді бір аймақтан екінші аймаққа, бір елден басқа елге, жабайы флорадан дақылға жаңа өсімдіктер еңгізу қажеттілігі.
Өсімдік шаруашылығы- өнім алу үшін мәдени өсімдіктерді егіп өсіру. Екпе өсімдіктер және оларды өсіру жайлы ғылым.
Өсімдік қауымы- жер бетінің немесе оның бір бөлігінің өсімдіктер қауымы.
Өсімдіктің тұзға төзімділігі- өсімдік организмінің топырақ тұздылығын көтере алу қасиеті.
Өсімдіктің фитомезгілі (фитопереодизм) - тәуліктің жарық және қараңғы мезгіліне байланысты өсімдіктің өсіп-даму процесі.
Өсімдік әлемі (флора) – белгілі бір жерді мекендеген бүкіл өсімдіктер тобы, өсімдіктердің бәрі.
Өсімдіктердің суықа төзімділігі – өсімдіктердің төмен температураладың әсер етуіне қасарысу қабілетілігі.
Отамалы дақыл- қатар аралығы кең (45-90 см) егіліп, ал аралығы оталып өнделетін дақыл. Отамалы дақылдың топырағы ылғалды да құнарлы болуы тиіс. Отамалы дақылға жүгері, қызылша, мақта, картоп және т.б жатады.
Оттылық, шөп өсімі, шалғын шөп- мал азығын өндіруге арналған алқаптағы шөптесін өсімдіктер, олардың қалындығы немесе сиректігі.
Пайдалы ылғал- өсімдік толық пайдалана алатын ылғал.
Псаммофит (кұм өсімдігі)- шөлді және шөлейт аймақтардағы құмда өсетін өсімдіктердің жалпы атауы.
Пішендеме- мал азықтық шөптерді 3-4 сағат бойы аздап кептіріп, одан кейін ұсақтап, ауа кірмейтін жабық жабық орында сақтау арқылы дайындалады.
Пішендеме мұнарасы- пішендеме сақталатын бітеу мұнара.
Пішен- шапқаннан кейін кептірілген ірі сабақты шөп.
Пішен аударыстырқыш- шабылған пішен тез кеьу үшін аударыстыратын құрал.
Пішен шапқыш- шөпті орып шабатын құрал.
Пішен тиегіш- пішенді көлікке тиейтін құрал.
Пішен жинағыш- орылған пішенді жинап, орналастыруға арналған құрал.
Пішен көтергіш- пішенді теңдейтін, тығыздап жинайтын құрал.
Пішен сүйретпе , пішен жинаушы ысырма- пішенді дестеден жинайтын құрал.
Пішен кептіргіш- пішен кептіретін құрал.
Румекс К-1 – мал азықтық қымыздықтың сорты таньшань қымыздығы мен саумалдықты будандастыру арқылы алынған өсімдік.
Сабақ жиілігі – 1 м2 сабақ саны.
Сабан- дәнді дақылдар жиналғаннан кейін қалатын құрғақ сабақ қалдығы.
Садыра- малдың нәжісінен және төсенішінен бөлініп шығатын сұйықтық. Органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
Саңылаулағыш –тышқан ініндей жыраушы – артық суды ағызып жіберуге тышқан ініндей жыраны және топырақты терең сыңылау салып оның су өткізгіш қасиетін котеретін құрал. Тығыз механикалық құрамы ауыр топырақтарда, шабындық пен жайылымдарда, көпжылдық шоптер егістіктерде жүргізілетін тәсіл.
Сарысу- жараланған жерден шығатын немесе қан ұйыған кезде бөлініп шығатын сарғыш түсті сұйықтық.
Сауым, сауым сүт- белгілі уақыт аралығында (бір сауым, тәулік, ай, жыл және т.б.) саулған сүт өнімі.
Себу тереңдігі – топырақ бетінен себілген тұқымға дейінгі ара қашықтық.
Сидералдық егіншілік жүйесі- ауыспалы егістің сүрі жер танабында бөрібұршақ, түйежоңышқа және т.б. өсімдіктерді жасыл тыңайтқыш ретінде өсіру арқылы пайдалануды көздейтін егіншілік жүйесі. Топырақ құнарын арттырудың бір жолы.
Селеу (Stipa) – қонырбас тұқымдастарына жататын көпжылдық өсімдік.
Сирету- өсімдіктердің өсіп жетілуін жақсарту үшін қатардағы өсімдіктерді сиретіп, қажеттерін ғана қалдыру. Әсіресе қызылша, сәбіз және т.б қолданылады.
Сиреткіш- қатар аралығы 45 см және одан да үлкен болатын қызылша сияқты өсімдіктердің көгін сирететін машина.
Собық, сота- 1. жүгері өсімдігінің дән орналасқан бөлігі, жүгерінің жемісі; 2. өсімдіктегі гулшоғырдың бір түрі.
Солу – ылғалдың жетіспеуіне байланысты өсімдіктің жапырақ, сабақ тамырының солуы.
Сортаң жер- құрамында көбінесе натрий, онай еритін тұздар болатын топырақ. Далалық , шөлейт, шөлді аймақтарда кездеседі. Онда қара жусан, көкпек, сортаң және т.б. өсімдіктер өседі.
Сор топырақты жер- құрамында суда онай еритін тұздар көп топырақ. Далалық, шөлейт, шөл аймақтарда қалыптасады.
Сораң- біржылдық шөптесін өсімдік туысы. Бұташық, бұта түрінде де өседі. Шөлді және шөлейт, сор және сортаң топырақта өседі.Бағалы мал азығы. Кейбір түрлері кұм көшкінін тоқтату үшін аса қажет. Қазақстанда сораның 26 түрі өседі.
Суару мезгілі - суару мезгілі, мөлшері, саны және суарған уақыт пен сусыз тұрған уақыт аралығының ұзақтығы- осылардың бәрінің жиынтығы.
Суармалы егіншілік – суару арқылы ғана дақыл өсірілетін егіншілік саласы.
Суару мөлшері - 1 га суармалы жерге бір рет суарғанда жіберілетін су мөлшері.
Суалу кезеңі- сиыр сауу тоқтағаннан бастап келесі бұзаулағанға дейінгі аралық.
Судан шөбі- біржылдық шөптесін өсімдік. Бағалы мал азығы. Көк балауса, пішен, пішендеме, сүрлем дайындау үшін өсіріледі.
Суды қажетсіну(пайдалану) – су ресурстарын қайтармай пайдалану.
Суландыру- жергілікті су қорын пайдалану немесе жармамен басқа жақтан су жеткізу жолымен суландыру. Сусыз немесе суға тапшы аймақты сумен қамтамасыз ету.
Суландыру мөлшері- өсімдіктің бір өсіп-өну кезеңінде 1 га жерге жұмсалатын судың мөлшері.
Суландыру желісі- суармалы жерге су жіберіп тұратын тұрақты немесе уақытша жасалған жармалар, су желісі.
Суландыру жүйесі- гидротехникалық құрылыстар( су жиналатын, су айдайтынорын, жармалар мен түтіктері) бар жер, суаруға мүмкіндік беретін басқа да жағдайлар жасалған жер.
Суландыру жармасы- суландыру жер танабына су баратын жарма.
Суландыру, суару, ирригация- топырағы ылғалсыз танапты суарып, екпе өсімдік өсіру.
Суыртпақтап себу- суыртпақтап себу кезінде тар қатарлар мен кең қатарларкезектесіп отырады.
Сұлы өлшемі- мал азығы өлшемі ретінде алынған 1 кг сұлы.
Сұр теріскен- бағалы мал азықтық өсімдік. Далалық, шөлейт және шөлді аймақта тастақ жерде өседі. Жапырақтары менжас сабағы бүкіл жыл бойы түйе, жылқы, қой малына құнарлы азық болады.
Сүйреткі- тырма – Топырақтың беткі қабатын тегістейтін және өндейтін құрал.
Сүйреткілеу- егістік алқаптың бетін тегістеу және қопсыту.
Сүрлем- ауа кіре алмайтындай жағдайда сақталған шырынды азық.
Сыдыра жырту – сүдігер алдында топырақтын беткі қабатын сыдыра жыртып қопсыту.
Сыдыражыртқыш– топырақты сыдыра жыртып өңдейтін құрал.
Сыртқы орта әсері- организмді қоршаған және оған әсер етуші ауа, жылу, ылғал, топырақ, жануарлар, өсімдіктер және т.б.
Сірне- крахмалды гидролиздеп, қантқа айналдыру арқылы алынатын өнім.
Табиғат қорғау- өзімізді қоршаған табиғи ортаны сақтауға, тиімді пайдалануға, жаңартуға, жақсартуға бағытталған шаралар жүйесі.
Тар қатарлап себу- қатар аралығын 7-8 см етіп тарылтып себу.
Тездетіп шалғындандыру – табиғи мал азықтық жерлердің беткі қабатын ( жер қыртысын) алғашқы өндегенен кейін жаз бойы топырақты сүр танап сияқты өндеу шаралары қолданбай және келесі жылғы көктемде алдын-ала біржылдық дақылдар пайдаланбай көпжылдық шөптерді себу (шалғындандыру).
Температура жиынтығы- бір жерде белгілі бір уақыт аралығындағы жылы температураның жиынтығы. Ауылшаруашылығында, әдетте, өсімдік вегетациясы кезіндегі температура жиынтығы.
Теріскен- бұта түрінде өсетін көпжылдық өсімдік туысы. Бағалы мал азықтық өсімдік.
Технологиялық карта – бір а/ш дақылды өсіру үшін кезектеп аталған агротехникалық шаралар кестесі.
Тиімді температура – Өсімдіктердің нақтылы өсіп даму кезеңіне төмен шектен жоғары жылуға қажетті ауа және топырақ температурасы. Шектелгенен төмен температурада өсімдіктердің өсіп дамуі төқтайды ( тұқымдар өсіп өнбейді, гүлдеу тоқтайды және т.б.). Көптеген өсімдіктерге, оның ішінде көпжылдық шөптерге, тиімді температураның төменгі шеқтеуі 50С, жылы сүйғыш өсімдіктерге( жүгері, шай жүгері, судан шөбі, тары, итқонақ,қонақтары) – 8-100С, бірқатар субтропикалық дақылдар үшін (күріш, мақта, қарбыз, қауын және т.б ) – 12-150С.
Тоғыстыра себу- тұқымды егістік жердің ұзына бойына да, көлденеңінен де тоғыстыра себу.
Тозаңдатып бүріккіш- сұйық пестицидтерді бүркіп шашатын, ұнтақтарын тозаңдатып шашатын екі жақты машина.
Топырақ бонитетті – топырақ құнарлығын анықтайтын қөрсеткіш, әдетінше баллмен белгілейді.
Топырақтың су балансы – топырақтың су режимінің комплексті сипаттамасы немесе топырақтағы барлық ылғал қорының жиынтығы және белгілі бір уақытта және топырақтың белгілі бір қабатында оның шығыны ( мм немесе м3/га есептелінеді) .
Топырақты тырмалау– топырақтың беткі қабатын ұсақтауды, қопсытуды, тегістеуды және сонымен қатар арамшөптердің өскіні мен егін когін жоюды қамтамасыз ететін топырақты тісті немесе инелі тырмамен өндеу тәсілі.
Топырақтын су режимі– топырақ ылғалдың ауысуын, шығындалуын және өсімдіктермен пайдалануын анықтайтын қозғалыстар мен процестер жиынтығы, топырақ құнарлығынының бір факторы.
Топырақты тегістеу –топырақтың беткі қабатындағы өйлы-қырлылығын азайту. Тырмалау, культивациялау, тығыздау және т.б. тәсілдермен орындалады.
Топырақтын өндеу тереңдігі – жыртылмаған танаптың беткі қабатынан машиналар мен құралдардың жұмыс істейтін органдарының топырақ тереңдікке дейінгі ара қашықтық.
Топырақты дискілеу – Дискілі құралдармен топырақты ұсақтауды, аздап араластыруды және арамшөптерді жоюді қамтамасыз ететін -топырақты өндеу тәсіл.
Топырақты аздап өндеу- топырақтың құнарлы бөлігін жуылып- бүлінуден қорғау үшін қара шірікті біртіндеп пайдалану. Тапталып тығыздалудан қорғау үшін атқарылатын шара. Бұл кезде топырақ таяз жыртылады, өңдеу жұмыстары аздаған мөлшерде ғана жүргізіледі.
Топырақ өндеу- екпе дақылдардың жақсы өсіп-жетілуіне жағдай жасау үшін, мол түсім алу үшін топырақты өндеу шаралары.
Топырақты құнарландыру- топырақтың өсімік өсіруге жасыз қасиеттерін жойып, оны мәдени өсімдік өсе алатындай етіп жақсарту әдісі. Бұл табиғи қасиеттері нашар топыраққа қолданылады.
Топырақтын астынан суару- ылғалды топырақ бетінен емес, топырақ астынан жіберу арқылы жер суару.
Топырақ- ауының, судың, тірі организмдердің т.б. әсері нәтижесінде түзілген, жердің өсімдік өсе алатын беткі құнарлы пайдалы қабаты.
Топырақ ылғалы- топырақ құрамында болатын ылғал.
Топырақ қартасы- белгілі бір жерде топырақ түрлерінің орналасуын көрсететін карта.
Топырақ қабаты- топырақ түзілу кезінде қалыптасқан және тегі бір топырақ қабаты.
Топырақты тығыздау- егістік жердегі топырақтын беткі қабатын тығыздау, кесектерді ұсату. Агротехникалық шара.
Топырақты эрозияға қарсы өндеу- мұндай өндеу кезінде суға тосқауыл болатын микрорельефжасайды және желге қарсыаңыздық дақылдар қалдығын орналастырады.
Топырақ өндеу жүйесі- екпе өсімдіктерді өсіру кезінде ғылыми негізде орындалатын агротехникалық әдістер жүйесі.
Топырақ құрылымы- топырақ бөлшектері, олардың үлкендігі, пішіні, құрамы.
Топырақтын жылу жағдайы- уақыт мезгіліне байланысты топырақ жылылығының өзгеруі.
Топырақты саңылау – топыраққа терең саңылау салып оның су отқізгіш қасиеттерін көтеру тәсіл.
Топырақты тілу- топырақты 40-60см тереңдіте тіліп өндеу. Көбінесе беткейлі жерде ылғал тоқтату үшін және топырақ шайлауына қарсы жүргізіледі.
Топырақты фрезерлеу (терең қопсыту)– топырақты фрезамен өндеу тәсіл. Өндеу қабатын ұсақтау, қопсыту және араластыруды қамтамасыз етеді.
Тұқымдардың пісіп жетілуі – физиологиялық пісіп жетілуге әкеліп, жақсы егін көгін қамтамасыз ететін, жаңа жиналған тұқымдарда жүретін биохимиялық процесс.
Тұқым өндеу- түсімді арттыру үшін тұқымды түрлі жолдармен өндейді.
Тұқым еккенен кейінгі топырақ өндеу- тұқымды немесе көшетті еккеннен бастап түсім жинағанға дейінгі ралықта топырақ өндеу жүйе
Тұқымды егу алдында өңдеу- тұқымның өнімділігін арттырып, сапасын жақсарту үшін оны егу алдындағы өңдеу шаралары: сорттау, қыздырып желдету, микроэдлементтермен өңдеу, уландыру және т.б.
Тұқымның өнуі- тұқымның мұрт жарып өніп шығуы.
Тұқым сепкіш, сеялка- екпе өсімдіктер тұқымын топыраққа сеуіп орналастыратын машина.
Тұқымды өніп шығуын жеңілдету (стратификация семян) - өніп шығуы қиын қатты қабықты тұқымдарды ылғал жағдада ұзақ ұстап, қабығын жібіту, өніп шығыуын жеңілдету. Әсіресе , ағаш өсімдіктерінің тұқымы үшін қолданылады.
Тұқым тазалығы – тұқым материалдарында негізгі дақылдың көлемі ( пайызбен салмағына).
Түйіршіктелген мал азығы – мал азықтық қоспалар (комбикорм, шөп ұны және т.б.), тығыз түйіршіктерден құрастырылған, пішіні домалақ және целиндр, куб тәрізді, мөлшері 1-ден 25 мм-ға дейін.
Түйнекжемістілер– адамдармен тағамға және мал шаруашылығында мал азығына, өндеу өндірісінде шикі зат ретінде пайдаланатын жер асты сабақтарында немесе қосымша тамырларында түйнектер қалыптасатын өсімдіктер тобы (картоп, жер алмұрт батат).
Түсім, өнім- екпе және табиғи өсімдіктен алынған өнім.
Тыңайтылған жер- аз уақыт бойы тыңайтылған жер.
Тыңайған жер – бір жыл бойы пайдаланбаған танап.
Тыңайтқыш жүйесі- ауыспалы егіс танаптарындағы дақылдар үшін тыңайтқыш қолданудың көпжылдық жоспары.
Тыңайтқыштар- құрамында өсімдікке қорек болатын заттары бар органикалық және минералдық заттар.
Тың – ұзақ уақыт (ғасырлар) бойы өнделмеген табиғи өсімдіктер өсетін жерлер.
Тырма – топырақтың беткі қабатын саяз өндейтын құрал. Тырма түрлері: инелі, серіппелі, пышақты, тісті, дискелі, табан, торлы.
Тікелей комбайнмен жинау- екпе дақылдарды дестеге түсірмей, тікелей комбайнмен жинау әдісі.
Тікелей жинау- бір кезеңде жинау. Астықты бірден орып бастыру.
Ұлы өсімдіктер – Тіршілік кезеңінде токсикалық заттар жинақталып а/ш малдарын ұландыратын, ал кейбір жағдайларда опатқа ұшыратын өсімдіктер. Мысалы, меңдуана, жусандар, сарғалдақтар және т.б.
Ұялап себу- тұқым(бірнеше тұқым) жеке ұяларға орналастырылады.
Үйбидайық- Шөптесін өсімдік туысы. Көпжылдық және біржылдық түрлері бар. Барлық түрі бағалы мал азығына жатады.
Үлескі, учаске- жердің, танаптың шағын бөлігі.
Үсікке қарсы суару- көкөністерді, жеміс –жидек дақылдарын, жүзімдікті үсіктен сақтп қалу үшін көктемде және күзде үзіп-үзіп жаңбырлатып суғару.
Үш кезеңдеп жинау- астықты ору, көлікке тиеп тасымалдау, тұрақты орында бастыру.
Фотосинтез – жасыл өсімдіктермен күн энергиясын органикалық заттар энергиясына айналдыру процес. Кескін ретінде бұл процес келесі түрде корсетуге болады:
6 СО2 + 6 Н2О 6 Н12О6 +6О2
Фрезелер ( көп пішақты топырақ өндеуіш) – шымды ұсақтату, қопсыту және араластыру құрал, табиғи жерлерді үстіртін және түбегейлі жақсартуда қолданады, әсіресе батпақ жерлерде.
Хлоропластар ( грек тілінен chloros – жасыл және plastos – қалыптасқан) – өсімдікте фотосинтез процесін жүргізуші пластидтер.
Хлорофиллдар ( грек тілінен chloros – жасыл және phyllon – жапырақ)–өсімдіктердің жасыл пигменттері, ол арқылы күн сәулесініңэнергиясын қабыл алып фотосинтез процесі жүреді.
Шым – шөптесін өсімдіктердің тірі және солып қалған тамырлармен тесілген топырақтын беткі қабаты - тың,көпжылдық тыңайған жер немесе көпжылдық шөптердің қыртысы.
Шабыннан кейінгі дақыл – күздік дақылды, бір жылдық және
көпжылдық шөптерді, басқа да мал азықтық дақылдарды ерте шауып алғаннан кейін, сол жерге көктемнің соңында немесе жазда егілетін дақыл.
Шабыннан кейінгі егіс- күздік дақылды, біржылдық және көпжылдық шөптерді, бсқа да мал азықтық дақылдарды шауып алғаннан кейін ,сол жерге көктемнің соңында немесе жазда егілетін дақыл.
Шабындық айналымы- шабындықты тиімді пайдалану жүйесі. Бұл кезде жеке шабындықты шабу мезгілі жоспар бойынша белгіленеді.
Шабықтау – отамалы дақылдар егістерінде жүргізілетін бірінші қатар аралық өндеу.
Шағын механикаландыру –шағын ауыл шаруашылығы жұмыстарын машинамен атқару.
Шалғайдағы мал шаруашылығы- малды шалғайда бағу, шалғай мал шаруашылығы. Малды белгілі бір уақыт аралығында немесе жыл бойы алыстағ табиғи жайылымдықта жайып бағу әдісі.
Шалғын, шабындық–көпжылдық шөптер. Әсіресе, ылғалы жеткілікті жер шөптері өсетін аймақ.
Шалғындық шөп өсіру, шалғындынтану – 1. шалғындық жайылым реттеу жүйесі; 2.шалғындық жайылым шаруашылығының теориялық негізін салушы ғылым саласы.
Шалғындандыру - Жер отылығын жасап шабындық (агрофитоценоз) пен жайылымға және т.б. пайдалану және су мен жел эрозиясынан қорғау үшін көпжылдық шөптерді себу.
Шалғын топырағы- шалғын өсімдіктері жағдайында қалыптасқан топырақ.
Шашақ, султан- көптеген астық тұқымдас өсімдіктерде кездесетін гүл шоғыры.
Шірінді көң, шіріген көң- шіріп, пайдалануға дайын болған көң.
Шымдану- топырағ бетінде шымның пайда болуы.
Шаршы ұялап себу- бұл әдіс кеінде ұялар шаршылап жасалады да, тұқымды шаршыдағы ұяларға орналастырып себеді.
Шашып себу- тұқымды танап бетіне шашып себу әдісі.
Шисабақ қонырбас- көпжылдық шөптесін өсімдік. Бағалы мал азығына жатады. Далалық жерде, шалғындықта өседі. Қазақстанда 8 түрі тараған.
Шөл жайылымы- шөл және шөлейт аймақтардағы мал жайылатын жер.
Шөптесін өсімдік – сабағы оншама қатаймайтын, жұмсақ болатын өсімдік.
Шөп танапты ауыспалы егіс- құрамында көпжылдық шөп басым болатын ауыспалы егіс.
Шөп егу- егіс танаптарында немесе табиғи жемшөптік алқаптарында біржылдық немесе көпжылдық шөп тұқымындарын егу.
Шөп қоспасы- аралас егілген біржылдық немесе көпжылдық бірнеше жемшөп өсімдігі.
Шөп танабы- шөп егілген алқап.
Ылғалдың пайдасыз қоры- ылғалдың өсімдік пайдалана алмайтын пайдасыз түрі.
Ірі мал азығы – құрамында клетчаткасы қөп (25-45%) құрғақ өсімдік мал азығы, оларға пішен, сабан, топан және т.б жатады.
Экологиялық заттар- экологиялық затқа ауа, жарық, жылу, ылғал, топырақ, жануарлар, өсімдіктер, адамның әрекеті жатады.
Яровизациялау, гүлдеудің стимуляциясы – вегетативті түрде нақтылы кезеңінде төмен температураларымен (2-100С) әсер етуіне өсімдіктің реакциясы. Күздік, кейбір екі жылдық және көпжылдық өсімдіктерге қасиетті.
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Дәріс № 1.
Тақырыбы: «Кіріспе. Негізгі түсініктер. Егіс тәжірибесі, оның ерекшеліктері.
Ғылыми агрономия әдістері»
1.Тәжірибе ісінің әдістемесі туралы түсінік
2.Аграрлық ғылымның басты бағыттары, ғылыми зерттеулердің жағдайы және дамыту болашағы. ауылшаруашылығы тәжірибесі ісінің даму тарихы
1.Тәжірибе ісінің әдістемесі туралы түсінік
«Тәжірибе ісінің әдістемесі» оқу пәні ауылшаруашылығы өндірісінде, өсімдік шаруашылығы саласында жоғары білікті мамандар даярлаудағы ең басты жүйе болып саналады, себебі еліміздің сауда тәуелсіздігін қамтамасыз ету, бәсекелестікке түсе алатын өнім өндіру, мал шаруашылығы және өсімдік өнімдерінің тағамдары өндірісінің үлестік салмағын ішкі нарықта жоғарылату және экспортқа шығару үшін ауылшаруашылығы дақылдарын өсірудің қазіргі технологияларын жетілдіруді қажет етеді, сонымен қатар жаңа тиімді әдістерін қолдану, жоғары өнімді жаңа сорттарын шығару, оған тек тәжірибе салу және жүргізу (эксперименталды зерттеу), сонымен бірге тәжірибе кезінде зерттеліп алынған ең жақсы нұсқаларын өндірістік тәжірибеге енгізу арқылы қол жеткізуге болады.
Ауылшаруашылығы өндірісі – ауылшаруашылығы дақылдарын және ауыл шаруашылығы малдарын өсіру арқылы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін (астық, мал азығы, сүт, ет, қайта өңдейтін өндірістерге шикізат дайындау және т.б.) алумен айналысатын басты материалдық өндіріс саласы болып табылады. Ауыл шаруашылығы басқа салаларға қарағанда аумағы үлкен аймақтарда орналасқан, онда өндірістің негізгі көзі – жер, өсімдік, жарық, жылу, су, тірі ағзалар-өсімдіктер және жануарлар, олар реттелмейтін сыртқы орта факторларына байланысты (су, жылу, аязсыз кезең және т.б.) оларды бағдарлай, кәсіби пайдалана білу қажет. Сондықтан ауыл шаруашылығы өте күрделі сала болып саналады да, агроном, зоотехник мамандарынан жоғары деңгейдегі теориялық білімді және тәжірибелікті талап етеді.
Ауыл шаруашылығының негізгі салалары – өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, олардың құрамына ұсақ салалы топтар кіреді: мал азығын өндіру, шалғын шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және т.б.
Кейінгі жылдары кеңінен қолданылып жүрген терминдердің бірі – Агроөндірістік кешен (АӨК), салалар байланысының жиынтығы деген түсінік, ауылшаруашылығы шикізатынан тамақ өнімін өндіруді және басқа заттарды қамтамасыз етуді, сонымен қатар оларды тұтынушыларға өткізуді қарастырады, олар үш сфераға бөлінген:
1) өнеркәсіп саласы, ауылшаруашылығына өндіріс құрылғыларын жеткізу (трактор және ауылшаруашылығы машиналары құрылысы, минералдық тыңайтқыштар, пестицидтер өндіру); 2) ауыл шаруашылығы, барлық меншік түрлерін қоса алғанда: ауылшаруашылығы кәсіпорындары, шаруа (фермерлік) қожалықтары, үй шаруашылығы (жекеменшік үй маңы шаруашылығы) және орман шаруашылығы; 3) ауылшаруашылығы өнімдерін тұтынушыларға дейін жеткізетін сала (дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату).
«Агрономия» сөзі agros егістік және nomos заң деген грек сөзінен шыққан, өсімдіктерді өсіру, топырақтың құнарлылығын және өнімін арттыру, ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану сияқты басқа да сұрақтарды зерттейтін заңдар кешені. Қазіргі кездегі агрономия құрамына бірнеше жеке ғылымдар енген: өсімдік шаруашылығы, мал азығын өндіру, көкөніс шаруашылығы, егіншілік, агрохимия, агрофизика, ауылшаруашылығы фитопатологиясы және энтомологиясы, селекция, тұқым шаруашылығы және т.б., олардың жаратылыстану (биологиялық) және теориялық ғылыми негізі – ботаника, өсімдіктер физиологиясы, генетика, ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағдарламалау, биохимия, топырақтану және т.б.
Агроном – грек сөзінен тікелей аударса – егістік заңын сақтайтын және білетін адамды айтады – өсімдік шаруашылығының, мал азығын өндіру, егіншілік және т.б. бағыттардағы жоғары білімді маман, негізінен келесі үрдістерді іске асыру қажет: ауылшаруашылығы өнімін өндіруді ұйымдастыру, аймақтың топырақ-климат жағдайын ескере отырып және дақылды өсірудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жоғары сапалы максималды өнім деңгейін алу (астық, мал азықтық, техникалық және т.б. дақылдар), ауыспалы егіс жасау және егістік құрылымын анықтау, топырақ өңдеу, сыртқы және ішкі нарықта сұранысқа ие ең жоғары өнімді дақылдарды және сорттарды енгізу, дақылдардың оңтайлы себу мерзімі мен мөлшерін қолдану, әрбір танап жағдайына байланысты себу мөлшерін қолдану, тыңайтқыш және өсімдікті қорғау құрылғылары, ғылыми техниканың алдыңғы тәжірибелі жетістіктерін қолдану, егістік және өндірістік тәжірибелер қою арқылы эксперименталды зерттеулер жүргізу, ұсынылған жаңа технологияларды және дақылдарды өсіру әдістерін зерттеу, ауылшаруашылығы жұмыстарының сапасын бақылау және басқа да көптеген мәселелермен айналысады.
Өсімдік шаруашылығы және егістікте мал азығын өндіру ғылыми және оқу пәні ретінде мәдени дақылдарды зерттейді, сонымен қатар еңбек және жоғары сапалы өнімнің бір бөлігіне кететін шығынын азайту арқылы жоғары және тұрақты өнімділікті қамтамасыз ететін, егістік дақылдарды өсірудің прогрессивті әдістерін қолдану жағдайларын қарастырады.
Себебі өсімдік шаруашылығында және егістікте, мал азығын өндіруде зерттеудің негізгі объектісі – өсімдік болып саналады, сондықтан агроном маманының дақылдардың биологиясы және морфологиясы, олардың сыртқы орта факторларына талабы туралы терең білімі болуы керек, аймақтың топырақ климат жағдайын тиімді пайдалану арқылы дақылдарды өсіру технологиясын жасау және қолдану, топырақ құнарлылығын сақтау және көтеру мәселесіне көңіл бөлуі тиіс.
Егістік дақыл өсімдігі аязсыз кезеңде вегетациялық кезеңінен өтіп өнім бере алады, соның салдарынан ең басты ерекшелігі – маусымдылығы. Егістікте өсімдіктің тіршілігі жиі өзгеріп отыратын ортада өтеді, сол себептен басқа салаларға қарағанда адам өзінің саласында өндіріс жағдайының жиі өзгеріп отыратын жағдайына кезігеді.
Өсімдіктің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өсімдіктің өсуі және дамуы үшін ең қолайлы жағдайлар жасалынады. Дақылды өсіру технологиясының барлық элементтерін сақтап қана қоймай, топырақ өңдеу, себу, күтіп-баптау және өнімді жинау жұмыстарын сапалы түрде өткізу қажет, егер де осы жұмыстардың біреуін кешіктіретін болсақ (технология элементтері) өсімдік шаруашылығы өнімінің саны мен сапасы төмендейді, жіберген қателіктер мен кемшіліктер дақылды өсіру барысында күрделі және қиын болады, ал кейбір кезде мүлдем мүмкін емес, сондықтан басқаларға қарағанда қатаң есептеулер және барлық жағдайлардың орындалуы керек, ол өсімдіктердің өнімділігіне әсер етеді.
Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі, оның басты объектісі – табиғаттың бейорганикалық заттарынан органикалық заттар түзе алатын жасыл өсімдік болып саналады. Жасыл өсімдікті өсіре отырып, адам күн сәулесінің кинетикалық энергиясын өсімдіктің органикалық затындағы потенциалды энергиясына айналдырады, сондықтан өсімдік шаруашылығында жасыл өсімдік топырақпен бірге өндірісте негізгі құрал болып саналады.
Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы саласы ретінде халықты тамақпен, мал шаруашылығын – жем-шөппен, өндірістің көптеген салаларын – тамақ, жалқы азық, тігін, фармацевтикалық, парфюмерлі және т.б. шикізаттармен қамтамасыз етуге міндетті, мал шаруашылығы ірі, шырынды және концентратты азықтармен толық қамтамасыз етілуі қажет, сонымен қатар мал шаруашылығы өсімдік шаруашылығына органикалық тыңайтқыш – көң, сұйық көң береді, онсыз, әсіресе, құнарлылығы төмен топырақтарда тұрақты және жоғары өнім алу мүмкін емес.
Өсімдік шаруашылығы өндіріс саласы ретінде егістік шаруашылығы, мал азығын өндіру, шалғын шаруашылығы, жеміс-көкөніс шаруашылығы, жүзім шаруашылығы, гүл шаруашылығы, орман шаруашылығын біріктіреді.
2.Аграрлық ғылымның басты бағыттары, ғылыми зерттеулердің жағдайы және дамыту болашағы. ауылшаруашылығы тәжірибесі ісінің даму тарихы
Жоғарыда келтірілген жадығаттарда ауылшаруашылығының және агроөндірістік кешеннің және саланың негізгі мақсаттары анықталды және – агрономия мен өсімдік шаруашылығы келтіріледі. Жалпы осы мақсаттарды қысқаша келесі үлгіде айтуға болады:
1. Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттыру (сәйкесінше, малдарға толыққанды азықпен қамтамасыз ету), еліміздің сауда тәуелсіздігін қамтамасыз ету, ол ет, сүт және басқада өнімдер және тамақтардың импортының төмендеуіне әкеледі.
2. Өсімдік шаруашылығы өнімін арттыру мәселесі, оның ішінде мал шаруашылығына арналған азықтар негізгі екі бағытта шешілуі мүмкін:
а) егістік алаңын көбейту және егістікке жаңа жерлерді игеру;
б) қазіргі заманғы технологияларды, жаңа машиналарды және құралдарды қолдана отырып және жоғары өнімді жаңа сорттарды және жаңа дақылдарды интродукциялау арқылы.
3. Ауылшаруашылығы саласында өндірілетін өнім бәсекелестікке түсе алатын, жоғары сапалы және өзіндік құнының төменділігімен ерекшеленуі керек, ал өзіндік құнының төмендеуі астық және мал азықтық дақылдардың жоғары өнімділігі, малдардың салмағының және сүтінің жоғарылығынан, өсімдік шаруашылығының және мал шаруашылығы салаларының еңбек өнімділігінің жоғарылығынан болады.
Егер де сүтпен еттің өзіндік құнының құрылымында 50 % мал азығының құны кіретінін ескеретін болсақ, ең арзан мал азығын өндіру не үшін қажет екені түсінікті болады. Сондықтан бәсекелестікке түсе алатын мал өнімдерін өндіруге (ет, сүт және басқалары) мал азығының өзіндік құнын төмендету арқылы қол жеткізуге болады, ал ол мүмкіндігінше жоғары өнім алғанда ғана болады.
Дақылдардың өнімділігін олардың биологиялық ерекшеліктерін және ғылыми негізделген есепке алу және әр топыраққа климат аймақтарында сыртқы орта факторларын пайдалана отырып көтеруге болады.
Сол себептен агрономия ғылымы қазіргі заманғы ғылымның жетістіктерін ескере отырып және жаңа машиналармен қондырғыларды, тыңайтқыштарды, өсімдіктердің ауырулары және зиянкестерімен күресу құралдарын ескере отырып технологияларды жетілдіретін жаңа ұсыныстар жасау, оған егістік тәжірибелердің әдістемесін қатаң түрде сақтап отырып жүргізген зерттеулердің қорытындысы арқылы жасауға болады.
Бұл жұмысты жүргізу ғылыми зерттеу және оқу институттарына, ауылшаруашылығы тәжірибе станцияларына жүктелген, олар кейінгі 50-60 жылда үлкен ғылыми зерттеулерді жүргізді, көп мөлшерде егістік дақылдардың отандық сорттарын шығарды, оның ішінде далалық аймаққа тән Солтүстік Қазақстанның ғылыми мекемелері, олардың топырақ климат аймағына байланысты ерекшелігі көп болғандықтан.
Бұрынғы Бүкілодақтық астық шаруашылығын ғылыми зерттеу институты (Шортанды ауылы) (Қазіргі А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығын ҒЗИ) өткен жүзжылдықтың 50-80 жылдары көптеген ғалымдар ұжымымен сан жүздеген эксперименттер жүргізді, соның негізінде Солтүстік Қазақстан облыстарының өндірісіне ұсыныстар жасалынып енгізілді, олар осы аймақта бидайдың және басқада дақылдардың жалпы өнімінің артуына үлкен үлесін тигізді.
Осы институтты 1955 жылдан 1985 жылдар аралығында басқарған, мықты ғылыми-өндірістік база жасаған, ғылыми ұжым құрастырған академик А.И.Бараевтың қорытындысы бойынша, Қазақстанның далалық аймағында өндіріске ғалымдардың келесі негізгі жетістіктері енгізілді: (Бараев А.И., 2008).
1. Жаңа топырақ қорғаудың егіншілік жүйесі, ол ең жаңа қазіргі заманғы эрозияға қарсы техникаларды пайдалануға негізделген, оның негізі топырақты аудара жыртатын соқалардан бас тарту, танап бетінде аңыздар және басқада өсімдік қалдықтарын қалдыратын эрозияға қарсы техникалармен айырбастау, олар танапта қар тоқтатуды қамтамасыз етеді.
2. Қар тоқтатын құралдармен қар тоқтату, олар қыста 35-40 см болатын қар қалыңдығын қамтамасыз етеді (осы жағдайда қар еріген жағдайда топырақтың беткі қабаты 100 см дейін ылғалданады).
3. Ғылыми негізделген бес танапты және 20 % сүрі танабы бар дәнді сүрі танапты ауыспалы егістерді игеру және енгізу.
4. Осы ауыспалы егістерде ең жоғары сапалы өнімділігі бар астық дақылдардың сорттарын таңдау және себу, негізінен жергілікті селекциядан.
5. Мал шаруашылығы фермалары және кешендері маңынан ең тиімді мал азықтық ауыспалы егістерді игеру және енгізу, арпа және жүгері себу немесе топыраққа атразин немесе симазин енгізген жағдайда тек қана жүгері себу.
6. Кебір топырақтарда мал азығын өндіру үшін және жайылым ретінде пайдаланумен қатар оларды түбегейлі жақсарту.
7. Жаздық бидайларды гектарына 2,5-3,0 млн. өнгіш тұқым себу мөлшерінде оңтайлы себу мерзімін ғылыми негіздеу (15-25 мамыр), ал жемдік дақылдарды арпаны және сұлыны одан кейін ( мамыр айының соңы-маусымның басы) себу.
8. Қазақстанның карбонатты топырақтарындағы тыңайған жерлерінде астық дақылдар егістігіне 1,0-1,5 ц/га суперфосфат енгізу, олар өнімділікті 3-3,5 ц/га көтерген.
Бақылау сұрақтары
Халық шаруашылығының басты саласы ретінде ауылшаруашылығы өндірісінің сауда тәуелсіздігін және бәсекелестікке түсе алатын өнім өндірудегі басты мақсаттары.
Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенінің негізгі мақсаттары?
Ауылшаруашылығы өндірісін дамытуда кешенді ғылым ретінде агрономияның ролін негіздеу.
Ауылшаруашылығының негізгі саласы, ғылыми және оқу пәні ретінде өсімдікшаруашылығы және мал азығын өндірудің маңызын негіздеу.
Тәжірибе салу және бақылау жүргізу әдістемесінде және әдістемелерді жасауда агрономия зерттеулерінің, ғылымының даму тарихының маңызы қандай?
Дақылдарды өсірудің жаңа технологияларын жасауда соңғы 50-60 жылда далалы Солтүстік Қазақстан ғылымының негізгі жетістіктері қандай?
Дәріс № 2.
Тақырыбы: «Агрономиядағы зерттеу әдістері»
1.Агрономия зерттеулеріндегі талдау, синтез және гипотеза
2.Агрономиялық тәжірибе туралы жалпы түсінік және негізгі зерттеу әдістері
1 Агрономия зерттеулеріндегі талдау, синтез және гипотеза
Практикалық агрономияның негізгі мақсаттарының бірі өсімдіктің сыртқы орта факторларына (су, жылу, жарық, азық және т.б.) талабын оңтайлы қамтамасыз ету, олар әр дақылда әртүрлі және әрқырлы болады, ал оларды өсіру реттелмейтін далалық жағдайда жүргізуге тура келеді, сондықтан агрономия ғылымының мақсаты зерттелетін құбылыстың (өсімдіктің өмірі факторлары) әр түрлі жақтарын біріктіру, құбылыстың негізін ашу үшін әрекеттілікті және қарым-қатынасты зерттеу.
Агрономия ғылымының негізгі зерттеу объектілерінің көпқырлылығы – өсімдіктің сыртқы ортамен қарым-қатынасы, біріншіден алынатын өнімнің сапасы және санына, адамға азық үшін пайдалану түріне, малға азық, өндіріске шикізат ретінде пайдалануына, экономикалық құндылығына, маңызы және өндірілетін өнімге сұранысына байланысты.
Агрономия ғылымы негізінде анализ (талдау) (грек тілінен. analisus – орналасуы, бөлінуі, бөлу) және синтез (грек тілінен. sintesis – қосу, құрастыру) деген түсініктер жатыр, себебі құбылыстың, фактордың, үрдістің түсінігін қалыптастыру үшін олардың жеке жақтарын ғана қарастырып қоймай сонымен қатар олардың біртектілігін ескеру керек, ол дегеніміз жеке және жеке бөліктерімен қарым-қатынасы.
Талдау жеке факторлардың (топырақ өңдеу әдісі, себу мерзімі және әдісі, себу мөлшері, тыңайтқыш және т.б.) өсімдіктер тіршілігіне және олардың өнімділігіне әсерін зерттеуге мүмкіндік береді. Өсімдіктердің тіршілігіне және өнімділігіне факторлардың жеке әсерін зерттеу, өнімділіктің жоғарлауына әсерін тигізуде өзінің тиімділігін көрсеткен факторды таңдай отырып әрі қарай синтетикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Зерттеудің синтетикалық әдісі мысалы ретінде зерттеу нәтижелерін өндірістік жағдайда тексеру болып табылады.
Зерттеушіге осы және басқа сұрақтар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізбес бұрын, осы мәселе бойынша шығарылған ғылыми мақалаларды оқу қажет, оларды тереңірек зерттеп үрдістер туралы гипотеза жасау қажет, олар белгілі бір сыртқы орта факторларының әсерінен өсімдіктерде өтеді, оларға дақылдардың өнімділігіне әсер етуін бағалау (әрі қарай өзінің тәжірибе қорытындыларымен салыстыру), осы агротехникалық шараны өндірістік жағдайда зерттеу мақсатында тәжірибенің бағдарламасын және сызбасын салу.
2 Агрономиялық тәжірибе туралы жалпы түсінік және негізгі зерттеу әдістері
Тәжірибе (эксперимент) – әсер етуді жан жақты есепке алуға жағдай туғызатын жерде құбылыстың пайда болуын, оның шығуын, себептілігін анықтау.
Агрономия тәжірибелеріндегі негізгі зерттеу объектісі – өсімдік және өсуіне, дамуына және дақылдың өнімділігіне әсер ететін факторлар. Тәжірибедегі бақылаулар – сандық және сапалық дамудың пайда болуын есепке алу, констатациялық жағдайына байланысты өсімдіктің өсуі және дамуы, оның ішінде фенологиялық бақылауды, өлшеуді, өсімдікті вегетациялық және басқа кезеңдерде өлшеуді айтуға болады.
Агрономиялық зерттеуде негізгі әдістері болып келесі негізгі тәжірибелер: вегетациялық, зертханалық, лизиметриялық, өндірістік, танаптық, сонымен қатар өмірлік тәжірибеде үлкен роль атқарады.
Вегетациялық –бақыланатын жағдайда жүргізілетін тәжірибе – вегетациялық үйшік, жылыжай, булы жай, қолдан жасалған климатты камера (фитотрон) және дақылдың өсуін, өнуін және өнімділігін анықтау мақсатында орнатылған тағы басқа заттар.
Академик Д.Н.Приянишниковтің (1954) айтуы бойынша «вегетациялық зерттеу әдісінің мақсатына «үрдістің негізін ашу және жеке факторлардың маңызын түсіндіру, ең бастысы өсімдіктің, топырақ және тыңайтқыштың ролін ескеру». Сонымен вегетациялық зерттеудің негізгі объектісі болып өсімдік, топырақ және тыңайтқыш болып саналады. Вегетациялық әдіс жаңа сорттарды шығаруда селекциялық жұмыстарда, биотехнологияда биологиялық үрдістерде және ауылшаруашылығы саласының әртүрлі жүйелерінде пайдалану мүмкіншілігін анықтауда, өнеркәсіп және медицина – ғылыми бағыттарында биология және техниканы біріктіру мүмкіншіліктерін зерттеуде кеңінен қолданылады.
Вегетациялық тәжірибелер ортасына байланысты үш негізгі түрге бөлінеді: сулы дақылдар – орта ретінде сулар пайдаланады, құмды-орта ретінде құмдар пайдаланады, топырақты дақылдар- орта ретінде топырақ пайдаланады.
Сулы дақылдарды пайдаланғанда тәжірибелік өсімдіктер ыдыстарда өсіріледі, оның іші суға және қажетті мөлшерде керек заттар ерітіліп толтырылады.
Құмдақ дақылдарды пайдаланған кезде, судың орнына таза кварцты құмдар алынады, олардың мөлшері 0,5-0,7 мм көп емес және органикалық қосындылардың лайынан тазартылған болады. Кептірілгенне кейін құмды 0,5 мм диаметрі бар сүзгіштен өткізеді, ал өсімдіктердің қоректенуін зерттейтін терең физиологиялық тәжірибелер үшін, топырақ қосымша тұз қышқылымен өңделеді, содан кейін қыздырылады. Құмды дақылдар сулы дақылдардан артықшылығы бар, себебі тәжірибе жүргізу жеңіл, өсімдіктің дамуы жақсы, бірақта сулы өсімдіктер құмды өсімдіктерге қарағанда өсімдіктің тамыр жүйесінің өсуі және дамуына бақылау жасауына мүмкіндік береді.
Вегетациялық тәжірибелер 3,5-5 л көлемі бар шыны немесе метал ыдыстарында жүргізіледі, олар тәжірибе өсімдіктері бекітілген тесігі бар тығындармен немесе ағаштар жабылған. Вегетациялық ыдыстар әдетте сулы дақылдарда пайдаланылады, ал кейде құмды және топырақты дақылдарға да пайдаланылады, ақырғыларына тесігі бар қақпақтардың қажеті болмайды.
Зертханалық- зерттеулер, зертханалық жағдайда жүргізіледі –зерттелетін объектіге факторлардың әсер етуін оқу үшін температура, жарық, ылғалды реттеп отыруға мүмкіндік беретін бөлмелерде, термостаттарда, бокстарда, климаттық камераларда жасалынады. Зертханалық әдіс жеке зерттеу әдісі ретінде келесі сұрақтарды шешу үшін қолданылады: физиологияда фотосинтездің физиологиялық процесін, көмірсулар ассимилияциясының, өсімдіктер тыныс алуының, судың сіңірілуін және булануын, өсімдіктердің қоректік элементтерге қажеттілігі, биохимиялық процесстерді және көптеген басқа заттардың құрамын анықтағанда-ақуыз, майлар, витаминдер, минералды заттар және т.б., селекцияда – өсімдіктердің сыртқы орта факторларына талабын зерттеу- қысқа, құрғақшылыққа, ауыруға және зиянкестерге төзімділігі, өсімдіктердің технологиялық сапасы.
Агрономия ғылымының әрбір бөлімінің өзінің зертханалық зерттеу әдісі бар, химиялық, физико-химиялық, микробиологиялық және т.б.
Зертханалық зерттеу әдістері тұқымның өсуі үшін оңтайлы жағдайларын, ол тұқымдардың өсіру жағдайына байланысты себу сапасына баға беру үшін тұқымшаруашылығында кеңінен қолданылады.
Лизиметриялық – өсімдіктің тіршілігін және топырақ процесстерінің динамикасын зерттеу үшін арнайы лизиметрлерде жүргізіледі, бұл кезде далалық жағдайда ылғалдың және қоректік заттардың қозғалысын және балансын есептеуге мүмкіндік бар.
Лизиметрлік зерттеу әдістерінде өсімдіктің өсуі және дамуы, топырақтың қасиетін анықтау арнайы лизиметрлерде жүргізіледі, ондағы топырақтар жан-жағындағы және астындағы топырақтан қоршалған. Лизиметрлердегі зерттеу қалыңдығы зерттеу мақсатына байланысты ауқымды боуы мүмкін 1-2 м,етрге дейін.
Лизиметрдің құрылысы тәжірибенің басты мақсатына байланысты және міндетті түрде топырақтан аққан суды жинау құрылғысы болуы қажет, ол ондағы заттардың қаншалықты сіңгенін анықтайды. Лизиметрлік тәжірибе әр түрлі ауылшаруашылығы дақылдарындағы су балансын оқуға, қоректік заттардың атмосфералық жауын-шашынмен және суармалы ылғалмен жылжуы, дақылдардың транспирациялық коэфициентін анқытау. Зерттеудің бұл әдістемесі егіншілікте, өсімдік шаруашылығында, мал азығын өндіруде, шалғын шаруашылығында, топырақтануда, мелиорацияда, физиологияда, агрометеорлогияда, селекцияда, агрохимияда және т.б. қолданылады.
Танаптық тәжірибе агрономия зерттеуінде негізгі болып саналады, басты мақсаты ауылшаруашылығы өндірісінің ауылшаруашылығы өндірісінің сапасын және өнімділігін арттыру бойынша қойылған талаптары негізінде жүргізіледі, әртүрлі топырақ климат аймақтарына агротехникалық шаралар және ұсыныстар жасалынады, сорттарды сынау олардың ең жақсыларын «Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген, селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік реестріне» енгізу.
Танаптық тәжірибе ғылыми зерттеудің ең басты әдісі, зерттеулердің негізінде әртүрлі топырақ климат аймақтарында егістік дақылдарды өсіру технологияларының элементі жинақталады, шаруашылыққа әрбір дақыл үшін нақты агротехникасы жасалынады.
Қай тәжірибені жүргізу үшінде экспериментті қою әдістемесін қатаң түрде сақтаған дұрыс.
Осы мәеслені дамытуда үлкен үлес қосқан ғалымдардың жазған арнайы әдебиеттерде танаптық тәжірибе туралы әртүрлі түсініктер бар. А.А.Кудрявцевтің (1959), айтуы бойынша «Танаптық тәжірибе түсінігін кеңінен қарайтын болсақ табиғи жағдайда өсімдіктер тіршілігіне әртүрлі жағдайлардың әсер етуін зерттеу».
Академик П.Н.Константиновтің айтуы бойынша (1952): «Танаптық тәжірибе-ауылшаруашылығы өнімділігінің күшін дамытуға және ауылшаруашылығы өндірісіне ғылыми көмек беруге бағытталған эксперимент, нақты табиғи және өндірістік жағдайды есепке алатын эксперимент, қарастырылатын сұрақтың тарихын және даму болашағын есепке алу».
«Ауылшаруашылығы энциклопедиясы»-да (1955 жыл, үшінші басылым) келесідей түсінік берілген: «Өндірістік жағдайға жақын егістік жерлерде дақылдарға жүргізілетін агрономиялық зерттеулер экспериментін танаптық тәжірибе дейді».
Тәжірибе ісі әдістемесінің және тәжірибе материалдарын статистикалық өңдеуінің ірі теоретигі профессор Доспехов Б.А. (1979) келесі анықтама берді: «Эксперимент, тәжірибе- зерттеуші құбылыстың пайда болуына әкеледі немесе құбылыстың пайда болу жағдайын түсіндіре алатындай әсері, ара қатынасы және құбылысы. Тәжірибе – зертетудің басты әдістемесі, ол бақылауды, корреляцияны, жағдайлардың өзгеруін және алынған мәліметтерді қатаң түрде есепке алады. Нақты ғылыми тәжірибенің басты ерекшелігі-оның іске асуы».
Профессор Н.Г.Найдиннің (1968) айтуы бойынша тәжірибе егісітігін арнайы әдебиеттерінде ауылшаруашылығы ғылымының алдында тұрған жалпы мақсаттар немесе осы ғылымның жанындағы бөлімдердегі мақсаттар келтіріледі, алайда бұл мақсаттарды басқа әдістерді қолданбай іске асыруға болмайды, сондықтан танаптық тәжірибелердің мүмкіншілігін асыра айтуға болмайды және оны ауылшаруашылығының алдында тұрған жалпы мақсатпен араластыруға болмайды. Н.Г.Найдин келесі анықтаманы ұсынады: «Танаптық тәжірибе – ауылшаруашылығы өсімдіктеріне жағдайлардың немесе өсіру шараларының (жеке алғанда немесе қосындысы) сандық әсерін анықтау үшін арнайы жерлер бөлінген табиғи жағдайда жүргізілетін зерттеу».
Жоғарыда келтірілген анықтамаларда «танаптық тәжірибе» түсінігінде жалпыға бірдей және негізгі түсінік берілген- «танаптық тәжірибе өндіріске жақын егістік табиғи жағдайда жүргізілетін эксперименталды агрономиялық зерттеу», сондықтан анықтамалардың барлығын негізге алуға болады. Бірақ та Н.Г.Найдиннің танаптық тәжірибе анықтамасында басқа агрономиялық зерттеу әдістемелеріне қарағанда өзгешелігі бар, сондықтан әрі қарай танаптық тәжірибе әдістемесіндегі ірі маманның анықтаған анықтамалығын пайдаланамыз.
Танаптық тәжірибелерде, басқа эксперименталды зерттеулердегідей басты маңызы бақылауды дұрыс жүргізуде.
Бақылау- ол зерттеушіні қызықтыратын дамулардың сандық және сапалық көрсеткіштерін тіркеу, сол және басқа жағдайлардың қасиетін және әсерін анықтау.
Өсімдіктердің өнімділігін арттырудың практикалық және теориялық негіздерін жасаудың ғылыми зерттеу шаралары – вегетациялық кезеңде өсімдіктердің өсуі және дамуын бақылау және эксперимент жүргізу.
Оқу құралының келесі бөлімдерінде басты көңіл танаптық тәжірибеге бөлінеді: жіктелуі, жоспарлау әдістемесі, учаскелер таңдау, тәжірибе салу, бақылау және есепке алуды жүргізу және т.б.
Өндірістік – өндірісітік жағдайда танаптық алқаптарда жүргізілетін тәжірибе. Олар келесі тәжірибелерге бөлінеді- үлгілік, салыстырмалы, тиімді шараларды есепке алу және демонстративті
Өмірлік – тәжірибе. Тәжірибенің бұл түрі практикалық алған білімнің жиынтығы, тәжірибеде сыналған, көп жылдар бойы жинақталып ұрпақтан ұрпаққа таратылып келген, шаруашылық тұрғыда баладан әкеге қалып отырған
Бақылау сұрақтары
1. Агрономиялық зерттеулердегі «анализ», «синтез» және «гипотеза» туралы түсінік.
2.Тәжірибе (эксперимент), тәжірибедегі бақылаулар түсініктеріне анықтама беру және бұл анықтамалардың мәнін ашу.
3.Агрономиялық зерттеулерде қандай негізгі әдістер қолданылады?
4.Вегетациялық тәжірибелер алдында қандай негізгі тапсырмалар қойылады және зерттеулердің негізгі обьектері? Вегетациялық тәжірибелердегі зерттеулерді өткізу әдістемесі туралы жалпы мәлімет, вегетациялық тәжірибелер түрлері.
5.Зертханалық зерттеулер алдында қандай негізгі тапсырмалар қолданылады, бұл тәжірибелерде қандай сұрақтар зерттеледі және оларды өткізу жағдайлары?
6.Лизиметриялық тәжірибе жасағанда қандай негізгі тапсырмалар қойылады, қою және өткізу әдістемесі?
7.Танаптық тәжірибе агрономиядағы зерттеулердің негізгі әдісі деп неге саналады және оның негізгі тапсырмалары?
Дәріс № 3.
Тақырыбы: «Танаптық тәжірибеге қойылатын негізгі талаптар және мақсаттары»
1.Танаптық тәжірибелердің жіктелуі
2.Танаптық тәжірибелерге қойылатын талаптар
1.Танаптық тәжірибелердің жіктелуі
Алдында анықталғандай танаптық тәжірибе негізгі әдіс болып есептеледі, оның негізгі мақсаты болып ауылшаруашылығы өндірісі және агрономиядан пайда болған келесі мақсаттарды шешу – өсіру технологиясы элементтерін оқу негізінде өнімділік деңгейін арттыру және алынған өнімнің сапасын арттыру және белгілі бір топырақ климат аймақтарына арналған агротехникалық шараларды қолдануға ұсыныс жасау, сонымен қатар өндіріске пайдалану үшін жіберілетін дақылдың сорттарын сынау.
Танаптық тәжірибе өсімдік тіршілігі факторларының өнімділікке және алынатын өнімнің сапасына сандық әсер етуі туралы толық анықтама беру қажет, оның мақсаты келесідей:
а) реттелемейтін сыртқы орта факторларының әсерін есепке алу;
б) зерттелетін агротехникалық шараның, сонымен қатар реттелетін факторлардың әсерін оқу;
в) зерттелетін фактордың әсерінен болатын өсімдіктің өсу және даму құбылысына бақылау жүргізу;
г) өнімділікті есепке алу және оның сапасына баға беру.
Т.Г.Найдин (1968) су, қоректік, температуралық режимдерді, топырақ құрылғысын, өсімдіктердің ауыруы және зиянкестерін және т.б. анықтау үшін егістікте жүргізілген тәжірибелерде егер өнімділік анцықталмаса оны танаптық тәжірибе деп айтуға болмайды деп жазған.
Сондықтан, танаптық тәжірибе мақсатына табиғи жағдайда (егістік) міндетті түрде сандық бағалау әдістемесін қолдану қажет, басқа және сол дақылдың, сорттың өнімділігіне шараның немесе шаралар қосындысының әсері.
Бағалау белгілі бір егістік көлеміне қосымша өнімнің болуымен есептеледі (салмағы немесе сапасының артуы). Агротехникалық шараның сандық бағалауын, зерттелетін агротехникалық шараның тиімділігі деп атайды, одан басқа, танаптық тәжірибелер қорытындысынан тәжірибені экономикалық тиімділігі бағалауды талап етеді.
Танаптық тәжірибелер кейбір көрсеткіштеріне байланысты: зерттеуде шешілетін зерттеу мақсатына, қарастырылатын сұрақтар санына, орнына және ұзақтығына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: стационарлы (тұрақты), көпжылдық және уақытша, олар арнайы бөлінген жерде немесе өндірістік жағдайда жүргізіледі, мақсатына агротехникалық шараларды зерттеу, сорт сынау, немесе сол және басқа агротехникалық шаралар аясында зерттеулердің арақатынасы және сорттарға баға беру, бұл кездердеде міндетті түрде экономикалық тиімділігіне баға беру қажет.
Сонымен басқа танаптық тәжірибелер екі топқа бөлінеді: негізгі (бағдарламаланған)және барлаушы (рекогносировкалы, уақытша).
Негізгі тәжірибелер– стационарлы, тұрақты жер учаскесінде және бірнеше жыл жүргізіледі, барлаушы уақытша жер учаскесінде салынады, бірақта арнайы бөлінген жер учаскесінде жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына сорт сынау жұмыстары сорт сынау жер учаскесінде жүргізіледі, олар әр түрлі топырақ климат аймақтарында орналасады, сорт сынап сол және басқа аймаққа, ауданға стандартпен салыстырғанда келешегін анықтайды, бұл кезде зерттеулер жеке тәжірибелерде де, сонымен қатар әр түрлі агротехникалық аяларда жүргізіледі (алғы дақыл, топырақты өңдеу әдісі, тыңайтқыш және т.б.).
Танаптық тәжірибелер қойылған міндетіне, факторлардың санына, дақылдарға және т.б байланысты келесі түрлерге бөлінеді: бір факторлы және көп факторлы, бірлік және жаппай (географиялық), қысқа мерзімді, көпжылдық және ұзақ жылдық, арнайы тәжірибе танаптарында және өндірістік жағдайда салынады.
Бір факторлы тәжірибеде (қарапайым) қандайда бір фактордың әсері зерттеледі. Міндеті: фактордың өнімділікке әсері зерттеледі. Мысалға: Себу мерзімі, себу мөлшері, топырақ өңдеу әдісі, сорттар және т.б.
Көп факторлы (күрделі) тәжірибеде екі немесе одан да көп факторлардың әсері зерттеледі. Міндеті: әр түрлі фактор-лардың өзара әрекетін зерттеу (оң және теріс әсері), қосымаша өнім алу немесе оның төмендеуі. Мысалға, дақылдар тұқымының себу мерзімі және мөлшерінің өнімділікке әсері, екі немесе оданда көп алғы дақылдарындағы әр түрлі топырақ өңдеу әдісінің әр түрлі алғы дақылда себу мерзімінің, әр түрлі себу мерзімінде бірнеше сорттардың, тыңайтқыштар түрінің бірнеше дақылдар немесе сорттар өнімділігіне әсері.
Бірлік тәжірибе әр түрлі пунктарда салынады және бір біріне тәуелді емес сызба нұсқамен, белгілі бір жағдайларда агротехникалық шараны зерттеу, бірақта басқа тәжірибелемен салыстыруға болмайды . Бұндай тәжірибелерді зерттеу мекемелерінде және ауылшаруашылығы оқу орындарында жүргізеді.
Жаппай (географиялық) тәжірибелерде мемлекеттік, облыстық, аудандық көлемде әр түрлі топырқ климат аймақтарда мазмұны және уақыты бір әдістемемен келісе отырып салынады. Жаппай тәжірибеге мысал ретінде ауылшаруашылық дақылдарын сорт сынауының мемлекеттік жүйесін, немесе тыңайтқыштармен өткен жүзжылдықтың 50-80-ші жылдарындағы КСРО АШМ және Ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының тапсырысымен Совет Одағы территориясында жүргізілген георграфиялық тәжірибелер. Географиялық тәжірибелердің мақсаты – агрошараларды жалпы мемлекеттік жоспарларды негіздеу (тыңайтқыштарды, жаңа сорттардың тұқымын, ауылшаруашылығы машиналарын өндіру және бөлу).
Минералдық тыңайтқыштармен географиялық тәжірибелер жүйесі жұмыстарын орындауға 200 аса ірі ҒЗИ қатыстырылды (салалы және аймақты институттар, облыстық тәжірибе станциялары және 50 жуық ауылшаруашылығы жоғары оқу орындары (П.Г.Найдин, 1968 ж.). Жүйенің негізгі мақсаты бірдей әдістемелік жетекшілікте танаптық тәжірибе және зертханалық зерттеулер жүргізу және бұрынғы КСРО территориясына тыңайтқыштарды орналастыруды, маңызды ауылшаруашылығы дақылдарына тыңайтқыш мөлшерін аудандастыру, олардың оңтайлы себу мөлшері және мерзімін анықтауды, сонымен қатар тыңайтқыштардың түрлерін және формаларын сынауды ғылыми негіздеу. Осы тәжірибелердің қорытындылары тыңайтқыш өндірісін орналстыруда, мемлекеттің әр түрлі топырақ климат аймақтарына тыңайтқыш қолдану тиімділігін ескере отырып өсірілетін дақылдың сортына тыңайтқыштарды жеткізуді жоспарлауда кеңінен қолданды.
Кезеңнің ұзақтығына байланысты танаптық тәжірибелер қысқа мерзімді, көп және ұзақ жылдық болып бөлінеді. .
Қысқа мерзімді тәжірибелер 3 жылдан 10 жыл аралығында жүргізіледі. Бір дақылмен бірдей жағдайда 3-4 жылы немесе стационарлы жер учаскесінде 4-10 жыл қайталап жүргізіледі.
Стационарлық емес тәжірибелер жыл сайын өзгермейтін сызбамен бір дақылмен жана жер учаскесіне салады және 3-4 жыл қайталанады, метеорологиялық жағдайдың зерттелетін қандайда бір зерттелетін агрошараға тиімділіг анықтау үшін осы уақыт жеткілікті деп есептеледі.
Көп жылдық тәжірибелерге бір факторлы немесе көп факторлы тәжірибелер жатқызылады , олар 10-50 жыл жүргізіледі.
Ұзақ мерзімді тәжірибелер, бір немесе көп факторлы тәжірибе, 50 жылдан аса жүргізіледі
Көп және ұзақ жылдық тәжірибелердің мақсаты: жүйелі түрде қолданылатын агротехникалық шаралардың немесе олардың кешендерінің өзара әрекеті және кейінгі әсерінің өнімділікке, өнім сапасына, топырақ құнарлығына, ауыспалы егісіне, дақылға әсерін зерттеу. Бұл тәжірибелер агрофитоценозда және топырақта баяу жүретін биохимиялық және физико-химиялық үрдістерді оқу, қоректік заттар балансын есептеу, қоректік элементтердің жоғалуын есепке алу, қоршаған ортаның залалдануының мүмкін көлемін, әр түрлі дақылдары бар егістік ауыспалы егістердің жүйесінде (астықты-сүрі танапты, отамалы, шөпті ауыспалы егістер және т.б.) топырақ құнарлығының артуы немесе төмендеуін оқу кезінде қажет.
Барлық дамыған мемлекеттерде көп және ұзақ жылдық танаптық тәжірибелер агрономиядағы фундаменталды мәселелерді шешуде қолданылады- егіншілік, өсімдік шаруашылығы, топырақтану, мал азығын өндіру, агрохимия және ғылымның басқада салалары. Мысал ретінде 100 жыл бұрын (1912 жылы) Петровский (қазір Темирязовский) академиясында салынған көп факторлы тәжірибе, тыңайтқыштар аясындағы толық сызба нұсқада (О, N, Р, К, NР, NК, РК, NPK, көң, көң+ NРК), ауыспалы егістің, ауысымсыз дақылдың, «мәңгі сүрі танабының», жиі әктеудің топырақ құнарлығына әсерін анықтау бойынша. Бір зерттеу зерттелетін факторлар санына, көлеміне және жүргізілетін зерттеудің тереңдігіне, агрономиялық маңызына және көрсеткіштеріне байланысты бұл зерттеу Ресейде ғана емес бүкіл әлемде теңдесі жоқ тәжірибе болып саналады.
Алыс шет елдерде жүргізіліп жатқан ұзақ мерзімді стационарлы тәжірибе ретінде Англияда Ротамстед тәжірибе станциясында тыңайтқыштарды, бидайды, арпаны ауысымсыз сепкенде және көпжылдық шөптерге енгізуді 1843 жылдан 1855 жылдары зерттегенде, Францияда (Гриньон) 1875 жылдан күздік бидай-қанттық қызылша ауыспалы егісінде тыңайтқыш қолдану, АҚШ (Иллинойский университет) 1876 жылдан жүгеріні ауысымсыз сепкенде және 2-3 танапты ауыспалы егісте өсіруде, германияда (Галь) 1878 жылдан қара бидайды ауысымсыз себу, Данияда, Германияда, Голландияда 100 жылдан аса көң және NРК тыңайтқыштарының тиімділігін зерттеу бойынша, Жапонияда 70 жылдан аса NРК, сұйық көңді және жасыл тыңайтқыштарды қолданғанда күріштің өнімділігіне әсерін зерттеу бойынша тәжірибелерді айтуға болады.
Тәжірибенің жеке дәрежесіне көп жылдық дақылдармен жүргізілетін зерттеулерді жатқызу керек, олардың өздерінің ерекшелігі бар, себебі тәжірибеде, мысалғы көп жылдық шөптермен уақытымен қайталанып 3-4 жылдан аса жүргізу қажет, соның нәтижесінде тәжірибедегі жер учаскесінің және зерттеудің көлемі 3-4 есеге артады. Көп жылдық шөптерге еркек шөп, қылтықсыз арпабас, жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқаны және т.б. дақылдарды жатқызады, бірінші жылы олар өсіп өнеді бірақ Солтүстік Қазақстан жағдайында өнім бермейді, олар биологиялық және өнімділігі бойынша тіршілік ұзақтығы әр түрлі, сондықтанда бірнеше жыл бойы онда өтетін үрдістерді бақылап отыру қажет (көбінесе 8-10 жыл қажет). Сонымен қатар көп жылдық астық және бұршақ тұқымдас шөптердің тіршілік ұзақтығына байланысты топыраққа қалдыратын тамырларды көлемін анықтау және олардың топырақ құнарлығын арттырудағы әсерін анықтау.
Өндірістік тәжірибе танаптық тәжірибелердің ішінде негізгі орынды алады, оның негізгі мақсаты ғылыми негізделген кешенді зерттеулер жүргізу, ол нақты шаруашылықтарда және нақты бір мақсатқа жауап беретін және өндірістің әрі қарай дамуына қажетті материалдық жағдайларды қарастырады, оның негізгі мақсаты барлық танаптық тәжірибелерден жоғары.
Б.А.Доспеховтің (1985) пікірі бойынша өндірістік тәжірибенің басты мақсатына агрономиялық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жүйесіндегі агротехникалық және экномикалық тиімділігін оқу, ол сол жүйедегі жеке шаралар немесе элементтерді зерттеу емес, сондықтанда эксперимент жүргізу үлкен өндірістік өлшемдерде жүргізіледі – бригада, шаруашылық, шаруашылық топтары.
Б.А.Доспехов өндірістік жағдайда технологияның жеке элементтерін, жаңа сорттарды немесе ауылшаруашылығы машиналарын әртүрлі сынауда жүргізілетін танаптық тәжірибелерді өндірістік тәжірибелер деп айтуға болмайды дейді.
2 Танаптық тәжірибелерге қойылатын талаптар
Танаптық тәжірибе басқада зерттеу әдістемесі сияқты зерттеу нәтижелерінен нақты және шын мәліметтер алуды қамтамасыз ету қажет, ол тәжірибеде салу және жүргізу әдістемесі талаптарын орындағанда, біртектілікті сақтағанда, дәлдік және бірлік айырмашылығында сақтағанда ғана іске асырылады.
Тәжірибенің дәлдігі (немесе танаптық тәжірибенің қателігі) – статистикалық көрсеткіш, тәжірибелік көрсеткіштердің сандық өзгергіштері, ол тәжірибе жадығаттарының әртектілігімен ерекшелінеді (тәжірибелік өсімдік, топырақ жағдайлары, техникалық қателіктер (эксперимент жасаушының қателігі).
Танаптық тәжірибенің дәлдігін арттыру тәжірибе жер учаскесін дұрыс таңдауға және дайындауға, мөлдектердің формасын және аумағын дұрыс таңдау, сонымен қатар тәжірибе варианттарының қайталымын, тәжірибе мөлдектерін және қайталымдарды дұрыс орналастыруға, өнімділік деңгейін анықтайтын нақты әдістемені таңдауға байланысты. Тәжірибенің дәлдігі басқа сөзбен айтқанда – алынған мәліметтердің зерттелетін нақты фактордың әрекетіне сәйкестігі.
Танаптық тәжірибенің қателігі жұмысты жүргізу техникасының және жүргізілетін жұмыстар жүйесінің қателігі, танаптық тәжірибе жер учаскесінің топыраққа құнарлығының әртектілігі, машиналардың және қондырғылардың ақауы, жұмыс жасайтын адамдардың нашар біліктілігі және т.б.. Осы қателіктердің барлығы тәжірибеде алынған мәліметтерге әсерін тигізеді.
Қателкітер қарапайым екіге бөлінеді біржақты (тұрақты) және екі жақты (кездейсоқ).
Тұрақты (біржақты) қателік машинаның, құралдың, қондырғылардың құрылысынан және нашар реттелуінен, олар алынған мәліметтердің жоғары немесе төмен қарай өзгеруіне әсер етеді , сондықтан тәжірибеде жақсы реттелген , сенімді, бұзылмаған машиналармен қондырғыларды пайдалану қажет. Көптеген жүйелі бір жақты қателіктерді азайтуға немесе жоюға мүмкіндік бар.
1. Өнімділік деңгейін үлгілік бау, үлгілік белгіленген аумақ, метр өлшегіш әдісімен есептеу тіклей есептеу әдісімен салыстырғанда үлкен қателіктерге алып келеді, әсіресе бұл әдістемені пайдалана алмайтын зерттеушілер жүргізссе.
2. Қондырғылардың қате жұмыс жасауы, машиналар, дұрыс орнатылмаған таразылар, себу мөлшері дұрыс қойылмаған сепкіштер және т.б., өсімдіктің өсу динамикасын, жапырақ бетінің ауданын анықтаған кезде объектіні субъективті түрде таңдау.
3. Біржақты қателіктерге дұрыс қарамау «қателігін»-де жатқызуға болады, ол зерттеушіде алдын ала жоспарланған оң және теріс мәлімтетерді алуға үміттенгенде (ол әсіресе жас зерттеушілерде кездеседі) бөледі. Ондай қателіктер алынған мәліметтердің орнынан жалған мәліметтер беруге алып келеді, оның өзін қылмыс деп санауға болады. Ондай зерттеушілерде арылуға және ғылыми жұмыстармен араласуға жібермеуге тура келеді.
Екіжақты (кездейсоқ) ол барлық зерттеулерде болады, әсіресе егістік тәжірибелерде, құнарлығы бойынша жер учаскесінің әртүрлілігі, ылғалдылығы, адам организмінің жетімсіздігі (түске реакциясы), аппаратураның жеткіліксіз деңгейдегі сезімталдығы және тағы басқалары. Екі жақты қателіктерді белгілі бір дәрежеде азайтуға болады, вариациялық статистика әдісін қолдану арқылы. Кездесетін барлық қателіктердің ішінде жер учаскесінің топырақ құнарлығының әр түрлі болуы, сондықтан бұл қателікке аса зор мән аудару керек, тәжірибенің жер учаскесін таңдаған және дайындаған кезде.
Тәжірибенің дәлдігіне әсер ететін басқа факторларды келесі дәрістерде қарастырамыз, ал қазір тәжірибенің бір тектігі және бір айырмашылық үрдісі деген түсініктерді қарастырамыз, ол зерттеудің сапасына әсер етеді.
Тәжірибенің типтілігі деп аймақтың, ауданның, аумақтың топырақ климат және өндірістік-агротехникалық жағдайында жүргізіледі, зерттелетін агротехникалық шаралар және сорттар сол аймақта қолданады. Климаттық, метеорологиялық жағдайлар Республиканың әр аймағында әр түрлі болады, сондықтан осы көрсеткіштер бойынша бір текті болады, егер зерттеу аймаққа тән жағдайда және аймаққа тән топырақ жағдайында жүргізілсе. Тәжірибеде типтік агротехника қолданылуы қажет, ол сол аймақтың ғылыми зерттеу мекемелерімен ұсынылған, осы топырақ климат жағдайына сай, өсіру технологиясы – алғы, прогрессивті болуы қажет.
Республиканың аймақтарында өздерінің жұмыс мезгілдерін өтеп біткен және моральды ескірген машиналар және қондырғылар қолдануда, сонымен қатар жаңадан әкелінген импортты машиналар және кешендерде қолданылады, сондықтанда дақылдарды өсірген кездеде қарапайым технологиядан бастап заманауи технологияларға дейін қолданылады, сондықтан тәжірибедегі технология типтік болады, егер агротехника ауылшаруашылығы өндірісінің алдыңғы қатарын ескере отырып ауылшаруашылығы ғылымымен ұсынылса.
Танаптық тәжірибелерді жүргізу кезінде топырақ өңдеу, алғы дақыл, себуге жіберілген сорттар, себу мерзімі себу мөлшері, тыңайтқыш қолдану, егістікті күтіп баптау және басқада технология элементтерінің агротехникасы аймаққа тән болуы тиіс, ол соңынан тәжірибенің өндірістік –шаруашылық типтілігіне әкеледі.
Тәжірибенің типтілігін қолданылатын топырақ өңдейтін, себетін, күтіп баптайтын, жинайтын машиналар және құралдар анықтайтынында естен шығармау керек. Себебі өндірістік жағдайда мөлдектердің аумағы 100-200 м2 артық болуы керек, ал аумағы оданда төмен тәжірибелерде себу, күтіп-баптау, жинау жұмыстарын қолымен «кіші механизацияны» ( кетпен, күрек т.б.) пайдалана отырып жүргізуге тура келеді, сондықтан бұл тәжірибелердің типтілігіне күмән келтіруге болады. Тәжірибенің типтілігін кейбір ұйымдастыру және техникалық жағдайларды, еңбек шығыны және тәжірибеде зерттелетін шараның экономикалық тиімділігін ескеруде сақтау мүмкін болмайды.
Жалғыз айырмашылықтың қағидасы немесе тепе-теңдік қағидасы, ол тәжірибені бірдей агротехникалық аяда жүргізуді қарастырады. Бұл қағиданың мәні танаптық тәжірибені жүргізу кезеңінде зерттелетін факторлар ғана әртүрлі болуы мүмкін ал зерттелмейтін жалпы шаруашылық агротехникалық аялар барлық танаптық тәжірибеде бірдей болуы керек. Мысалға технологияның кейбір элементтерін зерттеген кезде: себу мерзімі, себу мөлшері, сорттары, тыңайтқыш, топырақты өңдеу әдісі, егістікті күтіп баптау – осы элементтердің әр қайсысы зерттелетін фактор, ал зерттелмейтін өндірістік-агротехникалық ая барлық тәжірибе жер учаскесінде бірдей болуы қажет.
Алайда зерттелмейтін факторларды барлық варианттарда деңгейлестіру әр кезде дәлелденбейді, сол себептен зерттелетін және зерттелмейтін жағдайлармен, шараларды дұрыс бөлу қажет. Мысалға, себу мерзімін зерттеген кезде қатар аралықтарын қолымен өңдеген кезде алынған мәліметтер қате болады, қатар аралықтарындағы арамшөптер себілген дақылдың себу мерзімімен бірге зерттелетін факторға кіру қажет, алайда зерттеуші танапты арамшөптерден таза ұстау үшін қолымен қатар аралықтарын өңдеуге кіріседі, ол «тәжірибенің тазалығын» бұзады.
Басқа сөзбен айтқанда тәжірибені салғанда және жүргізгенде типтілік және дәлділік, қолдануға ұсынылған шаралар қаншалықты өндірісте қолдануға болатынына байланысты, әсіресе танаптарды қолымен өңдеу немесе әртүрлі мерзімде пісетін сортарды бір мезгілде жинау және т.б., жалғыз айырмашылық қағидасын ұстана отырып оларды сандыраққа дейін апаруға болмайды, қате алынған мәліметтерді өндіріске ұсыну арқылы
Сорттарды сынау кезіндегі жинау жұмыстары зерттелетін кешенге кіреді, ол қосымша зерттеуге кірмейді, себебі жинау мерзімі әрбір сорттың вегетациялық кезеңіне байланысты.
Бақылау сұрақтары
Танаптық тәжірибелерді жүргізгенде қандай негізгі сұрақтар шешімін табуы тиіс?
Танаптық тәжірибелердің қандай түрлері бар және олардың сипаттамасы ?
Сорт сынау бойынша және агротехникалық тәжірибелерді салғанда қандай негізгі мәселелер шешілуге тиіс?
Географиялық, бір факторлы және көп факторлы тәжірибелердің алдына қандай негізгі мәселелер қойылады?
Жүргізу ұзақтығына қарай танаптық тәжірибелердің қандай түрлері бар?
Көпжылдық және ұзақ мерзімде жүргізілетін танаптық тәжірибелердің мәні неде? Әлемдік ауыл шаруашылық ғылымында аталған тәжірибелер бойынша қандай негізгі мәселелер зерттелетініне мысал келтіру?
Көпжылдық шөптер үшін арнайы мәселелерді шешуге байланысты салынатын және жүргізілетін тәжірибелердің ерекшеліктері қандай?
Өндірістік тәжірибелердің рөлі, бұл тәжірибелерді салу және жүргізу әдістемесі қандай?
Танаптық тәжірибенің алдына қойылатын негізгі талаптар қандай?
Тәжірибенің «нақтылығы» және «қателігі» түсініктеріне негіздеме беру.
Танаптық тәжірибелерде қателіктердің жіберілуінің, тәжірибенің нақтылығының төмендеуінің және дұрыс нәтижелерге қол жеткізудің негізгі себептері қандай?
Танаптық тәжірибе жүргізу кезінде жіберілетін негізгі қателіктердің түрлері және тәжірибенің нақтылық дәрежесін көтеруге мүмкіндік беретін қандай шаралар бар?
«Типтілік» түсінігіне негіздеме беру және бұл көрсеткіштің тәжірибеде дұрыс нәтижелер алуға беретін мүмкіндігі?
«Жеке айырмашылық ұстанымы» түсінігі және танаптық тәжірибе салу кезінде бұл ұстанымды ұстанудың мәні неде?
Дәріс № 4.
Тақырыбы: «Егіс экспериментін жоспарлау»
1. Экспериментті жоспарлау
2.Танаптық тәжірибе бағдарламасын және сызба нұсқасын жасаудың негізгі ұстанымдары
1. Экспериментті жоспарлау
Ауылшаруашылық танаптық тәжірибелер қоршаған ортаның әртекті және бақыланбайтын факторларының әсері бар жағдайларда жүргізіледі, олар өсімдіктің өсуіне және дамуына әсер етеді, жыл бойы және жылдар ішінде метеорологиялық жағдайдың жиі өзгеруі, тәжірибе жүргізілетін учаскенің топырақ құнарлығының әртектілігі, ол нақты және жақсы нәтижелер алуға өзінің кедергісін тигізеді. Танаптық тәжірибелер жылдың жылы кезеңінде ғана жүргізіледі (4-5 ай ішінде), осы маусымдықтың негізінде ақпаратты танаптық тәжірибе әдістемесімен тездету мүмкін емес, зертханалық, инженерлік, химико-технологиялық, вегетациялық және басақада зерттеу типтерінен айырмашылығы осында. Жоғарыда айтылғандардың бәрі танаптық тәжірибенің барлық этаптарында талаптарды қатаң сақтау қажет, сақтамаған кезде тәжірибе есептен шығарылуы тиіс, ол дегеніміз бір жылдың зерттеуші үшін жоғалғаны.
Тәжірибелік жұмысты жүргізгенде негізгі этаптарды бөліп алған дұрыс:
Тәжірибені жоспарлау;
Тәжірибенің сызба нұсқасын, бақылау және есепке алуды жасау;
Танаптық тәжірибе салу әдістемесін жасау;
Танаптық тәжірибені жүргізу;
Алынған мәліметтерді өңдеу және талдау;
Жұмысты жоспарлаған кезде, мәселеге байланысты, зерттеудің мақсаты және міндетіне байланысты тәжірибенің сызба нұсқасын және бағдарламасын жасау.
Мәселе (міндет) – өндірістің және ғылымның сұранысынан шығатын және шешілуге тиіс теориялық және практикалық сұрақ. Мысалға, «ҚР сауда тәуелсіздігімен қамтамасыз ету мәселесі» ол бірнеше тақырыптарды зерттеу негізінде шешілуі тиіс, оның ішінде, мал қорада тұратын және жайылым кезінде малдарды құнды мал азығымен қамтамасыз ету, дақылдар, сорттарды таңдау, оларды өсірудің тиімді технологияларын жасау және т.б. Осыған байланысты тәжірибенің тақырыбы туындайды, ол осы мәселені шешу үшін зерттеу жүргізер алдындағы мақсаты немесе міндетін анықтайды.
Тәжірибені жоспарлау міндетті дұрыс қоюдан басталуы қажет, онда алдына қойылған мақсаттар шешілуі тиіс, себебі көп қателіктер және нәтижеге жетпеу тәжірибені салу және жүргізу әдістемесінен ауытқудан болады, сонымен қатар тәжірибенің мақсатын дұрыс қоя білмеуден де болады, сол себептен тәжірибе сызба нұсқасын және қосымша бақылауды дұрыс негіздей білу қажет. Көптеген мысалдар көрсеткендей зерттеушіге бұл жіберген қателіктер тек қана 3-4 жыл өткеннен кейін ғана біліне бастайды, бұл кезде қателікті дұрыстау мүмкін болмайды.
Көп жағдайда зерттеуші тәжірибе мақсатын жалпы және түсініксіз жазады, ол бір тәжірибе көлемінде орындалуы да мүмкін емес болатын жағдайлар болады. Мысалға «Жоғары өнім алу технологияларын жасау» немесе «Ауыспалы егісте жаздық бидайға тыңайтқыш енгізу жүйесі» және т.б., ол тәжірибенің мақсаты емес, ол ғылыми жұмыстың бір жеке үлкен бөлімі, ол үшін жеке көптеген танаптық зерттеулер жүргізілу қажет.
Осындай мәтіндегі жалпы мақсаты және міндеті ҒЗИ, университеттердің, бөлімдердің, зертханалардың, ауылшаруашылық, агрономиялық бағыттағы кафедралардың жұмыс бағдарламаларында болуы мүмкін, ал нақты мақсаты және міндетін жеке зерттеушілер құрастыруы мүмкін.
Тәжірибенің мақсаты және міндеті бір жеке тәжірибеде шеше алатын мүмкіндік болатындай жасалуы қажет. Дақылды өсіру технологиясының әр қайсысысында кемінде 12-15 элементтен тұрады (сорт, алғы дақыл, топырақты негізгі өңдеу әдісі, себу жадығаттарын дайындау, себу мерзімі, себу мөлшері, себу әдісі, тыңайтқыш енгізу мөлшері, мерзімі әдісі, егістікті күтіп баптау, егістікті ауырулардан және зиянкестерден қорғау, егінді жинау әдісі және мерзімі және тағыда басқа сұрақтар), сондықтан бір танаптық тәжірибеге технологияның бір немесе екі-үш элементтерін енгізу қажет. Мысалға, «Еркекшөп пішені өнімділігіне және өсіп дамуына себу мерзімінің әсері», «Еркекшөп тұқымы өнімділігіне себу мөлшері және әдісінің әсері», «Асбұршақ сорттарына өнімділігі бойынша салыстырмалы баға беру» және т.б. жоғарыда айтылған технология элементтері.
Танаптық тәжірибенің маңыздылығы және нәтижелілігі дақылды және сортты дұрыс таңдауға байланысты, олар келешегі бар және жоғары өнімді болуы керек және олардың аймақтық жағдайда практикалық мәні болу керек. Тәжірибе өсімдігін зерттеу объектісін дұрыс таңдаудан көп жағдайда тәжірибе қорытындысына әсерін тигізеді, себебі әрбір дақылдың зерттеу шарасына әр деңгейде әсер етеді – біреуі жоғары біреуі төмен болады, сол себепті, бір дақылдан алынған қорытындылары, заңдылығын екінші дақылға ауыстыруға болмайды, әсіресе өсімдіктің жылуға талабы әр түрлі болған жағдайда (суыққа төзімділігі және жылу сүйгіштігі, сондықтан себу мерзімі әртүрлі, ылғалға талабыда әртүрлі, қоректік заттарға талабыда басқа және т.б.). Сол себепті, зерттеу объектісін таңдаған кезде (зерттеу өсімдігі) келесі қағидаларды ұстану қажет: дақылдың шаруашылық маңызы және болашағы, зерттелетін шараны, зерттеу объектісі егістігінде кеңінен қолдану мүмкіншілігі, сонымен қатар өсімдіктің тәжірибедегі агртехникалық шараларға сезімталдығы.
Осы сұрақтардың барлығы әдебиет көздерінен терең оқылып зерттелуі тиіс: монография, ғылыми-өндірістік журналдарда басылған мақалалар, статистикалық жадығаттар және т.б. Тәжірибенің нақты мақсаты анықталғаннан кейін, дақыл, сорт таңдалғаннан соң, қандай варианттар зерттелетіні және олардың тәжірибеде қанша болу қажеттігі анықталады.
Тәжірибе варианты – өсімдікті өсіру шараларының белгілі бір жиынтығы (технология элементі, сорт), бір тәжірибе мөлдегінде немесе тәжірибенің бірнеше қайталым мөлдектерінде жүргізіледі. Тәжірибе мөлдегі- тәжірибенің қарапайым бөлігі, тәжірибе вариантына сәйкес өсімдіктерді өсіру шараларын оқу жүргізіледі .Тәжірибеде зерттелетін агротехникалық шараның тиімділігін немесе сортты бағалау алдында қолданып жүрген басқа шарамен немесе сортпен салыстырылады, олар бақылау немесе стандарт болып табылады.
Сорт сынауда барлық сыналатын сорттар стандартпен (St) салыстырылады (бақылау ретінде аймақта өсірілуге жіберілген ең жақсы сорт алынады). Агротехникалық тәжірибелерде бақылау ретінде сол ауданға ұсынылған агротехникалық шараларды немесе әдебиет көздерінен алған жұмыс шараларын бақылау ретінде алады.
Бағдарламаны және тәжірибе сызбасын дайындамас бұрын зерттелетін мәселе туралы бұрын зерттелген жұмыстар туралы жазылған әдебиет көздерін оқу қажет. Алайда сол немесе басқа зерттеуді жүргізу кезінде жаңа шараларды қолданып оны тереңдететін болса онда ол ғылым мен практикаға зор үлесін тигізеді.
2.Танаптық тәжірибе бағдарламасын және сызба нұсқасын жасаудың негізгі ұстанымдары
Тәжірибе сызбасы – ол тәжірибеге кіретін және бір-бірімен салыстыруға болатын барлық варианттар жиынтығы, бұл дегеніміз бір шаралар зерттелу үшін, ал енді бір шаралар олармен салыстыру үшін- бақылау немесе стандарт варианты.
Жалғыз айырмашылықтың қағидасы - дұрыс жасалынған тәжірибе сызбанұсқасы әрбір вариантты басқалармен салыстыруға мүмкіндік жасауы тиіс. Әдістемелік дұрыс қойылған тәжірибенің басты көрінісі тәжірибе сызбасындағы бақылау вариантын таңдау, сонымен қатар тәжірибе салатын жердің ( алғы дақыл, топырақ өңдеу, тыңайтқыш) фоны (аясы). Танаптық тәжірибені ешбір қателіксіз жүргізу барлық әдістемелік талаптарға сай жасалынған тәжірибе сызбасын жасауға байланысты, сондықтан жауапты міндеті болып саналады, ал зерттеу қорытындылары қойылған міндетті шешуге бағытталуы тиіс.
Алдынғы дәрістерде тәжірибенің біртектілігіне көңіл аударылған болатын, алайда алынған ұсыныстардың бірнеше жыл қолданылатынын ескере отырып, сол тәжірибе салынған жылғы біртектілікті ғана емес, сонымен қатар жақын жылдары болатын жағдайлардыда ескеру қажет, болашаққа жұмыс жасау қажет (а.ш.техникалары, тыңайтқыш, агротехникалық ая). Қысқа мерзімді тәжірибелерде өндірістің күнделікті мәселелері шешіледі, ол жағдайда қазіргі заманғы өндіріске сай келетін агротехникалық аялар және т.б сұрақтарға бағдар жасауға болады.
Кешенді (көп факторлы) тәжірибелердің сызбасы тәжірибеде зерттелетін әрбір фактордың әсерін зерттеуге мүмкіндік беретіндей салынды қажет . А.В. Соколованың (1984) айтуы бойынша «Нақты тәжірибе сызбасы әртүрлі талаптар және мүмкіндіктердің талдауы. Мүмкіндіктердің барлығы талаптарды қанағаттандырмауы мүмкін, соның нәтижесінде тәжірибе варианттарын қысқартуға тура келеді, тәжірибенің неге құнсыздануының қорытындыларын түсіну үшін, тәжірибелік істе аз істеп жақсы көрсеткіш алу, көп істеп нашар көрсеткішке жеткеннен жақсы. Көп қызықты варианттары бар тәжірибе, егерде бақылау варианты болмаса, ол тәжірибе болып саналмайды. Сондықтан вариант санын қысқартқан кезде, егерде бақылау вариантын қысқартатын болсақ, онда бір мезгілде зерттеу нәтижелерінде қысқартау болып саналады».
Тәжірибе бағдарламасын жасаудағы жоғарыда айтылған жадығаттарды келесі сызба түрінде көрсетуге болады:
Зерттеу мәселесі.
Тақырыбы.
Зерттелетін сұрақтың өзектілігі.
Зерттеудің мақсаты және міндеті.
Зерттелетін варианттардың ғылыми жаңалығы және практикалық бағалылығы.
Тәжірибе сызбасы (варианттың мазмұны және тізімі).
Топырақ климат жағдайының жалпы сипаттамасы және тәжірибе жүргізетін жер туралы мағлұмат.
Зерттелетін объектінің жалпы сипаттамасы (дақыл, сорт, шаруашылық маңызы (өсіру мақсаты), морфологиялық және биологиялық ерекшелігі. Өсіру технологиясы).
Бақылау сұрақтары
Танаптық тәжірибе жүргізілетін негізгі жағдайлардың ерекшеліктеріне сипаттама беру (ауа–райы жағдайы, топырақ-климат жағдайлары, қоршаған орта факторларының реттелмейтіндігі және т.б.).
Танаптық тәжірибені жүргізудің негізгі кезеңдері қандай?
Танаптық тәжірибені жасаудағы мәселелердің (тапсырмалар) жағдайы және әдістемесі.
Тәжірибенің мақсаты мен тапсырмасын анықтау әдістемесі қандай?
Тәжірибенің өзектілігі және жаңалығы түсініктерінің астарында не тұр?
Тәжірибе өсімдігін таңдау кезінде қандай негізгі жағдайларға сүйенген жөн (тәжірибе объектісі)?
Дәріс № 5.
Тақырыбы: « Танаптық тәжірибеге жер учаскесін таңдау, зерттеу және дайындау»
1.Танаптық тәжірибеге жер учаскесін таңдау
2.Тәжірибе салынатын жер учаскесінің тарихы
1. Танаптық тәжірибеге жер учаскесін таңдау, зерттеу және дайындау
Эксперименталды агрономиядағы көпжылдық тәжірибе бұл жұмыстардың барлық сатыларда, бір және негізгі міндетте, танаптық тәжірибе салынатын жер учаскесін таңдаудан дақылдардың өнімін есептеуге дейін, тәуелділігінің қажеттілігін дәлелдейді – қажетті типтіліктің сақталуы үшін орындалып отырған барлық жұмыстардың жоғарғы дәлдігін қамтамасыз ету.
Танаптық тәжірибенің дәлдігін арттыратын шараларға келесілер жатады: тәжірибе салуға жер учаскесін дұрыс таңдау және дайындау, тәжірибе мөлдектерінің, қайталымдарының, нұсқаларының көлемін және пішінін анықтау, тәжірибе қайталымдарын және мөлдектерін орналастыру әдісі, сонымен қатар өнімді есептеу әдістері.
Танаптық тәжірибеге таңдалатын жер телімі топырағының құнарлылығы жекелеген аудандардың, облыстарды, аймақтардың топырақ құнарлылығымен және жер бедерімен типтес болғаны дұрыс, мұның өзі сол жерде жүргізілген тәжірибе нәтижелерін тек тәжірибе жүргізілген жердің топырақ құнарлылығымен ұқсас топырақты жерлерге ғана ұсынып қоймай, сонымен қатар басқа да аудандар үшін, яғни топырақ-климат жағдайлары бойынша сәйкес келетін аудандар үшін де ұсынуға мүмкіндік береді.
Жер учаскесінің типтілігін бағалау тек табиғи жағдайлармен шектеліп қана қоймауы қажет (жергілікті жер бедері, топырақ-климат жағдайлары және т.б.), сонымен қатар бұған дейін адам қызметінің әсерінен пайда болған, топырақтың мәденилену дәрежесі де есепке алынғаны дұрыс, яғни топырақтың жыртылу қабатының тереңдігі, топырақтың орта реакциясы, топырақ құрамындағы қоректік заттардың мөлшері. Егер де тәжірибе алдын-ала зерттелмеген, топырақтың мәденилену жағдайы есепке алынбаған жерде салынатын болса, онда зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің сапасы төмендейді, себебі тәжірибе нәтижелерінен алынған мәліметтерді қай жерде және қалай қолдануын белгілеуге болмайды. Осыған байланысты тәжірибе салмас бұрын, тәжірибе салуға таңдалған жердің топырағының сипаттамасын және сол жердің кем дегенде соңғы үш жылдағы шаруашылықтық тарихын нақты білу қажет.
Тәжірибе салуға жер учаскесін таңдаған кезде тәжірибелік жер учаскесінің бір түрлілігінің немесе ала-құлалылығының негізгі факторы ретінде жер бедерінің атқаратын рөлі ерекше, оның беті тегіс және аздап көлбеу беткейлі болуы шарт. Баурайлы жер учаскесінің әр түрлі бөліктерінде орналасқан мөлдектер ылғалмен, жарықпен, минералды қоректік заттармен біркелкі қамтамасыз етілмейді, себебі бұндай жер учаскесінде топырақ және оған енгізілген минералды қоректік элементтер сумен топырақтың беткі қабатынан төменгі қабатына шайылып кетеді.
Дегенмен, тәжірибе салуға қатаң түрде горизонтальды беткі қабаты тегіс жер бедерін далалы аймақ жағдайында да таңдап алу қиын, сондықтан тәжірибе салуға шамалы баурайлы жерлер, яғни еңкістігін 100 м ұзына бойына 2,5 метр болатын жерлер рұқсат етіледі, сонымен қатар бұл жерлер бір жақты және біркелкі облуы керек, құлама тік жерлер шұғыл өзгермеуі және тұйық төмен түсетін жерлер болмауы шарт. Баурайлы жер учаскесіндегі мөлдектер баурайдың бойымен орналасуы керек, мұның өзі әр бір мөлдектердегі өсімдіктердің өсіп-дамуына біркелкі жағдай туғызады. Дегенмен, зерттеу объектісі – жер бедері болып табылса, онда жер бедерін таңдау кезіндегі қарастырылатын жағдайлардың (баурайлы жерлер) қатысы болмайды.
Топырақ құнарлылығының біркелкілігі тәжірибе салардың алдында топырақты зерттеу және құнарлылығы бойынша өзгергіштік шамасын белгілеу, яғни топырақ құнарлылығын суретке түсіру жұмыстарын жүргізу жолымен анықталады. Егер, тәжірибе салуға таңдалып алынған жер учаскесінің әр түрлі топырағының басым түрін анықтау міндеті алға қойылса, онда топырақты суретке түсіру жұмыстары 1:10000 масштаб көлеміндегі жерге жүргізіледі, ал жоғары талап қойылған кезде, барлық жер телімі аумағында топырақтың әр түрлілігінің шекарасын белгілеу қажеттілігі туындаса, яғни әр түрлі топырақ жамылғысының әр біреуіне жеке-жеке тәжірибе салу үшін топырақты суретке түсіру жұмыстары 1:5000 және тіпті 1:1000 масштаб көлемінде жүргізіледі. Топырақтың толық сипаттамасын беру үшін топырақ тілімдерін жасайды, оның сипаттамасын береді және нәтижесінде жалпыға бірдей жіктеу әдісімен топырақтың типін анықтайды.
Осы күнгі әдістемелерге сәйкес, топырақтың агрофизикалық, агрохимиялық және физико-химиялық құрамын анықтау үшін талдау жұмыстары жүргізіледі, яғни топырақтың механикалық және агрегаттық құрамын, суға төзімді агрегат үлесін, гигроскопиялылығын, шекті ылғал сиымдылығын, топырақтың көлемдік салмағын, тығыздығы мен түйіршіктілігін, топырақтың жыртылатын және жыртылатын қабаттың астыңғы бөлігіндегі қарашіріндінің пайыздық мөлшерін, қарашірінді қабатының тереңдігін, карбонаттардың орналасу тереңдігін, топырақтың орта реакциясын, жалпы азот, фосфор және калий мөлшерін, 100 г топырақтағы жылжымалы фосфор мен ауыспалы калийдің мөлшерін, мг.
2.Тәжірибе салынатын жер учаскесінің тарихы
Тәжірибе салынатын жер учаскесінің тарихын зерттегенде – бұл жерге соңғы 3-4 жылда қандай алғы дақылдар себілгені, топырақты өңдеу тәсілі, енгізілген тыңайтқыштар және т.б. анықталады, сонымен қатар жер учаскесінің біртектілігіне әсер ететін және 5-10 жыл бойы соңғы әсерін тигізу мүмкіншілігі зор – арықтарды, орларды, шұңқырларды жабу (тегістеу), көшірілген құрылыстар және оның қалдықтары, ескі жолдар, малдардың тұрағы сияқты мәліметтерді анықтау қажет.
Тәжірибе салуға таңдалып алынған жер учаскесінің арамшөптермен күшті және біркелкі емес дәрежеде ластанса, әсіресе баурайлы – қалуен, бидайық, жусандар және .т.б ластанған жерлер танаптық тәжірибе нәтижелеріне айтарлықтай кері әсер етуі мүмкін, сондықтан жер учаскесін зерттеген кезде, сол жердің арамшөптермен ластану ерекшеліктерін және дәрежесін, арамшөптердің ботаникалық құрамын, топырақтың жыртылатын қабатындағы арамшөптердің тұқымдарының және вегетациялық мүшелерінің потенциалдық мүмкіндігін белгілеу қажет. Жер учаскесінің арамшөптермен ластану дәрежесі көзбен бағалау арқылы немесе жоспарға тік жерлердегі арамшөптердің таралуын енгізе отырып, сонымен қатар бір өлшем жердегі арамшөптердің массасын анықтау жолымен сандық есепке алу арқылы анықталады.
Жер учаскесіне су бассейндерінің, ағаш отырғызылымдарының, құрылыс орындарының, жыралардың, жолдардың және т.б. жақын орналасуы топырақ және ауа құрғақшылығына, сол жердің жарықпен қамтамасыз етілуіне, желге, қар жамылғысының жиналуына және т.б. әсер етеді, сондықтан танаптық тәжірибе салуға жер учаскесін таңдаған кезде, сол жер учаскесінің нысандардан келесідей қашықтықта орналасқаны дұрыс, м:
Орман – 40-50
Жекелеген ағаштар -25-30
Су бассейіні, жыралар, батпақты жерлер – 100-200
Құрылыс орындары – 40-50
Жолдар – 5-10
Қоршаулар – 10
Жер учаскесінің топырағына толық зерттеу жұмыстарын жүргізудің өзі топырақ құнарлылығының әр түрлілігі туралы нақты мәліметтер бере алмайды және аталған көрсеткішке өсімдіктердің әсерін көрсете алмайды, соныдықтан топырақ құнарлылығының ала-құлалығының ең жақсы индикаторы өсімдіктің өзі болуы мүмкін. Әр түрлі дақылдардың топырақ құнарлылығы деңгейіне біркелкі әсер етпеуіне қарамастан (жоғары талап қояды – топырақ құнарлылығына талабы шамалы), өсімдіктерді индикатор ретінде пайдалана отырып, топырақты құанрлылығы бойынша біркелкі болуын қамтамасыз ету әзірге қиын, сондықтан барлаушы және теңестіргіш (уровнительные) егістер кеңінен қолданылады.
Барлаушы егістер топырақ құнарлылығы жағдайының толық бағасын және ала-құлалығын білуге мүмкіндік береді. Зерттеліп отырған жер учаскесіне белгілі бір танаптық, біржылдық дақылдың бір сорты (бидай, арпа, сұлы және т.б. астыққа немесе жасыл балауса өніміне, пішенге), біркелкі себу мөлшерімен және себу тәсілімен себіледі. Себілген дақылды тіршілік ету кезеңінде жер учаскесінің топырағының құнарлылығы бойынша және басқа да көрсеткіштері бойынша біркелкі болуы шамалап және көзбен бағалануы тиіс, дегенмен бағалаудың анағұрлым сенімді критериі ретінде – жер учаскесін зерттеу жүйесінің қорытынды бөлімі болып табылатын, бөлшектік есептеу әдісін санаған жөн.
Тексеріп көру үшін себілетін, яғни барлаушы (рекогносцировкалы егіс) егістердегі бөлшектік есептеу – ол жер учаскесін зерттеу жүйесінің қорытынды бөлімі болып табылады. Оның маңызы – белгілі бір дақыл себілген жер учаскесін ұсақ алаңдарға, яғни қарапайым мөлдектерге бөледі, мөлдектердің ауданы топырақтың құнарлылығы бойынша біркелкілігіне байланысты 10 м2-ден 100 м2-ге дейін және одан да жоғары болуы мүмкін, бұл мөлдектерден өнім жиналады және өнім есепке алынады, ал кейін алынған мәліметтерді статистикалық өңдеуден өткізеді, мұның өзі жер учаскесінің топырақ құнарлылығы бойынша біркелкілігін белгілеп қана қоймай, сонымен қатар келешекте салынатын танаптық тәжірибелердегі мөлдектердің ауданын және олардың орналасу тәртібін болжауға мүмкіндік береді.
Теңестіруші егістер – барлаушы егістер (рекогносцировочные посевы) технологиясымен бірдей технологиямен жүргізілетін, танаптық тәжірибелерге жер учаскесін дайындау шараларына жатады. Оның міндеті жер телімі топырағының құнарлылығы бойынша әркелкілігін азайтып, ондағы әр түрлі факторлардың тез әсер етуін жою. Теңестіруші егістердің рөлі – оларды 2-3 жыл бойы және ауыспалы егіске енгізілген дақылдардың кезектесіп келу тәртібін сақтай отырып қолданғанда ғана жоғарылайды және осыдан кейін ғана танаптық тәжірибелерді салу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, жер телімі бір мезгілде өндірістік (агротехникалық) типтілігі жағынан көзқарас бойынша дайындалады. Теңестіруші егістерде, тәртіп бойынша өнімді есептеу жұмыстары жүргізілмейді, дегенмен теңестіруші және барлаушы егістер уақытқа және технологияға сай жасалады, сондықтан қандайда бір барлаушы егістердің өзін теңестіруші егістер деп санауға болады, ал қандай да болмасын теңестіруші егістер, бөлшектік есептеу жұмыстарын жүргізген кезде жер учаскесінің құнарлылығы бойынша ала-құлалылығын зерттеу үшін қолданылуы мүмкін, яғни барлаушы егістер ретінде.
Теңестіруші егістер агротехникалық тәжірибелерде қолданылады, сонымен қатар сортсынау тәжірибелерінде де кеңінен қолданылады: сорт сынау жер учаскесінде, сорт сынаумен және бұл жерде алдыңғы жылы себілген әр түрлі дақыл түрлерімен және олардың сорттарымен байланысты топырақтың құнарлылығы бойынша әр түрлілігін анықтау үшін және келесі сорт сынау жұмыстарына теңестіруші егістерді жүргізу қажеттілігі туындайды. Теңестіруші және сорт сынау егістерінің ауысым технологиясы келесідей, яғни ауыспалы егістің әр бір танабының жартысына ғана тәжірибе салынады, ал қалған бөлігіне сорт сынау ауыспалы егісіне енгізілген және ауыспалы егістегі дақылдардың кезектесіп келу тәртібіне сәйкес дақылды себеді, яғни танаптың бұл бөлігін тәртіп бойынша тапшы (дефицит) сорттарды көбейту үшін қолданады. Келесі жылы ауыспалы егіс танабының өткен жылы теңестіруші егістер себілген бір жартысына сорт сынау бойынша тәжірибелер салады, ал екінші жартысына теңестіруші егістерді жүргізеді, яғни теңестіруші егістер және тәжірибелер ауыспалы егістің жекелеген танаптарында бір жылдан кейін кезектескен тәртіппен ауысады.
Б.А. Доспеховтың (1985) пікірі бойынша тәжірибе жүргізушіге тәжірибе жұмыстарын барлаушы егістердің бөлшектік есептеу жұмыстары бойынша жүргізу міндетті емес, яғни оларды көзбен бағалаудың өзі жеткілікті. Барлаушы егістің бөлшектік есептеу жұмысының болмауы, танаптық тәжірибені жүргізудің дұрыс әдістемесін қолдануға кедергі бола алмайды, ал берілген танаптың тәжірибе салуға жарамдылығын анықтау үшін «топырақ құрамын зерттеу және тегістеу (нивелировка) жұмыстарын жүргізу жеткілікті, сонымен қатар танаптың тарихын зерттеу және барлаушы немесе теңестіруші егістерде топырақ құнарлылығының құбылмалылығына көзбен баға беру, қазіргі уақытта танаптық тәжірибе жүргізу әдістемесі жақсы жетілдірілгендігіне байланысты, әсіресе біржылдық дақылдар қолданылатын тәжірибелерде, барлаушы егістердің бөлшектік есептеу жұмыстарын жүргізгенше, тәжірибенің қайталымдарын көбейткен абзал, ал барлаушы егістердің бөлшектік есептеу жұмыстарын жүргізудің маңызы ерекше, арнайы жағдайларда байқалады, мәселен, көпжылдық станционарлық тәжірибелер салғанда».
Бақылау сұрақтары
Тәжірибе салуға жер учаскесін таңдау және дайындау кезінде қандай іс-шаралар жасалуы тиіс және олардың негізгі міндеттері қандай?
Тәжірибені орналастыру үшін жер телімі қандай негізгі талаптарға сай болуы тиіс және тәжірибеге жер учаскесін таңдаған кезде қандай жағдайлар сақталуы тиіс?
Танаптық тәжірибе үшін жер учаскесінің типтілігі түсінігі?
Жер учаскесінің жер бедеріне қандай талаптар қойылады және не үшін?
Жер учаскесінің топырағына құнарлылығы бойынша қандай талаптар қойылады және бұл көрсеткіштерді анықтау үшін қандай жұмыстар жүргізілуі тиіс?
Тәжірибелік жер учаскесінің тарихын зерттеудің мәні неде және қандай негізгі сұрақтар есепке алынуы тиіс?
Барлаушы егістердің, бөлшектік есептеу жұмысының және бұл жұмыстарды жүргізу әдістемесінің мәні неде?
Агротехникалық және сорт сынау тәжірибелеріндегі теңестіруші егістердің мәні неде және оларды жүргізу әдістемесі қандай?
Қандай жағдайларда барлаушы егістерде бөлшектік есептеу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі болмайды?
Дәріс № 6.
Тақырыбы: « Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері»
1 Тәжірибенің дәлдігін арттыру шаралары
2 Тәжірибеге мөлдектер аудандарының, пішіндерінің, бағыттарының және қайталымдардың әсері
1 Тәжірибенің дәлдігін арттыру шаралары
Бірінші кезең – сенімді мәліметтерді алуға, жүргізілген зерттеулердің дәлдігін арттыруға және қателіктерді жоюға немесе азайтуға мүмкіндік беретін жер учаскесін дайындау, мұның өзі зерттеу жұмыстарының бағдарламасын дұрыс құрастырумен, типтілікті сақтай отырып, танаптық тәжірибенің сызбанұсқасын жасаумен, бір ғана (жалғыз, дара) өзгешелік қағидасымен, жер учаскесін таңдаумен, зерттеумен және сол жердің топырағының құнарлылығы бойынша ала-құлалылығын есепке ала отырып, жер учаскесін таңдаумен және т.б. тығыз байланысты.
Екінші кезең – тәжірибенің дәлдігін арттыруда және сенімді мәліметтер алуда шешуші рөл атқаратын фактор ретінде танаптық тәжірибені салу және жүргізу әдісі мен әдістемесін сақтау, дегенмен осы аталған барлық әдістеме талаптары бірінші кезеңде де мінедетті түрде орындалуы тиіс.
Әдіс және әдістеме – көпжоспарлы түсінік, ал терминдер грек тілінен алынған, яғни оларды кеңінен алып қарастырғанда төмендегідей мағыналарды береді:
Әдіс (methodos – грек тілінен аударғанда зерттеу жолы, теория, оқып-білу деген мағыналарды білдіреді) – қандай да бір мақсатқа қол жеткізу, нақты міндеттерді шешу әдісі, шындықты (ақиқатты) теориялық немесе іс-тәжірибелік игеру (танып-білу) операцияларының немесе шараларының жиынтығы.
Әдістеме (грек тілінде methodice) – алға қойылған міндеттерді орындауда еңбек шығынын және уақытты азайтуға, қателіктер жіберуден сақтануға мүмкіндік беретін, қандай да бір жұмысты, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістерінің жиынтығы.
Қазіргі кезде танаптық тәжірибе әдістемесі түсінігінің астарында келесідей элелменттердің жиынтығы түсіндіріледі: нұсқалар саны, мөлдектердің ауданы, оның пішіні және бағыты, қайталымдар, қайталанулар және оларды тәжірибелік жер учаскесіне орналастыру, зерттеу объектісі ретінде өсімдіктің өсіп-даму кезеңдеріне барлық тіршілік кезеңінде тиісті бақылаулар жүргізу, өнімді есептеу әдісі, тәжірибені уақытқа сай ұйымдастыру, сонымен қатар зерттеу жұмысын жүргізген кезде аталған элелменттерді қатаң түрде сақтау.
Тәжірибенің жер телімі топырағының құнарлылығының ала-құлалылығының әсерінен туындайтын қателіктерді азайту және тәжірибенің дәлдігін арттыру сияқты негізгі міндеттерді, зерттеу жұмыстарының әдісі мен әдістемесін (мөлдектердің негізгі көрсеткіштері, яғни мөлшері (ауданы), пішіні, бағыты және орналасуы, қайталымдардың саны, сонымен қатар т.б. сұрақтар) қатаң түрде сақтау арқылы шешуге болады.
Тәжірибелік мөлдек – белгілі бір пішіні мен мөлшері бар, тәжірибелік жер телімі ауданының бір бөлшегі, ол өзіне тәжірибе нұсқасын, яғни зерттеліп отырған факторды (агротехникалық шара, сорт және т.б.) орналастыруға арналған. Мөлдекте келесідей аудандарды ажыратады: жалпы (егістік), есептеу алаңы, яғни бұдан өнім есептеледі және есептеу жүргізілмейтін алаң, яғни бұған басқа да (бөтен) факторлардың әсерінен қорғайтын (жанындағы мөлдектердің өсімдіктерінен, жолдардар және т.б.), қорғаныс алаңдары жатады, ал тәжірибенің дәлдігін анықтағанда есептеу алаңдарының мәліметтеріне сүйенеді.
Тәжірибенің қайталымы – тәжірибелік аймақтағы (территория) әр бір тәжірибе нұсқаларының бір текті мөлдектер саны. Аймақтық (территориальная) қайталым жер учаскесінің топырақ құнарлылығы бойынша ала-құлалылығын тәжірибенің әр бір нұсқаларымен толық қамтуға және нәтижесінде барлық тәжірибе бойынша анағұрлым сенімді, орташа нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Тәжірибенің қайталануы – тәжірибенің белгілі бір сызбанұсқа және уақытқа сай әдістеме бойынша қайталануы, ол қандай да бір агротехникалық шаралардың және сорттың зерттелген жылдарының санын көрсетеді, мұның өзі әр жылда қалыптасатын метеорологиялық жағдайларға байланысты, тәжірибеде зерттеліп отырған факторлардың әсерін, өзара әсерін және соңғы әсерін белгілеуге мүмкіндік береді. Анағұрлым сенімді нәтижелерге қол жеткізу үшін тәжірибе кем дегенде 3 жыл қайталануы тиіс деп есептеледі.
2 Тәжірибеге мөлдектер аудандарының, пішіндерінің, бағыттарының және қайталымдардың әсері
Тәжірибенің дәлдігін қайталымдардың санын және мөлдектердің ауданын ұлғайту арқылы арттыруға болады.
Мөлдектердің көлемі. Әр бір мөлдектің ауданын көбейту топырақ құнарлылығы элементтерінің көп мөлшерін қамтуға мүмкіндік береді, ал керісінше орташа мөлшерден ауытқыған кезде топырақ құнарлылығы әр бір мөлдек көлемінде өзара сіңеді. Дегенмен, тәжірибе мөлдектерінің мөлшері мен нұсқалардың қайталымдары санына жүргізілген толық зерттеулер, мөлдектердің ауданын ұлғайту бұл жоғарылауға пропорционалды жүрмейтіндігін, яғни керісінше өшетіндігін (төмендейтіндігін) көрсетті (сурет 1).
1 суретте көрсетілген динамика – қайталымсыз мөлдектердің ауданын 25 м2-ден 250 м2-ге дейін ұлғайтқанда (10 есе) тәжірибенің қателігі 10 %-дан 5,6 %-ға дейін төмендейтінін, сонымен қатар 100-121 м2-ге дейін ұлғайтқанда тәжірибенің қателігі 3,3%-дан 2,9 %-ға төмендейтінін, ал 225-250 м2-де 4,3-4,4 %-ға дейін төмендейтінін көрсетті.
Әдістемелік зерттеулер мәліметтерінің негізінде келесідей қортынды жасауға болады, яғни тәжірибенің анағұрлым жоғары дәлдігіне танаптық тәжірибедегі мөлдектердің есептеу алаңының ауданын 100-150 м2 қылғанда ғана қол жеткізуге болады, сонымен қатар мөлдектердің ауданын ұлғайту, тіпті одан да көп қателіктерге әкеліп соғуы мүмкін, себебі ол тәжірибе салынатын жер учаскесінің ауданын ұлғайтуға әкеледі, сонымен қатар тәжірибенің жүргізілуіне жұмсалатын шығындардың көлемін және жасалатын жұмыс көлемін арттырады.
Мөлдектердің ауданы тәжірибеде зерттеліп отырған дақылмен, оны себу тәсілімен, бір шаршы метр жерге келетін өсімдіктердің санымен тығыз байланысты, мәселен, қатардағы тәсілмен себілетін дақылдардың, астық тұқымдас дақылдардың, мал азықтық дақылдардың 1 м2 жерге келетін өсімдіктерінің саны орта есеппен 200-250 өсімдік болуы керек, ал отамалы дақылдардың – жүгері, тамыржемістердің саны небары 8-12 өсімдік, яғни мөлдектердің ауданы кішірек болғанда, әр бір мөлдекке келетін өсімдіктердің саны да шектеулі болады, себебі жекелеген өсімдіктердің өзіндік қасиеттеріне сай өзгергіштігі жеткілікті дәрежеде тегістелмейді (біркелкі болмайды), яғни мөлдектердің есептеу алаңдарының ауданында 40-60 өсімдік болғанның өзінде.
25 50 75 100 125 150 200 250
Мөлдектердің ауданы, м2
Сурет 1 – Мөлдектердің ауданы өзгермеген кездегі (25 м2) қайталымдар санының жоғарылауының және тәжірибенің бірлігіне қайталымсыз мөлдектер ауданының жоғарылауының әсері.
Іс-тәжірибе көрсеткендей, мөлдектердің есептеу алаңдарының ауданы орта есеппен 100 м2 болуы керек, яғни 50-200 м2 арасында ауытқуы тиіс, мұның өзі өндірістік жағдайда қолданылатын техникаларды қолдана отырып, маңызды танаптық жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар қатардағы тәсілмен себілетін дақылдар үшін ауданы 50-100 м2, кең қатарлап себілетін отамалы дақылдар үшін 100-200 м2 болуы керек, тексеріп көру үшін (барлаушы, теңестіруші) алдын-ала салынатын тәжірибелерде қолмен өңдеуге 20-25 м2-лік мөлдектер рұқсат етіледі.
Селекциялық жұмыста, бірінші кезеңде селекционерде жаңадан шығарылған сорттың тұқымдық материалы шектеулі ғана болатын болса, онда мөлдектердің ауданы 0,5 м2-ден 2 м2 арасында ауытқуы мүмкін, кішігірім сорт сынауларда – 5-10 м2, ал конкурстық сорт сынаулар 50-100 м2-лік, кейде 200 м2-лік мөлдектерде жүргізіледі.
Топырақ өңдеу тәсілдері, топырақты жел және су эрозияларынан қорғау және т.б. іс-шараларды зерттеу бойынша салынатын, әр бір мөлдекте жеке-жеке техника мен құрал-жабдықтарды пайдалануды талап ететін тәжірибелердегі мөлдектердің ауданы, зерттеліп отырған іс-шараларға байланысты 300 м2 –ден 1000 м2-ге дейін болады.
Тәжірибе қайталымы – тәжірибе дәлдігін арттыруға әсер ететін, зерттеліп отырған сызбанұсқаның әрбір нұсқалары үшін қайталанатын бірнеше мөлдектерді енгізумен байланысты, анағұрлым ықпалды амалдардың, оны тәжірибелік жер учаскесінің әр түрлі жерлерінде (бөліктерінде) орналасқан, бір ірі мөлдектің бөлігі ретінде қарастыруға болады, ол әр бір нұсқамен тәжірибелік танап топырағының құнарлылығы бойынша ала-құлалылығын толық қамтуға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибелік нұсқалардың әр біріне қажетті жердің жиынтық ауданын біркелкі ұлғайтқанда, тәжірибенің дәлдігін бір мөлдектің ауданын ұлғайтқанға қарағанда едәуір көлемде арттыруға мүмкіндік береді, яғни 1 суреттегі мәліметтер бойынша: қайталымдардың санын 1-ден 10-ға дейін көбейткенде және мөлдектердің ауданын өзгертпегенде 25 м2 тәжірибенің қателігі 10%-дан 6,8-3,2%-ға дейін төмедеді, дегенмен тәжірибе қателігінің едәуір көлемде, яғни 10%-дан 5-4,5%-ға дейін төмендеуі 4-5 қайталым санында байқалды, ал 6 қайталым санында тәжірибенің дәлдігі 4,1%-ға дейін, 8 қайталым санында 3,5%-ға дейін, 10 қайталым санында 3,2%-ға дейін төмендеді, дегенмен 6 қайталым санынан бастап тәжірибенің дәлдігі шамалы ғана жоғарылады, сондықтан қайталым санын шектен тыс көбейтудің қажеттігі жоқ, яғни пайдасыз. Осыған байланысты дақылдардың өсіру технологиясының элементтерін зерттеу және сорт сынау бойынша бірфакторлы және қарапайым көпфакторлы танаптық тәжірибелерде, толықтай негізделген түрде, мөлдектердің ауданы 50-100 м2 болғанда 4-5 қайталым, 2 м2 -ден 10 м2-лік кішірек мөлдектерде немесе тәжірибелік жер телімі үлкен көлемде тегіс болмаған жағдайда 6-8 қайталым қолданылады. 8 және одан да көп қайталымдар саны ерекше жағдайларда, яғни зерттеліп отырған іс-шаралардың тиімділігі төмен болғанда қолданылады (мәселен, микротыңайтқыштардың, өсімдіктердің өсіп-дамуын реттеушілердің және т.б. тиімділігін зерттеген кезде). Ғылыми мекемелердің іс-тәжірибесінде 4-5 қайталым санынан 8-12 қайталым санына дейін және бұдан артық қайталым саны сирек қолданылатынын, сонымен қатар өндірістік жағдайда қайталымдардың ең төменгі саны қолданылатынын ескерген жөн, ал қайталымдар санының орнын және тәжірибенің анағұрлым жоғары дәлдігіне қол жеткізу үшін мөлдектердің есептеу алаңдарының ауданын арттырумен толықтырады.
Мөлдектердің ауданы – мөлдектердің пішінін дұрыс таңдау тәжірибенің дәлдігіне әсер етуі мүмкін, ал оның пішіні мөлдектің қысқа жағы мен ұзын жағының қатынасы арқылы анықталады (ұзындығы мен ені). Танаптық тәжірибелерде мөлдектердің пішіні тік төрт бұрышты, тік бұрышты және ұзарған пішінде болуы мүмкін.
Тік төрт бұрышты мөлдек – ұзындығының еніне қатынасы бірге тең мөлдек, мысалы, 10х10 м, 5х5 м және т.б. Тік бұрышты – ұзындығының еніне қатынасы бірден жоғары, бірақ 10-нан төмен, мысалы, 5х20 м, 5х40 м, 4х30 м және т.б. Ұзарған пішінді – ұзындығының еніне қатынасы 10-нан жоғары болуы тиіс, мысалы, 3,6х45 м, 4,2х50 м және т.б. Мөлдектердің ұзындығының еніне қатынасы 1:10 – 1:15 аралығында болғанда тәжірибенің дәлдігі жоғарылайтындығы және тиімділік (іс-шаралардың тиімділігі) жақсы байқалатыны анқыталған.
Тәжірибелік іс-жүргізу тәжірибесі көрсеткендей, яғни мөлдектердің ең жақсы пішіні ұзарған (созылған) пішін болып табылады, себебі бұндай мөлдектер, танап топырағының құнарлылығы бойынша ала-құлалылығын толықтай қамтуына байланысты, тәжірибенің қателігін азайтуға мүмкіндік береді, яғни мөлдек ұзын болған сайын бұл міндет (тәжірибе қателігін азайту) жақсы орындалады. Сонымен қатар, мөлдектер топырақ құрамы өзегертін бағытқа қарай ұзарған (созылған) болуы тиіс, мысалы, тәжірибені баурайлы жер учаскесіне салған кезде, мөлдектер баурайдың барлық бөліктерін қамти отырып, оның бойымен ұзартыла (созылған) салынуы керек. Мөлдектердің ұзарған (созылған) пішіні механизацияланған егістерде және тәжірибедегі өсімдіктерді күтіп-баптаған кезде қажет, сонымен қатар мөлдектердің ені сепкіштердің, агрегаттардың (құралдардың) алым енімен анықталады, мысалы, астықты қатардағы әдіспен себетін және астықты-шөпті сепкіштердің (СЗП-3,6, СЗТ-3,6 және т.б.) алым ені 3,6 м, аңыздық сепкіштердің алым ені 2,1 м, көкеністік сепкіштер СО-4,2 – 4,2 м, жүгері сепкіші СУПН-8 – 5,6 м және т.б., сепкіштердің бұндай алым ендерін негізге ала отырып мөлдектердің ені және жоспарланған ауданнан келіп ұзындығы анықталады. Барлық жағдайларда мөлдектердің пішіні тік бұрышты болуы тиіс. Ұзарған (созылған) пішіндер көлемі бойынша ірі (50 м2 кем емес) мөлдектерде ғана пайдаланылады, себебі мөлдектердің ауданы кішігірім болса, онда ұзарған (созылған) пішінді мөлдектер өте тар болады, мұның өзі техниканы қолдануға, қорғаныс алаңдарын бөлуге қиындық туғызады.
Өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күреске қолданылатын химиялық препараттарды зерттеген кезде, препараттар басқа да мөлдектерге түсіп кетуі мүмкін, сондықтан мөлдектердің бүйірінен жалпақ (кең) қорғаныс жолақтарын (бүйірлік қорғаныс алаңдары) бөледі, сонымен қатар бұндай тәжірибелерде пішіні төрт бұрышты мөлдектерді қолданған дұрыс, себебі ұзарған (созылған) мөлдектердің ортасынан немесе тік бұрышты мөлдектерге қарағанда, зиянкестерге көрші нұсқаларға өту қиындайды (жол ұзынырақ, алысырақ).
Мөлдектердің бағыты – тәжірибеден алынған нәтижелердің дұрыстығына (анықтылығына) әсер ету мүмкіншілігі бар. Мөлдектердің пішіні туралы мәселені қарастырған кезде, мөлдектерді баурайға ұзын жағымен кесе-көлденең емес, яғни баурайдың бойымен орналастыруға көңіл бөлінген, сонымен қатар мөлдектерді жер учаскесінің топырағының құнарлылығы күшті өзгеретін бағытына қарай орналастырған жөн, бұндай жағдайда тәжірибеде зерттеліп отырған нұсқаларды бір-бірімен салыстыруға анағұрлым тең (бірдей) жағдай қалыптасады. Тәжірибелерді танапты басқа да сыртқы орта факторларынан қорғауға арналған орман жолақтары бар жерлерде салған кезде, мөлдектерді орман жолақтарына ұзын жағымен перпендикулярлы орналастырған дұрыс. Топырақ құнарлылығы біркелкі (тегіс) танаптарда мөлдектердің бағыты, тәжірибені жүргізудің техникалық жағдайларымен анықталады, себебі бұл фактор тәжірибенің дәлдігіне айтарлықтай теріс әсер етпейді.
Қорғаныс жолақтары – көрші нұсқалардың әсерін жою үшін бөлінеді, мұны, әсіресе, тәжірибелерде тыңайтқыштарды, топырақ өңдеу тәсілдерін, алғы дақылдарды, суару жүйесін және т.б., зерттеген кезде сақтаған маңызды. Қорғаныс жолақтары бүйірлік және мөлдектердің соңындағы (аяқтық) болып бөлінеді.
Бүйірлік қорғаныс жолақтары – мөлдектердің ұзын жағының бойынан бөлінеді, оның ені тәжірибеде зерттеліп отырған 0,5 м-ден 1,5 м-ге дейін, ал суару жүйесі, гербецидтер зерттелетін тәжірибелерде 2-3 м және одан да кең (жалпақ) болуы мүмкін.
Соңғы қорғаныс жолақтары – мөлдектердің есептеу алаңдарын кездейсоқ зақымданудан қорғауға мүмкіндік береді, олардың ені 2 м-ден кем болмауы тиіс.
Бұрылыс жолақтары (қорғаныс жолақтары) мөлдектердің екі жағынан бөлінуі тиіс, олардың ені кем дегенде 10-15 м болуы тиіс, бұндай жолақтар дақылдарды себу кезінде техниканың бұрылуына және т.б. механикалық жұмыстарды жасауға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары
Тәжірибенің дәлдігін арттыратын қандай негізгі әдістер бар?
Алынған мәліметтердің дұрыстығына әсер ететін, танаптық тәжірибені жоспарлау және жүргізу кезеңдерінің элементтері қандай?
Танаптық тәжірибеге тән «әдіс» және «әдістеме» түсініктерінің анықтамасын беріңіз.
Танаптық тәжірибедегі тәжірибелік мөлдек деген не?
Танаптық тәжірибедегі қайталым және қайталану деген не?
Мөлдектердің ауданы деген не және оның тәжірибенің дәлдігіне әсері қандай?
Зерттеліп отырған шараларға байланысты мөлдектердің орташа мөлшерінің мәні қандай?
Қорғаныс жолақтарын – бүйірлік, соңғы (аяқтық) және бұрылыс жолақтарын бөлудің мәні неде және олардың зерттеліп отырған шараларға байланысты ұсынылған ені?
Дәріс № 7.
Тақырыбы: « Танаптық тәжірибеде нұсқалар және қайталымдар бойынша мөлдектерді орналастыру»
1 Тәжірибеде мөлдектерді орналастыруға қойылатын негізгі талаптар
2 Мөлдектерді стандартты және жүйелі әдістермен орналастыру
3 Мөлдектерді орналастырудың рендомизациялық әдісі
1 Тәжірибеде мөлдектерді орналастыруға қойылатын негізгі талаптар
Танаптық тәжірибені салу және жүргізу әдістемесін қатаң сақтау – тәжірибе қателігін азайту, тәжірибенің дәлдігін арттыру және сенімді нәтижелер алу қажеттілігінен туындайды. Дәл осыған бұдан бұрын, яғни жоғарыдағы бөлімде қарастырылған әдістемелік сұрақтар негізделген (нұсқалардың, қайталымдардың саны, мөлдектердің көлемі (ауданы), пішіні және бағыты, қорғаныс алаңдары және т.б.).
Тәжірибенің дәлдігін арттыруға бағытталған келесі кезектегі әдістемелік шаралар – тәжірибелік мөлдектерді нұсқалар және қайталымдар бойынша орналастыру әдісі болып табылады, оның өзі дұрыс нәтижелер алуда үлкен маңызға ие.
Танаптық тәжірибелерде мөлдектерді бір немесе бірнеше қабат (ярус) әдісімен орналастыруға болады, мұның өзі тәжірибедегі нұсқалар мен қайталымдарға, мөлдектердің көлеміне (ауданына), топырақтың құнарлылығына, тәжірибені салуда және жүргізуде қолданылатын техникалар мен құралдарға және көптеген басқа да факторларға тікелей байланысты. Мөлдектерді орналастырғанда келесідей жағдайларды (талаптарды) сақтаған дұрыс:
1. Әр түрлі топырақ құнарлылығын біртекті нұсқалармен мүмкіндігінше көп дәрежеде қамту, ал зерттеліп отырған шараның әр қайталымның мөлдектері топырақтың біркелкі құнарлылығы, ылғалмен қамтамасыз етілуі, жер бедері, аграрлық аясы және т.б. жағдайларында орналасуы тиіс.
2. Мөлдектерді көп қабатты әдіспен орналастырғанда, әр бір қабатта бір немесе бірнеше, бүтіндей бір қайталымды, қандай да бір қайталымның әр түрлі қатарлар бойынша ажырауына (үзілуіне) жол бермей орналастыруға болады.
3. Бір нұсқаның мөлдектері, тәжірибені көп қабатты әдіспен орналастырғанда горизонтальды бағыт сияқты, вертикальды бағытпен де жақын болмауы керек, ал көрші мөлдектер өздерінің ұзын жағымен жанасуы (жалғасуы) тиіс.
2 Мөлдектерді стандартты және жүйелі әдістермен орналастыру
Молостованың А.С. (1966) жіктеуі және қайталымдар бойынша мөлдектерді нұсқаларды орналастыру сызбанұсқасына сәйкес жүйелі түрде орналастыруға болады және мөлдектерді жүйелі түрде орналастыру тәртібін әр бір қайталымда сақтау қажет. Мөлдектерді қарама-қарсы да орналастыруға болады, бұндай жағдайда нұсқаларды орналастыру тәртібі керсінше бағытта өзгереді. Мөлдектерді көп қабатты әдіспен орналастырғанда және қайталымдарда мөлдектердің орналасуы тобымен ауысқанда мөлдектер сатылы тәртіппен орналасады, ал жүйелі орналасу ұстанымы сақталады. Әдістемелік істің тәжірибесінде мөлдектерді орналастырудың жүйелік және сатылы әдістері қолданылады.
Доспехов Б.А. тәжірибелік жер телімі мөлдектері бойынша үш негізгі тобын ажыратты: стандартты, жүйелі және рендомизациялық, Молостова А.С. жіктеуінен топтардың атауы және рендомизациялық әдіспен орналастыру әдісінің қосылуымен ерекшеленеді.
Стандартты әдіс – әр бір қайталымда бірнеше бақылау нұсқаларының (стандарт) орналасуын қарастырады, яғни тәжірибенің әр бір 1-2 нұсқасынан кейін (сурет 2).
Тәжірибе қайталымдары
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
1
St
|
2
|
3
|
1
St
|
4
|
5
|
1
St
|
2
|
3
|
1
St
|
4
|
5
|
1
St
|
2
|
3
|
1
St
|
4
|
5
|
1
St
|
2
|
3
|
1
St
|
4
|
5
|
1
St
|
Сурет 2 – Төрт қайталымда бес нұсқаны мөлдектер бойынша орналастырудың стандартты әдісі
Стандартты әдісте әр бір зерттеліп отырған нұсқа өзінің бақылау (стандарт) нұсқасымен салыстырылады, мұның өзі топырақтың құнарлылығы бойынша ала-құлалылығының теріс әсерін жоюға, эксперименттің қателігін минимум дәрежеге дейін төмендетуге және тәжірибеде зерттеліп отырған сорттың немесе агротехникалық шараның тиімділігіне анағұрлым дәл баға беруге мүмкіндік береді, себебі көршілес орналасқан мөлдектегі бақылау нұсқасымен (стандартпен) салыстыруға, сонымен қатар сорттың ерекшелігін (айрықша белгілерін) тіпті көзбен шолу арқылы бағалауға мүмкіншілік бар. Дегенмен, мұл әдістің бірқатар кемшіліктері де жоқ емес, яғни мөлдектердің саны, бақылау нұсқасын екі нұсқадан кейін орналастырғанда 40%-ға, бір нұсқадан кейін орналастырғанда 50 %-ға көбейеді, нәтижесінде тәжірибе үлкейеді, жер аумағы тиімсіз пайдаланылады, еңбек шығыны артады, әсіресе, зерттеліп отырған нұсқалардың саны көбейгенде. Бұл әдіс көбінесе сорт сынауда кеңінен қолданылады, сонымен қатар селекционерлермен таңдаудың бірінші кезеңінде: тұқымдық материалдың жетіспеуіне байланысты қажетті көлемдегі мөлдектер мен қайталымдардың саны болмайды, сондықтан зерттеліп отырған мөлдектерді бақылау нұсқасымен қатар орналастырып, олардың қайсысының болашағы зор екенін анықтауға болады.
Жүйелік – бұл әдіс тәжірибе нұсқаларын әр бір қайталымда, бір немесе шахматтық тәртіппен екі және одан да көп қабаттарда жүйелі тәртіппен орналастыру (сурет 3).
Тәжірибе қайталымы
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
1
Бақылау
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
Бақылау
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
Бақылау
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
Бақылау
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Сурет 3 – Төрт қайталымда бес нұсқаны мөлдектер бойынша жүйелі әдіспен орналастыру
Тәжірибе нұсқаларын бір қабатқа жүйелі әдіспен орналасытру барлық әдістердің ішінде ең қарапайым әдіс болып табылады, себебі олар тәжірибе сызбанұсқасына сәйкес жүйелі түрде орналасады.
Шахмат тәртібі әр түрлі қабаттардың қайталымдарында нұсқалардың араласып орналасуын қарастырады. Келесі қабаттарда нұсқаларды орналастыру жұмысын әрі қарай жылжытуға қажетті, мөлдектердің санын анықтау үшін нұсқалардың санын тәжірибелердің санына бөледі: нұсқалардың саны сегіз болғанда және қайталымдар екі қабатта орналасқанда 4 нөмірге (8:2=4), үш қабатты орналасқанда – 3 нөмірге жылжыту қажет. Бұл әдістің ең басты артықшылығы – танаптық тәжірибе салуды (себу), бақылаулар және өнімді есептеу жұмыстарын жүргізуді жеңілдетеді, сонымен қатар қайталымдар мен әр түрлі нұсқалардың мөлдектерінде қате жібермеуге мүмкіндік береді.
3 Мөлдектерді орналастырудың рендомизациялық әдісі
Доспехов Б.А. (1985) пікірі бойынша жүйелі әдістің бірқатар кемшіліктері бар, нақты айтқанда «тәжірибе нұсқалары бойынша болуы мүмкін және көбіне болатын ойда жоқ бұрмаланушылықтар, сонымен қатар тәжірибенің қателігін статистикалық бағалаудың сенімсіздігі», яғни осыған байланысты автор тәжірибе нұсқаларын орналастырудың анағұрлым тиімді әдісі – рендомизация деп көрсеткен.
Танаптық тәжірибелерде нұсқаларды рендомизация әдісімен орналастыруды қолдану, әлі күнге дейін көптеген таластар туғызуда, яғни кездейсоқ таңдаудың және нұсқалардың рендомизациясының талаптары ғылыми дәлелденбеген деп есептеледі, экспериментте кездейсоқтық орынсыз және зиянды, ал рендомизацияны мүлде ұсынуға болмайды, себебі «мөлдектерді рендомизация әдісімен орналастырған кезде біз саналы түрде өзімізге және өзіміздің тәжірибе нәтижелерін жеребеге, кездейсоқ ойынына бағындырамыз».
Танаптық тәжірибенің (және т.б. бірқатар тәжірибелердің) нәтижелеріне дисперсиялық талдау жасау әдістерімен айналысып жүрген бірқатар математиктер (Фишер Р.А., 1958, Перегудов В.Н., 1961, Доспехов Б.А., 1979 және т.б.), рендомизация тәжірибені бағалауда орнынан алу қаупіне біраз кедергі (жояды) болады және экспериментаторға тәжірибелік жұмыстардың сапасын дұрыс сипаттауды көрсетеді. Доспехова Б.А. (1979) пікірінше, «Нақты салыстыруларды және статистикалық бағалауды талап ететін танаптық тәжірибелерді жоспарлау үшін нұсқаларды орналастырудың қазіргі заманғы әдістерін пайдаланған дұрыс, оның негізі – рендомизация болып табылады». Бұл көзқарасты ескермеуге болмайды, ең құрғанда рендомизацияның жалпы негізін білу қажет.
Рендомизация – тәжірибеде нұсқалардың жүйесіз орналасуын қарастырады, ал оның анағұрлым қарапайым әдісін келесі мысалдан көруге болады. Тәжірибенің нұсқаларын нөмірлейді немесе әріптермен белгілейді және оларды біркелкі карточкаларға жазады, кейін бұл карточкаларды жақсылап араластырады және бір-бірден суырып алып қарайды. Қайталымдардың нұсқаларын жеребемен, кездейсоқтықпен анықталған тәртіп бойынша мөлдектерге орналастырады, ал әр бір қайталым үшін өзіндік рендомизациясы жасалады.
Нәтижесінде бұл қалай болатынын 4 – суреттен көруге болады
Тәжірибе қайталымы
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
3
|
1
Бақылау
|
4
|
2
|
5
|
2
|
4
|
1
Бақылау
|
5
|
3
|
4
|
2
|
5
|
3
|
1
Бақылау
|
5
|
3
|
1
Бақылау
|
4
|
2
|
Сурет 4 – Төрт қайталымда бес нұсқаны рендомизация әдісімен мөлдектерде орналасу
Суреттен көріп отырғанымыздай жеребе тастау (кездейсоқ) еркіндігі бойынша барлық қайталымдардағы бақылау нұсқалары және басқа да барлық тәжірибе нұсқалары мөлдектерде жүйесіз, «араласып» орналасты, бұл сөзсіз тәжірибеде дақылдарды себу жұмыстарын жүргізуге, бақылау және есептеу жұмыстарын жүргізуде қиындықтар туғызады, сонымен қатар бұндай әдісте зерттеуші қайталымдардың нұсқалық мөлдектерін бір-бірімен шатастырып алмауы қажет. Рендомизация үшін қазіргі таңда кездейсоқ сандар кестесі жасалған және кеңінен пайдаланылуда, ол әр түрлі эксперименттік жұмыстарда кездейсоқ іріктемені (таңдауды) жоспарлауда техникалық жәрдем (көмекші) болып табылады.
Тиісті әдістемені пайдалана отырып (кесте 1, қосымша), қандай нұсқалар тәжірибенің әр бір қайталымының әр бір мөлдегінде орналасу керек екенін көрсететін сандарды есептеп шығарудың алғашқы пунктін ғылыми белгілеуге және алуға болады.
Доспехов Б.А. (1979) танаптық тәжірибе нұсқаларын рендомизациялық әдіспен орналастырудың бес әдісін ажыратып көрсетті: ұйымдастырылмаған қайталымдар (толық рендомизация); рендомизацияланған қайталымдар; латын квадраты және тік бұрышы;шашыраған мөлдектер; араласқан.
Толық рендомизация (ұйымдастырылмаған қайталымдар әдісі) – жер учаскесінде танаптық тәжірибені орналастырудың қазіргі заманғы әдістерінің ішіндегі ең қарапайымы деп есептеледі, бұл әдісте жер учаскесіндегі тәжірибе нұсқалары мөлдектер бойынша әбден кездейсоқ таратылады (орналасады). Мысалы, төрт қайталымды, 3 нұсқалы танаптық тәжірибеде жер телімі 12 мөлдекке бөлінеді (3х4=12). Кейін кездейсоқ сандар кестесі бойынша, әр бір нұсқаға 4 мөлдектен келетіндей етіп, тәжірибе нұсқаларын мөлдектерге орналастырады (сурет 4).
2
|
1
|
3
|
2
|
1
|
3
|
2
|
1
|
3
|
1
|
2
|
3
|
Сурет 4 – толық рендомизация әдісімен төрт қайталымда үш нұсқаны орналастыру сызбанұсқасы
| Бұл әдіс бірқатар жағдайларда, яғни тәжірибеде зерттеліп отырған нұсқалардың саны аз болғанда (2-ден 4-ке дейін) тиімді деп есептеледі және бұл әдісті жер аумағы үлкен емес және топырақ құнарлылығы бойынша біркелкі жер учаскесінде, көпжылдық жемісті дақылдармен жұмыс істегенде қолдануға болады. Тәжірибеде мөлдектердің санын көбейткенде бұл әдістің тиімділігі төмендейді, бұндай жағдайда ұйымдастырылған рендомизацияланған қайталымдар әдісін қолданған дұрыс.
Рендомизацияланған қайталымдар әдісі – әлемдік іс-тәжірибеде анағұрлым кең таралған, бұл әдіс бойынша танаптық тәжірибенің әр бір қайталымында тәжірибелік нұсқалар мөлдектер бойынша кездейсоқ тәртіппен орналасады. Тәжірибені жүргізу жағдайларына байланысты мөлдектердің пішіні ұзарған (созылған), тік бұрышты немесе тік төрт бұрышты болуы мүмкін және олар қайталымдарда тұтастай күйінде бір, екі және одан да көп қабаттарда орналасады. Зерттелетін нұсқалардың саны тәжірибелік жер учаскесінің тегістігіне (жер бедерірінің) және тәжірибелік мөлдектердің көлеміне (ауданына) байланысты болады: тәжірибеде 15-20 нұсқалар қолдануға болмайды деп есептеледі, ал егер де нұсқалардың саны 8-10 нұсқадан асатын болса, онда әр бір қайталымға кем дегенде 2 және одан да көп бақылау (стандарт) мөлдектерін қосу қажет. Мысал үшін 5-суретте 9 нұсқасы бар танаптық тәжірибеде мөлдектердің екі қабатта орналасу сызбанұсқасы келтірілген.
Доспехов Б.А. пікірінше, тәжірибелік мөлдектерді латын квадраты және тік бұрышы әдісімен оранластыру, жер телімі топырағының құнарлылығының жүйелі түрде өзгеруінің, тәжірибе нәтижелеріне екі өзара перпендикулярлы бағыт бойынша әсер етуін жоюға мүмкіндік береді.
II
Қайталымдар
I
|
8
|
6
|
4
|
st
1
|
3
|
7
|
2
|
5
|
st
1
|
9
|
st
1
|
5
|
2
|
7
|
3
|
st
1
|
9
|
4
|
6
|
8
|
9
|
8
|
6
|
4
|
st
1
|
5
|
3
|
st
1
|
2
|
7
|
4
|
2
|
st
1
|
3
|
7
|
9
|
8
|
5
|
6
|
st
1
|
III
IV
|
Қайталымдар
|
Сурет 5 – Әр біреуінде 2 бақылау нұсқалары бар рендомизацияланған төрт қайталымда тәжірибелік 9 нұсқаны екі қабатқа орналастыру
|
Тәжірибені салу техникасы: тік төрт бұрышты немесе тік бұрышты пішіндегі жер телімі тәжірибедегі нұсқалар санына сәйкес келетін, қатарлар мен бағаналар санына көлденең (горизонтальді) және тік (вертикальді) бағыттарда қағылады, сонымен қатар әр бір қатар немесе бағана тәжірибеде зерттеліп отырған барлық нұсқаларды қосады. Мөлдектердің пішіні ұзарған (созылған) болса, онда латын квадратының рендомизацияланған қайталымдардың алдында артықшылығы болмайды. Тәжірибені латын квадраты әдісімен салу бірқатар жағдайларды (тәртіпті) сақтауды талап етеді – тәжірибелік нұсқалардың саны қайталымдардың санына тең болуы тиіс, осыған орай мөлдектердің саны тәжірибенің нұсқаларының екі еселенген санына тең болады, мысалы, тәжірибеде бес нұсқа болған жағдайда мөлдектердің саны 5х5=25 тең, алты нұсқа болғанда 6х6=36 және т.б. Алты нұсқалы танаптық тәжірибенің латын квадраты әдісімен орналасу сызбанұсқасының бір нұсқасы 6-суретте келтірілген.
Қатарлар
|
|
Бағаналар
|
I
II
III
IV
V
VI
|
I II III IV V VI
|
6
|
4
|
1
|
3
|
5
|
2
|
1
|
5
|
4
|
6
|
2
|
3
|
4
|
2
|
6
|
5
|
3
|
1
|
3
|
1
|
5
|
2
|
4
|
6
|
2
|
6
|
3
|
4
|
1
|
5
|
5
|
3
|
2
|
1
|
6
|
4
|
Сурет 6 – Алты нұсқалы тәжірибені латын квадраты әдісімен орналастыру сызбанұсқасы
| Тәжірибені латын квадраты әдісімен орналастырғанда әр бір қатардағы және бағанадағы тәжірибе нұсқалары мен қайталымдарының нөмірлері қайталанбайтыны есте ұстаған дұрыс. Мөлдектерді орналастырудың бұл әдісін зерттеудің барысында, нұсқаларының саны төрттен төмен квадраттарды салу тиімсіз екенін көрсетті, ал іс-тәжірибеде көбінесе 5х5, 6х6, 7х7 квадраттар қолданылады, сонымен қатар нұсқаларының саны 7-8 нұсқадан көп тәжірибелерді бұл әдіспен салу қиынға соғады, сондықтан бұндай жағдайда тәжірибені орналастырудың – латын тік бұрышы әдісін қолдануды ұсынады.
Латын тік бұрышы әдісінде нұсқалардың саны қайталымдардың санына еселенген болуы тиіс, мысалы, үш қайталымдық тәжірибеде 6,9,12,18 және т.б., төрт қайталымда – 8,12,16,24 және т.б., бес қайталымда – 10,15,20,25 және т.б., яғни нұсқалардың саны қайталымдардың санына қалдықсыз бөлінуі тиіс. Мөлдектер бойынша нұсқалар, әр бір қатарда және әр бір бағанада барлық нұсқалардың толық болуын қамтамасыз ететіндей есебімен рендомизацияланады. Мысал ретінде 7-суретте, төрт қайталымда 12 нұсқалық тәжірибені латын тік бұрышы әдісімен орналастырудың сызбанұсқасы келтірілген.
Қатарлар
|
|
Бағаналар
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
I
|
4
|
9
|
11
|
1
|
7
|
2
|
8
|
12
|
10
|
6
|
3
|
5
|
II
|
1
|
5
|
2
|
6
|
10
|
12
|
3
|
4
|
7
|
11
|
9
|
8
|
III
|
12
|
6
|
8
|
3
|
4
|
9
|
1
|
5
|
11
|
2
|
7
|
10
|
IV
|
3
|
7
|
10
|
5
|
8
|
11
|
9
|
2
|
6
|
4
|
1
|
12
|
Сурет 7 – 12 нұсқалы тәжірибені латын тік бұрышы әдісімен орналастыру сызбанұсқасы
|
Мөлдектерді ыдыратып (күрделі) орналастыру әдісі стационарлық тәжірибеде алғашқы нұсқаларды сақтай отырып, қосымша тәжірибелер тобын енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда салынатын көпфакторлы тәжірибелерді салу үшін қолданылады, мысалы, қосымша, тыңайтқыштардың мөлшерін, өсімдіктерді үстеме қоректендіруді, гербецидтерді және т.б. зерттеу. Бұндай тәжірибелерді бөлшектенген (күрделі) мөлдектері бар тәжірибелер деп атайды. Ыдыратылған мөлдектердің сызба нұсқасы – бір тәжірибенің мөлдектері басқалары үшін одақтас ретінде қолданылады, яғни белгілі бір тәжірибенің мөлдектеріне, технология элементтерінің басқа түрлері (қосымша) зерттеліп отырған тәжірибенің мөлдектері қосылады (салынады). Ірі мөлдектер бірінші тәжірибенікі (бірінші тәртіппен орналасқан тік және көлденең бағытта екінші тәртіппен орналасқан мөлдектерге шашырап орналасады), ал екінші тәртіптегі мөлдектер одан да ұсақ бөлшектерге бөлінеді. 8-суретте екі факторлы (1-2 нұсқалар) және үш факторлы (3-4 нұсқалар) тәжірибелер салғанда мөлдектердің ыдыратылу сызбанұсқасы келтірілген.
Бірінші (негізгі мөлдектер) және екінші (субмөлдектер) кезектегі мөлдектер бойынша тәжірибелерді рендомизация әдісімен орналастырады, сонымен қатар негізгі мөлдектердің нұсқалары әр бір қайталым бойынша өздігінен рендомизацияланады, екінші немесе кейінгі кезектердегі мөлдектердің нұсқалары әр уақытта қайтадан немесе әр бір негізгі мөлдектер және олардың топтары үшін, мысалы, бүтіндей қайталым үшін рендомизацияланады.
1 2 3 4
Сурет 8 - Екі факторлы (1-2 нұсқалар) және үш факторлы (3-4 нұсқалар) тәжірибелер салғанда мөлдектердің ыдырату сызбанұсқасы
Араластыру әдісі. Қайталымдарының саны көп, көп нұсқалы тәжірибелерде негізгі факторларды салыстыруда дәлділік пен олардың өзара әсерлері біркелкі болмайды, сондықтан тәжірибе нұсқаларын орналастыру әдісі ретінде араластыру әдісі қолданылады, бұндай әдісте әрбір қайталымдағы нұсқалардың барлық әрекеттерін (комбинация) екі немесе оданда көп топтарға (одақтарға), топтардың арасындағы айырманы (айырмашылық) негізгі әсерлер мен екі фактордың арасындағы өзара әсерлерге қарағанда аз қызығушылық танытатын, жоғары деңгейде өзара қатынаста болатындай етіп бөледі.
Жер учаскесінде тәжірибе нұсқаларын орналастыру әдістерін – стандартты, жүйелі немесе рендомизациялық, қарастыруды қортындылай келе келесідей мәселеге баса назар аударған жөн: егер зерттеліп отырған факторлардың әсері (ықпалы) географиялық бейнелегенде қисық сызық пішінді болса, яғни қисық сызық фактор шамасының өсуіне байланысты жоғарылайды, немесе, мысалы, жылу режимі төмендегенде қисық сызық максимум дәрежеге жетеді, кейін төмендейді немесе теңеседі (тегістеледі), яғни фактордың – тыңайтқыш мөлшерінің жоғарылауы және т.б. өнімнің жоғарылауына әсер етпейді, сондықтан тәжірибе нұсқалары мөлдектер бойынша қандай әдіспен орналасса да, эксперименттің нәтижелерін аяқталған деп есептеу қажет. Мысал ретінде (сурет 9) судан шөбінің (жылу сүйгіш дақыл) өнім қалыптастыруына себу мерзімдерінің әсерін зерттеу нәтижелерінің мәліметтері келтірілген.
Судан шөбін әр түрлі себу мерзімдерінде сепкенде, яғни 10 мамырдан бастап сепкенде өнімі 55 ц/га-дан маусым айының бірінші онкүндігінде себілгенде 175 ц/га-ға дейін жоғарылады, сонымен қатар маусым айының бірінші онкүндігінің соңына қарай сеілгенде өнім деңгейі максимум деңгейге, яғни 200 ц/га-ға дейін жетті. Осыдан келіп келесідей қортынды жасауға болады: судан шөбі үшін ең оңтайлы себу мерзімі - маусым айының бірінші онкүндігі, ал оны кеш мерзімдерде сепкен сайын өнімі төмендей береді, сондықтан судан шөбінің анағұрлым кеш себу мерзімдерін зерттеудің қажеті жоқ, ал анағұрлым ерте себу мерзімдері судан шөбі үшін қолайсыз, себебі ерте көктемдегі температуралық режим өсімдіктің толық егін көгін алуға, өсіп-дамуына кері әсер етті.
Сурет 9 – Себу мерзімдеріне байланысты судан шөбінің қалыптастырған көк балауса өнімінің динамикасы, ц/га.
Сондықтан, ерте көктемгі себу мерзімдері сияқты кеш себу мерзімдері де температураның қолайсыздығына байланысты өсімдіктердің толық егін көгін алуға, өсіп-дамуына кері әсерін тигізеді, нәтижесінде алынатын өнім көлемі төмендейді, ал ең қолайлы (оңтайлы) себу мерзімі – мамыр айының соңы – маусым айының басы.
Бақылау сұрақтары
Тәжірибе мөлдектері бойынша нұсқаларды орналастырудың қандай әдістері бар және олардың жалпы сипаттамасы ?
Тәжірибе нұсқаларын стандарт әдісімен орналастырудың ерекшелігі қандай және бұл әдістің оң және теріс жақтарын сипаттаңыз?
Тәжірибе нұсқаларын жүйелік әдіспен орналастырудың ерекшелігі қандай бұл әдіс бойынша тәжірибе нұсқаларын орналастырудың негізгі әдістері? Бұл әдістің оң және теріс жақтары қандай?
Тәжірибе қайталымдары мен нұсқаларын бір, екі және одан да көп қабаттарда орналастырудың маңызы неде?
Танаптық тәжірибе нұсқалары мен қайталымдарын рендомизация әдісімен орналастырудың мәні неде және бұл әдістің стандарт және жүйелі әдістермен салыстырмалы бағасы?
Тәжірибе нұсқаларын рендомизация әдісімен орналастырудың қандай әдістері бар және рендомизациялау техникасы қандай?
Ұйымдастырылмаған (толық рендомизация) қайталымдардың мәні неде және олар қалай орналасады?
Рендомизацияланған қайталымдардың мәні неде және қайталымдар мен нұсқаларды орналастыру сызбанұсқасы қалай құылады?
Латын квадраты және тік бұрышы әдістерінің мәні неде, оларды қолдану жағдайы қандай және тәжірибеде бұл әдістермен қайталымдарды мен нұсқаларды орналастыру сызбанұсқасы қалай құрылады?
Шашыраған мөлдектер әдісінің мәні неде, бұл әдіс қандай жағдайларда қолданылады және шашыратып орналастыру сызбанұсқасы қалай құрылады?
Мөлдектерді араластырып орналастыру әдісі қандай жағдайларда қолданылады және оның негізгі міндеті?
Белгілі бір факторды зерттеген кезде қандай көрсеткіштер тәжірибенің аяқталғанын көрсетеді?
Дәріс № 8.
Тақырыбы: «Тәжірибені салу, жүргізу және өсімдіктердің өсіп-дамуына бақылаулар жүргізу техникасы»
1 Толық құнды танаптық тәжірибе салудың негізгі жағдайлары
2 Танаптық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
1 Толық құнды танаптық тәжірибе салудың негізгі жағдайлары
Танаптық тәжірибеден тәжірибе салу әдістемесінің барлық негізгі талаптарын – мөлдектерді орналастырғанға дейінгі жасалатын жұмыстардан бастап, яғни жалпы аяны (фон) дайындау: алғы дақыл және дақылдың ауыспалы егістегі орны, топырақ өңдеу, тыңайтқыш енгізу және т.б. жұмыстар, белгілі бір аймаққа ұсынылған агротехника деңгейіне сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар дақылдар және олардың сорттары егістікке енгізілген болуы керек, себілетін тұқымдық материалдар жоғары деңгейдегі себу сапасына ие болуы қажет, себу және жинау техникалары қазіргі заман талаптарына сай болуы керек, себу мерзімдері мен себу тәсілдері, тұқымның себу мөлшері қатаң сақталуы тиіс және т.б. талаптарды қатаң түрде сақтай отырып толық құнды нәтижелер алуға болады.
Тәжірибе жүргізудің кез-келген кезеңдерінде жіберілген, техникалық сипаттағы қателіктер жалғыз (бір, дара) өзгешелік қағидасын бұзады, эксперимент нәтижелерін бұрмалайды, ал тәжірибе салу және жүргізу үрдісінде жіберілген қателіктерді ешқандай математикалық өңдеулермен дұрыстауға болмайды, яғни жұмыстың нәтижелілігі және алынған мәліметтердің бағалылығы төмендейді (мәліметтер құнсызданады). Осыған байланысты танаптық тәжірибені жүргізудің барлық техникалық талаптарын қатаң түрде сақтау – сенімді нәтижелерге қол жеткізудің маңызды бір шарты болып табылады, яғни ол зерттеліп отырған агротехникалық шараларға немесе белгілі бір дақылдың жаңа сұрыптарына дұрыс (әділ) баға беруге және оларды өндірістік жағдайда кең ауқымда сынап көру және іс-тәжірибеге енгізуге ұсыныс жасауды негіздеуге мүмкіндік береді.
|
В
А
|
1 қайталым
|
2 қайталым
|
3 қайталым
|
4 қайталым
|
С
Д
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Мөлдектердің нөмірі
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
28
|
144
|
Сурет 10 – Тәжірибе мөлдектерін бір қабатқа орналастырудың сызбанұсқалық жоспары
Танапта тәжірибе салу жұмыстарына кіріспес бұрын, тәжірибе мөлдектерін, нұсқаларын және қайталымдарын орналастыруды жер учаскесінің сызба нұсқалық жоспарына келтіру қажет, сонымен қатар барлық тәжірибенің, ондағы мөлдектер мен қайталымдардың енін, ұзындығын және жалпы жер көлемін анықтау керек.
Танаптық тәжірибені танаптағы жер учаскесіне салу (қағу) үшін келесідей құрал-жабдықтар және аспаптар қажет:
а) тік бұрыштарын шығару үшін теодолит немесе экер;
б) ұзындығы 20 м кем емес өлшегіш лента немесе рулетка;
в) ұзын, мықты жіп;
г) тәжірибе шекарасын белгілеуге қажетті, тәжірибенің төр бұрышына қағылатын 4 бұрыштық діңгек (репер);
д) ұзындығы 1,5-2 м 5-10 ағаштар;
е) мөлдектердің шекарасын белгілеу үшін қолданылатын, ені 3-4 см, ұзындығы 25-30 см жұмыс қазықтары, олардың саны мөлдектердің санынан екі есе көп болуы қажет, сонымен қатар 10-15 дана қосымша (запас) қазықтар болуы тиіс.
Жұмысты тәжірибенің ұзын жағынан сызық салудан бастаған жөн, мысалы АД (сурет 10).
Бұл сызықты өлшегеннен кейін А және Д нүктелерін экер бойынша қалпына келтіреді, немесе басқаша әдіспен, яғни өлшегіш лентамен АВ және ДС жақтары өлшенетін, оларға перпендикулярлы әдіспен, ал В және С нүктелеріне қазықтар қағып олардың бір-бірінен ара қашықтығын өлшейді, сонымен қатар ВС жағы АД жағына тең болуы керек. Егер ауытқулар байқалатын болса, онда тәжірибе салудағы қателікті тауып, оған түзетулер жасау қажет. Тәжірибенің жалпы контурын (пішінін) асқан дәлділікпен жүргізу қажет, себебі белгіленген А,В,С,Д нүктелері кейінгі тәжірибелерді мөлдектерге орналастырғанда (салғанда) алғашқы нұсқа болып табылады.
Экер және теодолит болмаған жағдайда тәжірибе мөлдектерінің тік бұрыштарын қағуды жіптің көмегімен, Пифагор теоремасын негізге ала отырып және тік бұрышты үш бұрыш формуласын пайдаланып жүргізуге болады: АВ2+АС2=ВС2.
Егер, АВ = 3 м, АС-4 м, онда ВС = = = 5 м
Жер учаскесінің бір бағытында АС=4 м кесіндісін белгілеп, А нүктесінен, ұзындығы 3 м болатын, циркуль ретінде жіпті пайдалана отырып, шамаланған В нүктесіне кертілген таңба (засечка) салу қажет, ал кейін С нүктесінен, ұзындығы 5 м болатын жіпті пайдалана отырып, В нүктесіне кертілген таңба салынады, олардың қиылысқан жері В бұрышын береді, ал ВАС бұрышы 900 (тік) болады.
В
3 м
5 м
А 4 м С
Мөлдектерді танапта қағу (салу), мөлдектердің жалпы және епеп жүргізілетін аудандарының көлемін, бүйірлік және шеткі қорғаныс жолақтарының көлемін, бұрылыс жолақтарының көлемін және т.б. есепке алатын, алдын-ала жасалған жоспар бойынша жүргізіледі. Мысалы, тәжірибеде (сурет 10) мөлдектердің ені 5 м, ұзындығы 27 м болғанда, ауданы 135 м2 –ді құрайды, әр бір бүйірлік қорғаныс жолақтарының ені 0,5 м немесе мөлдектердің есеп жүргізу алаңдарының ауданы 4 м және шеткі қорғаныс жолақтарының көлемі 1 м, сондықтан мөлдектердің есеп жүргізу алаңдарының ауданы 4 м х 25 м = 100 м2 (сурет 11) болады. 7 нұсқалық бір қайталымның ауданы 5 х 7 х 27 = 945 м2, барлық тәжірибенің ауданы 945 х 4 = 3780 м2 болады.
Сонымен қатар, тәжірибені айналдыра ені 2 м қорғаныс жолағын және мөлдектердің шетіне, ені 15 м дейін бұрылыс жолақтарын қарастыру қажет.
В
С
F
Г
Сурет 11 – мөлдектердің жалпы (Е, F, Г, Н) және есептеу алаңдарын (А,В,С,Д), қорғаныс жолақтарын орналастырудың сызбанұсқалық жоспары
1,0
4
А
Д
5
Е
Н
Мөлдектерді екі қабат әдісімен орналастырғанда, екі қабаттың арасынан,топырақты өңдегенде, себу жұмыстарында, өсімдіктерді күтіп-баптағанда және өнімді жинағанда ауыл шаруашылық техникаларының еркін бұрылуына мүмкіндік беретін, ені 15 м-ден кем емес бұрылыс жолақтары қарастырылады және оның көлемі мөлдектердің жалпы ауданына қосылады (сурет 12).
|
1 қайталым
|
2 қайталым
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
Мөлдектердің нөмірі
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
|
|
3 қайталым
|
4 қайталым
|
|
|
5
15
|
6
16
|
7
17
|
1
18
|
2
19
|
3
20
|
4
21
|
5
22
|
6
23
|
7
24
|
1
25
|
2
26
|
3
27
|
4
28
|
|
|
74
Сурет 12 – Тәжірибені екі қабатқа орналастырғанда мөлдектер мен қайталымдардың орналасуының сызбанұсқалық жоспары
Тәжірибенің ауданын есептеген соң, мөлдектерді бір қабатқа орналастырғанда мөлдектердің, қорғаныс және бұрылыс жолақтарының жалпы ауданы - 8208 м2, ал екі қабатқа орналастырғанда - 7930 м2 деп белгілеуге болады.
Жер учаскесінің шекаралары қағылған соң, оны мөлдектерге бөледі, яғни ұзын жақтары бойынша АД және ВС (сурет 10), өлшегіш лента және рулетканың көмегімен, танаптық мөлдектердің ені өлшенеді және оның шекарасына қазық қағылады, ол қазықта қайталымдардың және мөлдектердің нөмірі жазылады: алымында – мөлдектердің нөмірі, ал бөлімінде – қайталымдардың нөмірі жазылады, мысалы, 1,2,8 … 8, 9, 10 және т.б.
1 1 1 2 2 2
Егер мөлдектерді қағу жұмыстары дұрыс орындалса, онда олар жер учаскесінің шекарасында орналасулары тиіс, мөлдектерді көп қабаттарда орналастырғанда, мөлдектерді қағу жұмыстарын әр бір қабатта жеке-жеке жүргізу қажет, бірақ әр бір қабаттың шекарасы бір сызық бойында болуы қажет.
Мөлдектерді қағып болған соң, жер учаскесінің шекарасын бекіту қажет, жалғастырылатын сызықтың ұзын жағында, қорғаныс жолақтарының шекарасында әрдайым реперлер (ағаш, металл қазықтар) қойылады, ал реперлерден шеткі мөлдектердің бұрышындағы нүктелерге дейінгі қашықтық дәл өлшенуі тиіс және жоспарға енгізілуі керек, яғни бұл мөлдектер бойынша уақытша қойылған, жұлынып қалған немес орнынан қозғалтылған қазықтарды қалпына келтіру үшін қажет.
2 Танаптық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Танаптық жұмыстарды жүргізген кезде келесідей негізгі ережелерді сақтау қажет:
1. Тәжірибенің барлық нұсқаларында барлық жұмыстарды бір мезгілде жүргізу қажет, сонымен қатар ауылшаруашылығы жұмыстарының барлық түрлерін, әр бір жекелеген тәжірибелерде бір күнде жүргізілуі тиіс, ол мүмкін болмаса жұмысты бір қайталыммен аяқтау қажет. Барлық жұмыстар тәжірибенің барлық мөлдектерінде біркелкі жүргізілуі керек, яғни жалғыз өзгешелік қағидасын (барлық жұмыстардың бір уақыттылығы, біркелкі сапалылығы және қысқа мерзімділігі) сақтау қажет.
2. Орындалатын барлық жұмыстардың жоғары сапалылығы. Тәжірибелік жер учаскесіндегі агротехникалық ая (фон) оңтайлы болуы қажет, сонымен қатар зерттеліп отырған белгілі бір фактордың әсеріне (ықпалына) кедергі келтірмейтін, жаңа, қарқынды технологиялар мен іс-шаралар пайдаланылатын, белгілі бір аймаққа ұсынылған технологияның талаптарына сай болуы қажет.
3. Тәжірибені және өсімдіктерді күтіп-баптау жұмыстары зерттеліп отырған дақылдың танаптық жағдайдағы күтіп-баптау жұмыстарындағы іс-шараларымен сәйкес болуы тиіс, ал барлық жұмыстар өз уақытында, біркелкі және тыңғылықты жүргізілуі тиіс (химиялық және қолмен өңдеу, қатараралық өңдеу, үстеп қоректендіру және т.б.). Тәжірибенің өзгешелігі есепке алынуы тиіс (мысалы, тәжірибе міндеттерімен қаншалықты сәйкестігіне байланысты себу мерзімдері және өңдеу жұмыстары).
4. Топырақты өңдеу техникасы – тәжірибеде топырақты өңдеу техникасы барлық нұсқалар үшін бірдей ме, жоқ әлде зерттелетін фактор ретінде ме, соған байланысты жүзеге асырылады.
Дақылдарды себу кезінде және сол сияқты топырақты өңдеу кезінде екі жағдай болуы мүмкін, біріншісі, тәжірибенің барлық нұсқаларында дақылдарды бір мезгілде және бір тәсілмен сепкен кезде (мысалы, тұқымның себу мөлшерін, тыңайтқыштардың мөлшерін және т.б. зерттеген кезде) және екіншісі, дақылдарды әр түрлі себу мерзімдерінде және әр түрлі себу тәсілдерін қолданғанда, мысалы, дақылдардың себу мерзімдерін және себу тәсілдерін (қатардағы себу тәсілі, кеңқатарлы себу тәсілі және т.б.) зерттеген кезде.
Дақылдарды себу мөлдектердің бағытымен, ал танапты негізгі өңдеу көлденең жүргізілуі керек. Тәжірибені жоспарлағанда, мөлдектердің енін сепкіштер сиятындай етіп жоспарлау қажет, яғни мөлдектердің ауданы сепкіштердің немесе басқа да тіркемелердің (агрегат) енімен сәйкес болғаны дұрыс.
Белгілі бір дақыл тұқымының себу мөлшерін зерттегенде, сепкіштердің себу мөлшерін қайта-қайта ауыстыры жүрмес үшін, ең бірінші барлық мөлдектерді (бірнеше қайталымдағы біртекті мөлдектерді) бір себу мөлшерімен сеуіп шығады, кейін екінші, одан кейін үшінші және т.б.
Сондай-ақ, сорт сынау тәжірибелерінде барлық қайталымдардағы біртекті мөлдектерге бір сортты сеуіп шығады да, сепкіштерді толықтай тазартып, келесі сортты себеді.
Дақылдарды сепкенде келесідей тәртіптерді сақтау қажет: сепкіштерді іске қосу және ағыту жұмыстарын тәжірибенің сыртында, яғни мөлдектердің шекарасынан 1 м-ден жақын емес жерде жүргізу қажет (бұрыштағы қазық сызықтарын, мөлдектердің шеттерін, тәжірибенің шекарасын тәжірибені салып болған соң белгілі бір дақыл тұқымымен сеуіп өтеді). Бір жылдық дақылдар қолданылатын тәжірибелерде қорғаныс жолақтарына, мал азығына немесе астыққа жиналатын біржылдық дақылдар, ал көпжылдық шөптер (еркекшөп, қылтықсыз арпабас және т.б.) қолданылатын тәжірибелерде – көпжылдық шөптерді себеді.
Жоғарыда аталған тәжірибелерден басқа тәжірибелерде, тәжірибенің жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар арнайы жұмыстар жүргізіледі: жолақтарды тазарту (мәселен, арамшөптерден), «таза» қазықтарды қағу, этикеткалар қою және т.б., сонымен қатар мөлдектердің қорғаныс жолақтарының ені қойылатын негізгі талаптарға сай болуы тиіс.
Этикеткалар қайталымдар мен мөлдектердегі өсімдіктердің өсіп-дамуына бақылау жасаған кезде және әр түрлі жұмыстар жүргізген кезеңде қателіктердің туындау мүмкіндігін төмендетеді, сонымен қатар тәжірибелердің демонстарциясын жеңілдетеді және оларды өсімдіктердің тіршілік ету кезеңдерінің басында қойған дұрыс. Олар әр түрлі материалдардан (қаңылтыр, ағаш) және әр түрлі көлемде дайындалады, дегенмен олардың минималды көлемі 20 х 10 см болу керек деп есептеледі, сонымен қатар этикеткалардағы жазулар қысқаша, бірақ зерттеушінің өзіне ғана емес, сонымен қатар сырттан келген адамдарға да түсінікті болуы қажет.
Танаптық тәжірибеде өсімдіктерді күтіп-баптау жұмыстарының, өндірістік жағдайда өсімдіктерді күтіп-баптау жұмыстарынан ешқандай айырмашылықтары болмауы тиіс, сонымен қатар барлық жұмыстар тәжірибенің барлық мөлдектерінде біркелкі және бір уақытта жасалуы тиіс. Жер учаскесінің арамшөптермен ластануының біркелкі болмауы зерттеліп отырған факторға әсер етуі мүмкін, сондықтан тәжірибелік барлық мөлдектерді арамшөптерден таза күйінде ұстау қажет.
Дегенмен, белгілі бір шараларды зерттеудің бірқатар тәжірибелерінде, мысалы, себу мерзімдерін және т.б., арамшөптерді есепке алу үшін сол қалпында қалдыру қажет. Нәтижелерін өндіріске ұсыныс ретінде ұсынуға болатын тәжірибелерде арамшөптерді қолмен жою жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі жоқ, мысалы, көпжылдық шөптерді қолданатын және олардың бүркемелі және бүркемесіз себу әдістерін зерттеу тәжірибелерінде көпжылдық шөптерді салыстырмалы бағалағанда, олардың себілген (көпжылдық шөптердің бірінші тіршілік жылында) жылы арамшөптерге қатынасы бойынша бәсекеге түсу қабілеттілігін бағалағанда және т.б. тәжірибелерде арамшөптерді жоймай, сол қалпында сақтау қажет. Тәжірибелерде өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы, тәжірибеде зерттеліп отырған технология элементтерінің нәтижелеріне немесе сорттарды салыстырмалы зерттеу нәтижелеріне кері әсер ете алатын, ең жақсы күресу шараларын қолдану қажет.
Бақылау сұрақтары
Толыққұнды танаптық тәжірибе жүргізудің негізгі жағдайлары қандай?
Тәжірибелік жер учаскесін мөлдектерге бөлгенде қандай құралдар пайдаланылады?
Танаптық тәжірибені салғанда, тік бұрыштарды белгілеудің қандай әдістері бар?
Тәжірибені бір қабатты және көп қабатты әдістермен орналастырғанда, жер учаскесін қайталымдар мен мөлдектерге бөлудің әдістемесі қандай?
Мөлдектердің жалпы және есеп жүргізу ауданынан, қорғаныс және бұрылыс жолақтарын бөлудің әдістемесі қандай?
Танаптық тәжірибеде тәжірибенің шекараларын бекітудің, қазықтармен және этикеткалармен безендірудің қандай әдістері бар?
Тәжірибелерде қандай негізгі танаптық жұмыстар жүргізіледі және оларға қойылатын негізгі талаптар қандай?
Тәжірибелерде дақылдарды себу және басқа да жұмыстарды орындау технологиясы қандай?
Танаптық тәжірибелерде қандай есептеу және бақылау жұмыстары жүргізіледі және олардың жалпы жіктелуі (классификациясы)?
Дәріс № 9.
Тақырыбы: «Танаптық тәжірибелерде өнімді жинау мен есепке алу әдістемесі»
1 Өнімді есепке алу үшін тәжірибені дайындау
2 Өнімді жинау және есептеу әдістемесі
1 Өнімді есепке алу үшін тәжірибені дайындау
Тәжірибе мөлдектеріне өнімді жинау мен есептеу мерзімі келгенге дейін бірқатар дайындық жұмыстарын жүргізу қажет: қай мөлдектерде бракқа шығару, қай мөлдектерді шығарып тастау керектігін алдын-ала бағалап, қорғаныстардан, бракққа шығаруға, алып тастауға арналған мөлдектерден өсімдіктерді алып тастау.
Мөлдектерді толық бракқа шығару мен алып тастау алдыңғы бақылаулар мен жазулар негізінде жасайды, мөлдектердің мынандай зақымданулары бар болса (өсімдіктердің түсіп қалуы, залалдау, аурулар мен зиянкестер), жұмыстағы қателіктер, себу жамылғысының біркелкі еместігі, яғни зерттелетін тәсілге тәуелсіз өнім өзгергенде, сондықтан бракқа шығару мен алып тастауды жасау керектігі туады.
Бірақ сабақ бітіктігінің (шөпотының) қайталымдардағы немесе мөлдектердің кейбір бөліктеріндегі әртүрлі жағдайына байланысты, субьективті түрде мөлдектерді толық бракқа мен алып тастауға мүлдем болмайды. Егер бұл жұмысты міндетті түрде атқару керек болса, онда мөлдекті белгілі-бір бөлігін алып тастау керек (жартысын, үштен бір бөлігін, төрттен бір бөлігін және т.б.), міндетті түрде тікбұрышты болу керек, өйткені мөлдектің барлық ауданына қайта жасалатын есептеулерді жеңілдетеді.
Мөлдектің жартысынан көп бөлігі зақымданған жағдайда, ол толық бракқа шығарылады, және ауданы аз мөлдектері (20-25 м2) бар тәжірибелерде 4-6 және одан да көп қайталымдарда мөлдекті толық бракқа шығару қажет. Белгіленген алып тасталатын мөлдектер аудандарын өлшеп, таяқшалармен белгілеп және оларды жинай бастайды.
Тәжірибе мөлдектерінде жинау мерзімін, тәсілін таңдау және өнімді есепке алу зерттелетін факторлар кешенінің өте маңызды бөлігі болып саналады, зерттелетін факторлар агротехникалық тәсілдерінің немесе сорттар қасиеттерінің өнімділікке және алынған өнімнің сапасына әсері.
Жинау мерзімін анықтау кезінде, тәжірибе алдында қойылған мақсаттарға сүйену керек. Мысалы, сорттарды зерттегенде мөлдектерді жинауды олардың пісуіне қарай, барлық мөлдектерде піскенше өткізу керек, өйткені қойылған мақсаттар орындалмай қалуы мүмкін.
Өсімдіктердің біркелкі пісуі жағдайында немесе мал азықтық дақылдарда шабылмалы пісу кезеңінде, өнімді бір мерзімде барлық мөлдектерде бір күн ішінде, болмаса әр қайталым мөлдектерін бір күнде жинаған дұрыс. Өнімді жинау мен есепке алуда әдістеменің барлық талаптарын орындау керек, өйткені әдістемеден ауытқу, ұқыпсыздық тәжірибенің құнсыздануына әкеледі.
Қатарлап (жаппай) себілетін дақылдармен жасалатын тәжірибелерде қорғаныстарды тартылған жіп немесе сым бойымен шауып алады, отамалы дақылдармен (кең қатарлап себу тәсілі) жасалған тәжірибелерде қорғаныс алаңдарына жататын қатарлар саны саналады, бракқа шығарылатын және алып тасталынатын мөлдектерден, қорғаныс алаңдарынан өнімді жинау жүргізіледі және тәжірибеден алыс жерге апарылады. Отамалы дақылдармен жасалған тәжірибелерде әрбір есеп мөлдегінде нақты өсімдіктер, түптер немесе тамырлар саны есептеледі.
2 Өнімді жинау және есептеу әдістемесі
Өнімді жинау мен есептеудің екі негізгі әдісі бар – тікелей және жанама, тәжірибе мөлдектеріндегі өнімді есептегенде екі әдісте қолданыла алады.
Тікелей есептеу әдісі есеп мөлдегінің бүкіл ауданынан алынған өнімнің барлық массасын жинау және есепке алуды қарастырады (дәнді дақылдармен жасалған тәжірибелерде – комбайнмен жинау).
Жанама есептеуде барлық мөлдек өнімділігінің қандай да бір дәрежеде орташа үлгісі бола алатын, мөлдектің қандай да бір бөлігі есептеледі, дәнді дақылдармен жасалған тәжірибелерде кейде үлгі бау бойынша есептеу қолданылады. Аз ауданды мөлдектерде (10-20 м2) жанама әдіспен және үлгі баумен өнімді есептеуді қолданбаған дұрыс. Бұл екі әдістің принципиалды айырмашылықтары жанама есептеуде өнім есеп мөлдегінің барлық ауданынан емес, тек бір бөлігінен ғана өлшенеді, яғни есеп мөлдегінің ауданы айтарлықтай азаяды, сондықтан тәжірибені қою мен өткізу талаптары бұзылады, тәжірибе дәлдігі азаяды, яғни бұл әдістерді танаптық тәжірибеде қолдануға болмайды.
Дәнді дақылдарды жинауды арнайы немесе кәдімгі комбайнмен жинау керек, бұл ұзартылған пішінді және 100 м2 кем емес ауданды мөлдектерде ғана мүмкін. Қазіргі кезде ҒЗИ одан аз ауданды есеп мөлдектерінде мүмкіндік беретін, алым ені аз машиналарды қолдана бастады. Комбайнмен жинауды қолдану мөлдектерді алдын–ала дайындаусыз – қорғаныстарды шабу, шабулар жүргізу және т.б. жасамай, жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді. Әрбір мөлдекті жинар алдында және біткен соң дәндер електерден өтуі мен толық бастырылуы үшін комбайнды 1-2 минутқа тоқтату керек, әрбір мөлдек дәндерін қаптарға жинайды, өлшеп, этикетка тағылады.. Сонымен бірге әрбір мөлдектен дәндер ылғалдылығына және арамшөптермен ластануына үлгілер алу керек.
Алып тастауға арналған мөлдектер өнімділігі, тәжірибе мөлдегінің қалыпты ауданына мына формуламен келтіріледі:
Х – келтірілген өнім, кг;
А – алынып тасталған мөлдектен алынған нақты өнім
а – қалыпты мөлдек ауданы (м2);
в – шеттету ауданы (м2).
Дәнді және дәнді-бұршақ дақылдардың алынған бункерлік өнімі 14% ылғалдылыққа және 100% тазалыққа қайта саналу керек, бұл үшін әрбір мөлдектен 1 кг орташа үлгі алынып, талдау жасалады.
Стандартты ылғалдылыққа және тазалыққа қайта санау келесі формула бойынша жүргізіледі:
мұнда
Х – 14% ылғалдылықтағы және 100% тазалықтағы өнімділік;
У – бункерлік өнімділік;
В – дәннің нақты ылғалдылығы, %;
С – дәннің нақты арамшөптермен ластануы, %.
В1 – стандартты ылғалдылық.
Мал азықтық шөптердің өнімін есепке алу - біржылдықтар – судан шөбі, итқонақ, қонақтары, сұлы, арпа, көпжылдық шөптер – еркекшөп, қылтықсыз арпабас, жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа және олардың шөпқоспаларында астық тұқымдастарда сияқты мөлдектің барлық ауданынан да, үлгі баудан да немесе метрлік өлшегіштермен жасалады, бірақ тағы да айта кету керек бұл жағдайда мөлдектердің есепке алынатын ауданы минимумға дейін азайды, нәтижелер дәлдігі және алынған материалдар растығы төмендейді, яғни тәжірибені өткізуге кеткен еңбектің бәрі өнімді есепке алу әдісін дұрыс таңдамау нәтижесінде құнсызданады, сондықтан өнімділікті мөлдектің барлық ауданынан есепке алуды қолдану керек.
Шөптерді шабу тіркемелі шапқыштарымен немесе қолмен жасалады, одан кейін жасыл массаны өлшеу жасау керек,немесе мөлдекте кептіріп, соңынан пішен өнімі есептеледі, бірақ екі жағдайда да өлшеумен бірге массаның ылғалдылығын анықтау және оны стандарттыға келтіру, және де шөпотына (ботаникалық құрамын) құрылымдық талдау жасау үшін пластик пакеттеріне 1-2 кг аралас үлгілер салынады. Егер әр мөлдек өнімі үлгі баулар тұрақты салмаққа жеткізілмесе, себілген шөптермен жасалған тәжірибелерде де, табиғи шабындықтар мен жайылымдарда да пішен өнімділігін стандартты ылғалдылыққа келтіру керек.
Массаның ылғалдылығын анықтау келесі әдіспен өткізілуі мүмкін: өлшеу кезінде өнімнен үлгілер алынады, олар қайшымен мүмкіндігінше ұсақталады да тығыз тығындары бар банкаларға салынады, ылғалдылық кейін кептіргіш шкафта 650 температурада 3-4 сағат ішінде анықталады.
Көк балауса немесе пішен өнімі пішеннің 16% ылғалдылығына мына формула арқылы келтіріледі:
мұнда
Х – 16% ылғалдылықтағы пішен өнімділігі, ц/га;
У – жоғары ылғалды көк балауса немесе пішен өнімі, ц/га;
В – жинау кезіндегі, есептеуде, өлшегенде көк балауса немесе пішеннің ылғалдылығы, %;
84 - 16% ылғалдылыққа қайта есептеу коэффициенті.
Пішен сапасының маңызды көрсеткіші болып оның ботаникалық құрамы саналады, әдетте оны анықтағанда өсімдіктердің барлық түр құрамы емес, тек маңызды топтары ғана есептеледі. Себілген шөптерде (эспарцет, жоңышқа, түйежоңышқа, еркекшөп, қылтықсыз арпабас және т.б.) негізіг компонент саны (масса) және барлық қоспалар (әртүрлі шөптер, арамшөптер) есептеледі. Шөптер үлгілерін талдауды ылғалды түрінде өткізген жөн, бұл мақсатқа пішеннің шығуы анықталатын үлгібау қолданылады.
Аталғандардан басқа тәжірибенің мақсаттарына қарай тағы бірқатар көрсеткіштерді анықтау керек болады: дәндерде – ақуыздың, крахмалдың және нәруыздың құрамын, мал азықтық дақылдарда – ақуыздың, протеиннің, майлардың, клетчатка, азықтық өлшемнің және т.б.
Қорытындылай келе өнімді есепке алуда келесі шарттарды ұстану керектігін атап айтып кету керек:
- агротехникалық тәжірибелерде жинау мерзімдері бір мерзімде болу керек, яғни бір күнде және бір тәсілмен, сортсынау тәжірибелерінде дақылдар, сорттардың пісуіне қарай;
- зерттеу жұмысында өнімді жинау мен есепке алудың негізгі әдісі деп жаппай жинау мен әр мөлдектен таразымен өлшеуді санау керек;
- бірқатар «зерттеушілер» қолданатын үлгі аулалармен, баулармен өнімді есептеу әдісі өте сенімсіз, субъективизммен шектеседі, сондықтан нәтижелерге күмандануға болады;
- кейінгі талдау үшін үлгілерді алу жалпы ұсынылған әдістемелік нұсқаулармен сәйкес өткізілуі керек;
Келесі кезең өнімді есепке алу – алынған мәліметтерді біріншілік өңдеу және оларды сандық өңдеу, оның ішіне: алынған мәліметтерді агрономиялық талдау; мәліметтерді біріншілік сандық өңдеу; мәліметтерді статистикалық сандық өңдеу кіреді.
Агрономиялық талдау тәжірибені қою мен өткізудің әдістемесін нақты ұстануды, критикалық талдауды және ағымды бақылауларды өніммен салыстыруды қарастырады, сонымен бірге жазулардың дұрыстығын тексеріп, қателерді алып тастайды.
Танаптық тәжірибені біріншілік сандық өңдеу мыналарды қарастырады:
- өнімділікті мөлдек ауданынан 1 га өнімге қайта есептеу;
- өнімділікті стандартты ылғалдылыққа келтіру;
- өнімділіктің кестесін құру – варианттар, қайталымдар бойынша өнімдер жиынтығын анықтау, өнімдердің жалпы жиынтығын және тәжірибе мен варианттар бойынша орташа өнімділікті анықтау.
Бақылау сұрақтары
Тәжірибелерді өнімді есепке алуға дайындау кезінде қандай жұмыстар жүргізіледі?
Мөлдектерді бракқа шығару мен алып тастау және жинау әдістемесі қандай?
Танаптық тәжірибелерде жинау мерзімдерін анықтау, өнімділікті есептеудің негізгі әдістері қандай, жұмыстарды жүргізу әдістемесі және оларды бағалау?
Алып тастауды ескерумен бірге мөлдектен өнімділікті есептеу әдістемесі қандай? Стандартты ылғалдылық және өнім тазалығы деген не және оларды анықтау әдістемесі қандай?
Дәнді және дәндібұршақ дақылдарының өнімін жинау, есепке алудың әдістері мен тәсілдері қандай?
Мал азықтық шөптердің өнімін жинау мен есепке алудың ерекшеліктері қандай?
Дәнді және мал азықтық дақылдарда талдауға үлгілер алу әдістемесі қандай?
Шөптер өнімін стандартты ылғалдылық пен тазалыққа қайта есептеу әдістемесі қандай?
Мал азықтық шөптердің көк балаусасы мен пішенінің ботаникалық құрамын талдауды өткізу әдістемесі қандай?
Астық пен мал азығының сапасын бағалау үшін қандай талдаулар өткізу керек?
Тәжірибе нәтижелерін біріншілік өңдеу деп нені айтамыз және біріншілік пен сандық өңдеуде, агрономиялық талдауда қандай жұмыстар жасалады?
Достарыңызбен бөлісу: |