Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет78/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   271
Әдебиетер
1.
«Мектептегі технология» // Республикалық әдістемелік журнал №12. 2007 ж.
 
2.
Технология пәнін оқыту әдістемесі.- Алматы, 2011 ж. 
 
 
 
 


159 
Абитаева М. А. 
Ұлытау ауданы, №1 ЖОББМ 
 
КОНСТРУКТИВТІ ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ОҚЫТУ ҮЛГІСІ 
Ғылым мен техниканың жедел дамуы үнемі дағдарыс пен күрделі мәселелерді 
тудыратыны белгілі. Себебі жаңа техника ақпарат ағымының өсуіне әкеле отырып, оның дұрыс 
өңделуін, сақталуын және келер ұрпаққа жеткізілуін қамтамасыз етуін талап етіп отыр. 
Ғылымның мұндай жедел дамуы адамзатқа деген талапты күшейтеді, осының нәтижесінде 
конструктивті тұлғаны қалыптастару қажеттілігі туындады. Ол өзін-өзі жетілдіре алатын, өзін-өзі 
реттей алатын, өзі-өзі жүзеге асыра алатын және өзіндік образ қалыптастыруға адамдармен, 
мәдениетпен, өркениетпен диалогтык қарым-қатынас орнатуға қажетті тетіктері қалыптасқан 
зияткер тұлға. Оқытудың конструктивтік үлгісі Л.С. Выготский, Ж. Пиаже, Н. Шаталова, Ф. 
Бунятова, П.Я. Гальперин, А. Әлімов сияқты зерттеушілердің еңбектерінен бастау алып, 
зерделенеді. Осы ретте Ф. Бунятованың конструктивті оқыту үлгісі жайлы көзқарастарына 
тоқталмақпыз. 
Ф. Бунятованың конструктивті оқытуы оқушыға ойлау операциялары арқылы алдыңғы 
білімдеріне сүйене отырып, оларды бүтіндік сызбасы бойынша келесі білімге тасымалдау 
негізінде өзінің білімдерін, түсінік әлемін құруына бағытталған. Конструктивті оқыту 
операционалды- шығармашылық сипатқа ие. Оқушылар білімдеріне логикалық операциялар 
жүргізе отырып, оларды иеленеді. Олар ішкі елес және түсінік арқылы ойлап шығарады, 
жасайды, құрастырады. Бұл шығармашылық, егер бала өзі ғана жұмыс жасаса, жеке, ал басқа да 
адамдармен бірлікте жұмыс жасаса кооперативті болады. Бунятованың конструктивті 
оқытуының философиясы америкалық ғалым Д.Брунердің конструктивизмімен сабақтасады. 
Яғни тәжірибемен ойлана отырып, индивид өзі өмір сүріп жатқан әлем туралы түсінігін 
қалыптастырады. Бұл оқытудың батыс және шығыс философиясының синтезі (жекеден бүтінге 
шығу, немесе керісінше жекеден бүтінге шығу). 
Конструктивті оқыту сабағы 7 элементтен тұрады: 
Ізденіс. Оқытушы білім алушылардың тақырып бойынша нені білетіндігін айқындау үшін 
және сабақ барысында қандай шешімдер қабылдайтынын, қандай нәтижеге келетінін бағдарлау 
үшін тақырып бойынша сұрақтар қояды. 
Құрылымдар. Сабақ құрылымдар бойынша құрастырылады: білімнің құрылымы; оқу 
әрекетінің құрылымы. 
Ойлаудың логикалық операциясы. Дәстүрлі оқытуда жаттығу, мысалдар, үлгілерге 
мынандай әдепкі тапсырмалар беріледі: астын сыз, тап, тиісті формаға қой, шеш, орында, т.б. 
Бұл тапсырмалардың барлығы жаттанды нәрселерді әр түрлі нұсқада қоюды ғана меңзейді. Ал 
конструктивті оқыту оқушының біліміне логикаға құрылған бірнеше ақыл-ой әрекеттерін 
құрастырады. Мысалы, сәйкестерді біріктір немесе ажырат, бірін басқамен алмастыр, түрлендір 
және жаңа пайда болған нәрсені түсіндір, басқа формаға қой, жаңа дүние жаса, т.б. Оқушылар 
осы тапсырмаларды үнемі жүйелі түрде орындағаннан кейін, бұл құрылғылар оларда өзінің 
танымдық құралдары ретінде орнығып қалады. 
Байланыс. Бұл элемент бір білім құрылымының басқасымен байланысын көрсетеді. 
Конструктивті оқытуда білім тұтас сызба бойынша бейнеленеді. Мұнда пән ішіндегі байланыс 
қана емес, пәнаралық байланыс та көрініс табады. 
Сұрақтар. Конструктивті оқытуда оқытушы сабақтың нобайын құру үшін қандай 
сұрақпен бастап, қандай сұрақпен сабақты аяқтайтынын айқындап алу қажет. Сұрақ қою арқылы 
оқытушы білім алушылардың нені білетінін аңғарады. Оған дұрыс жауап бермесе де оқытушы 
сұрақтармен білім алушының өзі арқылы дұрыс жауапқа жетелейді. 
Толықтырулар және байланыстар. Бұл сабақта игерілетін білімнің өткен және 
болашақтағы біліммен байланыстыратын элемент. Презентация немесе білім алушымен 
жинақталғанның бейнесі. Бұл конструктивті оқыту сабағының нобайын жасаудағы соңғы 
элемент. Оқытушы 2 немесе 4 адамнан тұратын топтарға алдын ала жұмыс парақшаларын 
таратып береді. Бұл парақшаға сұрақтар қояды, параметрлерін жазады, мақсатқа сәйкес 
тапсырмаларды береді. 


160 
Төменде конструктивті оқыту үлгісіне құрылған сабақ жоспары ұсынылып отыр. Пәні: 
қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: етістік. Сабақтың мақсаты: оқушылардың етістік туралы түсінік 
деңгейін зерделеу, кеңейту, тереңдету; 
топпен жұмыс істеу дағдысын, объективтілік пен дәйектеме келтіру біліктілігін, тіл 
мәдениетін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту, сөздік қорын молайту. Сабақтың типі: дәстүрлі емес 
сабақ Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру. Сабақтың әдісі: «идеялар себеті» әдісі, 
суреттеу, талдау, сұрақ-жауап, бағалау, бекіту, БҮҮ стратегиясы, корытындылау. Сабақтың 
көрнекілігі: дидактикалық материалдар, аудио құрылғылар, суреттер. Сабақтың формалары: жеке 
баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: 
Сәлемдесу. Кезекші мәлімдемесі. Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сабақ. 
Ф. Бунятова бойынша конструктивті оқыту сабағының элемент-тері. Жаңа сабақтың 
құрылымы. Ізденіс. Мұғалім сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын оқушылардың өзіне 
айтқызады. 
Адамның өмірі неден тұрады? (іс-әрекеттен); Ал заттың іс-әрекетін қандай сөз табы 
білдіреді? (етістік). Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Етістік». Құрылымдар. Жұппен 
және өз бетінше талқыла. Ойлаудың логикалық операциялары. Оқушылар «Идеялар себеті» әдісі 
арқылы алдымен етістік туралы бар білетін мәліметтерін қағазға жазып, себетке тастайды. 
Себеттегі қағаздарға жазылған мәліметтер оқылады. Оқушылардың өздері жаңа тақырып 
бойынша ережені шығарады. 
Өз бетінше жүйелі түрде анықтама құрып, көптеген пікірлердің ішінен дұрысын екшеп,; 
етістікке аналог сөздер, яғни синонимин іздестіру арқылы сөздік қорын молайтады. 
1-тапсырма. Шығармашылық тапсырма. Суретке қарап, етістіктің түрлерін қатыстыра 
отырып, мәтін құраңдар. 
2-тапсырма. Төменде берілген өлең шумақтарынан етістікті тауып, сұрақ қойып, синоним 
нұсқасын келтіріңдер. 
Қазақ тілі.
Күш кеміді, айбынды ту құлады; Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады. 
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады. 
Қыран құстың қос қанаты қырқылды, 
Күндей күшті күркіреген ел тынды. Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар – 
асқан жандар ұмытылды! Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін не 
бардың... Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! 
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. 
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім! 
(М.Жұмабаев) 
Кеміді – қайтті? – азайды. Құлады – не істеді? – жығылды. 
Суынған – қайткен? – салқындаған, мұздаған. Соғады – қайтеді? – қағады. 
Қырқылды –не істелді? – қиылды. Тынды –қайтті? – тынышталды. Ұмытылды – не 
істелді? – естен шықты. Қалдың – қайттің? – сақталдың. 
Етістіктің шақ 
категорясы бар. 
Заттың іс-әрекетін, 
іс-қимылын 
білдіретін сөз табы. 
Етістіктің рай 
категориясы бар. 
Сұрақтары: не 
істеді
? қайтті? 
Етістіктің дара және 
күрделі түрі бар. 
Етістіктен әдетте 
баяндауыш сөйлем 
мүшесі жасалады. 


161 
Жарық көрмей – қайтпей? – жарыққа шықпай, жарияланбай. Тарта аларсың – не істерсің? 
– сыйларсың. 
Бұл жаттығуды орындаудан шығатын нәтиже: оқушылар етістікті өлеңнен таба отырып, 
сұрақ қоя білуді үйренді, яғни сұрақтың формасы етістіктің формасына туелді екенін білді, 
синонимін табу арқылы етістіктің мағынасын аша білді. Етістіктің есімді және етістікті сөз 
тіркесі түрлері бар екенін көрді. Мысалы: жарық көрді. 
3-тапсырма. Өлеңді оқып, мәтінге айналдырыңдар, етістікке сұрақ қойып, морфологиялық 
талдау жасаңдар. 
Үш бақытым 
Ең бірінші бақытым - Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. 
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. 
Ал екінші бақытым - Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден 
түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім. 
Бақытым бар үшінші - Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем! 
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен. 
Менің ең бірінші бақытым – Халқым. Соған ойымның алтын кенін беремін ( не 
істеймін?). Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын (қайтемін?). Менің нарқым алтыннан 
қымбаттырақ. Менің екінші бақытым – Тілім. Тіліммен тас жүректі тілімдедім (не істедім?). 
Дүниеден кей-кейде түңілсем де, қасиетті тілімнен түңілмедім (қайтпедім?). Үшінші бақытым 
бар – Отан деген. Құдай деген кім десе, Отан деп айтар едім (не істер едім?)! Жалғанда оты 
сөнген жан барсың ба ( қайтесің ба?)? Менен ойланбай-ақ кел де от ал (не істе?). 
Байланыс. Етістік және баяндауыш – екеуі де не істеді? қайтті? деген сұрақтарына жауап 
береді. Сұрақтар. Етістіктің қандай морфологиялық сипаты бар? Етістіктерді мысалға келтіре 
отырып, олардың жұрнақтарын анықтаңыз. Толықтырулар мен байланыстар. Етістік сөз табынан 
сөйлемнің баяндауыш сөйлем мүшесі жасалады. Етістіктің шақ, рай, тұйық етістік, етіс, есімше, 
көсемше категориялары бар. Презентация. Етістік – күрделі сөз таптарының бірі. Етістік 
дегеніміз заттың қимылын, іс-әрекетін, күй-жайын білдіретін сөз табы. Не істеді? қайтті? 
сұрақтарына жауап береді? Етістіктің категориялары: шақ, рай, етіс, есімше, көсемше, тұйық 
етістік. Қортындылау: Бүгінгі сабақтан не білдік, не үйрендік? БҮҮ стратегиясы бойынша 
кестені толтыру. 
Үйге тапсырма. Етістік туралы ертегі құру. Бағалау. 

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау