303
тиіс. Қысқасы, олар білімді алу барысында, ақпараттар ағындарына сын тұрғысынан қарап
үйренулеріне тура келеді. Алайда, оқушылар бірденнен әр нәрсені сын тұрғысынан қарай
бермейді.
Бұл процесс оларды мектеп қабырғасынан бастап ақпараттарды тек түсінуге ғана
үйретпей, сонымен қатар, кейінірек те сын көзімен қарауға жіне
өз сынының көрінісін көруге
бағыттайтын бағдарлама болуға тиіс. Бұл процесс дәл осындай айтылған нәтиже білу үшін,
сабақта оқушы мен үйренуді жетілдіру мақсатымен жүйелі түрде өз бетімен жасайтын
бағдарламаны лайықты етіп жасап беруі керек. Ол бағдарлама соншалықты жүйелі және біз
ізділікті жасалынуы керек онда оқушылар түсінігі үшін ешқандай қиыншылықтар болмауы
қажет.
Бұл құрал оқыту мен үйренудің (оқудың) бағдарламасын суреттейді. Бұл бағдарлама
бойынша оқығанда оқушы өзінің байырған білімін жаңа мазмұндағы алған біліммен
ұштастырған,
оның әсерлі, жаңалықты оқытудың түрі екендігін және олардың ойлауын қалай
өзгертетіндігін түсінуге мүмкіндік алады. Бұл берілген үлгі (модель) біршама Ваугх пен Естестің
үлгеріміне негізделген және оны әрі қарай Мередит пен Стиль өзгертіп кеңейткен.
Бағдарламаны қолдану. Бұл бағдарламаны таныстырғанда бірнешеден, бағдарламаға
қатысушыларға қысқаша не үйретілінетінің, қандай тәжірибе жасайтындарын және олардан не
талап етілетінін айту қажет. Бағдарламаға қатысушыларға оқуға тапсырма беріледі және жеке
немесе топта әр түрлі тапсырмалар жасайды. Олар қысқа әңгімелерін де оқиды. Осы бағдарлама
бойынша олар екі түрлі деңгейден өтеді. Бірінші деңгейде олар мазмұнға мән беріп үйренулері
керек (үйрене отыра осы процестің ішкі мәніне ене білулеру қажет).
Ал, келесі деңгейде бағдарламаның нұсқау бойынша үйрену, (оқу)
процесі қалай өтіп
жатқанын зерде қойып байқап, нұсқауға лайық өзі қалай жұмыс жасап жатқанына мән беру
керек.
Сабақты жоспарлау:
І. Сабақтың алдында:
Сабақтың маңыздылығы неде? Оқушылар не алады? Бұрынғы бар білімін қалай
пайдаланады? Өмірден алған тәжірибесінің әсері? Сабақтың болашақтағы балаға қандай пайдасы
болуы мүмкін?
Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер? Ойлауға қандай мүмкіндік жасалды?
Өздігінен ізденуге қандай мүмкіндік жасалды? Білімін ақпаратты жүйелеуге қалай үйретемін?
Сабақтың мақсаты неде? Оқушыға нені білдіру қажет? Алған білімі оның дамуына қандай
пайда берді? Өмірде адамдармен қарыс-қатынаста қолдана ала ма?
Алдын-ала баға беру? (күтілетін нәтижелер), оқушыға алған білімнің деңгейін Қандай
дәлел арқылы білуге болады? Білмегенің қалай жеткіземін? Мүмкіндіктер мен Уақытта жеткізе
аламын ба? Басқа амалдар?
Қолданылатын әдістер? қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі? Өз
қалаулары? Өзара үйрету топтары?)
Қажетті құралдар? оқулықтар, ватмандар, текстер, справкалар, памяткалар.
PS RWST мұғалім сабақтан бұрын өз жоспарын мынандай мақсатпен шолып өтсе жақсы болады.
Белсенділік сыни тұрғыдан ойлау процестеру арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.
ІІ. Сабақты кезіңде (процесс):
Қызығушылықты ояту (мотивация) оқушыларды ой қозғау арқылы сол тақырыпқа әкелу,
осы тақырып туралы бұрынғы білетундіктерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу әрі қарай не
болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту алатын білімін пайдалылығына көздерін жеткізу.
Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат), жаңа мазмұнды
ашу жолдары оқушыларды
белсене қатыстыру жолдары. Стратегиялардын жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын
ұйымдастыру (мыс:сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой тақыларын жасай
білу, қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру), оқушықтың басқа ақпараттық көзін ашу, толғаныс
(рефлекс), сабақты үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру, жаңадан үйренгенін пайдалана
отырып, білімін жүйелеу, жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік
деңгейін тексеру.
Жаға білімнің маңыздылығына көз жеткізу, сабақты қалай аяқтауды жоспарлау.
304
Бағалау (түрлері), оқушының өзін-өзі бағалау,
топтың өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы,
жалпы бағалауы, критериелер арқылы бағалау.
Сабақты аяқтау түрлері, бір пікірге келу, өз пікірін дәлелдеу, үйден жалғастыру.
Достарыңызбен бөлісу: