Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет190/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   271
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.БҰҰ «Білім бәріне ортақ» атты бағдарламасы, 2001. – Б.5-9. 
2.Ергешбаева Ш.Н. «Мүдде мен мақсат – жарқын болашақтың кепілі».// Өрлеу – Шымкент №1 
(7) 02.2014ж. 
3.Функциональная грамотность выпускников школ // Вершловский С.Г., Матюшкина М.Д 
 
Жумажанова Н.А. 
Теміртау қаласының білім бөлімі, әдіскер 
 
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 
ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ 
Оқушылардың фунционалдық сауаттылығын дамыту, XXI ғасырдың жан-жақты, зерделі, 
талантты адамды қалыптастыруда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке 
дайын қабілетті, әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан - жақты дамыған сауатты, саналы азамат 
тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу - ағарту жүйесінің 


383 
үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің 
білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, 
оқуға қызықтыра отырып, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады. Ғылымның 
қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз 
тарихынан бастау - ғылыми жетістіктерін игерумен қатар оның одан ары алға басуына үлкен 
мүмкіншіліктер туғызады. Дәл осындай жағдай дидактикалық ойындарының даму тарихына да 
қатынасы болса керек.
Қазіргі кездегі мектеп ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қоймай, оқушыларды 
ойлауға, қабілеттілігі мен нышандарын дамытуға үйретуі, әр оқушыға өзін көрсетуге мүмкіндік 
беруі керек. Білімнің басты мақсаты баланың ақылдылығы мен интеллектуалды тапсырмаларды 
орындауы болып саналады. Бұл тұрғыда оқушылардың зейінін дамыту маңызды орынға шығады. 
Себебі баланың зейіні жеткілікті деңгейде дамитын болса оқушылардың сабақ үлгерім деңгейі 
жоғарылап, жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Демек, бастауыш сыныптан бастап 
оқушыларының зейінін дамыту өзектілігі арта түседі. 
Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамытуда дидактикалық ойындардың маңызы зор. 
Әрине, зейін адам санасынан қорытылып өтетін, барлық ойды аңғаратын адам жанының жалғыз 
ғана есігі болып табылады. Демек, бұл есікке ілімнің бірде - бір көзі соқпай өте алмайды. Егер де 
ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды. 
"Дұрыс таңдалған ойын" - деп атап айтты психолог Б.В. Давыдов, - баланың көп нәрсе үйренуіне 
көмектеседі. Ойынның мазмұнының өзі баланың басқа көзқарасы мен психологиялық өзгерісіне 
әкеледі. Ойын кезінде олар өздерін басқалармен бірдей екенін ғана сезініп қоймай, басқалардан 
озып, соңынан ерте алатынына көздері жетеді. Олар өз іс - әрекеттеріне сенімді және ойлаған 
ойларын еркін жеткізе алады. 
Ұлы педагог В. А. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, 
фантазиясыз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды» дейді. Демек, шәкірттің ақыл - ойы, 
парасаты дидактикалық салт - сананы сіңіру арқылы байи түседі. Сондықтан бастауыш сынып 
оқушыларының ой белсенділігін дидактикалық ойындар арқылы дамыту қажет болып отыр. 
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды 
қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында мұғалім 
ойын жағдаяттарын туғыза отырып, көрнекілікпен бірге әртүрлі заттарды қолдану арқылы 
сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады дидактикалық ойындарды 
жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да 
пайдалануға болады. 
Бастауыш сыныптағы балалардың дидактикалық ойындарға қызығушылығын дамыту, 
олардың ойын әрекеттерін қалыптастыруға, педагог мынадай жағдайларда олардың алдына 
күрделенген тапсырмаларды қойған кезде және ойын әрекеттерін есіне түсіруге асықпаған кезде 
қол жеткізуге болады. Бастауыш сыныптағылардың ойын әрекеттері бірте - бірте саналы болады, 
ол тек қана үдерістің өзіне емес кең ауқымды нәтижеге жетуге бағытталады. Сонымен бірге 
мектепке дейінгі ересектер ойынына басшылық жасау мынадай: балаларда сәйкес эмоциялық 
көңіл күйді сақтайтын, еркіндікті, оған қатысқанда қуанышты бастан кешіре білетін және 
қойылған мақсатты шешуде қанағаттану сезімі болатындай болуы керек.
Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дидактикалық ойындар арқылы дамытудағы 
рөлін анықтау мақсатында тәжірибелік - эксперименттік жұмыстар Теміртау қаласының №2 
ЖББМ КММ 4-сынып оқушыларымен жүргізілді. Зерттеу жұмысына 39 оқушы қатысты, оның 
21 эксперимент тобы, ал 18 бақылау тобы. Эксперимент жұмысының мақсаты - бастауыш сынып 
оқушыларының зейінін анықтап, дидактикалық ойындардың маңызын ашып көрсету. Жоғарыда 
аталған мақсатты жүзеге асыру барысында эксперимен 3 кезеңде (анықтау, қалыптастыру, 
бақылау) бөлінді. 
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дидактикалық ойындар арқылы 
дамытудың маңызын ашып көрсету. 
Зерттеу міндеттері: 
- Дидактикалық ойындарды қарастырған педагог – психологтардың көзқарастарына теориялық 
шолу жасау; 
- Дидактикалық ойындарға жалпы сипаттама беру; 


384 
-Бастауыш сынып оқушыларының зейін процесінің даму ерекшеліктерін ашып көрсету; 
- Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамытудағы дидактикалық ойындардын рөлін 
анықтауға байланысты жүргізген тәжірбиелік экспериментік жұмыстарға талдау жасау. 
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларының зейін процесі. 
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамытудағы дидактикалық ойындардың 
маңызы. 
Зерттеудің болжамы: Мектептегі және мектептен тыс тәрбие үрдісін жетілдірудің алғы 
педагогикалық шарттарының бірі өркениеттің бүгінгі деңгейіне негізделген әлеуметтік - 
педагогикалық талаптарға сай білім мен тәрбие беру. Дидактикалық ойын элементтерін сабақтың 
барысында пайдалану оқушылардың білімді қабылдау қабілетін нақтылап, мазмұнның оқушы 
санасына жақындатсақ іс - әрекетінде дидактикалық ойындарын пайдалану тәрбие жұмысына 
оларды қызықтырып, зейінін аударар еді. 
Анықтау кезінде зерттеуші оқушының мінез - құлқын табиғи жағдайда, белгілі бір мақсат 
көздей отырып қадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай, есепке алып 
отырады. Өзін бақылап жүргенін оқушы сезбеуге тиісті. Бақылау барысында іс - әрекеттердің 
сыртқы көріністері ғана емес астарында жасырынған психикалық процестер сапалы көңіл күйлер 
де байқалады. 
Оқушылардың тек дидактикалық ойын кезіндегі әрекеті бақыланатын болғандықтан 
ішінара бақылау таңдалып алынды. Бақылау кезінде оқушылардың ойын барысындағы 
әрекеттері айқын көріне бастайды. Бақылау мақсаты оқушылар өз беттерімен дидактикалық 
ойындарды ойнауда қаншалықты дәрежеде зейінін аудара алатындығын анықтау. 
Кез - келген ғылымның негізгі факторлары зерттеуден тұратыны белгілі. Алынған 
мәліметтерге сүйеніп тәжірибелік жұмысты өткізу үшін ойындар, әңгімелер, бақылау іріктеп 
алынды, соның ішінен «Мюнстерберг» әдістемесі мен Пьерон - Рузердің «Зейіннің 
тұрақтылығын зерттеу» әдістемесін және де Поппель Рейтердің «Зейіннің бөлінуі» тестісін атап 
өтуге болады. 
Зерттеу жұмысының анықтау кезінде бастауыш сынып оқушыларының зейін 
деңгейлеріне талдау жасалынып, нәтижесінің көрсеткіші төмен деңгейді көрсеткендіктен, 
аталған олқылықтарды жою үшін біз дамыту жұмысын жүргіздік. Қалыптастыру кезеңінің 
мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының зейінін дидактикалық ойындар арқылы дамыту.
Дамыту жұмысында өткізілген нәтиже бойынша бастауыш сынып оқушыларының зейінін 
дидактикалық ойындар арқылы дамыту мәселесін шешу және оның алдын алу жолдарына 
ықпалы тиді деген сеніммен эксперименттің бақылау кезеңінің көрсеткішін шығару мақсатында 
анықтау экспериментіндегі әдістемелерді қолдана отырып эксперименттік кезенің нәтижелерін
шығардым.
Жалпы экспериментімізді қорытындылай келсек, бастауыш сынып оқушыларының 
зейінін дамытуда дидактикалық ойындардың рөлі ерекше маңыздылығы айқындалды.
Дидактикалық ойындарды пайдалану, балалардың тапқырлығын шыңдап, ой - өрісін 
жетілдірумен бірге, оқушы зейінін дамытуға тигізер ықпалы мол. Сондықтан оны үйренудің, 
күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор, 
баланың таным процесі қалыптасады.
Оқушыны жан - жақты дамытатын жағдайлар дидактикалық ойындар барысында 
қалыптасып отырады. «Ойында озған бала - өмірде озады» деп дана халқымыз айтқандай
балалар дидактикалық ойындарды ойнау барысында өмір құбылыстары жайлы таным түсінігі 
дамиды. Яғни ойынның негізгі мақсаты оқушының ықылас зейінін өзінің және құрбыларының іс 
- әрекетін, бағалай құрметтей, дәлелдей білуге баулиды, күнделікті өмірде дұрыс іс-әрекет 
жасауға қалыптастырады. 
Бастауыш сынып оқушыларының зейіні төңіректегі заттар мен осы заттарға қатысты іс - 
әрекеттер арқылы сипатталатындықтан, дидактикалық ойындарда осыған негізделе құрылған. 
Демек, дидактикалық ойындарын жан - жақты қолданудың нәтижесінде оқушы зейінін 
дамыта аламыз.
Осыған байланысты мәселені егжей - тегжей зерттей келе төмендегідей ұсыныстар береміз: 
1. Бастауыш сынып оқушысының зейінін дамытуға септігін тигізетін дидактикалық ойындарды 
іріктеп алу. 


385 
2. Дидактикалық ойындарды оқушылардың жас мөлшеріне сай қолдану. 
3. Дидактикалық ойын ойналатын орынды немесе алаңды және керекті құрал - жабдықтарды 
алдын - ала дайындау. 
4. Дидактикалық ойын барысында қолданылатын құрал - жабдықтардың эстетикалық талапқа 
сай, оқушы зейінін өзіне аударатындай болуы. 
5. Ойын мазмұны оқушыларға неғұрлым түсінікті болып келуін және белгілі бір мақсат көздей 
құрылуын естен шығармау. 

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау