Қосымшалар
батырмасын басып,
шыққан мәзірден
Диск
таңдау керек (1-сурет). Ашылған терезеде аккаунтыңыздың
мәліметтерін енгізіп, дискіңізге өтесіз. Осы жерде сол жақ үстіндегі
батырмасын
басып,
Ещё→ Google сайты
таңдайсыз (2-сурет).
1-сурет. Диск қосымшасы 2-сурет. Google сайтын ашу
Ашылған жаңа бетте сайттың құрылымын құруды бастауға болады. Бұл бетте сайттың
атауын жазудан бастайсыз. Терезенің оң жағында орналасқан мәзір
Вставка, Страницы,
Темы
деген бөлімдерден тұрады.
Вставка
бөлімінен қажетті құралдарды таңдап, сайт бетіне
орналастыруға болады, сайттың макетін өзгертуге болады. Сайт бетіне мәтін, сайт мазмұнын,
суреттер каруселін, басқа екінші бетке көшіретін батырманы, YouTube желісіндегі видеоны,
Google-дың мәтіндік құжатын, кестесін, диаграммасын, презентациясын, формасын да
орналастыруға болады. Егер зерттеудің басында қандайда бір сауалнама алынса, осы Google
формамен алынған сауалнаманы сайтта келтіру мүмкіндігі бар.
Жалпы Google өнімдерінің басым көпшілігін осы сайтта қолдануға болады. Сонымен
бірге
Встроить
батырмасы арқылы әр түрлі веб-контенттің кодын қою мүмкіндігі бар,
мысалы
learningapps.org
платформасында құрылған тапсырманың кодын көшіріп қою
арқылы, әр түрлі тапсырмаларды да келтіруге болады (3-сурет).
167
3-сурет. Google sites арқылы жасалған сайт мысалы
Сонымен бірге,
Страницы
бөлімі арқылы оқушы зерттеу бөлімдерін жеке-жеке
беттерге рәсімдеп,
Кнопка
құралы арқылы оларға көшу жолын қоюына болады. Ал
Темы
бөлімінде сайттың сыртқы көрінісін, түсін өзгерту құралдары орналасқан. Дайын болған
сайтты
Опубликавать
батырмасы арқылы жариялауға болады немесе сілтеме арқылы да
таратуға болады.
Келесі рәсімдеу түрі – интерактивті электрондық кітаптардың өте тартымды
контструкторы Book Creator туралы сөз болмақ. Бұл сервис арқылы мәтінге қосымша
кескіндерді, бейнелерді және аудионы орналастыру мүмкіндігі қолданбаны табиғат
құбылыстарын бақылау немесе тәжірибе жүргізу сияқты практикалық тапсырмалар, зерттеу
жұмыстары туралы есеп берудің керемет формасын жүзеге асыруға болады. Оқушылар
өздерінің бақылаулары мен пікірлерін камераға түсіріп, интерактивті кітапқа енгізу өте
ыңғайлы. Оқушылар өздері жасаған бейнелерді кіріктіріп қана қоймай, парақтарды дауыстай
алады, YouTube және Vimeo сияқты желілерден бейнені интерактивті кітаптардың
парақтарына енгізе алады.
Құралдар тақтасы ыңғайлы және қарапайым.
Алайда, олардың әрқайсысын қарауға
кеңес беремін, бұл сервис тартымды әрі пайдалы кітап жасауға көптеген мүмкіндіктер
береді.
Сіз интерактивті кітапты шығарып, сілтеме ала аласыз, оны epub форматында сақтай
аласыз немесе басып шығара аласыз.
Сервиске Google аккаунтыңыз арқылы
https://app.bookcreator.com/
сілтемесі арқылы
тегін тіркеле аласыз. Бұл жүйеде оқушы және мұғалім ретінде тіркеліп, бір-бірлеріңіздің
жұмыстарыңызбен бөлісіп, қашықтықтан оқушының жобасын тікелей қадағалауыңызға
болады (4-сурет).
4-сурет. Book Creator арқылы жасалған кітап мысалы
Жалпы, Google sites конструкторын 10-сыныптың «Информатика» пәнінің «Веб-
жобалау» бөлімі бойынша сайттың беті, мазмұны, картасы, т.б. сияқты тақырыптар бойыша
тәжірибелік жұмыстарды жүргізу барысында қолдану да тиімді. Ал Book Creator
конструкторымен тек жобалық жұмыстарды емес, сонымен бірге портфолио, презентация,
жеке шығармашылық бойынша туындылар (өлеңдер, әңгімелер жинағы) құрастыруына
болады, ал мұғалімдер бұл сервисті өз сабақтары бойынша тақырыпты түсіндіру барысында
тиімді қолдана алады.
Оқушылар бойындағы бейімділік пен талантын, танымдық, ізденушілік қабілеттерін
зерттеу негізінде қазіргі заман талабына сай шығармашыл тұлға қалыптастыру негізгі
мақсатымыз. Сондықтан заманға сай құралдарды, әдіс-тәсілдерді пайдаланып, үздіксіз
168
өзгеріп тұрған әлемде оқушыларымыздың бойында жобалау мен зерттеу қабілеттерін
үздіксіз дамытуымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |