92
деңгейде ұстап тұруға ғана емес, сонымен қатар, қосымша жұмылдыра отырып қашықтықтан
оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Демек, мұғалімдердің процеске дұрыс көзқарасымен
жалпы білім беру деңгейін арттыруды білдіреді.
Қашықтықтан оқыту жүйесі әрине дәстүрлі форматымыздың маңызын жоққа шығара
алмайды. Алайда, уақыт пен бүгінгі жағдай талабына орай біз осы оқыту жүйесінің мүмкіндіктерін
барынша пайдаланып, оқыту процесінде олқылықтарды жібермеуге тырысуымыз керек.
Қашықтықтан оқыту жағдайында
Zoom
бағдарламасының мүмкіндіктерінқазақ тілі мен
әдебиеті сабағын ұйымдастыруда барынша тиімді қолданамын. Презентация немесе слайдтарды
экранды демонстарциялау жолымен көрсету арқылы іске асырамын. Бұл функция әсіресе «
Prezi
»
сияқты бағдарламаларда әзірленген презентациялармен жұмыс жасауда тиімді. Презентацияны
көрсете отырып, сол бойынша ауызша түсіндірме жасап отырамын. Материалды визуализациялау
балалардың сабақ материалын игеруге айтарлықтай көмектесетіндігі бұрыннан дәлелденгені
баршамызға мәлім.
Әдебиет сабағына байланысты ақындарымыздың өлеңдерін бейнежазбалар арқылы тыңдау,
көру оқушыларға қай жағынан қарасан да өте әсерлі, қызықты болады. Кейбір бейнежазбалар
суреттермен және мазмұнға сәйкес әуендермен сүйемелденуі мүмкін. Ал осындай бейнежазбалар
көру, есту түйсік анализаторларының қатар жүруімен қабылданған оқу материалы ретінде
оқушының қабылдауына да, есте ұзақ сақтауына да өзіндік әсерін тигізеді.
Қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабағын тиімді ұйымдастыру үшін ең
алдымен сабақтың мақсатын дұрыс айқындап алу қажет, сондай-ақ қойылған мақсатқа қарай
сабақтың міндеттері нақтылануы тиіс. Осы қойылған мақсат пен міндеттерге орай мұғалім өзінің
сабағын қашықтықтан оқыту жағдайына бейімдеп өту барысын жоспарлап, алдын ала сабақ
әзірлемесін жасауы керек.
Сабақты өткізу барысында сабақтың әр кезеңіне сәйкес оқыту әдістерін тиімді қолдануды
мақсат етемін. Жаңа тақырыпты хабарлауда қашықтықтан оқытудағы таптырмас көрнекілік құралы
презентация арқылы түсіндіремін. Сабақтың басында оқушылардың зейінін шоғырландыру
мақсатында қарастырылып отырған тақырыпқа сәйкес ой шақыруға арналғанәдістерді қолданып
отырамын. Оларға «миға шабуыл» (дербес, жұптық, топтық, фронтальды), болжау, сұрақ-ілмегі
әдісі және т.б. әдістерін пайдаланамын. Мағыналық бөлім-жаңа материалды беру (өз бетінше жаңа
білім алу, бір-бірін үйрету) кезеңінде кластерлер, пікірталастар, ойын әдістерін пайдаланғанды жөн
көремін. Ал сабаққа рефлексия ретінде ойлаудың алты қалпағы, қос шеңбер, галереяны шарлау,
«Білемін-Білгім келеді-Үйрендім» сияқты әдістерді пайдалану сабақты тиімді етеді.
Сабақтың әр тақырыбы бойынша ойлау операцияларын дамыту, визуализацияны, идеяларды
біріктіруді және т.б. дамыту барысында сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын
қалыптастыруға ықпал ететін зияткерлік тапсырмалар жүйесін құрастырамын. Жалпы сабақ
барысында түсінбей қалған жерлері немесе үйге берілген тапсырмалары бойынша оқушылар
«What’s up» жүйесі арқылы кеңес алып отырады. Әр сынып бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабағы
бойынша чат ашылған. Сол чаттарда оқушыларға қосымша үйге берілген өзіндік жұмыс
тапсырмалары бойынша әдістемелік тұрғыдан бағыт бағдар беріп отырамын. Себебі оқу іс-әрекеті
оқушы мен мұғалім арасында тікелей қарым-қатынас негізінде жүзеге асырылмағандықтан,
оқушылар тарапынан қосымша сұрақтар туындап жатады.
Қашықтықтан оқыту жағдайындағы қиындықтар тек оқушылар тарапынан ғана емес,
сонымен қатар, мұғалімдер қауымына да қатысты мәселе. Бұл оқу жүйесіне көшкенімізге жыл
болып қалса да, әлі де қашықтықтан оқытудың мәнін, оны тиімді ұйымдастырудың әдістемелік
негіздерін толық меңгере алмай жатқан мұғалімдер де жоқ емес. Сондықтан осы салада мұғалімдер
де өздерінің білімдерін жетілдіріп отыруы шарт.
Мұғалім
әр баланың
шырағын
жаға білуі тиіс
демекші мұғалім дәстүрлі фортатта оқушының қызығушылығын ояту үшін сабақты қалай қызықты
өткізу жолында әдістемелік тұрғыдан өзін жетілдірсе, дәл солай осы қашықтықтан оқыту жүйесінде
де аянбай жұмыс жасауы керек. Сонда баланың сабаққа қызығушылығы артып, оқыту процесі өз
өнімділігін берері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: