Конкурс өткізілетін орны және күні: «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мм, маусым 2016 жыл



Дата15.04.2020
өлшемі45 Kb.
#29708
түріКонкурс


«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды: Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов көшесі, 10 мекенжайында орналасқан Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 38 мектеп-гимназиясы» КММ.

Мектеп-гимназияның, мектеп-интернаттың негізгі қызметі: балаларды оқыту және тәрбиелеу.

Функционалдық міндеттері: жоғары педагогикалық білім және бес жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі, соның ішінде 1 жылдан кем емес басқару лауазымындағы еңбек өтілі;

Конкурс өткізілетін орны және күні: «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ, маусым 2016 жыл.

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 38 мектеп-гимназиясы» КММ директорының лауазымдық міндеттері: жарғыға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымының қызметіне басшылық етеді. Педагогикалық және әдістемелік кеңестермен бірлесіп, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жүзеге асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларды бекітеді. Жаппай оқыту заңына сәйкес балаларды бекітілген учаскелері бойынша жалпыға міндетті білім берумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие үрдісінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық негізін ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие үрдісін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Заманауи ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді. Мұғалімдер (педагогтар) ұйымының, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал көрсетеді. Білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға сәйкес оқушылардың, тәрбиеленушілердің құрамын қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрмыстық, еңбек және басқа) қорғайды, оларға туыстық байланыстарын үзбеуге жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылардың белгіленген нормадан төмен болмайтын өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етеді. Білім алушылар (тәрбиеленушілер) мен білім беру ұйымы қызметкерлерінің оқу-білім беру үрдісі кезіндегі денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Оқушылардың денсаулықтарын қорғау және нығайту мақсатында тамақтандырумен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылайды. Заңнамамен белгіленген шекте білім беру ұйымының мүлкіне және қаражатына иелік етеді, құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттарының түсуі мен жұмсалуы туралы жыл сайын есепті тапсырады. Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның сақталуы мен толықтырылуын және есепке алынуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің, санитариялық–гигиеналық тәртіптің, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына жауап береді. Педагог кадрлар мен қосымша қызметкерлер құрамын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, басқарма құрылымын, штаттық кестені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқауларын бекітеді, олардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Педагогтар кеңесін басқарады. Белгіленген тәртіпте қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Білім беру ұйымының мұғалімдері және еңбекте ерекше көзге түскен басқа да қызметкерлерін көтермелеуге және марапаттауға ұсынады және өз құзыреті шегінде тәртіптік жазаға тартады.

Жұртшылықпен байланыс орнатады, ата-аналармен (оларды алмастырушы тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін білдіреді, қажетті есептердің дайындалуы мен ұсынылуын қамтамасыз етеді.



Лауазымдық еңбекақысы: еңбек сіңірген жылдарына байланысты 84769 теңгеден 99988 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш қабылдау орны және тапсыру мерзімі: конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарының ресми баспаларында конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде 070004, Қ. Қайсенов көшесі, 10а, каб № 13 мекенжайына тапсырылады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерде:

  1. жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (педагогикалық немесе бейіні бойынша);

  2. бес жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі немесе білім беру ұйымдарындағы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін ұйымындағы бес жылдан кем емес басқару лауазымындағы жұмыс өтілі, соның ішінде 1 жылдан кем емес басқару лауазымындағы еңбек өтілі;

  3. бірінші немесе жоғарғы біліктілік санатының болуы;

  4. үш жылдан кем емес педагогикалық саладағы әкімшілік жұмыс тәжірибесі немесе білім беру ұйымдарындағы жұмыс тәжірибесінің немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін ұйымындағы бес жылдан кем емес басқару лауазымындағы жұмыс өтілі;

  5. кандидаттың облыстық білім басқармасымен келісуінің болуы қажет.

Комиссия белгілеген мерзімде Конкурсқа қатысу үшін басшы лауазымына үміткер тапсыруға міндетті:

  1. конкурс комиссиясының төрағасына өтініш, онда тіркелген жері, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілсін;

  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  3. білімі туралы құжаттың көшірмесі;

  4. еңбек кітапшасының көшірмесін;

  5. кадрлық есеп бойынша жеке парағы фотосуретімен бірге;

  6. бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме, онда алған тәртіптік жазалары мен ынталандырулары көрсетілсін;

  7. біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі;

  8. медициналық куәландырудан өткені туралы құжат;

  9. сотталмағаны туралы анықтама.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылған құжаттардың көшірмелері нотариалдық немесе жұмыс орнының кадр қызметімен куәландырылады. Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда Конкурсқа қатысушының құжаттарын қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру және ғылыми зерттеулер, педагогикалық тәжірибесін тарату туралы кез келген құжатпен расталған ақпаратты Комиссияның қарауына ұсынады.



Ақпаратты растауға арналған байланыс телефондары, электрондық мекенжайы: 268883, Kruglova@goroo.ukg.kz]

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларын конкурстық орналастыру Ережесі негізінде өткізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау